С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Қолданбал ы биология және топырақтану негіздері»



бет12/21
Дата07.05.2017
өлшемі3,67 Mb.
#16113
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Бақылау сұрақтары:

1. Өсімдіктердің химиялық құрамына не кіреді?

2. Сыртқы орта жағдайларының өсімдіктер қоректенуіне әсері бар ма?

Әдебиеттер:


  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

23 дәріс



Тақырыбы: Тыңайтқыштар
Мақсаты: Тыңайтқыштарға, олардың түрлеріне, жіктелуіне тоқталып өту.

1. Тыңайтқыштар туралы түсінік.

2. Тыңайтқыштардың жіктелуі.
Тыңатқыштар - өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.

Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.

Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың қуатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы қант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.

Органикалық тыңайтқыштар.

Тыңайтқыштардың негізгі тобының бірі. Органикалық тыңайтқыштар дақылдарының өнімін арттыруда зор маңызға ие болады. Тыңайтқыштың бұл тобының құрамындағы қоректік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болмағандықтан күрделі тыңакйтқыштар қатарына да жатады. Ал органикалық қосындылардың өздері өсімдік тектес немесе жануар тектес болып келеді. Органикалық тыңайтқыштарға жататындар: көң, қи садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымтезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су тұнба лайы, тері илеу және тамақ кәсіпорындарының қалдығы.

Көң-өте ерте заманнан бері үй тұрмысында отын, егіншілікке күрделі органикалық тыңайтқыш ретінде қолданылып келеді. Көңнің шала шіріген түрлері бар. Көңнің құрамындағы қоректік зат мөлшері олардың қалай дайындалуына және сақталуына байланысты. Шала шіріген аралас көңнің құрамында 0,5 процент азот, 0,25 процент фосфор және 0,6 процент калий болады.

Садыра-құрамында 0,2 процент азот және 0,6 процент калий бар көң дайындауда бөлінетін сұйық қалдық болып табылады. Дайындалған қи неғұрлым бос сақталса, одан қи садырасы да соғұрлым көп бөлінеді және керісіеше.

Садыра, негізінен, жануарлардың сұйық қалдығы және қидың ыдырауы нәтижесінде бөлініп шыққан заттардан құралады. Қи садырасы азотты-калийлі тыңайтқыш ретінде тез әсер етеді.

Құс саңғырығы да бағалы органикалық тыңайтқыш. Ірі қалалардың және өндіріс орталығының маңында үлкен құс фабрикаларының салынуына байланысты құс саңғырығын пайдалануға мүмкіндік арта түсті.



Жасыл тыңайтқыштар (сидераттар)

Сидератар деп қолдан егілетін біржылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіп гүлденгенге дейінгі кезеңінде, сол қалпында жырып тастауды айтады. Бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырында түйнек бактериясының арқасында оған азот қоры мол жиналады. Бұл дақылдар ауадан азот жинайды, ал мұны күшейту үшін олардың тұқымдарын екпестен бұрын нитрагинмен немесе арнаулы препараттармен өңдейді. Сонда бұл дақылдардың атмосферадан азот сіңіруін күшейтеді. Сонымен қатар, жасыл тыңайтқыштардың құрамында фосфор және калий элементтері жоқтың қасы болғандықтан, топырақты өңдемес бұрын оған фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгізу тиімді болып табылады.

Сидератты дақылдардың өсіп-жетілу кезеңінде әр гектарында 800,1000 текше метр есебінен кемінде екі дүркін суарады. Күзде өсімдік бүршік атқан кезде сидератты топыраққа сіңірердің алдында танапты жақсылап суарып, топырақ өңдеуге дайын болғанда, жырту бағытында катокпен жығып, оның көк балаусасын майдалау үшін дискілі сыдырғыштарымен өңдейді. Содан кейін гектарына 5...6ц суперфосфат және 1...1,5ц калий тыңайтқыштарын енгізгеннен кейін ғана топырақты 28...30 см тереңдікте жырту арқылы сидераттар топырақ қабатына енгізіледі.

Минералдық қоректену дегеніміз-өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру процесі. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсіп-дамуы мүмкін емес.

Азотты тыңайтқыштар-құрамында өсімдікке қорек болатын азотты бар органикалық және минералдық заттар. Азотты минерал тыңайтқыштарының көп тараған түрі: аммиак силитрасы, аммоний сульфаты, мочевина, азотты сұйық тыңайтқыштар.

Қызғылт қоңыр топырақты жерлерде негізгі тыңайтқыш ретінде аммоний сульфаты, үстеме қорек ретінде өзгелері қолданылады.

Қазақстанда Қарағанды металлургия заводы ғана аммноний сульфатын шығарады. АЛ азот тыңайтқыштарының басқа түрлері өзге республикадан әкелінеді.

Тыңайтқыштардың әрқайсысының өздерінің өңделу ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі өзгешеліктері, түрлі қасиеттері бар. Оларды нақтылы білу-тыңайтқыштарды егіншілікке тиімді пайдалануға көмектеседі.



Микротыңайтқыштар.

Микротыңайтқыш құрамында өсімдікке өте аз мөлшерде қажет мыс, кобальт, мырыш т.б. болады. Топырақта өсімдікке сіңетін микроэлементтер жеткіліксіз болса дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады.

Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы үлкен. Олар ферменттер құрамына кіреді, дақылдың өнімін арттырады.

Агротехникалық талапқа сәйкес егістің 1 кг топырағында 1 мг бор, 50...100 мг марганец, 6 мг мыс, 1...2 мг мырыш, 0,3 мг молибден болуы керек, ал орташа есеппен Қазақстанның егістік жеріндегі топырақтың 1 кг-да 0,4 мг бор, 45 мг марганец, 0,5...5 мг мыс, 0,17 мг мырыш, 0,2 мг молибден бар. Қазақстан жағдайында микроэлементтер жеткіліксіз болғандықтан, дақылдың өнімін, оның сапасын жақсарту үшін микроэлементтер қажет.



Бактериялық тыңайтқыштар.

Дақылдар өнімін және оның сапасын арттыруға бактериялық тыңайтқыштар да тиімді әсер етеді.

Бактериялық тыңайтқыштар құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар. Бұл өсімдік тамыры айналасына микроорганизмдердің жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады. Сондықтан топырақтағы пайдалы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін күшейту мақсатында оларды жеке өсіріп, содан соң топыраққа қолдан қосу ұсынылады. Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериялы тыңайтқыштар деп атайды.

Біздің елімізде нитрагин, азотбактерин, фосфоробактерин, шымтезек пен әк араласқан бактериялы тыңайтқыш, силикат бактерияларынан жасалған препарат және АМБ препараты жасалып қолдануға ұсынылады.



Бақылау сұрақтары:

1. Тыңайтқыштар дегеніміз не?

2. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар?

Әдебиеттер:


  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

24 дәріс



Тақырып: Егістік дақылдар.

Мақсаты: Негізгі ауылшаруашылық дақылдарына, оларды себу ерекшеліктеріне, агрохимиялық шараларға тоқталу, сипаттама беру.

1. Егістік дақылдардың жіктелуі және оларды топтарға бөлу.

2. Астық тұқымдас, техникалық және мал азықтық дақылдар.

3. Май алатын дақылдар. Техникалық дақылдар.


Дәнді дақылдар.

Астық өндірудің көлемін және өнімін көбейту еліміздің тың және тыңайған жерлерін игеруге көбірек байланысты. Мұның өзі дәнді дақылдар егілетін егіс аумағын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді және астық өндіруді арттыруда ірі табыстарға қол жеткізді. Халық үшін дәнді дақылдар тағамдық өнімнің көзі және мал шаруашылығы үшін жемшөп ретінде маңызы зор.

Адам баласы небір таңғажайып нәрселерді ойлап тапқан, бірақ солардың ішіндегі ең құқдіреттісі-нан.

Астық өндіруді арттырудың басты көзінің бірі-егіншілік мәдениетін арттыру, егісті сапалы сортты тұқыммен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық ғылымының қарқынды технологиясының жетістіктері мен озат тәжірибені кеңінен енгізу негізінде еліміздің барлық аудандарында дақылдардың өнімділігін арттыру.



Дәнді дақылдарды топтастыру.

Негізгі дәнді дақылдарға дәнді астық, дәнді бұршақ және қарақұмық жатады. Дәнді дақылдарды екі топқа бөледі: бірінші астық тобы немесе қарапайым астық-бидай, қара бидай, арпа, сұлы және екінші астық тобы немесе тары тұқымдас астық-жүгері, тары, күріш, қонақтары және құмай. Бірінші топтың дәнінде ұзыннан созылатын ойпаң сызық, өніп келе жатқан көптеген тамыршалар болады. Бұл дақылдар тары секілді дақылдарға қарағанда ұзақ күндік, суыққа төзімді және ылғал сүйгіш болады.

Екінші топқа дәнінде ойпаң сызық болмайды, тек бір тамыршамен өнеді. Гүл шоғыры шашақ басты және собық басты болады. Бұлар бірінші топ дақылдарына қарағанда жаздық, қысқа күнді, жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді болады.

Дәнід дақылдар: күздік және ерте, әрі кеш пісетін жаздық дақылдар болып бюөлінеді. Күздік дақылдар-бидай, қара бидай, арпа. Ерте пісетіні күздік арпа, қара бидай және бидай. Ерте пісетін жаздық дақылдар-бидай, қара бидай, арпа, сұлы сорттары. Кеш пісетін дақылдар-тары, жүгері, құмай, күріш. Бұлар суыққа төзімсіз, тұқымы көктеу үшін жылылық керек. Сондықтан оларды ерте пісетін жаздық дақылдардан кешірек себеді.



Бидайдың түрлері:

Бидайдың ботаникалық 22 түрі белгілі, соның ішінде Совет Одағында және дүние жүзінің басқа мемлекеттерінде 2 түрі тараған: жұмсақ бидай және қатты бидай. Қалған 20 түрінің кейбіреуі Совет Одағында таралған, мысалы құнарлы бидай, оның ішінде бұтақты масақ түрі бар. Республиканың оңтүстік шығыс аймақтарында аласа бидай сирек кездеседі, бірақ ол көбіне аралас өседі. Масағының құрылысы және биологиялық қасиеттері жағынан аласа бидай жұмсақ бидайға өте ұқсаса келеді, тек масағының қысқалығы мен тығыздығы жағынан айырмашылығы бар.

Жұмсақ немесе қарапайым бидай шет елдерде және біздің елімізде көп тараған. Бұлардың ішінде күзді, жартылай күздік және жаздық түрі кездеседі. Жұмсақ бидайдың тартқан ұнын көпшілік жағдайда нан пісіруге қолданылады.

Дәнді дақылдардың құрылысы._Өсіру технологиясы

Астық тұқымдастардың бәрі бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Барлық дәнді дақыл тұқымдастардың түрлері әр алуан болуына қарамастан, көптеген ботаникалық ұқсаса белгілері бар.



Тамыр жүйесі топырақтың өңделген қабатына таралған шашақ тамырлардан тұрады. Негізгі тамыр жүйесінің көпшілік бөлігі 20 см тереңдікке жатады. Тамырдың таралу тереңдігі жаздық бидайда-103, сұлыда-110, қара бидайда-118, арпада-120, тарыда-105 және жүгеріде 113-200 см болп келеді. Астық дақылдарының тамыры шығу тегіне, топырақ қабатына сабақ буындарының шығуына қарай алғашқы немесе ұрықтық және екінші немесе буындық деп бөлінеді. Жүгері мен құмайда топырақ бетіндегі сабақ буындарынан тірек тамырлары пайда болады. Астық тұқымдастың тамыр жүйесі бұршақ тұқымдастарына қарағанда әлдеқайда ұзын болады.

Тамыр жүйесінің таралу тереңдігі негізінен оның биологиялық қасиетіне және өніп-өсу ортасына, ауа райы мен топырақ жағдайына байланысты.

Сабақ. Астық тұқымдас өсімдіктердің топырақ бетіндегі сабағы терең-сабан. Ол жұмыр, іші қуыс, буындармен бөлінген, кейбіреулері буын аралықтарын жұмсақ ұлпа толтырып тұрады. Буын аралықтары 5-6, кейде одан да көп болады. Биік сабақты, кеш пісетін жүгерінің сорттарында 17-18 және одан да көп болады. Сабақтардың жуандығы мен ұзындығы түрліше келеді.

Жапырақ. Сабаққа кезектесіп орналасқан жапырақтары жіңішке таспа, кейбіреулерінде қандауыр тәрізді, оның өзі жапырақты берік ететін қынаптан және жапырақ тақтасынан тұрады.

Гүл шоғыры дәнді дақылдарға түрліше болып келеді. Мысалы, қара бидайдың, арпаның, бидайдың гүл шоғы масақ, ал сұлы, құмай, тарны, күріштікі шашақ басты.

Жарма дақылдар.

Жарма дақылдарға немесе астықтың екінші тобына жүгері, тары, күріш, құмай және қонақтары жатады. Ең көп тараған жүгері, одан кейін тары, күріш және құмай. Ал қонақтары болса аз тараған және оны біржылдық және оны біржылдық шөп ретінде жемшөп үшін өсіреді.



Жүгері.

Жүгері-азық-түліктік және жемшөптік бағалы дақыл. Оны дән, көк балауса, сүрлем алу үшін өсіреді. Жүгерінің дәнінен ұн, жарма жасайды және крахмал, глюкоза, сірне, сусын, сироп өндіреді. Жүгері ұнын бидай ұнымен аралстырап нан пісіреді және әр түрлі кондитерлік заттар шығарады.

Жүгерінің пісіп жетілу кезеңіне байланысты оның 100 кг собықсыз сүрлемінде 16..19 азық өлшемі, собығымен жиналған сүрлемінде 17-23 азық өлшемі болады. Жүгеріні бұршақ дақылдарымен араластырып еккенде ондағы қорытылатын протеиннің мөлшері артып, қоректілігі жоғарылайды. Қазақстанда жүгері егісі Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарында азық-түлік және жемшөп үшін өндіріледі, ал солтүстік облыстарында тек жемшөп, сүрлем үшін себеді. Бұл орайда алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштері айтарлықтай. Мысалы, Шымкент облысының Қызыдқұм және Түркістан аудандарында, әр гектар жерден 57-ден 67 центнерге дейін жүгері дәнін алған озат механизаторлар көп.

Жүгері-жылылықты ұнататын дақыл және астық тұқымдастарына жататын біржылдық өсімдік, сабағының биіктігі 0,5...6м, жуандығы 2 см-ден 7 см-ге дейін жетеді. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді. Дара жынысты, айқас тозаңданады. Аталық гүлі сабақтың ұшындағы шашаққа, ал аналық гүлі собыққа орналасқан. Жемісі-дән. Жүгерінің басқа дақылдардан ерекшелігінің бірі-ол өсіп даму кезеңінің бірінші жартысына дейін баяу өседі де, ал оның екінші жартысынан толық пісуіне дейін құрғақ заттарды жинайды.



Жүгерінің түрлері, түр тармақтары, будандары және сорттары.

Дәннің сыртқы түрі мен ішкі құрылысына қарай жүгері сегіз түр тармаққа бөлінеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар: тіс тәрізді жүгері, кремнийлі, крахмалды, қантты, крахмалды-қантты, бадырауық, балауыз тәрізді, үлпілдек жүгері.

Қазақстанда көп тараған түр тармақтары тіс тәрізді және кремнийлі жүгері. Кейінгі кезде тамақ өнеркәсібінде көп қажет етуіне байланысты таралып жүрген бадырауық жүгері.

Республикамызда өсірілетін жүгерінің сорттары мен будандары өсіп-даму кезеңінің ұзақтығына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:



  1. Ең ерте пісетін-негізгі сабағында 10-12 жапырақ болады, өсіп-даму кезхеңі 95...105 тәулікке созылады.

  2. Ерте пісетін-12...14 жапырақ, өсіп даму кезеңі 100-110 тәулік.

  3. Орташа ерте пісетін -14...16 жапырақ өсіп-даму кезеңі 120 тәулікке дейін.

  4. Орташа кеш пісетін-16...18 жапырақ, өсіп даму кезеңі 120...125 тәулік.

  5. Кеш пісетін 18...20 жапырақ, өсіп-даму кезеңі 140 тәуліктен астам.

Сорттары мен гибридтері. Жүгерінің төмендегідей гибридтерін индустриалды технология бойынша өңдеп, Қазақстанда сүрлем және тұқым алу үшін аудандастырылған. Гибрид Қазақстанский 5ТВ, гибрид Одесский 80 Мв, гибрид Днепровский 247 МВ, гибрид Днепровский П 25 ТВ, гибрид Қазақстанский 5 ТВ, Южный-3 ТВ, гибрид Қазақстанский 43 Тв, 587 ТВ Каз НИИЗ 74, гибрид Коллективный 210 АТВ Гибрид Молдавский 215 СВ 257 СВ, гибрид Краснодарский 613 АТВ, гибрид ЗПСК т.б.

Тары.

Аса бағалы азықтық дақылдың бірі тарыны өндіруді арттыра түсу елімізде астық молшылығын жасаудың жолы.

Тары жарма, сөкүшін өсіріледі. Сөктің түсімі сортына, жыл жағдайына және өсірілетін облысына байланысты дән салмағының 70-87 процент шамасында ауытқып отырады. Сөкте орта есеппен: крахмал-81, белок-12, май-3,5, күл-1,45, клетчатка-1,04 және қант-0,15 процент болады. Кеш егілуіне байланысты тарыны қыстан нашар шыққан күздік бидайға немесе ерте егілген жаздық астықтардың ауа райына байланысты қайта себу үшін «сақтық қоры» ретінде пайдаланады. Тарының өңделгеннен кейінгі қалған қалдығы мал үшін таптырмайтын азық. Тарының сабаны және топаны өзінің сапасы жағынан шалғындық пішенмен қарайлас.

Тарының көптеген түр тармағы болады, олар бір тектес бес түрдің ішіне кіреді: шашыранды, сопақ, тармақты, тығыз, жұмбазды. Тарының дүние жүзінде 71 туыстасы, 1400 түрі бар. Бізде оның 31 түрі тараған. Тараның сабағы тік, қалың болып өседі, гүлденген кезде шашақ тастайды, ал тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді де өсіп шығатын түбірі тек біреу ғана болады.Тара тамыры жан-жағына 1м-ден астам, ал тереңдігі 1,5м-ге дейін тарайды, бірінші жылы өте баяу өседі, сондықтан арамшөппен жақсы күресе алмайды.Тарының тамыры түптенгенге дейін тәулігіне 2 см, ал түптеуден бас жарғанға дейін 3 см өсіп отырады. Ал гүлдену кезеңінде тамыры өсуді тоқтады.Көп жағдайды құрғақшылыққа байланысты өсімдіктің негізгі тамырының пайда болуы тоқтап қалады да, соның салдарынан түптелу буындары мен тамыр мойны тірек таба алмай, көбіне топырақ бетіне шығып, жалғыз түбірге ілініп тұрып қалады.Тары көктеп шыққаннан кейін түптену басталады.Топырақтың температурасы 15-20 градус болса, түптену қарқыны жақсарады. Тары жапырағының ұзындығы 18-25 см, ені 1,2-4 см-ге дейін болады. Тарының гүл шоқтарының ұзындығы 10-60 см болады. Шашақтану-өсімдіктің түптенуінен 20-28 күн өткеннен соң басталады.

Тары шашағының түріне қарап, қандай түрге жататынын жіктеуге болады. Сонымен, тарыны мынадай түр- тармаққа жатқызуға болады: жайма бұтақты, есілмелі, жартылай түйіршікті.Тарының масағы жалаң, жұмыртқа тәрізді әрі домалақ, арқасы кусырылған қылтанақсыз келеді.

Тары ыстыққа өте тқзімді дақыл, ол38-400 дейінгі температураға төтеп береді және солмайды.Тарының арамшөптен тазарған, топырақ құрылысы жақсы, кұнарлы егінжайға сепкенде жақсы өнім алады.Тары қысқа күндік өсімдік, оның көпшілік сорттарының өсіп-даму кезеңі шамамен 90-120 күн болады.Өсіп өну кезіндегі ортатәулік температурының қосындысы 22000С болады.



Сорттары- Ауа райы және топырақ жағдайына байланысиы аудандастырылған сортты себу-болашақ мол өнімнің кепілі.Қазақстанда таралған тары сорттары мыналар: Саратовское 853, Долинское 86, Саратовское 3, 6, Старт, Уральское 109, Саратовское-6.

Топырақты өңдеу және себу-Тары үшін ең қолайлы алғы дақыл дәнді бұршақ, күздік бидай, жүгері, көпжылдық шөп.Негізгі астықты аймақта тары пардан кейін екінші немесе үшінші дақыл болып егіледі.

Тарыны өңдеу. Тарыны себу үшін топырақты өндегенде негізгі ескеретін жағдай арамшөптің толық құртылуы, топырақта ылғал сақталуы, топырақ беті тегіс болуы, тұқымы қажетті тереңдікке сіңірілуі тиіс.Арамшөптен таза танапқа жел эрозиясы бар аймақтарда топырақты жырту тереңдігі қабатына дейін сыдыра жыртқышпен өндейді.Негізгі өндеу алдында көң және толық минералдық тыңайтқыштың мөлшерін беру керек.Суармалы жерге бірінші және екінші суару алдында үстеп қоректендіреді.

Тарының ерекшелігі масағының дәні біркелкі пісіп жетілмейді.Мысалы, тары масағының бас жағы пісіп жетіліп тұрса, ал төменгі жағы әлі пісіп жетілмеген болады.Сондықтан оны жинағанда бөлектеп жинау әдісімен орады.Ору мерзімі тарының гүл шашағынан ортаңғы жағындағы дәні балауыз болып піскенде бастайды.Ал 4-5 күн өткеннен кейін жинап оны бастырады.Екі фазалы немесе бөлектеп жинауды балауыданып дән піскенде 3-4 күн ішінде бітіру керек.Ал бір фазалы жинау тәсілін дән өте пісіп кеткен кезде пайдаланады.



Дәнді-бұршақты дақылдар

Дәнді-Бұршақ Дақылдары бұршақ тұқымдастарына жатады.Биологиялық өсуі және алынатын өнімнің сапасы жағынан бұлардың жалпы ұқсастықтары көп.Бұршақ, жемшөптік атбас бұршақтар, соя, лобия, жасымық чина, нут, сиыржоңышқа, люпин және басқа белокқа бай бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктер адам үшін тамақ, мал шаруашылығы үшін жемшөп ретінде өсіріледі.Басқа дақылдарға қарағанда өзінің құрамындағы белок мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді, яғни бұл дақылдардың дәндерінде 25-30% белок бар, бұл астық тұқымды дақылдарға карағанда 2-3 есе көп деген сөз. Бұршақ өсімдіктерінің белок үлесінің басым көпшілігін атмосферадағы азотты сіңіру нәтижесінде жинайтынын атап өтудің маңызы зор. Белок заттары жеңіл, әрі тез ериді, сондықтан адам мен малдың организмі оны тез сіңіреді.

Дәнді бұршақтардың агротехникалық маңызы да үлкен.Тамырларында тіршілік ететін түйнек бактерияларының азот жинаушы әрекетіне байланысты топырақтың органикалық затпен және биологиялық азотпен баюы күшейе түседі.Топырақтың тек жыртылатын жоғарғы қабатында ғана (20см) дәнді-бұршақтардың 20-25 центнерге жуық тамыр және аңыз қалдықтары қалады, ал топырақта қалатын азоттың мөлшері гектарына 50 килограмға дейін жетеді, 10-15 т жақсы көнде де осындай азот болады.Сондықтан барлық бұршақтылар жаздық және күздік астық дақылдары, сондай-ақ техникалық дақылдар үшін ең жақсы алғы дақыл болып табылады.

Асбұршақ.Егістік асбұршақ еліміздегі негізгі дәнді-бұршақ дақылы.Оның азық-түліктік, мал азығындық және агротехникалық маңызы өте зор.Бұршақ-белок мөлшері жоғары, бағалы дән бұршақты дақыл.Бұршақ дәнінде орта есеппен 28% белок, 50% тен астам крахмал, көптеген витаминдер (А,В1,В2,С) болады.Тамақ үшін пайданалатын бұршақ тұтас және ұсатылған күйінде әр түрлі тағамдар, консервілер дайындауға кеңіне пайдаланады.Бұршақтың мал азықтық та зор маңызы бар.Бұршақ тұқымының 1килограмында орта есеппен 195-240-қа, дейін сіңімді протеин және 1-17 азық өлшемі, 1кг көк балаусасында 0,23 азық өлшемі және 31г белок болады.

Биологиялық және ботаникалық ерекшілігі-Асбұршақ бір жылдық жаздық дақылдарға жатады, бірақ қыс жылы болғанда оңтүстік аудандарда қысқа төзімді сорттарын күзде де егуге болады.Шаруашылықта асбұршақтың екі түрі қолданылады: кәдімгі асбұршақ гүлі ақ және дәні бір түсті келеді (ақшыл, қызғылт, көкшіл) және бозбұршақ гүлі қызғылт, көкшіл дәні, қоныр, кейде сепкіл түсті болады.Бозбұршақтың жанама жапырағының қуысында, сабағының айналасында, өсімдіктің жастау кезінде жақсы көрінетін қызғылт сақина болады. Бұршақтың бұл түрінің жемазықтық маңызы зор.Бұл құрғақшылық аудандарда мол өнім береді және топырағы құнарсыз жерлерге де егуге болады.Тамыр жүйесі-кіндік тамырлы болады.Сабағы жатып қалғыш келеді.Жапырағы қосқанатты,күрделі,тармақталған мұртшалары болады.Гүл шоғы-шашақ түкті, жемісі-8-ден 10-ға дейін.Егістік бозбұршақ мал азығы үшін егіледі.Оны құнары шамалы құмды топырақта егуге болады, тез піседі және суыққа төзімді.

Орта мерзімде пісетін сорттарға әсер ететін жылылықтың жалпы мөлшері 1200-14000С.Өсіп-жетілу кезеңінің орташа ұзақтығы 70-тен 140 күнге дейін.Асбұршақ ылғалды өте көп қажет етеді.Оның дәні бөрткен кезде бойына өзінің салмағынан да көбірек ылғал сіңіреді.Бөртуі үшін өз салмағының 60% мөлшеріне дейін ылғал қажет ететін сорттары бар.Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену ылғалды көбірек тілейді.Бұл кезеңде бұршеқ өнімді желдете құрады,бұл тұста ылғалдың тапшы болуы өсімдіктің дамуына кері әсер етеді,өнімін кемітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет