Молдағұлова Бибіайым Тәңірқұлқызы
Балабақшам – бақ мекен
Шаттық, қызық сыйлайтын, Әнді де биді үйреткен,
Балабақшам –бақ мекен. Мереке қызық көп неткен!
Өссем де еш қимайтын, Бағалаймын күндерді,
Саған жетер жоқ мекен. Бақшамызда әр өткен.
Арайлы таңмен әр атқан, Асығам саған, жетемін. Жылуымен нұр шашқан, Мейірімге толы мекенім.
Тәрбие,білім бастауы
Бұл мекеннен басталды. Қалайша қиып кетемін
Нұрбек Нұржан Нұржанұлы
Ғаламшар
Мынау аспан, анау күн, Кеңдігін-ай даланың! Айналама сүйсініп, Көзім тоймай қарадым.
Бұлттар көшер бауырлап, Жұлдыз жанар жымыңдап, Ғаламшардың қимылын, Бақылаймын тұра қап.
Қызығамын бәріне,
Табиғаттың сәніне.
Бұл ғаламды ғажайып
Тани түсем әлі мен.
Әне, бақбақ, міне, гүл,
Күн жымиса күлетін.
Қарай-қарай жан-жаққа,
Өзімді де білемін.
Ұйқасатын өлеңдей, Сүйем осы әлемді. Құшағыңды, аш, ғаламшар, Танысайық, кел, енді!
95
Парақтарын ақтарып, Әкем отыр сұқтанып. Қарап қалсам, мәссаған, Суреттер тұр топтанып!
Анам және кітапты,
Оқып жүр ғой тұрақты.
«Жауабы бар», - дейді ол, -
«Іздеп жүрген сұрақтың.»
Ал, әкешім еңселі, Ойландырды ол мені:
Кітап
«Кітап деген – әлемнің Кішкентай бір бөлшегі...»
Кітап оқып үйренем,
Түрлі-түрлі күйге енем.
Әкем-анам жолымен,
Біліміме сүйенем.
Ұшталатын қаламы,
Сосын ғалым боламын.
Ата-анамды қуантып,
Елге қызмет қыламын.
|