МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ОТБАСЫМЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Үлгілік бағдарламаны іске асыру жағдайында ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар белгіленген. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі екі бағытта шешіледі:
ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің алдына балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету арқылы педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін:
әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;
балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;
балалардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне арналған консультациялық кеңестің жұмысын кеңейту;
ата-аналармен (заңды өкілдерімен) ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау көзделеді.
Aта-аналармен жұмыста тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері», ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес, ата-аналар конференциясы, дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары түрінде өтетін ата-аналар жиналыстарының жаңа форматтарын пайдалану қажет. Олар ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын мектепке дейінгі ұйымға аударуға, ата-аналар өз баласын жақсы білуіне, оны басқа, өзі үшін таныс емес жағынан көруге, педагогтермен өзара қарым-қатынаста болуға бағытталады. Жеке және топтық консультациялар, ата-аналар жиналыстарын, проблема бойынша пікірталастар, педагогикалық қонақ бөлмелерін, сұрақ-жауап
кештерін, «ток-шоу» өткізу, ұйымдастырылған әс-әрекеттердің бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау және басқалары ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары
32
үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше пікірлерді талқылау ұсынылады.
https://youtu.be/LidRFUGE5AU
https://youtu.be/E4XUD02fBdc
33
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |