Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения


Қаз Мен – Қазбын, Қазбын, Жаз келсе мәзбін. Балаша аңқылдаймын, Қуанып қаңқылдаймын. Е.Өтетілеуұлы Тауыс



бет75/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Қаз

Мен – Қазбын, Қазбын, Жаз келсе мәзбін. Балаша аңқылдаймын, Қуанып қаңқылдаймын.


Е.Өтетілеуұлы


Тауыс

Әсем тәж киген басына, Патшасы дерсің құстардың. Жақындап барып құсына, Орманда оны ұстадым.




А.Байғобылова

126



Мысық пен Торғай
Үстінде үйдің
Тұр еді мысық,
Қасына келді,
Бір торғай ұшып.

Бас салмақ болып


Ыршыды мысық,
Жӛнелді торғай
Пыр етіп ұшып.
Биіктен жерге
Топ ете түсіп.

Мысықтың қалды


Жамбасы ісіп.
Б. Соқпақбаев


Торғай
Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.


Жем шашайын,тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Х.Талғаро


Дән

Жерде жатқан дәнді,


Атам жәймен алды.
Беті ашық тұрған,
Бос жәшікке салды.
Дәнді қалай білген,
Азық іздеп жүрген.
Қағып алды кептер,

Ұшып келіп бірден.


«Өмір заңы қатаң,
Мейірімді бол ботам.
Аяла, ақ құсты», -
Дейді бізге атам.
Ж. Әбдіреев


Шағала

Шаңқылдаған шағала Шарқ ұрады жағада. Ол теңіздің түлегі Талмай ұшып жүреді.


К.Ыбрайұлы


Құстар
Қоныңдар,
Құстар,
Қоныңдар,

Бәріңе төрден орын бар,


Қанатты барлық достарға,
Балалар,
Қамқор болыңдар!


Р.Өтегенов


Құстар біздің досымыз Біз қамқоршы баламыз, Құстарға ұя саламыз.

Жем-су беріп қыс бойы, Балапанын бағамыз.


А.Бақтыгереева


Шұбар тауық

Шұбар тауық мүлдем, Жолатпайды барса. Ұясында жүрген, Балапаны қанша Балапанын тауық, Қызғанады жаман. Қанатымен жауып, Санатпайды маған.


Ұ.Есдәулет


Қоразға
Оятпа, қораз, сен бізді,
Өзім де сездім - таң атты.
Сенсіз-ақ білем мезгілді,

Танимын енді сағатты.


А.Сопыбеков

127


Қаладағы қыс




Қыстың аппақ қаламы

Алғашқы қар

Ағартыпты қаланы.

Жалықтырып мал-жанды,

Аялап жүр аяз кеп,

Тынған кезі жауынның.

Ауладағы баланы.

Жапалақтап қар жауды,

Соғып үлкен ақ қала,

Көбігіндей сабынның.

Соған мәз боп, шаттана,

Жаз өткесін қайырлы,

Асыр сап жүр алаңда

Қар атысып топ бала.

Алмақ болып тынығып,

Автобус тұр аялдап,

Көпіртіп ақ сабынды,

Адамдар жүр аяңдап.

Жатыр дала жуынып.

Ақ мақтадай үлбірек

Қ. Баянбай

Парк, бульвар, сая бақ.






Тәтті қыс
Ау, балалар, балалар!
Айналаға қараңдар!

Биыл тәтті қыс болды,


Бұл бір сәтті іс болды.


Қыс
Қыс келді, қыс иықтап,
Қалды аюлар ұйықтап.

Қыс келді, қыс мұз-қарлы,


Қыраулы да,ызғарлы.

Ақ бұлт бүркеп аспанды,




Қ.Мырзағалиев

Шекер жауа бастады.
Сүтке салсақ, сәл мұздап,
Болды қардан балмұздақ.
Қамсыз қалмай бекерге,
Қарық болып шекерге,

Балмұздақты жинаңдар,


Достарыңды сыйлаңдар!
Көлдің беті – мармелад,
Әкел жинап, арбалап...
Ақ қанттай жарқырап,
Арайланған атырап.
Көкжиектен күлімдеп,

«Тыныш болсын күнің!» – деп


Күн қарап тұр анаша:
Бұл қыс қандай тамаша!
Ә. Табылды


Төрт түлік пен жануарлар туралы жұмбақтар

Қаймықпайды күшті аңнан, Қорқады ол тышқаннан. (Піл)


Түрі жылқы бейнесі, Жолақ-жолақ жейдесі. (Зебр)



128

Қара ала тоны бар, Аңдардың ол краны. Оны сенде танып ал, Серейіп кеп тұрады. (Жираф)


Иір мүйіз,


Сүйір мүйіз,
Ай қабақты,

Май бұғақты,


Тұла бойы
Бұқа мойын,
Бұл қандай түлік,

Сенде оны біліп ал. (Қошқар)


Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян)

Еріншекті,


Еміншекті,
Аямайды шағады,
Мұны кім табады? (Ара)

Шөп ішінде жүреді, Шақса уын жаяды, Зиянын қоййлар біледі, Күйсетіп жеп қояды.(Қарақұрт)


Сұм жүзді,


Құралай көзді,
Киікше секірген,

Бура санды,


Жолбарыс тонды. (Құрбақа)

Еріксе,
Құйрығымен ойнайды,


Зеріксе,

Ұйқыға бір тоймайды. (Мысық)


Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Шырша саясы - күркесі, Өзі орманның еркесі Қарғып жүрер жан-жаққа, Өте құмар жаңғаққа. (Тиін)


Сайқымазақ қулығы бар, Барған жерде ұрлығы бар,


Бұл қандай аң?


Ұғып ал. (Түлкі)

Қалдырмай баласын бір елі, Қалтаға сап-ап жүреді.(Кенгуру)


Топырақпен көң астын, Қопарып ем. Жыбырлаған кен аштым. (Жауынқұрт)


Тастан салған үйі бар,


Қөшіп жүрер асықпай,

Қыста ұйықтап бұйығар,


Тамақ іздеп ,ашықпай. (Тасбақа)


Ызыңдап ән салып, Жұп-жұқа қанаты, Тәттіге тамсанып, Қоқысқа қонады. (Шыбын)


Мұртын сипап күн бойы, Бетін сусыз жуады, Тысырды аңдып түн бойы, Тышқанды кеп қуады. (Мысық)


129


Сұрғылт тартқан түсі бар Ақсиған көп итісі бар Тыным таппай жүгіріп, Сілекейі шұбырып, Қыстау маңын ториды, Ауылдың өш бар иті. (Қасқыр)


Жер қопарған тісімен, Сескенесің түсінен.(Қабан)


Үсті толы ине, Бірақ та, іс тігіп, Қадамайды түйме. (Кірпі)

Тор тоқуға шебер-ақ, Бірақ киім тікпейді,


Өнері де өнер-ақ,


Бірақ ісі бітпейді. (Өрмекші)

Иір-иір үйі бар, Іші қапас әрі тар, Құлақ тоссаң Ызыңдаған үні бар, Бұл не, біліп ал. (Ұлу)


Үй ішін аралап,


Түнде көп жортады,


Қаптарды жарып ,
Мысықтан қорқады. (Тышқан)
Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)

Төрт түліктің рэкеті,


Түзде жүрер күзетіп.(Қасқыр)
Құжынаған жұмыскер, Бірлескенде тым іскер. (Құмырсқа)

Ешбір бұйым тікпеген,


Үсті толған көк тебен. (Кірпі)


Денесі бұлтық,


Сырты жасыл түе (Жұлдызқұрт)


Сабы жоқ қамшы, Ешкімге ұсынба, Уы бар бір тамшы, Тілінің ұшында. (Жылан)



Құстар туралы жұмбақтар
Жайнаған бақтың әншісі, Сайрайды бір талмайды.
Тамсанған оған сан кісі. (Бұлбұл) Әнші құс бал таңдайлы. (Бұлбұл)

Су бетін сызып, Қауырсыны құлпырған,


Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу) Мың бояулы гүл тұнған
Сайрағанда дауысы,
Имек тұмсық алғыр құс.(Қаршыға) Әнге бөлер тау ішін. (Тоты)
130

Қиянға қиын небір,
Салатын ұяны,
Өткір көзі шегір,
Бүргенін құртар тұяғы. (Бүркіт)

Көк жүзінде жылжып жай, Керуен құрған тізіліп, Ілгек-ілгек шынжырдай, Қалмайды олар үзіліп. (Тырна)


Шуға бөлеп жағаны


Қанаттарын қағады,

Айдын судың түлегі,


Шабақ іліп жүреді. (Шағала)

Шұнтиіп қос құлағы, Түнде көрер қырағы.(Үкі)


Шашы жоқ, тарағы бар, Егіні жоқ, орағы бар. (Қораз)


Кеудесі қайқаңдап, Жүреді байпаңдап. (Қаз)


Бұдыр-бұдыр балшықты,


Жинады да талшықты,


Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)

Ағашта болса егер мең, Хабар беріп,морземен, Тұмсығымен емдейді. (Тоқылдақ)


Күн шықпай сап аттанды, Қуырады апшыны, Ұйқыда жатқанды, Оятады ащы үні. (Қораз)



Өзі кілем түріндей Құдды қырдың гүліндей, Гүлге қонса кетеді, Айырмасы білінбей. (Көбелек)


Ала шапан кигені, Сескенгіш болған соң. Қыпылықтап жүргені. (Сауысқан)



Бірақ сөз біледі Өз аты онысы Соны айтып жүреді,


Және жоқ қонысы. (Көкек)


Су

Су - тіршілік, су - байлық, Бекер төгіп – шашпаймыз. Сусыз өмір болмасын, Үйренгенбіз жастай біз.


Суды үнемдей білеміз, Текке ағызбай жүреміз. Табиғаттың сыйы бұл, Басымызды иеміз.


Қ.Әбілдақызы

131

Талдың басында
Жемі бар қасында,

Там тұр саялы


Достарға аялы. (Құс ұясы)


Боран

Уілдейді, гулейді, Көзіңе түк ілмейді. Ішін тартып, ышқынып,


«Мен күштімін, біл» дейді.

Бірді бірге соғады, Адастырып жолыңнан. Сотқар қыстың бораны, Ермесін де соңынан.


Қ. Әбілдақызы

Cамал

Жай еседі. Жұрт деседі: Жанға жайлы, Сипап майда, Тынысыңды ашады, Күшіңе күш қосады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет