С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Қолданбал ы биология және топырақтану негіздері»



бет13/21
Дата07.05.2017
өлшемі3,67 Mb.
#16113
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Агротехникасының ерекшелігі. Асбұршақты ауыспалы егіске күздік және жаздық масақты дақылдардан, жүгеріден, отамалы дақылдардан кейін егеді. Асбұршақ дәнді дақылдардың өздеріне де жақсы алғы дақыл.

Сорттары. Қазақстанда кең тараған сорттар:

  1. Рамонский 77-орташа мерзімде піседі, Шымкент, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

  2. Зерногородский неосыпаюшийся - Алматы облысына аудандастырылған.

  3. Уладовский 208 - кеш пісетін сорт, Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған.

  4. Чишминский 210 - орташа мерзімде піседі, Қостанай облысында аудандастырылған.

  5. Кормовой 24 - кеш пісетін сорт, Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған.

  6. Кан Қостанай, Орал облыстарында аудандастырылған;

  7. Неосыпающийся 1 - Қазақстанның барлық жерлерінде аудандастырылған.

  8. Фуга т.б. сорттар.

Соя-әр жақты пайдаланылатын дақыл.Оның себебі сояда қаректік заттар құрамының көптігі.Оның тұқымыеда 35-50%белок және 19-25%-ке жуық азотсыз заттар,негізінен қант пен крахмал және 19-25% май болады.Белоктардың құрамында тіршілікке қажетті барлық амин қышқылдары кіреді, бұл оның азық-түліктік, техникалық және мал азықтық қасиеттері мол екенін анықтайды. Сояны азық-түліктік үшін көбірек пайдаланылады: одан май, маргарин, соя ірімшігін, сүт, ұн, кондитер тағамдары, консерві және т.б. азық-түлік алады. Мал азығы үшін жасалған күнжара, шрот және соя ұнының маңызы зор. Сояның шротында 40% белок,1,4% май және шамамен 30% азотсыз экстративті заттар болады.Сояның көк шөбінің 100 кг-да 21 азық өлшемі және 3,5кг белок,ал 100 кг сабағында 32 азық өлшемі және 3,5 кг белок бар.Сондықтан ол мал жақсы жейтін шөп.Сояның отаны-оңтүстік-шығыс Азия.

Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.

Соя-біржылдық өсімдік. Бұтағы қатты, тік тұратын, жақсы сабақтанатын, биіктігі 1,5 м-дей болатын дақыл. Үш жапырақты жинау кезінде толық түсіп үлгіреді. Гүлдері майда, ақ немесе ашық күлгін, жапырақ түбіне шашақша болып орналасқан. Соя өздігінен тозаңданады. Бұршақ қыны әр түрлі формалы және әр түсті, әрқайсысында 1-ден 5-ке дейін дәні болады. Соя сортының сары, жасыл, қоңыр және қара түсіне байланысты тұқымы домалақ және сопақ формалы болуы мүмкін.

Соя тұқымы көктерде және гүлдегенде ылғалды көп керек етеді. Басқа уақытта құрғақшылыққа жақсы төзеді. Ол қара, сұр және қоңыр топырақта жақсы өседі, құрамында қоректік заттары мол жерлерде өсіру өнімін жоғарылатады. Сояны сортаң, құмды және аса нығыздылған топырақтарға себуге болмайды. Соя үшін топырақтың рН-6, 5-7 дейінгі реакциясы дұрыс болады. Соя-жарық сүйгіш, қысқа күнді өсімдік. Өсіп-даму кезеңдерінің ұзақтығы: ерте пісетін сорттары 81-90 күн, орта ерте пісетін сорттары 111-120, орта пісетіні 120-130, кеш пісетін сорттары 151-160, кейде 170 күнге дейін барады.

Қазақстанда негізгі көп тараған сояның сорттары. Мутантная 359, Казахстанская 200, Казахстанская 688, Высокостебельная 2, Скынтея, Букурия, Эврика, аврора, Гибридная 670, Мерит.



Агротехникасының ерекшелігі. Сояны көбінесе арамшөптерден тазартылған және өзінен соң азотты аз қалдыратын дақылдардан кейін себу пайдалы. Мұндай алғы дақылға-күздік бидай, қант қызылшасы және жүгері жатады. Соя үшін топырақты негізгі өңдегенде терең етіп сүдігерге жырту пайдалы. Ал жыртылу қабаты тайыз топырақтарды терең қопсытқыш құралдармен немесе қайырмасыз плугпен өңдейді.

Сояны масақты дәнді дақылдардан кейін орналастырғанда, ал дақылдардың өнімін жинап алғаннан кейін іле-шала топырақты сыдыра өңдейді, тыңайтқыштар енгізеді. 12-15 күннен кейін топырақты шолақ түренді соқамен жыртады. Кеш жиналатын отама дақылдардан кейін топырақты бірден жырту қажет. Соя кеш себілетін дақыл болғандықтан, көктемде топырақтың физикалық-механикңалық қасиетін жақсартып, ылғал сақтау және арамшөптерді толық жою үшін егін сепкенше бірнеше рет культиватормен өңдейді.

Соядан мол өнім жинауда тұқымды қүрамында түйнек бактериялар бар нитраген препараттарымен өңдеу нәтижелі. Нитрагеннің әсерінен жапырақ құрамында хлорофил көбейеді, фотосинтез жақсы жүреді, тамыр жүйелері тез жетіледі.

Тұқымды себер алдында микротыңатқыштармен, әсіресе молибденмен өңдеу қажет. Ол түйнек бактерияларының қызметін күшейтеді, сояның түрлі ауруларға беріктігін арттырады.

Сояны кең қатарлап және ленталы әдіспен себеді. Сояны не үшін пайдалануына байланысты әр түрлі себу әдісі қолданылады және тұқымды себу мөлшері де 400-600 мың/га өнімді дән болуы мүмкін. Тұқымды егу тереңдігі ылғалды топырақ үшін 5 см, ал ылғалды аз топыраққа 6-7 см тереңдікке сіңіріледі.

Соя тұқымының көктеуіне ылғалды көп қажет ететіндіктен тұқымды сепкеннен кейін топырақты таптау керек, сонда тұқым тез өніп шығады. Соя өніп шыққанша арамшөптер қаулап өседі және жауын-шашыннан кейін топырақ бетінде қалың қабыршақ пайда болуы мүмкін, сондықтан егісті жеңіл немесе орташа салмақты тырма мен қабыршақты бұзу және арамшөпті құрту үшін кесе көлденең тырмалайды. Егісті суарған сайын және жауын-шашыннан кейін міндетті түрде қопсытады. Қопсыту жұмыстарын дер кезінде жүргізу арқылы арамшөптерді 2-3 есе азайтады.



Нұт немесе қой бұршақ.

Нұт-азық-түліктік және жемшөптік дақыл болып саналады. Ол құрғақшылыққа ең төзімді болғандықтан оны ерте мерзімде егуге болады. Оның дәнінде 22-31 процент белок, 4,1-7,2 процент май және 47-60 процент азотсыз экстрактивті зат болады. Нұт тұқымынан ең жоғары өнімді ССРО бойынша Саратов облысының Пугачев сорт учаскесінде гектарынан 1980 ж. 32 ц/га, ал Қазақстанда Көкшетау облысы Рузаев тұқым учаскесінде әр гектарынан 21,7 центнерден алды. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған нұт сорттараның дәнінде 24-27 процент белок болады. Нұт сабағын жауып тұратын талшықтарда сүт және қымыздың қышқылдарының салдарынан оның көк балаусасын малға тікелей жемшөп ретінде пайдалана алмайды, тек ұсақталған немесе сүрлем күйінде пайдалануға болады. Өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен нұт тек ноғаттықтан басқа дәнді-бұршақты дақылдардың бәрін де басып озады.

Нұттың тұқымы 2-50 С температурада өсе бастайды, ал көктеуі 110 С суықтыққа шыдайды. Қазақстанда себілетін сорттары: Кинельский 17, Краснокутский 195, Юбелейный.

Агротехникасының ерекшелігі.Нұтты күздік бидайдан және отамылы дақылдардан кейін себеді. Нуттан кейін жаздық бидай,мақта,жүгері жақсы өседі.Топырақты өңдеу асбұрщақ үшін топырақты өңдеумен бірдей.Көп жағдайда сеьу әдістері жаппай қатарлы,кең қатарлы болап келеді. Егу мөлшері гектарына 0,7-0,9 млн өнгіш тұқым.Егер екі қатарлап (45 см) егетін болса,онда егу мөлшері 0,6-0,7 млн/га өнгіш тұқым. Себу тереңдігі-5-7 см.

Сепкеннен кейін катокпен таптайды,ал арамшөп көріген жағдайда көктеуге дейін тырмалайды. Кейде көктеу болмай тұрып прометринмен өңдейді.(3 кг/га препарат дозасы).Арамшөп аз жағдайда нутты бірден коибайынмен орады,ал арамщөп көп болса екі кезеңде бастырып орады.



Талшықты дақылдар. Майлы дақылдар.

Талшықты өсімдіктер-тоқыма өнеркәсібінде тұқымы, жемісі, сабағы, жапырағы, талшығы пайдаланылатын біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Жер жүзінде көбінесе мақта, джут, сора, зығыр, кенеп егіледі. ССРО-да мақта, зығыр, сора өсіріледі.



Мақта.

Талшықты дақылдар ішінде мақта бірінші орын алады. Мақта тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Мақтаның дәнінде 20-дан 27%-ке дейін май болады, ал одан маргарин, олиф, стеарин, глицерин, фитин және сабын алу үшін пайдаланылады. Мақта күнжарасы мал үшін таптырмайтын азық. Онда 40% белок болады. Бірақ малды қоректендіргенде оны аздап беру керек, себебі оның құрамында улы зат-госсипол болады. Оның қабағынан әр түрлі спирт, қант және азықтық белок алады. Ал бұтағы мен қауашағын сірке қышқылын алады. Біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Қытай мен Индияда егілген. Негізінен мақта Египетте, Иранда және Орта Азияда кеңінен таралған дақыл.



Аудандасуы, егіс көлемі, өнімі. Дүние жүзіндегі мақтаның егіс көлемі 33-34 млн гектар, ал алынатын жалпы өнім 42-45млн т.

Кәзіргі кезде негізгі мақта егетін мемлекеттер: ССРО, АҚШ, Қытай, Үндістан, Пакистан, Бразилия, Мексика, Египет және Түркия. Орта Азия мен Қазақстанда Шымкент облысы, Закавказьеде Азербайжан республикасы.



Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшелігі.

Мақта құлқайыр тұқымдастарына жатады. Мақта көпжылдық өсімдік, ал біздің ауа райы жағдайында оны біржылдық өсімдік ретінде өсіреді. Мақта өсімдігі бұтасының биіктігі 90-нан 130 см-ге дейін болады, ал одан тараған бүйір сабақтары 7-15 см-ге дейін және тамыр жүйесінің терендігі 2-2,5 м-ге дейін барады. Тамырдың басым көпшілігі топырақтың жоғарғы қабатында 30-40 см тереңдікте жатады.Тамыр жүйесі тез өсіп, тез тарайды, екі жетіде негізгі кіндік тамыры 40-50 см өседі. Жапырағы жүрек формалы, 3-7 ескіштен тұрады. Мақтаның екі типті өсу және жеміс беру бұтақтары болады, олар бітеугүл, одан кейін гүл мен қауашақ шығарады, қауашақ ішінде талшық, ал талшық ортасында мақта тұқымы болады. Үшінші және бесінші жапырақтың ішінен бірінші болып өсу бұтақтары, олардан сабақтары біраз доғалданып жеміс бұтақтары тарайды, бұл бұтақтарда жеміс бүршіктері пайда болады. Бірінші жемісті бұршақ неғұрлым ерте шықса, соғұрлым мақта ерте гүлдеп, ерте піседі. Гүлдің үлкен күлтесі болады, ол негізінен бірге өскен бес жапырақшадан тұрады. Жапырақшаның түсі сортына қарай ақ, сары және ақсары түсті болады.



Мақтаның түрі және сорттары. Республикада мақтаның қарапайым немесе мексикалық және перуандық немесе египеттік түрі өсіріледі. Бұл ақ талщықты мақта, ұзындығы 30-35 мм, ал шығымы 35-38 пайыз. Оңтүстікте көп тараған мақта перуандық немесе египеттік. Бұл мақтаның талшығы жіңішке қарағанда кеш пісуімен, жылуды көп керек ететіндігімен ерекшеленеді. Бізде негізгі өсірілетін сорттар: С-4727, 108ф және Ташкент 6, Киргизский 3.

Пайдаланылатын тыңайтқыштар. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшері олардың арақатынасына топырақтың типтері мен ауыспалы егістеріндегі мақтаның орнына қарай әртүрлі болады. Минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі –оларды органикалық тыңайтқыштармен әсіресе көңмен бірге енгізу. Көңді ең алдымен бұрын жыртылған мақта егісіне және күрделі тегістеу жүргізіліп жатқан танапқа, ал ауыспалы егісте айдалғаннан кейін төртінші және бесінші жылы енгізу керек. Мақта даму кезеңіне қарай қоректік заттарды әртүрлі қажет етеді: көктем кезінде-қоректік ерітінді түріндегі барлық элементтерінде фосфор мол болу керек, екі-төрт жапырақша шығуы және шанақтау кезінде азоттың маңызы артады, гүлдену-өнім пайда болу кезеңінде азот және фосфор, ал калий аз топырақтарда калий мен көбірек қоректенеді. Ойдағыдай өңделген мақтаның азотты пайдалану коэффициенті орта есеппен 60-70 пайыз, ал фосфорды пайдалануы 25-30 пайыз, калийді пайдалануы 50-60 пайыз болады.

Мақта беде өсірілген танапқа өсірілгенде және алмастырылғанда азот тыңайтқыштары орташа мөлшерде (1 га 60-90 кг), ал фосфор тыңайтқыштары жоғары мөлшерде шашылады. Мақта біраз жылдан бері егіліп жүрген топыраққа азот тыңайтқыштарының мөлшерін арттырып, ал фосфор тыңайтқыштарының мөлшерін кеміту керек. Калий тыңайтқыштарын 1га-ға 30-40 кг мөлшерінде шашады.



Топырақты өңдеу. Топырақ өңдеудің басты мақсаты ылғал жинау, тұқым себуді қолайлы мерзімде өткізу және мақтаның біркелкі, сапалы бітік өсуін қамтамасыз ету.

Арамшөптен таза танаптарда мақта егу үшін 30-35 см, ал зиянды арамшөптерді көп егістікті 35-40 см тереңдікте жыртады. Бұлай өңдеу мақтаны қоза паяларын жақсы өңдеп жабады. Көпжылдық шөптен кейін егін жыртуға екі аптадай қалған кезде түренмен сыдыра жыртады. Бұл көпжылдық шөптердің тамырмойын дегелігін қырқып, қайта өсуіне мүмкіндік бермейді.көп жағдайда қабатты жыртудың артықшылығы мол.



Мақта егісін суару. Мақтаны суарудың екі түрлі жолы бар: бірінші дымқылдап суару және өсіп-даму кезеңінде суару. Дымқылдап суару негізі күз-қыс кезеңдерінде ыза суы терең жатқан жағдайда гектарына 1500-3000м3 су беру арқылы жүзеге асырылады. Мақтаны гүлдегенше, гүлденгеннен кейін піскенде және шанақтардың піскен кезінде суарады. Бірінші суаруды 3-5 жапырағы шыққан кезде бастайды. Суару борозда арқылы жүргізіледі, ал жаңбырлата суарудың мақта үшін маңызы өте зор. Берілетін судың мөлшері бір суғаруда оның суғару санына және топырақтың механикалық құрамына байланысты. Ауыр топырақты суғарған кезде суару санын азайтып суарады, ал жеңіл топырақ болса оны аз сумен жиі суарып тұрады.

Шырпу. Бұл өсімдіктің пісуін тездетуіне, оның бойындағы қоректік заттарды реттеуге және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агротехникалық шаралардың бірі. Механикаландырылған шырпуды культиваторлармен немесе суару бороздаларын тілумен бір мезгілде өткізу қажет.

Майлы дақылдар көктеуі және дамуы.

Күнбағыс. ССРО-дағы негізгі майлы дақыл. Аудандастырылған майлы сорттарда 50-52 процентке дейін май болады. Күнбағыстың майы жоғары сапалы, дәмді қасиеттері бар таза май болады. Күнбағыс майы маргарин, әр түрлі бояулар, сабын, стеарин тағы басқаларды жасау сияқты өндірістің түрліше салаларында қолданылады.

Биологиялық және ботаникалық ерекшеліктері. Күнбағыс күрделі гүлділер тұқымдастарына жатады. Бір жылдық айқас тозаңданатын өсімдік. Насекомдардың көмегімен тозаңданады. Тамыры-кіндік тамырлы, 2-4 м-ге дейін тереңдікке енеді, ал жан-жағына 100-120 см-ге дейін таралады. Сабағы-тік тұратын, ағаш сияқты, ортаңғы өзегі ұлпа, бұтақтанбайтын, биіктігі 0,7-ден 2,5 м-ге дейін өседі.

Жапырағы-ұзын, сабақты, үлкен, сопақ жүрек тәрізді үшкірленген және шеттері сияқты болып келеді. Төменгі жапырағы 3-5 жұптан, ал қалғандары кезекпе-кезек орналасқан. Ерте пісетін сорттарында 15-25-ке дейін, ал кеш пісетін сорттарында -30-35-тен астам жапырақ болады. Гүл шоғыры екі түрлі болады: шеткісі-тілшік, ұрықсыз және ортасындағы түтік, қосжынысты, барлық гүл кіндігін жауып тұрады. Жемісі-тұқымша, жұмыртқа формалы, ол ядродан, жұқа тұқым қабығы мен қапталған және тері сияқты ұрықтан тұрады. Күнбағыстың кәрзеңкесінде жақсы өніп өсуіне жағдай жасалған жағдайда 1000-1200-ге дейін тұқым пайда болады. 1000 тұқымның массасы 75-80г болады.

Күнбағыстың өсіп-даму кезеңдері сортына және егілетін аймағына байланысты 90-100-ден 100-125 күнге созылады. Күнбағыстың өсуі 4-60С басталады. Жалпы белсенді температураның қосындысы егуден көктеуге дейін 140-1600С болады.

Күнбағыстың ерекшелігі-ол кейбір көп өсімдіктер пайдалана алмайтын, терең қабаттардағы ылғалды жақсы пайдалануы. Ылғалды біркелкі пайдаланбайды: көктеу кезінен кәрзеңке пайда болғанша-23 процент, кәрзеңке пайда болғаннан гүлдеуге дейін -60 процент және гүлденуден піскенге дейін-17 процент. Алғашқы кезде кәрзеңке пайда болғанша ол ылғалды беткі қабатынан пайдаланады, ал одан кейін көпшілік жағдайда 50 см-ден төмен тереңдіктен пайдаланады. Көп азотты ол пайда бола бастағанынан гүлдеуге дейін, фосфорды көктеуден гүлдеуге дейін, калийді-кәрзеңке құрғаннан піскенге дейін пайдаланады.



Қазақстанда пайдаланатын негізгі сорттары.

  1. Армавирский 3497, Армавир тәжірибе станциясы.

  2. Восход-Белгород тәжірибе станциясы; авторлары: Прохоров К.И. Сергиенко Н.Я.

  3. Маяк-майлы дақылдардың Дондағы тәжірибе станциясы; авторлары: Жданов А.А. пен Яйлова А.А.

  4. Переводник улучшенный-ВНИИМК; авторлары: Пустовойт Г.В., Чупчина В.Ф., Миронов Е.К., Суровикин В.Н., Губин И.А., Илатовский В.П.

  5. ВНИИМК 8981 жақсартылған. Авторлар Пустовойт В.С., Илатовский В.П., Чупчина В.Ф. және басқалар.

Агротехникасының ерекшелігі. Күнбағысқа жақсы алғы дақыл ретінде дәнді дақылдарды пайдаланады. Күнбағыс тереңге кететін тамыр жүйесі арқылы 100-200 см-ге дейінгі тереңдіктен ылғалды пайдаланады. Сондықтан оны топырақ ылғалын көп азайтатын дақылдардан кейін егуді қажет етпейді. Күнбағысты бұл дақылдар егілген жерге 3-4 жылдан кейін егуге болады да, одан кейін ол жерге оны 8-10 жылдан кейін қайта егуге болады. Ал күнбағыстың өзі жаздық бидайға, сұлыға, арпаға және басқа жаздық дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады.

Тыңайтқыш. Сүдігер жыртқанда негізгі тыңайтқыш ретінде 2,5-3 ц суперфосфат шашудың нәтижесінде 1 гектардан алынатын өнім 2,2-3,1 центнерге асты. Бұл жағдайда күзде 15-20 ц/га көң төгіледі. Күнбағыстың 1 гектардан алатын өнімі органикалық және минералдық тыңайтқышты бірге қосып енгізгенде артады. Тыңайтқышты 1-РМГ-4 агрегатын, МТЗ-80 немесе ЮМЗ-6 АЛ тракторымен пайдаланып шашу арқылы береді. Топыраққа түйіршікті суперфосфат шашу арқылы береді. Топыраққа түйіршікті егу кезінде 6-10 см аралықта қатарға 10-12 см тереңдікке екі немесе бір ленталы енгізіледі.

Топырақты өңдеу. Ауа райы және топырақ жағдайына байланысты: қарапайым сүдігер, жартылай пар, жақсартылған сүдігер қолданылады. Қарапайым сүдігерге аңызды сыдыра жыртып, одан кейін сүдігер жыртады.

Жартылай пардың ерекшелігі ерте жыртқан топырақты қара пар сияқты өңдейді, бұл кем дегенде бір айдан артық өңдеуге мүмкіндік бар танапта жүргізіледі. Егу алдында топырақта өңдеу негізгі өңдеудің сапасына байланысты. Саз топырақты және қыстайтын арамшөптің қалдықтары бар жерді ерте көктемде тырмалаудан кейін 1-2 культивациямен бірге тырмалайды. Бір жылдық арамшөптермен күресу үшін күнбағыс егісінде прометрин гербицидін 2,5-3 кг/га мөлшерінде ауыр және орташа механикалық құрылысты топырақта және жеңіл толпырақта 1,5-2 кг/га қолданылады.



Күнбағысты күту. Көктеуіне 4-5 күн қалғанда, топырақ майдалау үшін тырма жүргізеді. Көгі пайда болған кезде екінші рет тырмалайды. Бұдан кейін 2-3 рет культивация жүргізеді. Кулдьтивацияны күнбағыстың биіктіге 6070 см болғанда тоқтатады. Суармалы егіншілікке күнбағыс үшін ылғалдық және вегетациялық суару пайдаланылады. Кемінде үш рет суарады: біріншісі-гүлденге дейін, екіншісі-гүлдеу басыеда, үшіншісі-жаппай гүлдеген кезде. Суару мөлшері 600-800 м3/га болады.

Күнбағысты жинау. Күнбағысты ору пісу мерзімінде зембіл гүлдерінің 90 проценті қоңыр тартып, құрғақтағанда және дәннің ылғалдылығы 12-14 процент болғанда бастайды. Ору алдында оны кептіру үшін десикация жүргізеді. Десикацияны хлорлы магниймен немесе реглонмен гүлдеуінен кейін 40-45 күн өткенде жүргізеді, ол кезде дәннің ылғалдылығы 30-35 процент болуы керек. Күнбағысты дәнді астықты оратын комбайндармен жинайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Егістік дақылдарды қалай жіктеледі?

2. Астық тұқымдас, техникалық және мал азықтық дақылдарға қандай дақылдар жатады.

3. Май алатын дақылдарға қандай дақылдар жатады?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

25 дәріс



Тақырыбы: Көкініс дақылдар

Мақсаты: Көкөніс дақылдарға сипаттама беру, биологиялық ерекшеліктеріне, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар енгізу шараларына тоқталу.

1. Көкөніс дақылдарға сипаттама

2. Көкөніс дақылдарының түрлері

Биологиялық ерекшеліктері. Картоп- қалыпты өсуі мен дамуы үшін топырақтың және ауаның жоғары температурадаболуын көп қажетсінбейді. Түйнектердің көктеуі 6-80 температурасы шамасында басталады, ал олар 17...200 С шамасында неғұрлым қарқынды өсіп-өнеді және дамиды. Ауаның минимальды температурасы сақталғанда егілген өскіндер 36, кейде 50 күн дегенде 18-190 шамасында сақталғанда 19-20 күнде күнде пайда болады. Сабағының өсуі мен дамуының оптимальды температурасы 20-250 С болып табылады. Бұдан жоғары температура картоптың өсуі мен дамуына кері ықпал тигізеді.

Картоп сабағы суыққа төзімсіз-0,50 С температурадағы суық пәлектің бір бөлігін зақымдайды, ал 1-20 С температураға төмендегенде оның толық зақымдалуына әкеп соғады.

Картоп су, ауа және жылуды жақсы өткізетін терең қопсырақтың оптимальды ылғалдылығы оның толық далалық су сыйымдылығының 60-80 проценті болады. Максимальды суды қажетсінуі шанақтану, гүлдену және түйнек салу кезінде арта түседі.

Картоп қоректі, минералдық элементтерді көп қажетсінетін дақыл болып саналады. Ол минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды. Сондай-ақ картоптың дамуына бор, марганец, мыс, мырыш және басқа микроэлементтер айтарлықтай ықпал етеді.Дегенмен картоптың микроэлементтерді сіңіруі көп болмаса да оның жетіспеушілігі өсуі мен дамуын тоқтатады.

Картоптың Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Зауральский, Лорх, Рекорд, Ульяновский.

Ракқа төзімді картоптың сорттары: Алатау, Весна . Гатчинский, Мурманский, Невский, Огонек, Полет, Прикульский ранний, Столовый 19, Шортандинский т.б.



Ауыспалы егістегі орны: Картоптың алғы дақылдарына, оларды жинағаннан кейін жеткілікті мөлшерде сіңімді қоректік заттар қалдыратын, арамшөптерден арылатын және топырақтағы картоп үшін арнайы зиянкестер мен аурулардың жоқ болуын айқындайтын көпжылдық шөптер-дәнді және дәнді бұршақты дақылдар жатады. Картоп үшін төмендегі ауыспалы егіс жүйелерін ұсынуға болады.

І. Алты танапты ауыспалы егісте картоптың үлес салмағы 33 процент, 1-2 танаптар көпжылдық шөп, 3-танап картоп, 4-танап бидай, 5-танап картоп, 6-танап көпжылдық шөп араласқан арпа.

ІІ. Жеті танапты ауыспалы егіске картоптың үлес салмағы-29 процент. 1-2 танаптар-көпжылдық шөп, 3-танап-картоп, 4-5-танап-бидай, 6-танап-картоп, 7-танап-көпжылдық шөп араласқан арпа.

ІІІ. Сегіз танапты ауыспалы егісте картоптың үлес салмағы 37,5 процент. 1-танап көпжэылдық шөп араласқан арпа, 2-3 танап-көпжылдық шөп, 4-танап-картоп, 5-танап-бидай, 6-танап-картоп, 7-танап-арпа, 8-танап-картоп.



Топырақ өңдеу. Негізгі өңдеу жұмыстары алғы дақылдардың жиын-теріні аяқталған кезде топырақ қабатын 28-30 см тереңдігінде өңдеу арқылы жүргізіледі.

Егіс алдындағы топырақ өңдеу тісті тырмалармен танаптарды кесе көлденең екі ізбен қатар жүргізу арқылы атқарылады. Картопты отырғызудан бұрын көктеп келе жатқан арамшөптерді құртып, картоп түйнегін отырғызуды жеңілдететін қопсытылған қабат жасауға, 20-22 см тереңдікте сүдігерді қайта жырту жүргізіледі.



Тыңайтқыштарды қолдану. Органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық қасиеттерін-су, ауа және топырақтың жылу режимін жақсартады. Тыңайтқыштар дозасы әр шаруашылықтардағы агрохимиялық картограммалар мен жоспарлы түсімге үйлестіріліп анықталады.

Азот тыңайтқышы егіс алдындағы өңдеу кезінде енгізіледі. Әсіресе азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіруге болмайды, азот картоптың вегетациялық дәуірін ұзартып, сабақтарының шамадан тыс күшті өсуі мен түйнектерінің өнімділігіне зиянын тигізеді. Түйнектерді егумен бірге қатараралықтарға аммофос енгізіледі.



Картоп егу. Картоп отырғазуды топырақтың 10см дейінгі қабатының жылуы 6-80 С температураға көтерілгенде бастайды. Тұқым егуде «Беларусь» тракторы мен Курган тракторы мен КСМ-6 картоп егетін машиналары пайдаланылады. Түйнектерді 6-8 см тереңдікке отырғызады. Жал түсіру егуден 4-7 күн бұрын КОН-4,2,КОН-5,4 немесе КОН-2 және ВПМ культиваторларымен жүргізіледі. Түйіндердің отырғызылу жиілігі шын мәнінде алқаптағы агрегаттардың алғашқы жүріп өткен ізінен соң тексеріліп анықталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Көкөніс дақылдарға қандай дақылдар жатады?

2. Көкөніс дақылдардың биологиялық ерекшеліктері қандай?


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет