Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане. Н. А. Каюпова. Алматы, 1999 Программа воз «Безопасное материнство»


Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 63м



бет4/4
Дата23.05.2023
өлшемі32,92 Kb.
#177553
түріРуководство
1   2   3   4
Байланысты:
Метод.-Гинекологиялық-науқастарды-оңалту.

11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 63м
Әйелдер кеңес орнында және гинекологиялық бөлімшелерде тақырып бойынша науқасты курациялау, тәжірибелік дағдыны, игеру:
а) гинекологиялық ауруға зерттеу және емдеу жоспарын беру
б) жүргізу және емдеу жоспарын тұжырымдау, консервативті және оперативті емдеуге көрсеткішін тұжырымдау
в) медициналық құжаттарды толтыру, жұмыс дәптеріне толтырылған құжаттар туралы жазып отыру.
Оқытушы тақырып бойынша науқасты алдын ала дайындап қояды. Бір оқушы бір науқасты курацияға алады, келесі оқушы науқасты алып ажыратпалы диагноз жүргізеді.
Оқытушы оқушының тексеру көлеміне,ем нәтижелерін дұрыс жүргізуіне назар аударады. Курация кезінде әйлдің жағдайына,жасына алдын алгған еміне көңіл бөлінеді . Оқушылар цервикалды өзектен, уретрадан, бүйірлік күмбездерден және цитологияға жағынды алуды білу керек. Лабораторлы және инструменталды зерттеу нәтижелерімен танысу. Курациядан кейін дұрыс ем жүргізуді анықтау. Емдеу ұзақтығына қажетті жүргізу жоспарын, болатын асқынулар мен алдын алу шараларын құру.
Оқушылар ауруханадан шығып, оңалту шараларын қабылдауға келген пациенттермен жұмыс атқарады. Әрбір гинекологиялық аурудан кейін қолданылатын оңалту шараларын білу негізінде, оқытушымен бірге пациенттерге тағайындап отырады.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 м
Кроссворд шешумен жүргізіледі. Берілетін сұрақтар:

  1. Жылумен емдеу қандай аурудың оңалту шарасына жатады?

  2. Салқынмен емдеу қандай ауруда қолданылады?

  3. Вакцинотерапия ретінде қолданылатын дәрі?

  4. Қазақстанның гинекологиялық науқастарға арналған курорты?

  5. Вакцинотерапия қолданылатын ауру.

  6. Жатырдан тыс жүктіліктен соң қолданылады?

  7. Операциядан кейінгі науқастарда қолданылатын ем?

13. Сабақты қорытындылау. 4 м
Оқушылардың білім деңгейін бағалау
14. Үйге тапсырма беру 3 м
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет