Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане. Н. А. Каюпова. Алматы, 1999 Программа воз «Безопасное материнство»



бет3/4
Дата23.05.2023
өлшемі32,92 Kb.
#177553
түріРуководство
1   2   3   4
Байланысты:
Метод.-Гинекологиялық-науқастарды-оңалту.

10. Жаңа сабақты түсіндіру 54 м
Жылумен және салқынмен емдеу. Гинекологиялық науқастарды емдеуде жылына жылыту компресі және салқында мұз қапшық, қынаптық гипотермия түрінде қолдану кең таралған. Қабыну процестерін емдеуде, аналық бездің дисфункциясына байланысты қан кетуде, аборттан кейінгі ерте кезенде және т.б. қолайлы жағдайларда салқын қолданылады. Мұзды резеңкі қапшықты іштің төменгі жағына / сүлгіге орап не оның үстіне /үзіліспен/ әр сағат сайын 10-15 мин / қойылады. Соңғы жылдары кіші жамбастың мүшелері мен тіндерін салқындату мақсатында кынапқа салқындатқыш сүйық келетін /атап айтсақ су құбырындағы су/ цилиндрләк салқындатқыш енгішу арқылы жүзеге асырылады. Салқынның тамырды тарылту әрісе қабынуға қарсы, ауруды жансыздандыруды және гемостатикалық қан тоқтатуды қаматамасыз етеді. Салқынды қосымша циститте /қуықтың қабынуы/, нефритте - /бүйректің қабынуы/, көлитте/ ішектердің қабынуы/ қолдануға болмайды. Науқасты сулы салқын төсеніннен орау арқылы, жоғарлы және төменгі жақтың ірі тамырларының маңайына тұз қаннық қою арқылы дене қызуын сәл-пәл түсіруге болады. Сонымен қатар гинекологиялық тәжәрибеде жылылық та аздықты және т.б. сәттерде науқасты жылы су күйылған грелкімен жылытады. Сонымен қатар грелкілерді жергілікті әсер ете мақсатында /бүйрек шаншуында/ қолданады. Оны сумен толтырады /температурасы 40-50 градустен жоғары емес/, сүлгімен оран, науқастың денесіне қояды. Жыныс мүшесінің ұзаққа созылған қан кетуінде грелкі қолдануға болмайды. Жылытылған көмпресті жергілікті әсер ету мақсатында /сіңіру, ауруды жеңілдеті/ қолданады. Көмпресс ылғалды қабаттан /суға немесе 1:1 қатынасындағы сулы спиртке батырылған дәке не салфетка/, оны ауыратын жерге салады, сонымен қатар көмпресті қағаз немесе клеенка қабатынан және жылыны сақтайтын мақта қабатынан тұрады. Дұрыс салынған компресс су өткізбеуі және жылжын түснеуі қажет. Оны күніне 2 рет ауыстырады. Жылуды қолдану / грелкі, жылыту көмпресі/ гинекологиялық ауруларда жоғарғы сезімтал белдеудің болуына негізделген, ол 10-шы кеуде омыртқасы деңгейінен төмен қарай құймышаққа /Захарьин-Гед сезімтал белдеуі/ дейін таралады. Бульвит, бартолиниттерде жылуды түймедағы түнбасымен немесе перменганат калий ерітіндісімен дәрілік отырғыш бұлаушысы ретінде қолданады. Бұрку. Қынантық бүрку-қынантың, жатыр мойны қынанты бөлігінің шырышты қабатына жергілікті және жатырға рефлекторлы әсер ету әдісі. Әдістің мақсаты патологиялық секретті еріту және жуу, қынапты дәрілеі, қынантың, жатыр мойының шырышты қабатына дәрілік әсер ету, жатырға рефлекторлы әсер ету, жылуық әсер ету болып табылады, кіші жамбастың шел қабатындағы инфильтратты сіңіруге ықпал етеді. Көрсетулері: Кольпит, эндоцервицит, жатыр мойнының жарасы, жатыр қосалқысының созылмалы қабынуы, әсіресе ауру синдромымен өтуі, созылмалы жабысулы пельвиоперитонит, инфильтраттың сіңіру кезеңіндегі параметрит, аборттан кейінгі жатырдың субинволюциясы. Қарсы көрсетулері: жатырдан қан кету, ішкі жыңыс мүшелесінің жедел қабыну процестері, жүктілік, етеккір кезендері. Бүрку техникасы: Бүрку үшін сыймдылығы 1,5-2 литр болатын санты аяқ ылысы / кружка, шынылы, эмальданған, металды / керек, оған сәл бүгілген шыны тығында резеңкі түтік жалғасқан. Әйелді гинекологиялық креслоға немесе кушеткіге жатқызып, аяқтарын тізе және жамбас – сан буындарында бүкен қалпында ыдысының үстінде бүркулі жасайды. Тығынды қайнату арқылы зарасыздандырады. Санты аяқ ыдысын /кружканы/ және резеңкі түтікті ыстық су ағынында жуады. Сапты аяқ ыдысындағы сүйықтың температурасын су термометрі арқылы тексереді, оның кішкене мөлшерін түтіктен ағызады, сыртқы жыныс мүшесін сумен жуып, қынапқа 8-10 см жамбас деңгейшен 0,5-1 метр биіктікте орналасады. Ішкі жыныс мүшесін әсер ету қажеттігінде ыстық бүркуді /40-45 градус/ және қынап қабырғаларына әсер ету немесе қынаптан патологиялық бөліндіні үшін жылы бүркуді қолданады. Ыстық бүркудің алдында шат аралық жерді вазелинмен сылайды. Бүркуді күніне 2 рет /таңертең және кешке/ жасайды. Бүркуге арналған сүйықтық құрамы антисептикалық сілтілік және тырыстыратын болып бөлінеді. Сонымен қатар инфильтраттарды, бедеулікті емдеуде бүркуді ас тұзы немесе теңіз тұзымен де /1 шәй қасығын 1 литр суға, 38-48 градус температурада жылытын/ жасауға болады. Қынаптық себелеу не суландырудың, душтын бүркуден айырмашылығы сол, оларды қолданғанда процедура ұзаққа созылады, қолданылатын суы көп болады. Сапты аяққа сулы 2-3 рет қосады. Қынаптық душтың ұзақтығы 10-25 мин. Ыстық себелеу кезінде сұйықтың температурасын 42-45 градусқа дейін біртіндеп жеткізеді, басында температурасы 38 градус болатын сүйықты қолдану қажет. Көрсетулері: Жатыр мойнының жарасы, эндоцервицит, жатыр қосалқысының созылқысының созылмалы қабынуы, жабысулы перитоцит не пельвиоперитонит, инфантилизм, аналық бездің гипофункциясы, бедеулік. Қынантық бүрку мен душтан кейін науқас төсетке 30-60 мин жатуы керек. Жылы бүркудің әсерін күшейту үшін жамбас түсына жылыту компресін қоюға болады, бұл жағдайда науқастың төсекте ұзақ жатуы керек. Ыстық бүркулер, қынаптық душтар мен себелеулер ауруды азайтады, қабыну инфильтраттарын сіңіртуге ықпал етеді. Егер процедураларды қабылдау кезінде науқастың жағдайы төмендесе /есінен тану, қан қысымының төмендеуі/ процедураны тоқтатады. Егер қынаптық ыстық душпен емдеу барысында дене қызуының сәл көтерілуі, аурудың күшеюі байқалса, сұйықтың қынаптық бүрку немесе себелеу алынады. Тампондармен емдеу. Әртүрлі дәрілік заттар тампонымен емдеу қынаптың немесе жатыр мойнының қынаптық бөлігінің шырышты қабатына жергілікті әсер ету үшін жасалады. Көрсетулері: цервицит, жатыр мойынының шын жарасы, кольнит, қынап қабырғасының оның төмен түсуіндегі жарасы, параметрит. Тампонмен ембеуде стрептоцид, синтомицин эмульсиялары, балық, Вишневский, метилурациллин, итмүрын, бүрген майлары қолданылады. Тампондар мақсалады /өте қатты емес, өлшемі 4х4 см-лік түйін/, оны дәке тіліндісімен айқастырып байлайды. Тампонды алып тастау үшін бір басын ұзындау етіп қалдырады / 10см-ге дейін/. Тампонды дәрілік қоспаға молдап батырып, қынап айнасын кіргізгеннен кейін, пинцетпен оны қынапқа салады. Алдын-ала патологиялы бөліндіні жуу үшін қынапты бүрку немесе қынап булаушасы арқылы тазалайды. Тампонға қолданылатын эмульсиялар, майлар: Қынапқа тампон 12-24 сағатқа салынады, науқастың өзі дәке тіліндісінен тартып, сыртқа шығарады. Тампон күніне бір рет не күн ара салынады. Жаңа тампонды салардан бұрын қынап бүркуін жасайды. Қынапты тампонмен тығындау /тығыз тампонада/ жатыр мойнынан кеткен қанды тоқтату үшін /қатерлі ісіктегі немесе күйдірудін-диатермокоагуляциядан кейінгі қан кету/ жасалады. Бұл тампон ені 4 см болатын тіліндіден құралған және домалақтап оралған кең бинттен жасалған. Жатыр мойнын айна көмегімен ашқаннан кейін пинцетпен тампонның бір шетін алып, ең алдымен қынап күмбездерін, сосын қалған қынапты түгелдей тығыз етін тығындайды. Тампонды 12 сағаттан кейін алын тастайды. Тампонмен тығыз етін тығындау жатыр мойнынан қан кеткенде /жатыр мойнының ісігінле, жарасында, мойынша жүктілігінде/ жедел түрде көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмектің бірі болып табылады. Қынаптық бұлаушалар.
Көрсетулері: кольпит, первицит. Қынапқа қақпақты айнаны енгізіп, бекітеді және ерітіндіні /алғашқы порциясын төгін, жаңалап ауыстырады/ құяды. Булаушаның ұзақтығы 10-15 мин. Ерітінді төгілмес үшін процедура кезінде науқастың жамбасы сәл көтеріліп тұруы қажет. Булаушадан кейін қынапқа тампон салады. Қынаптық үнтақтар. Көрсетулері: трихомонадты кольпиттер. Қынапты дезинфекциялау ерітінділеріне батырылған тампонмен тазалағаннан кейін ұнтақты пайдаланады. Фурациллин, калий перманганаттының ерітінділері қолданылады. Қынантық айнаны қынапқа кіргізгеннен кейін, оны құрғақ дәке немесе мақтамен сүртеді, мұнан кейін ұнтақты салып қынап қабырғаларына незеңкі грушамен шашыратады. Трихомонадты кольпитті емдеуде төмендегідей құрам қолданылады. Иммундық ем /иммунотерапия/. Соңғы жылдары организмнің иммунды реакцияларын өзгертетін арнайы заттарды қолдануға және дамытуға көп көңіл бөлінген. Иммінды ем гинекологиялық ауруларды емдеуде кең таралған /арнайы вакцин мен сарымумен емдеу және арнайы емес түрлері/. Сарысумен емдеу. Осы ауруды шақыратын микробты иммундалған малдан алынған жұқпалы ауруларды сарысумен емдеуді пассивті иммунизация немесе серотерапия деп атайды. Бұл жағдайда организм сарысумен қатар осы аурудың қоздырғышына қарсы арнайы антитела алады. Гинекологиялық тәжірибеде пассивті иммунитетті профилактикалық, сонымен қатар емдік мақсатта қолданады. Сіреспе /столбняк/ мен гангренатың /өлі еттену, шіру/ алдын-алу мақсатында сіреспеге және гангренаға қарсы сарысуды, сіреспеге қарсы анатоксинді қолданады. Емдік мақсатта стафилакокқа қарсы плазма және иммуноглобулин қолданылады. Сіреспенің алдын-алу. Гинекологиялық тәжірибеде сыртықы жыныс мүшесі мен қынаптың тері жабындысы мен шырышты қабатының бүтіндігі бұзылған жарақатында жүргізіледі. Сірсенеге қарсы сарысуды және сіреспеге қарсы сорылған анатоксинды қолданады /СА/. Сіреспе сарысуы сіреспе токсинымен көп мөлшерде иммундалған жылқы қанының алынатын препарат. Сорылған сіреспеге қарсы анатоксин органзмде активті иммунитет жасайды/ антитела бөлшегі пайда болады. Жедел түрдегі сіреспе профилактикасын бүрын егілмеген аламдарға сарысу мен анатоксинды қиыстыру арқылы жүргізеді. Алдымен сіреспе сарысуын 1 мл мөлшерінде тері астына, ал сосын сіреспе анатоксинын салады. Сарысуды жіберу кезінде әртүрлі қосымша рекциялардың байқалуы мүмкін, қалтырап, дене қызуы көтеріледі, денсін бөртне басады, жүрек қызметі бұзылады, тінті шок /есін тану/ байқалады. Сондықтан сарысуды жіберуден бұрын әрбір адамның жеке реакциясын анықтау үшін 1:100 қатынасындай араластырған сарысумен /жеке ампулада шығарылады, қызыл түсті белгісі бар/ тері ішілік сынауын жүргізеді. Бұл сынауға 0,1 мл-ге бөлінген шприц және жіңішке ине қажет. Әр сынауға жеке шприц және ине алынады. Білектің иілген бетінің тері ішіне 0,1 мл араластыралған сарысуды етеді. 20 минуттан кейін, егер пайда болған папуланың диаметрі 0,9 см-ден артық болмаса және оның айналасы аз қызарса, сынау теріс болып оқылады. Тері ішілік сынау теріс болғанда араластырылмаған сіреспе сарысуын тері астына 0,1 мл мөлшерінде жібереді, 30-60 мин көлемінде реакця байқалмаса, сарысудың қалған мөлшерін жібереді. Сарысудың бір жіберетін мөлшері – 3000 МЕ. Сирек жағдайда өте сезімтал адамдарда шок болатындығын ескере отырып, егуден кейін науқас 1 сағат көлемінде бақылауда болуы тиіс. Анафилактикалық шок пайда болғанда жасалатын шарала: 1 мл 1:1000 адреналин ерітіндісі жамбасқа, 1 мл 5%-тті эфедрин ерітіндісі тері астына, 10 мл 10%-тті кальций хлоридінің ерітіндісі тамырға, 20 мл 40%-тті глюкоза ерітіндісі тамырға салынады, жүрек дәрілері қолданылады, Аяғына грелкі қойылады. Натрий хлоридінің изотониялық немесе глюкоза ерітіндісінде гидрокортизонды көк тамырға тамшылатып жібереді, өттегімен ингаляция жасалады. Барлық жасалған егу жұмыстары арнайы журналға немесе медициналық катаға тіркелуі қажет. Гинекологиялық тәжірибеде анаэробты инфекцияға қарсы арнайы сарысу қолданылады. Оны да сіреспе сарысуы тәрізді сақтықпен егу керек. Стафилакокке қарсы плазмамен емдеу. Стафилакоктық жедел процесті тез арада шешу үшін, осыан қарсы бағатталған арнайы иммундық препараттар қолданылады, олар пассивтік иммунитет /стафилакокке қарсы плазма/ жасайды. Көрсетулері: сепсис, септикомиемия, перитонит және т.б. Стафилакокке қарсы плазма тоңазытылған немесе құрғатылған күйде шығаррылады. Плазма тоңазытылған күйде сиымдылығы 250 мл-лік зарасыздандырылған пластикалық қапшықтарға салынады. Плазма реципиент қанының бір типті тобына сәйкес, асептика және антисептика ережелерін сақтай отырып құйылады. Бір құюға 50-ден 200 мл-ге дейінгі мөлшері тымырға тамшылатып /минутына 60-70 тамшы/, күнде немесе 1-2 күн өткен соң, 1-ден 4 процедураға дейін құйылады. Еріту үшін пластикалық қапшықты 37 градуске дейін жылытылған суы бар ыдысқа салады. Плазма толық ерігеннен кейін қапшықты үқыптылап сүртеді, штативке іліп, оған қан құюға арналған жүйені /алдын-ала плазманы тазартылған сумен немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен араластырады/ қосады. Араластыратын ерітіндінің мөлшері сыртындағы этиеткіде көрсетіледі. Құйылған плазма арнайы журналға тіркеледі, дайындалған уақыты, плазманы дайындаған мекеме, құйылған күні, науқас пен донордың қанының топтары, сонымен қатар құылу кезіндегі реакциясы көрсетіледі. Құю кезінде патологиялық реакциялар тәжірибе жүзінде байқалмайды. Қарсы көрсетулері: белок құюға жоғарты сезімталдық жағдайлар. Стафилакокке қарсы иммуноглобулинмен емдеу. Стафилакокке қарсы иммуноглобулин стафилакокты инфекцияның алдын-алу және оның емдеу үшін қолданылады. 5мл-лік ампулада / 1мл-і 20 МБ антиальфа-стафилатоксиннен тұрады / шығарылады. Бір жасалатын мөлшері науқастың 1 кг дене салмағына 5 МБ / микробты бірлік/ күнде немесе күн ара жамбасқа / жамбастың жоғарғы сыртқы ғвадрантына / салады, барлығы 3-5 инъекция. Әр науқасқа жеке шприц қолданылады. Көбік пайда болмас үшін препаратты саңылауы кең инемен алады. Дене қызуының көтерілуі тәрізді қосымша реакциялар сирек кездседі. Вакциндік см /вакцинотерапия/. Вакцинация – бұл адам организміне вакцина егу арылы жүқпалы аурулара қарсы активтік иммуниет жасау әдісі. Бір жұқпалы аурудың /поливалентті/ бірнеше серологиялық варианттары негізінде жасалған вакциндерді қолданады. Гинекологияда вакциндік емді әйел жыныс мүшесінің сөз ауруында қолданады, бұл жағдайда поливалентгі гоновакцина жасалынады. Гоновакцина гонококтың 8-12 штамынан жасалады. 1 мл-і 500 млн-нан 1 млрд-қа дейінгі микробты денеден тұрады, жамбасқа немесе тері ішіне салынады, сонымен қатар ошаққа да егілуі /мойынша каналының шырышты қабатының астына/ мүмкін. Гоновакцинаның бастапқы мөлшері 150-200 млн. микробты дене, 1-2 күннен кейін мөлшерін 150-200 млн. микробты денеге өсіріп жасайды. Еккеннен кейінгі қосымша реаециялары жалпылама /есеңгуреу, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ошақты бөліндіннің кобеюі/ және жергілікті /еккен жер қызарып, ауырады/ болып бөлінуі мүмкін. Қарсы көрстулері: туберкулез, жүрек-тамырлар жүйесінің органикалық зақымдануы, гипотония, гипертония аурулары, бауыр және бүйректің ауыр түрдегі аурулары, жалпы әлеіреу, қан аздық, аллергия, етеккір. Арнайы емес иммундық ем. Организмнің арнайы емес реактивтік қасиетін өзгертетін, оның жалпы күреу күшін көтеретін заттар қолдаылады. Гинекологиялық тәжірибеде продигиозан және пирогенал кең түрле қолданылады. Продигиозан ампуладағы 1 мл 0,005%-тті ерітінді түрінде жамбасқа /бір рет салынатын мөлшері 0,5 мл/. Препаратты салғаннан 2-3 сағаттан кейін дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, буындардың ауруы, жалпы әлсіздіктің байқалуы мүмкін. 2-4 саттан кейін бұл құбылыстар жоғалады. Емдеу курсы 3-6 инъекциядан тұрады, 4-7 күнде бір рет салынады. Пирогенал натрий хлоридінің изотопиялық ерітіндісінде 100-1000 КПД-ең кіші пирогендік доза/болатын ампулада шығарылады. 25-30 КПД /мөлшерін біртіндеп көтереді/, ең жоарғы бір рет салатын мөлшері 1000 КРД. Емдеу курсы 1-3 күннен кейін жамбасқа салынатын инъекциядан /10-30 рет / тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет