Білім алушылардың «Қазақстан–2050 стратегиясы», «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі», «Мемлекеттің әлемдік кеңістіктегі орны», «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі», «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» тақырыптары аясында түсініктерінің болуы.
Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:
Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде: - тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу.
1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:
- тақырыпқа байланысты ойын жүйелі жеткізе алу;
- мәтін желісін ретімен өз пайымдауы бойынша әңгімелеу.
1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:
- сұхбаттасушы серіктесінің әңгімесіне қызығушылық таныта отырып, жауап беру;
- әңгімелесушінің пікіріне көңіл бөле отырып, ұтымды жауап беруге үйрену.
1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:
а) лексика;
ә) грамматика;
б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.
1.4. Жазбаша түрде:
- берілген тақырып аясында өз ойын дәлелдей отырып, шағын эссе жазу.
Оқушы:
- лексикалық тақырыптардың аясында берілген мәтінді түсініп, болжам жасай білуі тиіс;
- оқушының көп тілді, көп мәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, өз көзқарасымен өзгенің пікірін салыстыра отырып ашық жеткізу дағдысының қалыптасуы тиіс;
- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес, оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.
3-модуль. Өмірі өнегеге айналған тұлғалар (8 сағат)
Мемлекет тарихында із қалдырған парасатты ғалымдар
С.Зиманов – отандық заң ғылымының атасы. Ө.Жолдасбеков –еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы. М.Әбділдин – теориялық физика саласындағы үздік ғалым.
Достарыңызбен бөлісу: |