Арыстан күшігін асыраған мысық
(ертегі)
Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп, асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемекші болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп, ағашқа шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып:
О, менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бүкіл қылықтарды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің?-дейді.
145
Қысылғанда керек болар дегенім еді, - депті сонда мысық.
Не дәмді?
(ертегі)
Бір бас қосқанда құстар мен хайуаннаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты. Сонда тауық:
-Ең дәмді тамақ - тары, -депті қыт-қыттап.
-Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!-дейді ит абалап.
-Бәрің де білмейсің. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-дейді қоян, екі құлағын тікірейтіп.
-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді! – деп ешкі маңырапты.
-Шіркін қою сүтті айтсаңдаршы!- деп мысық тамсанады.
Сөйтіп әрқайсысы өзі сүйетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, тарасыпты.
Жеті лақ
(орыс ертегісі)
Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.
Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып:
«Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! деп ән саламын», - дейді.
Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.
Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды. Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді.
Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:
Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып,
146
Қасқырға жем болдыңдар!
Ешкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп
сұрады. Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» - деп жауап қатты.
«Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» – деді Ешкі.
Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтарды бар орға құлады.
Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып-орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |