Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет92/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Қалсын апам қуанып Апамызды сыйлайық, Үйдің ішін жинайық, Бұрынғыдай егесіп Ерегесіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп, Кел, алайық келісіп. Атқарайық үйдегі Жұмысты тең бөлісіп.


Кел, самаурын қайнатып, Дастарханды жайнатып. Отырайық бөлмеде Бөпемізді ойнатып.


Гүлдерді де суарып, Еденді де жуайық, Келген кезде жұмыстан Қалсын апам қуанып.




С.Әлімқұлов


Еңбек

Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты-еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты-еңбек. Қырға шықсаң өрлеп, Мұның аты-еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек бәрін жеңбек.




Н.Жанаев

163


Бозторғай әні

Тау мен дала, қырқаны Күн аймалап тұр тағы. Көкте қалқып бозторғай, Құбылтып ән шырқады. Мың құбылды қырдағы Әннің әсем ырғағы – Күміс қанат бозторғай Күнді мақтап жырлады. Әнші аспанда қалқып тұр, Әуеледі шалқып жыр. Жусанды кең даланың Жұпар иісі аңқып тұр.




Бәйшешек
Еріді де соңғы қар, Өзен

тасып, су ақты. Ойпаңдағы омбы қар Қыс белгісі сияқты. Көктем лебі тұр есіп, Жапты жаңа гүл қырды: Қар астынан дүр өсіп, Бәйшешектер құлпырды. Тұңғыш гүлін көктемнің Аялап тұр көктен күн.


Ә. Табылды
Гүл мен Ара

Түсінбейсің жанымды, Жаралайсың тәнімді. Тастап ұшып кетесің, Сорып алып нәрімді, - Деді Араға Гүл бірде. Жоқ бойымда мін мүлде. Үлесім бар балыңда, Алғысыңды айт, білдің бе?» Айтты Ара: «Әй, тамыр, Сыңайыңды байқадым. Сені баптап өсірген Жазға алғыс айтамын!»




К. Ыбырайұлы


Көбелек
Қанатын көп қақпайды,

Қалбаң-қалбаң ұшады.


Құлағына жақпайды
Құйқылжыған құс әні.

Жаңбыр жауса себелеп, Жасырынып қалатын. Түрлі жеппен көбелек Кестелепті қанатын.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет