С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


6. “Шығанақ‚  Айманов  жəне  компанияң  толық  серiктестi-гiнiң  үш  қатысушыларының  бiреуi 
Айтбаев  мырза  “Еркiнң  ак-ционерлiк  қоғамына  тиiмдi  мəмiле  жасасуды  ұсынады.  Өзiнiң 
өкiлеттiлiгiн растау үшiн‚ шартқа қол қою кезiнде Айтбаев мы-надай құжаттарды ұсынады: толық 
серiктестiктiң  құрылтай  шартының  нотариалды  түрде  куəландырылған  көшiрмесiн‚  одан 
Айтбаевтың толық серiктестiктiң қатысушысы екенi; толық серiктестiктiң жарғылық капиталының 
80%-нiң  иесi — “Шыға-нақ‚  Айманов  жəне  компанияң  фирмасының  Айтбаевқа  берiлген  мəмiле 
жасасуға  құқық  беретiн  сенiмхаты;  құрылтай  шарты  бойынша  серiктестiк  iстерiн  жүргiзуге 
тапсырылған Айманов мырзаның шарт жасалуына қарсылығы жоқ екенiн растайтын өз қолымен
жазған  хаты;  Айтбаевтың  үйiнiң  адресi  мен  телефоны  көрсетiлген  визит  карточкасы  бары 
анықталады. 
Айтбаевтың өкiлеттiлiгiн растау үшiн қандай құжаттар қа-жет? 
7. Жеке кəсiпкер Халелов — жылжымайтын мүлiктердi сату iсiмен айналысатын толық серiктестiк 
қатысушыларының  бiрi — сенiм  серiктестiгi  түрiндегi  тағы  бiр  фирма  құрып‚  өз  iсiн  кеңейтуге 
шешiм  қабылдайды.  Мүдделi  фирманы  тауып‚  Халелов  оған  жаңа  фирманың  толық  серiк  ролiн 
ұсынады‚  өзi  болса  салым  жасаушының  статусын  сақтап  қалады.  Серiктестiктiң  құрылтай 
шартында  Халеловтың  өзi  оның  директоры  ретiнде  басқаратыны  қарастырылған.  Халеловтың 
жарғылық  капитал-дағы  үлесi 90% болғандықтан‚  фирма  “Халелов  жəне  компанияң  сенiм 
серiктестiгi деген атқа ие болады. Фирма тiркелуiнен кейiн көп ұзамай, оның екiншi қатысушысы 
ақша  салымын  жасаушы  ретiнде  Халеловтың  серiктестiктi  тек  сенiмхат  негiзiнде  басқара 
алатынын‚ ал ондай сенiмхаттың жоқтығын негiзге алып‚ Хале-ловтың фирманы басқаруына жол 
бермеуге тырысады. Оған жауап ретiнде Халелов‚ заңды тұлғаның органы — директор — ретiнде 
оған мəмiлелер жасау үшiн серiктестiк атынан сенiм-хаттың талап етiлмейтiнiн айтады. Осы пайда 
болған дау аралық соттың қарауына берiледi. 
Төрешi  ретiнде  Сiздер‚  тараптардың  дəлелдерiн  қарастырың-дар  жəне  осы  iс  бойынша  шешiм 
шығарыңдар.  Заңды  тұлға  ор-ганы  ұғымына  түсiнiк  берiңiз.  Заңды  тұлғаның  əрекетке  қабiлет-
тiлiгiн жүзеге асыру үшiн оның органдарының маңызы қандай? 
8. “Табиғатң экологиялық қорының тапсырысы бойынша екi химик — Сарбасов жəне Қалижанов 
—  автокөлiктi  экология-лық  таза  сұйық  отынға — этил  спиртiне  көшiрудiң  əдiстемесiн  жасап 
шығарады.  Өнер-табысты  жүзеге  асыру  үшiн  ашық  ак-ционерлiк  қоғам  ашып‚  оған  кең  көлемде 
ақша салымын жасау-шыларды тарту шешiмi қабылданады. 
“Табиғатң  экологиялық  қорының  заңгерлер  АҚ  Жарғысын  құрастырып  шығарады  да
құрылтайшылар  талқылауына  ұсы-нады.  Жарғы  бойынша  АҚ  жарғылық  капиталы 600 мың 
доллар-дан  тұруы  тиiс  жəне  əрқайсысы 10 доллардан 60 мың  жай  акцияларға  бөлiнуi  қажет. 
Акцияларды  төлеу  есебiнде  Сарбасов (2 000 акция)  жəне  Қалижанов (1 500 акция)  қажеттi 
құжаттарды дайындауға жəне АҚ-ның тiркелуiн iске асыру туралы өздерiне мiндет алады. Қалған 
акциялардың бəрiн ашық орналастыру арқылы тарату қарастырылады.  
Осы жағдайларға құқықтық талдау жасаңыздар. 
Акционерлiк  қоғамдарда  акцияларды  орналастырудың  қан-дай  тəсiлдерi  қарастырылған  жəне  ол
қалай рəсiмделуi тиiс? Ашық жəне жабық акционерлiк қоғамдардың айырмашылығы қандай? 
9.  “Қуатң  акционерлiк  қоғамының  акционерлер  тобы  өздерiнiң  төтенше  жиналысына  бiрқатар 
мəселелердi шешу үшiн заңгердi шақырады. Жиналысқа тұтас алғанда 75,5% акциялар дауысының 
иелерi — 240 акционер  қатысады.  Төрағашылық  ету-шi  АҚ-ға  қатысты  бұрыс  саясат 
жүргiзетiндiктен  акцияның 23,5% иесi — ең  iрi  акционер  — “МСТң  ЖШС  жиналысқа 

шақырылмағанын жəне одан басқа жиналыста оған қатысты жазалау шараларын қолдану мəселесi 
қарастырылатынын хабар-лайды.  
АҚ-ның жарғысы бойынша талап етiлетiн кворум — 75% акциялар дауысы — жиналғандықтан‚ 
жалпы жиналыс жұмысын бастайды. Төрағашылық етушi күн тəртiбiне “Қуатң АҚ-ын қайта құру 
мəселесiн кiргiзудi ұсынады‚ оған акционерлер бi-рауызды келiсiмiн бередi.  
АҚ-ның  ұсақ  акционерлер  арасындағы  қарама-қайшылық-тарын  пайдаланып‚ “МСТң  ЖШС  оны 
күмəнды коммерциялық жобаларға əрдайым күштеп итермелейтiнi жөнiнде жиналыс төрағасы өз 
сөзiнде айтады. Мiне‚ солай акционерлердiң жыл соңындағы жиналысында “МСТң ЖШС-i АҚ-ға 
зор  шығындар  əкелген  жобаны  АҚ-ның  жұмыс  жоспарына  енгiзiп‚  дегенiне  жетедi.  Соған 
байланысты  төрағашылық  етушi “МСТң  ЖШС-тен  акционерлiк  қоғамға  келтiрiлген  барлық 
шығындардың  орнын  толтыруды‚  сонымен  қатар  АҚ-ды  “Алтайң  ЖШС-не  тəуелдi  акционерлiк 
қоғамға  туындаған  немесе  еншiлес  ұйымға  қайта  құруды  ұсынады.  Соңғы  шара‚  оның  ойынша‚ 
қалыптасқан  жағдайды  заңды  түрге  келтiредi  жəне  келешекте  ұсақ  салым  жасаушылардың
мүддесiн қорғайтын болады.  
Ұсынылған қайта ұйымдастыру жайында жиналысқа өз пiкi-рiңiздi бiлдiрiңiз‚ бiр заңды тұлғадан 
шыққан  жəне  оған  тəуелдi  кəсiпорындардың  құқықтық  ережелерiн  анықтап  берiңiз  жəне  ұсақ 
акционерлердiң мүддесiн қорғау жолдарын ұсыныңыз.  
Акционерлер  жиналысын  шақыру  қандай  тəртiп  бойынша  дайындалу  жəне  шақыруды  жүзеге
асыруы  қажет  екенiн  жəне  бұл  тəртiп  бұзылса‚  қандай  жағдайларға  əкелiп  соқтыратынын 
түсiндiрiп берiңiз.  
10. Тiркеу органына Балқаш өзенiнде балық аулауды мақсат тұтатын өндiрiстiк кооператив құруға 
мүдделi  бiр  топ  азаматтар  жолығады.  Тiркеуге  ұсынылған  құжаттарды  қарап  шығады  да  тiркеу 
органының  заңгерi  келесi  қателiктердi  көрсете  отырып‚  арызданушыларға  құжттарын  қайтарып 
бередi: 
1) Кооперативтiң атауы — “Гетеборгң балық аулаушылар өн-дiрiстiк кооперативi — заңға сəйкес 
келмейдi‚ өйткенi “Гетеборгң — Қазақстанның қаласы емес‚ шведтiкi.  
2) Құрылтай шартына қатысушылардың өздерi емес‚ тек ар-телдiктердiң құрылтай жиналысының 
төрағасы мен хатшысы қол қойған. 
3) Жарғыда жарғылық капиталдың жалпы мөлшерi мен ар-тель мүшелерiнiң саны туралы сөз жоқ‚ 
тек жарна төлемiнiң мөлшерi көрсетiлген.  
4)  Табысты  өндiрiстiк  кооператив  мүшелерi  арасында  бөлу  мен  жалпы  жиналыста  дауыс  беру
олардың жарналық төлемде-рiне тiкелей пропорционалды екенi‚ оның үстiне əрбiр қаты-сушы өз 
қалауы  бойынша  бiрнеше  жарналық  төлем  жасау  мүм-кiндiгi  жарғыда  қарастырылған.  Бұл 
қағиданың екеуi де заңға қайшы келедi. 
5) Жарғы бойынша өндiрiстiк кооператив төрағасы оны бас-қарма төрағасы болып табылады‚ ал 
басқарманың барлық мүше-лерi кеңесу дауысына құқығы бар бақылау кеңесiнiң мүшелерi болып 
табылады. Бұл да заңға сəйкес емес.  
Арыз  берушiлер  заңгердiң  ескертулерiн  заңсыз  деп  санап‚  тiркеу  органының  бөлiм  бастығына 
шағым  жасап  барады.  Жоғарыда  келтiрiлген  ескертулерге  баға  бере  отырып‚  шағымды 
шешiңiздер.  
8.  Кəсiпкер  Саттаров  Қазақстанның  қазiргi  қолданбалы  өнерiн  насихаттау  үшiн  жəне  жас 
суретшiлерге  олардың  көрме-лерiн  ұйымдастыруға  көмек  көрсету  үшiн  мұражайдың  негiзiн 
салмақшы болады.  

Заңгермен  əңгiмелесу  үстiнде  Саттаров  мұражайдың  құры-луын  қаржыландыруға  дайын 
екендiгiн‚  ал  келешекте‚  егер  мұра-жай  өзiн-өзi  ақтамайтын  болса‚  мезгiл  сайын  мұражайға 
құрыл-тай  құжаттарында  көрсетiлген  белгiлi  бiр  ақшалай  соманы  ауда-рып  отыратынын 
мəлiмдейдi.  Оған  қоса‚  құрылтайшылар  ре-тiнде  өзiнiң  барлық  жанұя  мүшелерi  танылсын‚  ал 
мұражай оның атымен аталсын деген ұсыныс айтады. Мұражай коммер-циялық емес ұйым ретiнде 
ойластырылғандықтан  оның  құрыл-тай  құжаттарында  Саттаров  пен  оның  жанұясы  мұражай
қарыз-дары бойынша жауапкершiлiгiнен толығымен босатылуы көрсе-тiлуi тиiс.  
Заңда  қарастырылатын  заңды  тұлғалардың  бiрде  бiреуi  Сат-таровтың  талаптарына  толық  сəйкес 
келмейтiнiн  заңгер  Сат-таровқа  түсiндiрiп  бередi.  Сондықтан  да  осы  жағдайда  өз  бойын-да 
қордың‚  мекеменiң  жəне  қоғамдық  ұйымның  ерекшелiктерiн  байланыстыратын  жаңа  ұйымдық-
құқықтық тұрғыны жасауға тура келедi.  
Заңгердiң  дəлелдерiмен  келiсесiз  бе?  Қор‚  мекеме  жəне  қоғамдық  ұйым  арасындағы
айырмашылықтардың  неде  екенi  жөнiнде  кеңес  берiңiз.  Кəсiпкер  талаптарына  анағұрлым  сəйкес 
келетiн коммерциялық емес ұйымның құқықтық нысанын таңдап алуға көмек берiңiз.  
11. “Қазақстан  жарнамалық  фирмаларының  ассоциациясы  iрi  коммерциялық  компанияны 
жарнамалалауды  ұйымдастыру  мен  өткiзу  жөнiнде  шарт  жасасады.  Алайда,  шарттың  бiрқатар 
талаптарын  бұзып‚  Ассоциация  жарнама  берушiнi  үлкен  шығын-дарға  ұшыратады.  Сотта 
Ассоциацияның  заңгерi  шарттық  мiн-деттемелерiнiң  бұзылуына  осы  шартты  орындауды  өз 
мойнына  алған  асссоцияцияның  бiр  топ  мүшелерi  өткен  жылы  Ассо-циациядан  шығып  кетуiне 
байланысты пайда болғанын себеп ретiнде айтады. Сондықтан да ҚР АК-тiң 110-бабына сəйкес та-
лапты жарнама берушi ассоциацияға емес сол фирмаларға қоюы керек деп түсiндiрдi.  
Ассоциация  заңгерi  келтiрiлген  дəйектерге  баға  берiңiз.  Заң-ды  тұлғалар  бiрлестiктерiнiң 
құқықтық жағдайының ерекшелiк-терi неде?  
Жоғарыда аталған шарттың орындалмауы үшiн Ассоциация жауап беруi тиiс пе? 
Қандай  заңды  тұлғалар  жалпы  (универсалды)‚  ал  қандай  заңды  тұлғалар  арнайы  құқық 
қабiлеттiлiгiне ие? 
Қазақстанда Ассоцияциялардың құқықтық жағдайы қандай заңдармен реттеледi? 
12.  Дəрменсiздiгiне  байланысты  серiктестiктiң  таратылуын  талап  етiп  арызбен  қосымша 
жауапкершiлiгi  бар  “Ғазизң  серiк-тестiктiгiнiң  несие  берушiлерi  сотқа  барады.  Несие  берушiлер 
өздерiнiң  талаптарын  қанағаттандыруға  жұмсалатын  мүлiктiң  құрамына  “Ғазизң  қосымша 
жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң екi еншiлес қоғамының ақша қаражатын‚ сонымен қатар‚ басқа 
қалалардағы  серiктестiктiң  өкiлдiктерi  мен  филиалдарының  мү-лiктерiн  де  кiргiзудi  сұрайды.. 
Жауапкердiң  өкiлi  қойылған  та-лаптарға  келiспей‚  еншiлес  қоғамдардың  дербес  заңды  тұлға  бо-
лып  саналатынын  сондықтан  да  олар  құрылтайшылардың  қа-рыздары  үшiн  жауап  бермейтiнiн 
айтады.Серiктестiктiң басқа қалалардағы филиалдары да өз ережелерiне сəйкес заңды тұлға болып 
саналатынын сондықтанда олар таратылмауы тиiс деп са-нады. 
Тараптар  дəлелдерiн  сараптаңыз.  Заңды  тұлғаның  филиалда-ры  мен  өкiлдiктерiнiң  құқықтық 
жағдайына сипаттама берiңiз.  
Несие  берушiлердiң  талаптары  бойынша  банкрот  деп  таныл-ған  борышқордың  мүлкi  қалай 
таратылады жəне қандай кезек-термен жүргiзiледi?  
Қосымша  жауапкершiлiгi  бар  серiктестiк  өзiнiң  мiндеттеме-лерi  бойынша  қалай  жауап  беруге 
тиiс?  
13.  “Ордаң  саяси  партиясы  қайрылымдылық  ретiнде  ислам  дiни  бiрлестiгiнен  iрi  көлемде  ақша 

қаражатын қабылдайды. 
Келiп  түскен  қаржы  осы  саяси  партияның  бағдарламалық  жəне  жарғылық  мақсаттарын  жүзеге
асыруға жұмсалады. 
Алайда  бұл  мəн  жайлар  прокурорға  белгiлi  болып  нəтиже-сiнде  саяси  партияның  қызметi 
прокурордың талабы бойынша сот тəртiбiмен тоқтатыла тұрады. Бұл шешiммен келiспеген сая-си 
партия талап арызбен сотқа жүгiнедi. 
Осы iс бойынша сот қандай шешiм шығаруға тиiс?  
Саяси партиялардың қайта құрылуы мен таратылу тəртiбi мен негiздерi жайлы толығырақ баяндап 
берiңiздер. 
14.  Жеке  кəсiпкер  Алтай  Əскеров  жəне  жəне  оның  жанұя  мүшелерi  қоғамдық  қор  құру 
мақсатымен  мемлекеттiк  тiркеу  органының  маманына  өтiнiш  бiлдiрiп  өздерiн  қызықтыратын 
төмендегiдей сұрақтарға жауап беруiн сұрайды: 
—  Қоғамдық  қордың  құрылтайшылырына  байланысты  заңмен  қарастырылған  қандайда  бiр 
шектеулер бар ма? 
—  Жеке  тұлға  қоғамдық  қордың  жеке  дара  құрылтайшысы  бола  ала  ма  жəне  бұл  жағдайда
қоғамдық қордың органы болып кiм табылуы тиiс? 
—  Қоғамдық  қордың  құрылтайшылары  өздерiнiң  қорға  берген  мүлiктерiне  қандайда  бiр 
құқықтарын сақтап қала ма?  
— Қордың мiндеттемелерi үшiн кiм жауап беруге тиiс? 
—  Қоғамдық  қорлардың  кəсiпкерлiкпен  айналысуына  заңда  жол  берiлген  бе  жəне  қорлар  үшiн 
кəсiпкерлiктiң қандай түрi-мен айналысуға заңмен тиым салынған? 
— Олар құрмақ болған қоғамдық қор сенiм серiктестiгiне салымшы ретiнде қатысуға құқылы ма? 
— Қорлардың өз мүлкiн мақсатты пайдалануын қандай ор-ганы қадағалауға құқылы? 
Қоғамдық  қорларда  құрылатын  қамқоршылық  кеңестiң  негiзгi  атқаратын  қызметi  қандай  жəне 
мұндай органды құру барлық қорлар үшiн мiндеттi болып табыла ма? 
Қоғамдық қордың жеке меншiк қордан қандай айырмашы-лығы бар? 
Əскеров  пен  оның  жанұя  мүшелерiне  “Комемрциялық  емес  ұйымдар  туралың  заң  талаптарына
сəйкес қандай қор түрiн құруды кеңес етер едiңiздер?  
Осы сұрақтарға заң нормаларына негiздеп толық жауап дайындаңыздар. 
15. “Тұлпарң гараж тұтыну кооперативiнiң мүшесi Алматы қаласының тұрғыны Нұрберген Əлiмов 
денсаулығына байланыс-ты дəрiгерлердiң кеңесi бойынша елдi мекен ауыстырып, қала-дан ауылға 
қоныс  аударуына  тура  келедi,  осыған  байланысты  ол  кооператив  басқармасына  арыз  жазып , 
кооператив мүлкiндегi өзiнiң үлесiн бөлiп беру туралы өтiнiш бiлдiредi.  
Тұтыну  кооперативiнiң  басшылары  оның  бұл  өтiнiшiн  қа-нағаттандырудан  бас  тартып, 
коммерциялық  емес  ұйымдар  ту-ралы  Заңға  сəйкес,  тұтыну  кооперативi  өзiнiң  қызметiнiң  нəти-
жесiнде  алған  мүлiктi  өз  қатысушылары  арасында  бөлiске  салуы-на  тиым  салынатындығына 
сiлтеме жасайды.  

Нұрберген Əлiмов сотқа талап арыз берiп “Тұлпарң гараж тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өзiнiң 
үлесiн өндiрiп берудi талап етедi.  
Алматы  қалалық  соты  Нұрберген  Əлiмовтың  талап  арызын  негiзсiз  деп  тауып 
қанағаттандырмайды. 
Соттың шығарған шешiмi дұрыс па? 
Қазақстан Республикасында тұтыну кооперативiнiң құқық-тық жағдайын реттейтiн қандай заңдар 
бар?  
Тұтыну кооперативiнiң өндiрiстiк коперативтен айырмашы-лығы неде?  
Тұтыну кооперативiнен мүшелiктен шығудың тəртiбi қан-дай? 
Тұтыну кооперативiнiң құрылтай құжаттарын атаңыздар? 
Заңды тұлғалар тұтыну кооперативiнiң мүшесi бола ала ма?  
Селолық тұтыну кооперативтерiнiң айырмашылығын ата-ңыздар? 
16.  Қазақстандық  дiни  бiрлестiктердiң  бiрi  түрлi  дiни  ұйымдар  өндiрумен  айналасып  ақылы 
негiзде оларды дiндəр-ларға сатып, пайда келтiрумен айналысатын. Сонымен қатар ол Қазақстан 
заңдарымен дiни ұйымдарға белгiленген салықтық жеңiлдiктердi пайдаланып жүйелi түрде темекi 
мен спирт өнiм-дерiн сатып, алйда одан түскен барлық қаражатты тек қайы-рылмдылық мақсатта 
жұмсайтын. 
Бұл  аталған  жағдай  прокурорға  мəлiм  болғанда  прокурор  кə-сiпкерлiктiң  бұл  түрiнiң  дiни 
бiрлестiктiң жарғылық мақсатына қайшы келетiнiне нұсқап  одан заңсыз кəсiпкерлiктi  дереу тоқ-
татуды талап етедi.  
Алайда  прокурордың  бұл  талабын  дiни  бiрлестiк  негiзсiз  деп  бағалап  оны  орындаудан  бас 
тартады. 
Прокурор дiни бiрлестiктi мəжбүрлеп тарату туралы талап-пен сотқа жүгiнедi.  
Прокурордың бұл талабы заңмен негiзделген бе? 
Дiни бiрлестiктердiң кəсiпкерлiкпен айналысуға құқысы бар ма?  
17.  Дiнбасы  молда — Қуан  Берлiкбай  Парламент  сайлауы  кезiнде  Қазақстан  Республикасы 
Парламентiнiң  Мəжлiсiне  де-путаттыққа  кандидат  болып  тiркелген  əйгiлi  беделдi  адвокат  Ораз 
Рахимбердиевтi  қолдап  дауыс  беру  үшiн  өзiнiң  тұрғылықты  жерi  бойынша  орналасқан  сайлау 
учаскесiне келедi.  
Алайда сайлау учаскесiнiң төрғасы өзiнiң бұйрығымен дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiн 
дiнбасы  молда — Қуан  Берлiкбайға  бергiзбей  тастайды  жəне  ол  өзiнiң  бұл  шешiмiн  Қазақстан 
Республикасының  “Дiн  бостандығы  жəне  дiни  бiрлестiктер  туралы  заңының  нормаларына 
негiзделгенiн,  яғни  аталған  заңда  дiни  бiрлестiктердiң  қызметкерлерi  мемлекеттiк  билiк  пен 
басқару органдарын сайлауға қатыса алмайтындығы қарастырылғанына сiлтеме жасайды. Сондай-
ақ  сайлау  учаске-сiнiң  төрағасы  Қазақстан  Республикасында  дiни  бiрлестiктердiң  мемлекеттен 
бөлек екендiгiн айтады.  
Сайлау  учаскесi  төрағасының  бұл  əрекетiн  дiн  басы-молда  Қуан  Бiрлiкбай  өзiнiң  азаматтық 
құқықтарына қойған шектеу деп бағалап сотқа талап арыз бередi.

Осы iс бойынша сот қандай шешiм шығаруға тиiс? 
Дiни  бiрлестiктер  қалай  құрылады  жəне  олардың  құқық-тық  жағдайы  туралы  толығырақ 
баяндаңыздар.  
Дiни бiрлестiктердi коммерциялық емес ұйымдардың басқа түрлерiнен, соның iшiнде қоғамдық 
бiрлестiктерден қандай бел-гiлерi бойынша ажыратуға болар едi? 
Қазақстан  Республикасының  аумағында  шет  ел  азаматтары  мен  азматтығы  жоқ  адамдар  дiни 
бiрлестiктер құруға жəне олар-дың қызметiне қатысуына жол берiле ме?  
Дiни бiрлестiктердiң мүлкiнiң құқықтық режимi қандай? 
18.  Минералды  тыңайтқыштар  өндiрумен  айналысатын  бiр-неше  iрi  Қазақстандық  заводтар
минералды  тыңайтқыштарды  өндiруге  байланысты  мəселелердi  Үкiметте  қарастырған  кезде 
олардың  экономикалақ  жəне  өзге  де  мүдделерiн  тиiстi  мемле-кеттiк  органдарда  қорғап,  қолдау 
көрсететiн заңды тұлға ныса-нындағы бiрлестiк құру туралы шешiм қабылдайды.  
Бiрлестiк құруға мүдделi тараптарға мына мəселелер бойын-ша кеңес берiңiздер: 
z
Аталған бiрлестiк қандай ұйымдық нысанда құрылуы мүмкiн?  
z
Ол үшiн қандай құрылтай құжаттары дайындалуы тиiс жəне мұндай мақсаттарды көздейтiн 
заң тұлғаның құқықтық жағдайын қандай заңдар айқындайды?  
z
Коммерциялық емес ұйымдар Азаматтық кодексте көздел-меген өзге ұйыммдық-құқықтық 
нысандарда құрылуы мүмкiн бе, оларға мысал келтiрiңiздер?  
19.  Жолаушы  тасымалдаумен  айналасатын  бiрнеше  коммер-циялық  фирмалардың  жетекшiлерi 
өздерiнiң ортақ мүдделерiн қорғап жəне осы сала бойынша кəсiпекерлiктi үйлестiру мақ-сатында 
қауымдастық құру туралы шешiм қабылдайды.  
Сондай-ақ  қауымдастықтың  құрылтайшысы  болып  өзiнiң  жеке  меншiгiндегi  автокөлiгiмен 
жолаушы  тасымалдаумен  айна-лысатын  жеке  кəсiпкер  Азамат  Манасов  та  қатысуға  ниет  бiл-
дiредi.  Сонымен  барлық  мүдделi  тараптар  көп  уақыт  өтпей  “Алматың  жолдары  атты 
қауымдастықтың  (одақтың)  құрылтай  шартын  жасап  оның  жарғысын  бекiтедi.  Осы 
қауымдастыққа  (одаққа)  қатысушылар  сондай-ақ  өздерiнiң  кiру  жарналарын  бi-рiктiрiу  арқылы 
қауымдастықтың бастапқы жарғылық капита-лын да қалыптастырып үлгередi.  
Құрылған  қауымдастықтың  (одақтың)  құрылтай  құжатта-рында  мынандай  ережелер 
қарастырылған болатын: 
— қауымдастықтың барлық мүшелерi құрылтай құжатта-рында қарастырылған мiндеттердi, соның 
iшiнде  мүшелiк  жəне  өзге  де  жарналарды  төлуге  мiндеттi,  бұл  мiндетiн  орындамаған  қатысушы 
қауымдастықтан мүшелiктен шығарылады; 
— қауымдастықтың əрбiр мүшесiнiң қауымдастықты басқа-руға теңдей құқысы бар; 
z
құрылтайшылардың қауымдастыққа берген мүлкi осы қауымдастықты құраған 
құрылтайшылардың барлығының ортақ меншiгi болып табылады;  
z
қауымдастықтың əрбiр мүшесi қауымдастық көрсететiн қызметтiң кез-келген түрiн ақысыз 
негiзде, тегiн пайдалануға құқысы бар;  
z
қауымдастық мүшелерi басқа қатсушылардың келiсiмiн алмастан қауымдастықтан 
мүшелiктен шыға алмайды жəне қауымдастықтың əрбiр мүшесi бiр мезгiлде екi немесе одан 
да көп қауымдастыққа мүше бола алмайды;  
z
қауымдастықтың мiндеттемелерi бойынша қауымдастық-тың əрбiр мүшесi өзiнiң салған 
салымдарының соммасы көле-мiнде субсидиарлық жауапты болады;  

Əдiлет  органының  тiркеу  бөлiмiнiң  мамандары  қауымдастық-тың  құрылтай  құжатттарымен 
танысып шығып, олардың мазмұ-нының заң талаптарына қайшы келетiндiгiн негiзге алып мемле-
кеттiк тiркеуге алудан бас тартады.  
Қауымдастықтың құрылтай құжаттарының мазмұнында оны тiркеуге алуға кедергi болатын мəн-
жайлар расымен де бар деп ойлайсыздар ма? 
Қазақстан  Республикасында  заңды  тұлғалар қауымдастығы-ның  (одағының)  құқықтық  жағдайын 
реттейтiн қандай құқық-тық-нормативтiк актiлер бар?  
Қауымдастық өзiнiң мүшелерiнiң үстiнен қадағалайтын олардың жоғары тұрған қадағалау органы
қызметiн атқаруға құқылы ма? 
Қауымдастық құру үшiн қандайда бiр мемлекеттiк орган-ның рұқсатын алу қажет пе? 
Қауымдастықтың Сiздерге таныс холдингтен айырмашы-лығы неде? 
20. 2002 жылдың  қараша  айының 17-сi  күнi  көп  қабатты  тұрғын  үйдегi  пəтердiң  меншiк  иесi 
азамат  Бөкебаев 2002 жыл-дың 27 қарашасында  пəтер  меншiк  иелерiнiң  кооперативiн  құ-руға 
(КСК) байланысты құрылтай жиналысы өтетiндiгi жайлы жазбаша түрде хабар алады. Алайда ол 
жұмыс  бабымен  алыс  жол  сапарға  аттанып  кетуiне  байланысты  құрылтай  жиналысына  қа-тыса 
алмай қалады.  
Жол сапардан оралған бойда Бөкебаев өзiнiң көршiсi Байқо-ңыровпен кездесiп өзi болмаған кезде 
өткiзiлген  құрылытай  жиналысының  нəтижесi  жайлы  мəлiмет  сұрайды.  Байқоңыров  сол  күнi 
құрылтай  жиналысына  көп  қабатты  тұрғын  үйдегi  пəтер  меншiк  иелерiнiң  жартысынан  көбi 
келмей қалғандықтан құрылтай  жиналысы  өткiзiлген  жоқ  деп  танылғандығы  туралы  айтып, ендi 
бес  күннен  кейiн  құрылтай  жиналасының  қайта  өт-кiзiлетiндiгi  туралы  шешiм  қабылданғандығы 
туралы Бөкебаевқа баяндап бередi.  
Қайта  өткiзiлген  құрылтай  жиналысына,  бұл  жолы  да,  тұр-ғын  үйдегi  пəтер  меншiк  иелерiнiң 
жартысынан  азы  ғана  қа-тысады.  Соған  қарамастан  тұрғындар  пəтер  меншiк  иелерiнiң 
кооперативiн құру туралы бiр ауыздан шешiм қабылдап, оның жарғысын бекiтедi. Осы жиналыста 
кооператив  төрағасын  сайлау  туралы  мəселе  бойынша  дауыс  беру  кезiнде  кооператив  төраға-
лығына Бөкебаев ұсынған кандидатура жеткiлiктi дауыс жинай алмағандықтан, өтпей қалады. Бұл 
жайға  көңiлi  толмаған  Бөке-баев  сотқа  талап  арыз  берiп  пəтер  меншiк  иелерiнiң  коопе-ративiн 
құру  туралы  қабылданған  құрылтай  жиналысының  ше-шiмiн  жарамсыз  деп  тануды  талап  етiп, 
өзiнiң талап арызын ол құрылтай жиналысына кондоминиумге қатысушылардың жарты-сынан азы 
ғана қатысқандығымен негiздейдi. 
Бөкебаевтiң талабы қаншалықты негiздi? 
Аталған  пəтер  меншiк  иелерiнiң  кооперативiн  құру  (КСК)  барысында  қандайда  бiр  қателiктер 
жiберiлдi деп ойлайсыздар ма? 
Егер  өткiзiлген  құрылтай  жиналысында  шешiм  жиналысқа  қатысушылардың 2/3 бөлiгiнiң  дауыс 
беруiмен қабылданса. 
Сiздердiң пiкiрлерiңiз басқаша болар ма едi? 
Пəтер меншiк иелерi кооперативi мен тұтыну кооперати-вiнiң құқықтық жағдайы бiрдей ме? 
Пəтер меншiк иелерiнiң кооперативi тек бiр ғана қатысушы-дан тұруы мүмкiн бе? 
21. Көп  қабатты  тұрғын  үйдегi  Омаровтың пəтерiн сатып алған Боранбаев  “Аралң пəтер  меншiк 

иелерi кооперативiне мү-ше болып қабылданады. Алайда көп уақыт өтпей пəтерден бұрынырақта 
байқалынбаған  əртүрлi  ақаулар  анықтала  бастайды.  Атап  айтқанда,  есiк  пен  терезе 
қорапшаларының  дұрыс  салын-бағандығы  жəне  сондай-ақ  едендегi  жанама  ағаштарының  дұрыс 
бекiтiлмегенi  белгiлi  болады.  Боранбаевты  еркеше  мазалайтын  тағы  бiр  келеңсiз  жайғдай  ол 
жаңбыр жауғанда үй шатырынан өткен судың пəтерге енiп, пəтердiң керегелерiн бойлай ағатын-
дығы болатын.  
Соның  салдарынан  Боранбаевқа  жəне  үйдiң  төменгi  қа-батында  орналасқан  оның  көршiлерiне 
үлкен материалдық шы-ғындар келедi.  
Боранбаев  “Аралң  пəтер  меншiк  иелерi  кооперативiнен  осы  жоғарыдан  анықталған  ақауларды 
дереу қалпына келтiруiн талап етедi.  
Боранбаевтың бұл талабын пəтер меншiк иелерi кооперати-вiнiң төрағасы қанағаттандырудан бас 
тартып, өзiнiң бас тартуын былайша негiздейдi: бiрiншiден- Борнабаев кооперативке мүше болып 
жаңадан қабылданғандықтан ол əлi кооперативке жет-кiлiктi көлемде ақша сомасын (яғни тұрғын 
үйдi  қалыпты  ұстап  тұруға  қажеттi  ақша  сомасын)  төлеп  үлгерген  жоқ,  сол  себептен  де  ол 
кооператив есебiнен аталған жөндеу жұмыстарын жасатуға құқысы жоқ деп бiледi; екiншiден —
сапасыз пəтерлердi сатып алғаны үшiн Борнбаевтың өзi жауапты болуы тиiс деп бiледi;  
“Аралң  пəтер  меншiк  иелерi  кооперативiнiң  төрағасының  бұл  жауабы  қаншалықты  негiздi  деп 
бiлесiздер? 
Iстi шешiңiздер. 
Пəтерден шыққан ақауларды қалпына келтiрудi жəне үй шатырына жөндеу жұмыстарын жүргiзудi 
Боранбаев кiмнен талап етуi тиiс деп ойлайсыздар?  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет