С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Қолданбал ы биология және топырақтану негіздері»



бет14/21
Дата07.05.2017
өлшемі3,67 Mb.
#16113
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

26 дәріс



Тақырып: Жеміс-жидектер

Мақсаты: Негізгі жеміс-жидек түрлеріне сипаттама беру, олардың биологиялық ерекшеліктеріне, жүргізілетін агротехникалық шараларға, өсіру технологияларына тоқталып өту.

1. Жеміс-жидектерге сипаттама

2. Жеміс-жидек түрлері

3. Өсіру технологиялары


Қазақстанда жеміс дақылдары мен жүзімнің өсу ерекшелігіне қарай төмендегідей табиғат-экономикалық аймақтарға бөлінеді: Қаратау аймағы, таулы аймақ, тау етегіндегі аймақ, орталық аймақ және оңтүстік аймақ. Климаты континентальды тұрақты және салыстырмалы түрде жұмсақ, қысы жылы, көктемі ыстық жазға ұласады. Ауаның орташа жылдық температурасы +12,5, +12,80, өсіп-өну кезеңіндегітиімді температуралар қосындысы +4200 +46000С, аязсыз кезең 185-200 күн, жауын-шашын мөлшері 175-270мм, жазы құрғақ, топырақ-климат жағдайы жүзімнің асханалық және техникалық бағыттағы өнеркәсіптік сорттарын, сондай-ақ алманың ерте пісетін жаздық және күзгі, қысқы сорттарын өсіуге қолайлы. Соңғы жылдары дәнекті жеміс көшеттері аз өсірілуде. Қазақстанда жеміс ағаштарының ұрықтары мен дәнектері, әдетте күзде ұласушыалу мақсатында егіледі. Алманың, алмұрттың ұласушысы алдымен екпе бөлімінде өсіріліп, күзде қазып алынады да, көктемде питомник бөліміне қайта отырғызылады, ал дәнекті жеміс ағаштарының көшеттері сол орнында ұластырылады, күтім жасалады.

Ұрықтар толық өнім шығуы үшін оның өзінің тыныштық дәуірінен өтуі қажет. Ол үшін ұрықтар ылғалды ортада, төменгі қолайлы температурада ұсталады. Дәнді тұқымды жеміс ағаштары-алма, алмұрт, беке ұрықтары күзде себіледі де, ол табиғи жағдайда тыныштық дәуірін өткізеді, ал дәнекті жеміс тұқымдарының тыныштық дәуірі ұзақ уақытты талап етеді. сондықтан әдейі агротехникалық дайындықтан өтуі тиіс. Ол үшін шаруашылықтарда жасанды түрдестратификация жүргізіледі. Шаруашылықтарды таза құмды 1/3 бөлігіндей етіп ұрықпен араластырады, бұл субстратты подвалда, траншеяда, қараңғыланған салқын жерлерде ұстау керек. Дәнекті жеміс ұрықтарының стратификациялық дәуірі 100-120 күнге дейін барады.

Жеміс-жүзім шаруашылығы-ауылшаруашылығының негізгі саласының бірі.оның мақсаты-жеміспен жидек өндіру.адам баласы жеміс пен жидекті таза және қайта өндіру күйіндеде пайдаланады.Тәтті дәмді бола отыра олар адам баласына пайдалы қоректік

заттарды,витаминдерді ұстайды.Қазіргі кезде 40-тан астам жеміс ағаштары мен сорттары бар.Ботаникалық тип көбінесе жеміс тұқымы немесе культурасы деп атайды.Өзінің биологиялық қасиеттеріне байланысты жеміс-жидектер келесі топқа бөлінеді.







Тұқым

Биологиялық түрі

Өмір мерзімі

Жеміс беру жылы

Жеміс пісу уақыты

Алма

Алмұрт


Шие

Қызыл шие

Алхоры

Өрік


Шабдалы

Бүлдірген

Таңқурай

Қарақат


Карлыған

Жүзім



Ағаш

Ағаш


Ағаш

Ағаш


Ағаш

Ағаш


Ағаш

Шөп түрінде

Жартыбұта

Бұта


Бұта

Бұта-лиана



40-100

40-100


20-30

25-30


20-30

30-50


15-30

4-8


10-20

10-25


15-25

30-50


3-10

8-10


4-5

3-4


4-5

3-4


3-4

2

2-3



3

3

4-5




Шілде-қараша

Шілде-қараша

Маусым/тамыз

Мамыр/маусым

Шілде/қазан

Шілде/тамыз

Шілде/тамыз

Маусым/шілде

Шілде

Маусым/шілде



Шілде/тамыз

Тамыз/желтоқсан





Қазақстанның таулы аймақтарында өсетін қарақат және таңқурай жемістері өте тәтті,өйткені олардың құрамында адам тіршілігіне қажетті А(каротин),В, В1, В2, В6, В9, С (аскорбин қышқылы) Д,Е,К витаминдері бар. Қарақат витаминдері тек жемістеріне ғана емес, олардың бүршіктерінде, жапырақтарында, гүл текшелерінде,гүлдерінде де болады және қантқа да бай.оның құрамында органикалық қышқылдар мен бірнеше түрлі химиялық элементтер бар. Олар: фосфор, темір, калий, маргенец. Қарақат жапырақтарын дәрі ретінде қаназайғанда, бүйректе, несеп жолдарында тас, құм жиналған жағдайда, аяқ-қол сырқырағанда пайдалануға болады. Денеге түскен тері ауруларына ем ретінде қарақат жапырақтарын қайнатып ішуге және булауға болады.

Елімізде таңқұрай мен қарақат жемістерінің кеңінен өсірілуіне байланысты таралған зиянды жәндіктер мен аурулардың көптеген түрлері бар екені белгілі.Бірақ оларға күрес шаралары әлі де болса толық зерттелемей келеді.

Питомник-бұл шаруашылықта жеміс-жидектің өскінін өсіріп,кейін бау-бақшаға отырғызылады.Мичурин И.В. айтқандай,питомниктің маңызы өте зор,ол жаңа бақтың негізін салуғу негіз болады және ескі бақты жөндеуге керек екен.

Тәжірибелі стансыларда питомниктер жаңа сорттар шығаруға керек болса,оқу мекемелерінде тәжірибелер жасау үшін керек.Питомник үш бөлімнен тұрады:өсіру,қалыптастыру және аналықөнім өсіру.

Өсіру бөлімі көшет-телу,саптарды,сұлатпа сабақты нығайту үшін арналған.Өсіру бөлімінің негізгі саласы-көшет-телу мектебі,жүзім саптар мектебі,бүлдірген мектебі.

Қалыптастыру бөлімі,әлде көшет мектебі питомниктің негізгі бөлігі,өйткені бұл бөлімде ектірілген көшет өнімдері қалыптастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жеміс-жидектерге қандай дақылдар жатады?

2. Жеміс-жидек дақылдардың биологиялық ерекшеліктері қандай?

3. Өсіру технологиялары қандай?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

27 дәріс



Тақырып: Мал шаруашылығы
Мақсаты: Мал шаруашылығының шығу тарихына, халық шаруашылығындағы мал шаруашылығының маңызына, жануарлардың биологиялық қасиеттеріне кеңінен тоқталып өту. . Мал шаруашылығындағы азықтандыру.

1. Мал шаруашылығының шығу тарихы.

2. Жануарлардың биологиялық қасиеттері

3. Мал шаруашылығындағы азықтандыру.


Мал шаруашылығының жүйесі-өнім өнімдудің жоғары дәрежесі жемшөпті,еңбекті,құрал-жабдықтарды аз жұмсау негізінде,интенсивтендіру арқылы қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық,ұйымдастыру-шаруашылық,зоотехникалық,мал дәрігерлік эдістердің жиынтығы.Мал шаруашылығы жүйесіне мал өнімдерін мол өндірудің,мал шаруашылығын тиімді орналастырудың,оның рентабельдігн артырудың,малды азықтандарудың және бағудың басты мәселелері жатады.Ауыл шаруашылығының түрлеріне табиғи-экономикалық жағдайлардың түрліше болуына байланысты экономикалық,ұйымдастыру-шаруашылық,зоотехникалық шаралар да түрліше болады.Ол шараларды жүзеге асыру мал басын көбейтіп,оның өнімділігін арттыруға жағдай жасайды..Мал шаруашылығы жүйесінің құрамды бөліктері-саланың басты бағыты,мал құрамы,мал тұқымын асылдандыру жұмыстары,мал азықтандырудың ұйымдастырылуы,техникасы,технологиясы,өндірісті ұйымдастыру мен басқару.

Мал организмі өзінің тіршілігіне қажетті заттарды өмір бойы өзін қоршаған ортадан алады.Организмге қоректік заттар үздіксіз келіп отырғанда ғана оның өсуі және клеткаларының жаңарып тұруы мүмкін.

Мал азығы химиялық құрамына,оның организмге тигізетін физиологиялық әсеріне және шаруашылықтың құндылығына қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

1. Өсімдік тектес азықтар. Бұл топқа сулы-шырынды азықтар (көк азық, сүрлем, тамыр-түйнектер), көлемді азықтар,жем азықтар,өнеркәсіптік жанама өнімдері,құрғақ азықтар жатады.

2. Сулы-шырынды азықтар. Көк азық ретінде табиғи және екпе жайылымдардың көк шөбі,табиғи шабындықтар мен екпе көк балаусасы пайдалыналады.

3. Тамыр-түйнектер мен шырынды азықтар. Шырынды азыққа қызылшаның түрлі сорттары, картоп, сәбіз, асқабақ, турнепс,мал азығындық қарбыз, топинамбур, кәді жатады.

4. Ірі азықтар. Пішен, жас орылған шөптер, далалық шалғындық шабындық,жусан пішені,сабан,топан жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Мал шаруашылығының шығу тарихы қашаннан басталады?

2. Жануарлардың биологиялық қасиеттері қандай?

3. Мал шаруашылығындағы азықтандыру тәсілдері мен түрлері қандай?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

28 дәріс



Тақырып: Ірі қара мал және шошқа шаруашылығы

Мақсаты: Сүтті және етті бағытағы малдардың негізгі қолтұқымдарымен, ірі қара малдарды көбейтудің биологиялық техникалық жолдарымен, шошқаның шаруашылықтағы маңызы және оның биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.

1. Сүтті және етті бағытағы малдардың негізгі қолтұқымдары.

2. Шошқаның шаруашылықтағы маңызы және оның биологиялық ерекшеліктері
Сауын сиыр шаруашылығы-халқымызды сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының шешуші саласы.Бұл өнімдердің адам организміне сіңімділік қасиеті аса жоғары болғандықтан,малдың басқа өнімдері бұлардың орнын толтыра алмайды.Сиыр сүтінің құрамында адам организміне қажетті жүзге жуық түрлі заттар болады.Олардың ішінде 20-дан астам амин қышқылдары,20 түрлі витамин,30 түрлі минералдық заттар,оннан астам май қышқылы,4 сүт қанты,10 фермент,10 горман бар.Сары май,кептірілген майсыз сүт,көксу тамақ өнеркәсібінде кеңінен қлоданылады. Сондай-ақ сиырдаң терісі, мүйізі пайдалынылады. Республикамыздың шаруашылықтарында 10 астам сиыр тұқымы өсіріледі.Соның ішінде қырдың қызыл сиыры, джерси сиыры, әулиата, голланд сиыры, симмантал алатау сиыры.

Ет малын өсірудегі негізгі мақсат-жоғары сапалы ірі қара еті мен салмағы ауыр тері өндіру болып табылады.Ет малының негізгі өнімі-еті.Ірі қара еті адам организіне 95 процентке дейін сіңеді.Құрамында белон,май,витамин,манералдық заттар,ферменттер көп болады.

Ет малының тұқымдары:қазақтың ақбас сиыры,қалмақ,санта-гертруда,галловей т.б.Қазақтың ақбас сиыры ең көп тараған тұқым. Бұл мал Еділ бойынан Амур жағалауына дейін өсіріледі.Республикамызда бұл тұқымды Балқашын,Просторненский,Чапаев,Аңқаты,Шалабай асыл тұқымды мал заводтарында өсіреді.

Қалмақ сиыры. Ет бағытындағы мал. Бойы биік, мойны қысқа, жалпақ белді, кең кеуделі, толық санды, тар маңдайлы, ақ мүйізді болып келеді. Сақа сиырлар орта есеппен 400 кг тартады. Бұқалардың салмағы 600-700кг.Бұзаулары туғанда ұсақ,20-22 айлығында 120 кг,ал18-24 айлығында 280-300кг болады.

Герефорд сиыры. Англияда жергілікті сиырды өз ішінде будандастыру арқылы шығарған. Біздің елімізге 1928-1932 жылы Англиядан, Уругвайдан Қазақстан, Ростов, Орынбор, Еділ бойына әкелінген. Осы тұқымның қатысуымен біздің елде қазақтың ақбас сиыры шығарылды. Бұл сиардың түсі қызыл, басы, әукесі, бауырының асты, сирақтары, құйрығының ұшы ақ болады. Туған бұзаулары 28-34 кг,19 айға жеткенде 400-500 кг салмақ тартады. Сиырлары 500-600 кг,кейбіреулері 700кг-нан асып түседі.Бұқалары 1000-1100 кг –дай салмақ тартады. Бұлардан 60-70 процент таза ет алынады. Сақа сиырларынан жылына 1200-1800 кн,3,9-4,0 процент майы бар сүт шығады.

Етті ірі қара шаруашылығында малды іріктеп,сұрыптау және жұптау жұмысы конституциялық-өндірістік типіне қарай жүргізіледі.Мал конституциясы олардың тез жетілгіштігін,өнімділігін,сартқы сипаты мен денсаулығын ,сыртқы ротаға төзгіштігін аңғартады.Шаруашылықтарда мал тұқымын белгілі жүйемен асылдандыру шаралары 5 жвлға жоспарланады. Жоспарды тиісті мамандар,ғылымдар жасап,сол мал тұқымының өсіп-өауін бағалайтын кеңес пен республика ауыл шаруашылығы министрі бекітеді.Бұл жоспарда мал азықтандыру,күтіп-бағу жағдайының жасалуы,жас малды тиісті бағытта өсіру,іріктеу,жұптау жұмыстары,жаопы тұқымның жетілдіру шаралары белгіленеді.

Жоспарда негізінен мына мәселелер қамтылады:


  1. шаруашылықты сипаттау

  2. мал өсіру тарихы

  3. малды сипаттау

  4. шыққан тегін талдау

  5. мал басының өсуін,өндірілетін өнімді әр жылға белгілеу

  6. малды іріктеу щаралары

  7. жүн талдау тәсілдері

  8. мал азығын жасақтау

  9. құрылыс пен мао шаруашылығын механикаландыру

  10. мал емдеу шаралары

Ет бағытындағы малды тұқымдық,өнімдік сапасына қарай әр класқа бөлуді бонитировка жүргізу дайді.Ет бағытындағы шаруашылықтарда оны аентябрь,октябрь айларында бұзауды енесінен айырған кезде,малдың қонданған уақытында жүргізеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Сүтті және етті бағыттағы малдардың негізгі қолтұқымдарын атаңыз?

2. Ірі қара малдарды көбейтудің биологиялық техникалық жолдары қандай?

3. Шошқаның шаруашылықтағы маңызы және оның биологиялық ерекшеліктері қандай?

4. Шошқалардың негізгі қолтұқымдарын атаңыз?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

29 дәріс



Тақырып: Жылқы және қой шаруашылығы

Мақсаты: Жылқының маңызы мен негізгі қолтұқымдарына, жылқы шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарына, қойдың шаруашылықтағы маңызы мен оның биологиялық ерекшеліктеріне, негізі қолтұқымдарына тоқталып өту.

1. Жылқының маңызы және негізгі қолтұқымдары.

2. Жылқы шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары.

3. Қойдың шаруашылықтағы маңызы және оның биологиялық ерекшеліктері. Қойдың негізі қолтұқымдары.


Қазіргі кезеңде жалқы шаруашылығының маңызы зор.Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру ісінің кең өріснетілуіне қарамастан жылқы ауыр жүк тартатын күш ретінде өз мәнін жоғалтқан жоқ.Елімізде,сандай-ақ экспортта спорт аттарына деген сұраныс бар,ан сайын өсуде. Өнімді түлік ретінде де жылқының маңызы айрықша зор. Ол-етті көп өндірудің мол резервтерінің бірі. Жылқы етінен қазы,шұжық,сүр ет, жал-жая,қарта т. б. өндіріледі.Биенің саумалы мен қымызының шипалық-емдік қасиетін білгендер оны ерте заманнан ем ретінде қолданып келеді.Сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары дәрежеде механикаландырылуы,жайылымдық жердің жеткіліктігі,жалқының бүкіл жыл бойы дерлік жайылым шөбін пайдалануға көнбістігі және оны үйірлеп бағып-өсіру тәжірибесі соңғы жалдарда ет және қымыз өндіретін көптеген ірі-ірі жылқы фермаларын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Жылқы тұқымдарының сипаттамасы:

Ахалтекесі жылқысы ең ескі тұқым болып саналды.Ол-түркмен жалқысының ұрпағы. Ыстық пен суыққа төзімді, ұзақ жолға да өте шыдамды келеді. Өзінің тұлғасы дене бітімі жағынана ахалтеке жылқысы күтімді көп тілейтін тұқымдардың қатарына жатады. Оның сымбаты тым әсем,басы ашаң,кішкене көздері жайнап тұрады,мойны ұзын,тік,шоқтығы биік,тіп-тік,арқасы көбінесе жұмсақ, жоны ұзын,сауыры сәл түсіңкі,аяқ жүні тықыр, жіліншіктері жіңішке, топайдары дөңгелек,тұяқтары шымыр болады. Артқы аяқтары әдетте қайқылау, терісі жұқа,жалы жібектей жұмсақ болады.Түсі-торы, қоңыр, көк, шабдар, қара және құла болып келеді. Бұл жылқы шоқтығының биіктігі 158,6см,тұрқының қиғаш ұзындығы 159,5,кеуде орамы 176, жіліншік орамы 19,3см, Ахалтеке жақсы бір қасиеті-шөл және шөлейт аймақтар үшін салт мінуге өте төзімді,сондай-ақ жүйрік болады. және спортқа өте төзімді.

Қостанай жалқысы:Қостанай және челябі облыстарында жергілікті қазақ жалқыларын дон,стрелец,орлов-ростовчан жылқыларынан айғырларымен шағылыстырудан барып шығарылды,ал олардың будандарын таза қанды салт мінетін айғырлармен шағылыстырды.

Көшім жылқысы:-қазақ жылқының таңдаулы биелерін желісті,таза қанды салт мінетін және дон жалқысы тұқымдарының айғырларымен будандастыру жолымен Орал және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында шығарылған жаңа тұқым.Осандай үш тұқымдық будан жылқалардың ішінен бойы,экстерьері,жұмыс сапасы жағынан ең таңдаулылары іріктеліп,олардың өздеріндегі бағалы қасиеттерін тұрақтандыру үщін ішінде өсірілді.Көшім жалқысы 1976 жала сыналды.Бұл ет-сүт бағытында өсірілетін жылқының жоғары өнімді тұқымы.Денесі тығыздылығымен және мінуге,жегуге бейімділігімен кқзге түседі.Қазақы жылқы сияқты төзімді,қысқы жайылымға қолайлы,әрі денесі ірі және салмақты келеді.Түсі-жирен,торы,шымқай қара және құла.Бұл тұқымның ең таңдаулылары Орал облысының Көшім,Серғазиев,Ақтөбе облысының Мұғаджар жылқы заводында өсіріледі.

Қазақы жылқыны жергілікті халық қысы-жазы бірдей жайылымда бағып-күту арқылы өсіріп шығарған.Ол ауа райының қандай жағдайында болсада төзімді,денесі ерекше шымыр,жемшөп талғамайды,оған қолдан азық берілмейді,Әсіресе күзде өте жақсы семіреді.Қазақы жалқының тұқымы үнемі далада,тебінде өсіп жетілген,сондықтан аса ірі де емес.Бірнеше типі бар:шығыс аудандарында монғол жалқысы тәрізді ұсақ,тың жерлерде ірі жылқылар шықты.Республикасында оңтүстік-батысында адай жылқысы көп тараған.Бұл-қазақы жалқының бір түрі,ауа райына өте төзімді,әрі жүйрек,дене құрылысы салт мінуге көбірек бейімделген.

Орловтың желісті жылқысы 18 ғасырдың екінші жартысында Воронеж обласының Хренов заводында бірнеше тұқым: раб, дат, голланд, мекленбург тағы басқа тұқымдарын өзара будандастыру арқылы шығарылған. Түсі: бурыл, қара, жирен, қара торы.

Өнімді жылқы шаруашылығы ет және сүт бағытындағы болып екіге бөлінеді.Химиялық құрамы мен калориясы жағынан жылқы етінің сиыр етінен айырмашылығы шамалы. Жылқы етінің балогында таптырмайтын амин қышқылдарының барлығы бар. Әсіресе жасы толысқан жылқылардың етінде белок мол болады.Сойыс салмағы:53-58%,ал бірқатары-60-қа жетеді.

Қой өсіру-Қазақстан мал шаруашылығындағы ежелден қалыптасып келген жетекші салалардың бірі.Қазақстанда ТМД елдеріндегі қой санаының төрттен бірі шо,ырланған,жалпы одақтық баланста қаракөл елтірісінің үштен бірінен астамы,жүннің төрттен біріне жуығы және қой етін дайындаудың едәуір мөлшері республикасының үлесіне келеді.Қазақстан алдағы уақытта да қой шаруашылығының ірі базасы болуға тиіс.Қазір ТМД елдерінде 46 қой тұқымы өсіріледі.Әр қой тұқымының өнімінде,өсіп-өну заңдылықтарында,жер жағдайына,ауа-райына бейімділігіне,бағып-күтуінде,азықтандыруында өзіндік ерекшеліктері бар.Қазақстанда қой шаруашылығы негізінен төрт бағытта өркендеп келеді.Олар:биязы жүнді,биязылау жүнді,каракөл және етті-майлы қой шаруашылықтары.Биязы жүнді қой шаруашылығы өндіретін негізгі өніміне байланысты екі бағытта дамытылады:жүндес-етті,етті-жүндес бағыттары.

Жүн және ет алу бағытындағы биязы жүнді қой шаруашылығы Орал, Актөбе, Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының далалық және қуаң далалы аймақтарында,Шымкент және Жамбыл облыстарының тау алқаптары мен шөлейт және қуаң далалы аймақтарында кең тараған.Осы бағытта өсірілетін жүндес-етті биязы жүнді қой тұқымдары сапалы,мол жүн өнімімен қатар,едәір ет те береді.Бұл қойлардың сүйегі мықты, әрі ірі, тұрқы біршама ұзын, аяқтары әлді келеді. Жүндес қой тұқымдарына қарағанда терісінің қатпары ұсақ,аз болады.Егер ойдағыдай азықтандырып,күтімі келіссе,сапасы жоғары ет алуға болады



Бақылау сұрақтары:

1. Жылқының қандай маңызы бар және негізгі қолтұқымдары қандай?

2. Жылқы шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарын атаңыз?

3. Қойдың қандай негізі қолтұқымдары бар?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.



Дәріс №30

Тақырып: Балық және құс шаруашылығы, терісі бағалы аңдарды ұстау.

Мақсаты: Балық шаруашылығының маңызына, балық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарына, құстардың шаруашылықтағы маңызы мен оның биологиялық ерекшеліктеріне, терісі бағалы аңдардың негізгі биологиялық ерекшеліктеріне тоқталу.

1. Балық шаруашылығының маңызы. Балық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары.

2. Құстардың шаруашылықтағы маңызы және оның биологиялық ерекшеліктері.

3. Терісі бағалы аңдардың негізгі биологиялық ерекшеліктері.


Құс шаруашылығы – тез дамитын салалардың бірі болып табылады. Ол жұмыртқа, ет, мамық пен қауырсын алудың негізгі көзі болып табылады. Жұмыртқалағыш тауықтардың жұмыртқа өнімділігі өз массасынан 6-8 есеге дейін артып кетеді. Тауықтардың, үй құстарының ақ еттері мен тауық жұмыртқалары негізгі диеталық тағамдар болып табылады. Құс еті мен жұмыртқасының негізгі бөлігін ірі механикаландырылған құс фабрикаларында өндіреді.

Жұмыртқа бойынша өнімділігі тауықтарда жұмыртқа салудың бірінші жылы көп болып келеді; жыл өткен сайын оның мөлшері төмендейді, бірақ 9-10 жыл мерзімге дейін созылады. Асыл тұқымды тауықтарды 2-3 жыл, ал тауарлық тауықтарды (торда) 1 жыл ұстайды.

Құстардың етті өнімділігі өсу жылдамдығымен, қауырсындану жылдамдығымен, сойған кездегі массасымен, т.б. сипатталады.

Арнайы аң шаруашылықты фермаларда торлы жағдайда терісі үлпілдке мамықты аңдар – нутриялар, түлкілер, т.б. ұсталады. Бұл аңдардың терілері – тері өндірісіндегі бағалы шикізаттар болып есептеледі. Жалпы аң терісінен жасалатын өнімдер ішінде көп мөлшері (85% дейін) норкалардың үлесіне тиеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет