Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет10/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Серуенге дайындық

Серуенге дайындық кезінде тәрбиешілерге балаларды өзіне қызмет көрсетуге, өздігінен реттілікпен киіну және шешінуді үйрету, киімдерін шкафтарға салуға, дербестікке дағдыландыруға, сөздік қорды балалардың киімдерінің, аяқ киімдерінің атауларымен байытуға, оларды мейірімділікке, бір-біріне көмектесуге баулу олардың сөйлеуін дамыту ұсынылады.


https://youtu.be/-DkKD6k1j5o


https://youtu.be/-3aFXevdK4U




Серуен

Күнделікті серуендеу балалардың денсаулығын нығайту, олардың қимыл белсенділігіне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, шаршаудың алдын алу үшін маңызды.


«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес серуендер ауа-райы жағдайы ескеріле отырып, күн сайын жүзеге асырылады [11].


Балалардың күнделікті таза ауада серуенде болуы оның физикалық дамуына әсерінің маңыздылығын ескере отырып, серуеннің мазмұнын жан-жақты ойластыру, оны балалар үшін қызықты түрлі әрекеттермен: ойын (дербес


қимылды және сюжетті ойындар, ұлттық ойындар), танымдық, коммуникативтік, зерттеу әрекеті және басқалармен өткізу қажет.


Серуен мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:



  • балалардың дербес әрекеті;

  • қимылды ойындар, ұлттық ойындар, спорттық ойындар мен жаттығулар;




26
Педагог балалардың серуені қызықты және мазмұнды болуы үшін оны қажетті заттар мен материалдармен (ойындар мен бақылауларға, зерттеулерге, еңбек әрекетіне) қамтамасыз етуі, серуеннің білім беру мүмкіндігін барынша қолдана білуі қажет.

https://youtu.be/B0f1AzuHf_M


https://youtu.be/wrdril3Y1gQ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет