С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Топырақ географиясы»



бет1/12
Дата08.06.2018
өлшемі1,24 Mb.
#42062
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бекітемін

Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы

______________Медешова А.Б.

______. ___________ 2010 ж.

Жаратылыстану-математикалық факультеті

Биология және экология кафедрасы

050116 «География»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған


ТОПЫРАҚ ГЕОГРАФИЯСЫ
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Курс – II

Семестр – ІV

Кредит саны - 2

Дәріс – 15 сағат

Лабораториялық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

cтуденттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) - 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – ІV - ші семестрде


Барлығы – 90 сағат

Орал-2010

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Топырақ географиясы және топырақтану негіздері», Алматы, 2007, «География почв с основами почвоведения», Москва, «Просвещение»,1980. типтік бағдарламалары негізінде құрастырылған
Құрастырушы: биология және экология кафедрасының оқытушысы, биология магистрі Кажиахметов С.А.

Биология және экология кафедрасының отырысында бекітілді.


13 қыркүйек 2010 ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі: Қайсағалиева Г.С. _____________________

(аты-жөні) (қолы )


Жаратылыстану-математикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

15қырқүйек 2010 ж. № 1 хаттама

Факультеттің

оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы С.Б. Темралиева

(қолы ) (аты-жөні)

2. «Топырақ географиясы» курсының оқу бағдарламасы (SILLABUS)


2010-2011 оқу жылының 2 семестрінде 2 кредит.

2.1 Оқытушы туралы мәлімет


Биология және экология кафедрасының оқытушысы, биология магистрі Кажиахметов С.А.

Кеңсе: Биология және экология кафедрасы

Оқытушының кафедрада болатын уақыты: Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері.

Толық адресі: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жаратылыстану-математикалық факультеті, Достық алаңы 121 Телефон 50-35-49



2.2 Пән туралы мәліметтер

Топырақтану географиясы



Сабақ кестесі:

Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.

Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.


Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу

уақыты

Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)

50 мин.

Практикалық сабақ 1 сағат

50 мин

СМЖӨЖ

1 сағат


50 мин.

СӨЖ

1 сағат


50 мин.

Оқу жоспарынаң көшірмесі:




Курс

Семестр

Кредиттер

Дәрістер

Лабораторлық жұмыстар

СМЖӨЖ


СӨЖ


Барлығы

Бақылау түрі

2

4

2

15

15

30

30

90

емтихан


2.3 Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Топырақ географиясы - (Т.-г) — дербес тарихи—жаратылыстық ғылым, оның зерттеулік объекті — топырақ, оның тегі, дамуы, құрылысы, құрамы және қасиеттері, кұрлық үстінде таралу заңдылығы, құнарлылығы калыптасуы мен дамуы, оны аса тиімді пайдалану және көтеру тәсілдері. Т.-г.-ң ен. маңызды тараулары: Т. тегі (генезис), жіктеуі (классификация),. Т.-т ғылымының негізін салушылар — В. В. Докучаев, П. А. Костычев, Н. М. Сибирцев, В. Р. Вильямс т. б.Топырақ, — тірі және өлі организмдер мен табиғи сулардың тау жыныстарының беткі қабатына, әр кли­мат пен жер бедері жағдайында, тигізетін әсерлері нәтижесінде құралған, дербес тарихи жаратылысты, органика-минералды табиғи дене. Т-қа тік кескінінің заңды құрылысы ерекше морфология (сырт әлпет), химиялық құрам, оны құрайтын горизонттардың физикалық және биологиялык қасиеттері, сондай-ақ ерекше ететін заттар мен қуат (энергия)-тын. езгерісі және жылжуы тән. Т-ң басты қасиеті — оның құнарлылығы. Халық шаруашылығында Т-ты пайдалану оның кұрамы, қасиеттері мен тәртібі (режим, құбылым) өзгеруіне әкеледі. Ол оңды (Т. құнарының артуы) және теріс (Т-ң тозуы) өтеді.

Курстың мақсаты:

Бұл пәннің негізгі мақсаты Қазақстанның әртүрлі аймақтарында және жақын, алыс шет елдерде топырақтың таралуы мен түзілуін студенттерге түсіндіріп, химиялық қасиетерін оқыту; топырақты қоғамның әртүрлі салаларында пайдалану. Практикалық сабақтарда және дала практикасында студенттер әртүрлі эксперимент жүргізуге cтуденттерді үйретуге оқып біліп үйренеді.

Студент санасында топырақтың ерекше біртұтас табиғат денесі , оның құрылысы туралы нақты білім жүйелерін құру. Болашақ мамандарда топырақ түзілудің негізгі заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

Курстың міндеттері:

- топырақты табиғат денесі ретінде қарастыру;

- топырақтың морфологиялық құрылысының алуан түрлілігін жан-жақты талдау;


  • топырақ белдеулері және табиғат зоналарының жер шарындағы таралуы туралы ұғым қалыптастыру;

  • топырақтың физикалық және химиялық касиеттерімен қоршаған ортамен қарым –қатынасын анықтау;

  • топырақ түзуші факторларды талдау.

Курстың мазмұны:

  1. Топырақ географиясы ғылымының дамуының негізгі кезендері.

  2. Топырақ құраушы факторлар. Үгілу құбылысы. Топырақ құраушы жыныстар.

  3. Топырақтың морфологиялық белгілері.

  4. Топырақтың органикалық бөлігі.

  5. Топырақтың ұсақдисперсті бөлігі және сіңіру қабілеті.

  6. Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері.

  7. Топырақтың негізгі типтеріне шолу

  8. Тайга-орман ландшафттарының топырақтары.

  9. Аралас орман топырақтары

  10. Жапырақты орман топырақтары.

  11. Шалғынды және шалғынды-алуаншөптесінді далалар топырақтары

  12. Құрғақ дала мен шөлейт зоналарының топырақтары.

  13. Даланың гидроморфты топырақтары

  14. Шөлдің топырақтары.

  15. Субтропикалық белдеу топырақтары


Оқыту әдістемесі:

Оқыту дәріс, лабораториялық сабақ, СМЖӨЖ, СӨЖ түрінде өтеді. Сабақты бақылау – коллоквиум түрінде, жазба жұмыстары, өзіндік жұмыстарды тексеру түрінде өтеді.



  • көрнекі құралдарды пайдалана отырып ауызша баяндау;

  • түсіндіру;

  • диалог;

  • пікірталас;

  • ойтолғау;

Практикалық сабақтарда:

эксперимент қою;

қорытынды жасау;

сұрау


пікірталас;
Пререквизиттер:

Қарастырылып отырған пәнді тиімді игеру жолында студенттердің мектеп бағдарламасы бойынша оқытылған алғашқы фундаментальді білімдері болу қажет. Бұл алдымен: географиялық қабық туралы түсінік, биосфера және литосфера, жер қыртысы және геологиялық құрылысы, экология мен химия туралы алғашқы түсініктер.



Постреквизиттер:

Аталып отырған пәнді оқу нәтижесінде студенттерде “Топырақ географиясы” пәніне арналған типтік бағдарламада көрсетілген білім, білік, дағды қалыптасады. Студенттер топырақ құрылысы, физикалық және химиялық касиеттері, топырақ түзуші факторлармен байланысын және т.б. туралы толық және тиянақты білім алуы қажет. Сонымен бірге практикалық сабақ кезінде меңгерген, іс жүзінде қажет дағды мен білікті игеруі міндетті. Реактивтермен жұмыс, топырақ зерттеу шұнқұрларын казу әдісі, монолиттерде дайындау секілді практикалық дағдыларды калыптастыруы қажет.




2.4. Курстың сабақ жоспары:
Курстың аты – Топырақ географиясы

Кредит саны: 2-кредит
1 апта:

Кредит сағат 1

Дәріс №1

Тақырып: Топырақ географиясы ғылымдар жүйесінде.

Дәріс мазмұны: Кіріспе. Топырақ географиясы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Топырақ туралы түсінік. Топырақ географиясының басқа ғылымдар арасындағы орны, міндеттері. Бұл дәрісте топырақ туралы ғылыми деректерге сүйеніп түсінік беру . Топырақтану тарихы мен топырақ құраушы факторларға тоқталу. Топырақты зерттеу әдістері.

1. Кіріспе. Топырақ географиясы пәнінің мақсаты мен міндеттері.

2. Топырақ туралы түсінік. Топырақ географиясының басқа ғылымдар арасындағы орны, міндеттері.

СМЖӨЖ: Топырақ географиясының қысқаша тарихы

СӨЖ: Топырақтану тарихы:

1. В.В. Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев, К.Д.Глинка, Г.Н.Высоцкий, К.К.Гедройц, С.С.Неуструев, В.Р.Вильямс және т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы.

2. Шетелдік топырақтанушылар.

Әдебиеттер:


  1. Биғалиев А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) . - Алматы, Санат, 1995.

  2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

  3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

  4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

  5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., с. 5-21; 1976 г., с. 4-20.

  6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

  7. Д.Г.Виленский. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

  8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)


Кредит сағат 2

Лабораториялық жұмыс№1:

Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері

Түсі, қалындығы, құрылымы, бөлшектік құрамы , тұтқырлығы, жаңа заттар, кірме заттар, қайнауы, ауысуы, ылғалдылығы және т.б.



  1. Топырақ кесіндісін талдау және суретін салу:

а) топырақ кабаттарына бөлу

б) HCl-дан қайнау тереңдігі

в) әр генетикалық горизонтта: қалыңдығын, түсін, құрылымын, механикалық құрамын, тұтқырлығын, түзілімдер, бөгде заттарды анықтау.

Бақылау сұрақтары:


  1. Топырақта генетикалық горизонттарды қалай бөледі?

  2. Топырақтың түсі неге байланысты?

  3. Топырақ құрылымы, оның түрлері (дән тәрізді, киекті, жаңғақ тәрізді, бағаналы, призма тәрізді, қабыршақты, шаңды).

  4. Топырақ тұтқырлығы дегеніміз не?

  5. Түзілімдер, оынң түрлері?

  6. Бөгде заттар.

  7. Топырақтың механикалық құрамы дегеніміз не?

  8. Механикалық құрамын далада қалай анықтайды?

Әдебиеттер:

  1. Мырзаханов "Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы" 4-13 беттер.

  2. Добровольский В.В. Практикум по география почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1982 г., с. 69-81.

  3. И.С. Кауричев «Практикум по почвоведению» стр. 3-16.

  4. Л.Н. Александрова, О.А. Найденова «Лабораторно-практические занятия по почвоведению» Л., изд. «Колос», 1967 г., стр. 173-193

  5. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства. М., «Просвещение», 1982 с. 5-21.

СМЖӨЖ: Топырақтың шығу тегі және оның табиғаттағы ролі.

СӨЖ: Топырақ құраушы жыныстар: шөгінді, магматикалық, метаморфоздық

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
2 апта:
Кредит сағат 3

Дәріс №2

Тақырып: Топырақ құраушы факторлар. Үгілу құбылысы. Топырақ құраушы жыныстар.

Дәріс мазмұны: Топырақтың пайда болу теориялары. Топырақ құраушы жыныстар. Гипергенез. Бұзылу процесс өнімдері. Антропогенді және табиғи факторлардың топырақ құрау процесіне әсері. Топырақ құраушы факторлар.

1. Топырақ құраушы жыныстар. Гипергенез. Бұзылу процесс өнімдері.

2. Топырақ құраушы факторлар.

СМЖӨЖ: Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ географиясына әсері

СӨЖ: Топырақ түзуші тау жыныстары мен рельефтің топырақ таралуына әсері

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
Кредит сағат 4


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет