Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет78/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Біздің отбасы

Әкем – менің қауыншы,


Апам – менің сауыншы,
Ағам – менің егінші,
Жеңгем – менің тігінші.
Атам болса, ол ұста,
Бәрі – бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке.


Кеттім мен де мектепке.
А.Сопыбеков

134




Жұмбақтар

Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)

Әлемнің бар екі күзетшісі; Бірі-күндіз тынығады, Бірі-түнде тынығады. (Күн мен ай)


Бейнесі суда дірілдейді, Қармаққа бірақ ілінбейді (Ай)


Күндіз білінбейді,


Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

Тек өзі көрінбейді, Адамды тоңдырады Ызғары дірілдетіп, Есіңнен тандырады. (Аяз)


Төрінде тұр нұр көзі, Жердің биік күмбезі.(Аспан)


Үлкен алтын табақтан, Әлемге нұр таратқан.(Күн)


Алып кілем -


Гүлге толы
Үсті кілең. (Жер)

Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (Қар)


Қолы мен қаламы жоқ,


Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

Суда қалқиды,


Жылыда балқиды. (Мұз)

Күннің көзі түйілді, Көкте бұлт үйірілді Сұйық моншақ шашылып,


Жерге нәр боп құйылды. (Тамшы)


Шөміші жоқ,


Теңізді сапырады,
Кебісі жоқ,
Егінді жапырады. (Дауыл)


Бесік жыры
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның жіпке

Жіпке тағып берейін. Әй-әй


бөпем, әй бөпем. Ән
айтайын бал бөпем. Ән
тыңдағың келсе егер

135

Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.(Су)

Өртесең де ерімейді, Не тот басып шірімейді, Өн бойына су сіңбейді. Ылғал тартып, ірімейді. (Тас)




Санамақ

Бір үйде біз нешеуміз Кел санайық екеуміз Бас бармағым – әкем, Балан уйрек – анам, Ортан тірек – ағам, Шылдыр шүмек – апам, Кішкене бөбек – мен.



Және айтайын, жан көкем.

Бөпем менің ай ма екен?


Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден

Озып келер тай ма екен ?


Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ
бесікке жат, бөпем,
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?!

Таңдайларың тақылдап,


Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?!


Бесік жыры
Әй-әй бөпем, әй бөпем,

Ән айтайын, бал бөпем,


Ән тыңдағың келсе егер,
Және айтайын, жан көкем
Бөпем менің ай ма екен.
Шекер ме екен, бал ма екен.
Ойнақтап бір бәйгеден
Озып келер тай ма екен.

Тас бұлақтар тауда екен,


Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен
Қара қарға қарда екен,
Жапалақтар жарда екен,

Балпаң-балпаң басатын


Балапандар қайда екен.
Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем...

Алдағанға көнетін Аңқау бөпе қайда екен. Сағи Жиенбаев






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет