Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет91/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Аялайық гүлдерді
Табиғат, таң қаламын тамашаңа,
Өзіңсің жасыл қорған барша адамға

Саяңда ләззат алып дамаламын,


Қамқор болып жүрем саған әрқашанда
Ұ.Жақсыгелді
161



Гүлдер

Гүлдер толып кетіпті, Қырқаларға, қырларға. Қарай бергім келеді, Жанарымда нұр барда.


Үлбіреген нәп-нәзік, Гүлдің жанын түсіндім. Иіскеуге иіліп, Тиіспеуге кішірдім.


Жайнаңдаршы гүлдерім, Үндемейтін үндерім. Ырғалыңдар желменен, Қандай әсем күлгенің!




Қ.Әбілдақызы
Гүл

Балбырап шыққан жазғы гүл, Көз тартқандай болады.


Кім біледі, сол түрде Ер жетеді, толады;




С. Торайғыров
Гүл

Үйде тұрып өсетін Әкеп гүлдің көшетін. Топырақты салдым да, Отырғыздым қалбырға. Жел ысқырып,күз келді, Жапырақтар түсте енді. Жаурамасын біліп гүл, Тысқа қарап күліп тұр.




С.Қалиев



Еңбек дәмі

Еңбек еттім бүгін мен, Терлеп-тепшіп маңдайым. Ал тәттіні тілім мен Татты бірақ таңдайым.




Нан
Ерте тұрып таңнан,
Пісірді апам ақ нан.

Кетер емес әлі,


Таңдайымнан дәмі.
Т. Еділбаев


Мен тәртіпті баламын Мен кішкентай баламын, Айтқан тілді аламын Апам нанға кеткенде, Үйде ойнап қаламын. Шкафтарды ашпаймын, Кітаптарды шашпаймын, Кубиктерден үй жасап Қызық ойын бастаймын.


Ө. Тұрманжанов

162


Әжем мені мақтайды

Құрметтейтін бұл кісім Кейімесін деп келем. Жуынғанда сүлгісін, Ұсынамын еппенен.


Мейірім бар көзінде, Естімедім сөгісін. Сыртқа шығар кезінде, Қойып берем кебісін.


Қасынан бір қалмадым, Әңгімелер айтамын. Дүкен барса, алғанын Көтерісіп қайтамын.


Сырымды әжем біледі, Қолымды да қақпайды, Көршілерге үнемі,





  • Көмекшім? – деп мақтайды.



О. Байбақұлы


Ұя

Ұя жасап тақтайдан, Талға апарып байладым. Жыл құсының шаттанған, Күттім қашан сайрауын.


Сол ұяны талғады, Қараторғай мекендеп. Күні бойы сайрады, Жайлы пәтер екен деп.


Қ.Баянбаев




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет