таспалы тежегіштерде үйкеліс жағдайында жұмыс істеуге арналған.
Ұнтақты материалдар асбофрикциялық материалдармен салыстырғанда аса жоғары
термо- жəне тозуға төзімділік мəндеріне ие (2 – 4 есе), ал кей жағдайларда, мысалы қоспалы
шойынмен жұмыс кезінде, одан да жоғары (15...25 %-ға) үйкеліс коэффициентіне ие болады.
11.5.
Кеуекті сүзгіш элементтер
Сүзгіш элементтерді жасау үшін əдетте мата, киіз, керамика, фарфор,
сонымен қатар
түрлі материалдардан жасалған тор сүзгіштерді қолданады. Төмен коррозияға шыдамдылық,
жеткіліксіз механикалық беріктік, төмен термотұрақтылық жəне ыстыққа беріктілік олардың
кемішіліктері болып табылады. Көп жағдайда олар жоғарғы қысымның түсуін болдырмайды,
регенерацияға қиын беріледі.
Асакеуекті ұнтақты металл материалдар қатаң кеңістіктік каркасының арқасында аса
жоғары беріктікке ие, температураның кенет ауытқуына төзімді,
оңай өңделеді, балқытып
біріктіріледі жəне дəнекерленеді, қажет коррозияға шыдамдылық, ыстыққа төзімділік,
жылуөткізгіштікпен қамтамасыз етеді. Жоғары кеуектілігінің
салдарынан мұндай
материалдар жеткілікті жұқа сүзгілеу (30 мкм дейін) кезінде сұйықтықтар мен газдар үшін
жақсы өтімділікке ие, оңай қайта қалпына келтіріледі (сонымен қатар толық дерлік өзінің
бастапқы қасиеттерін қалпына келтіреді), сүзгіленетін сұйықтықтар мен газдарды сүзгі
материалдарымен ластамайды.
Металл кеуекті элементтерді жасау технологиясы олардың қалыпы мен өлшемдеріне
тəуелді. Ірі емес өлшемді сүзгіштерді бос себілген ұнтақты біріктіру арқылы дайындайды.
Одан ірірек сүзгіштер үшін
салқын тығыздау, одан кейін біріктіру қолданылады. Жұқа
кеуекті таспаларды алу үшін жұқартуды қолданады.
Кеуекті өткізгіш элементтерді жасау үшін түрлі металлдар мен қоспалардың ұнтақтарын:
көміртекті жəне түрлі таңбалы коррозияға шыдамды болатты, хром жəне молибдені бар
никель қоспасын, мыс, титан,
алюминий, вольфрам, молибден жəне басқа қоспаларын
қолданады. Техникада едəуір кең қолданыс тапқан коррозияға шыдамды болат, қола,
титан
жəне никель қоспаларынан жасалған сүзгіштер болды.
Ұнтақты материалдарды қолдану тазартылған сұйықтықтарда жұмыс істейтін сорғы,
қозғалтқыш жəне басқа агрегаттардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Олардың көмегімен химиялық үдерістерінде эффективтілігі артады жəне вакуумды өнімнің
сапасы жақсарады, жаңа қасиеттері бар материалдар алу үшін мүмкіндіктер туады.
390