С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



бет3/26
Дата02.02.2022
өлшемі88,29 Kb.
#130495
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ПЕД ПРАКТИКА АЛДИЯР

БАЯНДАМА

Тақырыбы:Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.Тәрбие бөлімі бойынша құжаттар

Орындаған:Мәліков.А.Қ

Группа:ФК-2Б(9)

Тексерген:Мусабаева.Г.В

Өскемен қ,2021

Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиеніңықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы.

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Тәрбиенің заңдылықтарына:



    1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;

    2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;

    3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;

    4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;

    5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

    6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік -мәдени (өмір және әрекет –қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.

Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.

Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.



Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек. Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.Бүгінгі қоғамда болып жатқан өзгерістер — ғылыми-техникалық процесс, ізгілендіру үрдісі білім беру жүйесінің алдына аса күрелі міндеттерді жүктеп отыр.

Бүгінгі білім беру жүйесінде құрылып жатқан жаңа типті мектеп-гимназиялары қоғамның сұранысына сай

жан-жақты білім беруге, гимназистердің рухани-мәдениетін жетілдіруге негізделеді. Негізгі сұраушы — ат аналар болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанда 8023 жалпы білім берет мектеп бар, оның 6136-сы ауыл мектептері. Онда 3 млн. мың бала оқиды. Осылардың ішінде жаңа типті 263 мектс қызме етеді. Олардың 161 — гимназия, 102-і — лицей.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында жаңа типті мектептердің құрылымдық жүйесір түсініктеме берілген. Мәселен, гимназия — негізі қосымша, жалпы білімдік бағдарламаларды оқушыларды қабілеті мен бейімділісіне қарай тереңдетіп, бағдарлы және саралап дәріс беру арқылы жүзеге асыратын орта жалпы білімдік оқу мекемесі деген анықтама берілсе, ал “лицей — негізгі және қосымша жалпы білімді бағдарламаларды жүзеге асыратын, қабілеті ме бейімділігіне сәйкес кәсіби бағдар бойынша дәріс беретін жоғары сатыдағы оқушыларды аймақтық қатыстығын қарамастан қабылдап, оларға орта жалпы білім беретін оқу мекемесің, — деп жаңа типті мектептерге жататын оқу орындарының құрылымына түсініктемелер берілген.

Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, жоспарға әкімшілік талаптармен ғана қарау, жоспарлау үрдісінде өкінішке орай, жоспардың құрылуы мен жазылуын шектейді. Мұндай жағдайда, жоспар формальді түрде болып, әрекетке бағыт бере алмайды. Нәтиженің қол жеткен тиімділігі және әрекеттен кез келген табысы әрекеттің қаншалықты сауатты жоспарлануына байланысты болады Жалпы алғанда жоспар әрекеттін мазмұнды көрсетушісі, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын аныктаушы құжат.

Ол төмендегідей кызмет аткарады:

- Нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші, анықтаушы;

- Болжаушылық, яғни жанама іс – қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтиже көрсетеді;

- Үйлестіруші, ұйымдастырушы, яғни әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығын, онын объектісі және субъектісі кім болатынын, әрекеттерін көрсететін, оның басқа түрлерінін өзара қатынасын, сол сияқты әрекетін көрсетеді, олардың орнын, уақытын кім, қашан, қайда орындайтынын анықтайды;

- бақылаушылық, қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;

- қалпына келтірушілік, яғни кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұнын және көлемін қайта қалпына келтіру;

Барлық жағдайда жоспарға әкімшілік үшін емес, педагогтың өзіне қажет жұмыс құжаты ретінде қарап, жұмысты ретсіз жүргізбей, педагогикалык үрдісте өз ойлары мен мақсаттары, мүмкіндіктері мен талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

Жоспар егер талапқа сай жасалса, тәрбие жұмысын жүргізуге көмек болады.

Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басты. Алдағы небір керемет жетістіктер қандай болмасын адамзатты алаңдататын проблемалар – барлығы адам проблемасымен ұштасады. Олай болмауы да мүмкін емес, себебі ХХІғасыр адам ғасыры болмақ. Сондықтан да еліміздің болашағы жарқын болуы үшін, ең алдымен “бесігімізді түзеуіміз” қажет. Ол үшін тәрбиеші өзі тәрбиелі болуымен қатар, тәрбиенің барлық қыр-сырын меңгеруі керек. Оның мектептің тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда жүргізетін жұмыстары, тәрбие жоспарларының түрлері, әкімшілік, ұйымдастырушылық жұмыстары дұрыс тәрбие беруге бағытталуы тиіс. Осы проблема – соңғы онжылдықта бүкіл Қазақстан көлемінде өзінің шешімін ерекше жолдармен табуда.

Тәрбие жүйесін жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін мыналар қажет:


  • Тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттері оқушылардың нақты тәрбиелік деңгейлерінің талдауына негізделген болу керек;

  • Оқушылардың әртүрлі шығармашылық әрекеттерін жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау;

  • Тәрбие жұмысын жүйелілік-кешенділік тұрғыдан жоспарлау;

  • Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыруда пайдаланатын әдістер мен тәрбие түрлерінің әсерлілігі мен өтімділігі;

  • Ғылым жетістіктері мен озат тәжірибе негізінде ұстаздардың педагогикалық білімдері мен дағдыларының үздіксіз жетілуі;

  • Көпшілікке арналған тәрбие шараларының мазмұндылығы мен көкейкестілігі, оларды дайындап өткізу барысында оқушылардың жоғары  деңгейдегі белсенділігі;

  • Оқушылар ұжымының өмірін педагогикалық мақсатқа сәйкес ұйымдастыру;

  • Оқушыларды жоспарлау үрдісіне қатыстыру;

  • Мектептің тәрбие жұмысын жүйелі түрде жоспарлау және дұрыс ұйымдастыру тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет