С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Топырақ географиясы»



бет6/12
Дата08.06.2018
өлшемі1,24 Mb.
#42062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарашірік қандай заттардан тұрады?

  2. Қарашірік топырақтың түсіне қалай әсер етеді?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
Апта 5

Дәріс №5

Тақырып: Топырақтың ұсақ дисперсті бөлігі және сіңіру қабілеті

Мақсаты: Топырақтың сіңіру немесе жұту қабілетіне толықтай тоқталу. Студенттерге топырақ орта реакциясын түсіндіру.

Дәріс мазмұны: Топырақ көпфазалы түзілім. Топырақтың сіңіру бөлшегінің құрылысы. Топырақтың ұсақдисперсті бөлігі. Топырақтың сіңіру қабілеті. Механикалық, физикалық, физико-химиялық, химиялық, биологиялық сіңіру қабілеті. К.К.Гедройц еңбектері. Топырақ орта реакциясы. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы.

Топырақтың жұту қабілеті — бұл оның әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді заттарды алмаса немесе алмаспай сіңіру немесе топырақтың коллоидты бөлшектерінің бетінде олардың концентрациясын жоғарылату қабілеті. Топырақтың жұту қасиеті деп онын өз ішіндегі кейбір ерітінділердің косылыстарын, майда үнтақталған минералды және органикалық косылыстарды, микроорганизмдер мен баска кейбір заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу касиетін айтады. Топырақтың жұту қабілетін К.К. Гедройц, Г. Вигнер, Е.Н. Гапон, Б.П. Никольский, Н.П. Ремезов, Н.И. Горбунова сияқты ғалымдар зерттеумен айналысты. Соның ішінде К.К. Гедройц топырақтың жұту қабілетін толық сипаттады. Ол жұту қабілетінің бес түрін бөліп көрсетті:



  1. механикалық

  2. химиялық

  3. физикалық

  4. биологиялық

  5. физикалық—химиялық

Механикалық сіңіру касиеті — сумен немесе жел-мен бірге келген әр түрлі заттарды топырақ кеуектерінде ұстап қалуы. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында әр турлі заттар еленген ұннан қалған кебек сияқты ұсталып калады. Топырақтын физикалык сіңіруі дегеніміз — топырак бөлшектерінін беткі кабатының топырақтағы кейбір ерітінді молекулаларды сіңіру (аб­сорбция) қасиеті.

Топырақтың физикалык-химиялық сініруі немесе алмаса сіңіруі деп топырақтың катты фазасындағы иондардың тең мөлшерде алмасуын айтады. Демек, бір иондар алмасу реакциялары аркылы екінші иондармен орын алмастырады. Топырақтың химиялық сініруі — топырақтың кейбір иондарды сіңіруі арқылы суға ерімейтін немесе өте аз еритін тұздарды түзу процесі. Топырақтың биологиялык сіңіруінде топырактың тірі бөлігі аркылы (микроорганизмдер мен тамырлар) әр түрлі заттарды сіңіреді. Бұлардың ішінде физикалык-химиялык немесе алмаса сініруіне академик К. К. Гедроиц баса назар аударғанды. Ғалым алмасу реакцияларына қатысы бар косылыстарды «топырактың сіңіру кешені» деп атаған. Топырактың сініру кешеніндегі катиондар әр уакытта өзіне тең мөлшердегі баска катиондарға ал­маса алады.

Топырактың сіңіру мүмкіндігі әр түрлі болып келеді. Топырақ неғұрлым карашірікке бай, механикалық құ-рамы ауырлау балшыкты болса, оның сіңіруі соғұрлым сапалы әрі мол болады, ал топырак қарашірікке кедей, кұрамы жецілдеу күм, кұмдақ болса, оның сініру мүмкіндігі де шамалы болады.

Топырактын сініру касиетінің маңызы өте зор. Ол әр түрлі заттарды өзіне сіңіріп, әсіресе өсімдікке керекті заттарды үстап калу аркылы өз кұнарын арттыра түседі. Сіңірілген заттардың ішінде өсімдіктерге кажетті азот, фосфор, калий, кальцийлермен катар баска да микроэлементтер кездеседі. Сінірілген заттардың кұрамы-на байланысты топырақтың физикалык және химиялық қасиеттері де әр түрлі болады. Әдетте құрамында каль­ций катионы бар топырактардың қасиеттері жаксы, ал кұрамында натрий катионы мол топырактардың физи­калык касиеттері өте нашар, сортаңданған немесе кебір топыракты болып келеді. Ал топырақ құрамында СО3, Cl , SO4 иондары мол болса, онда өсімдіктер уланып, ештеңе өспейді. Олар сорланған, тұзы мол топырақтарға жатады. Бүл топырактарды егістікке пайдалану үшін оның түзын шайып, мелиорациялау керек.

Әр түрлі топырақ ортасынын реакциясында әр түрлі болып келеді. Бұған, негізінен, топыракка сіцірілген, алмасу реакциясы катысатын катиондар күрамы эсер етеді. Топырақтардың сіңірген кұрамына карап, олардың реакциясын кышкыл, бейтарап, сілтіленген екенін ажыратады. Топырактыц кышкыл ортасы, топырактын сіңіру кешені сутегі катионымен толыктырылады. Бүл топырактар — еліміздіц (ТМД) терістік жарында, жа-уын-шашын мол болатын аймакта тараған күлгіп топы­рактар мен тундра топырактары.

Бейтарап орта сіціру кешені, негізінен, кальций ка­тионымен толыктырылған топырактарда болады. Мұн-дай топырактар ТМД елдерініц орталык аймактарында жаткан кара топыракты, қызғылт-кара қоңыр топырак­ты аймактарда тараған. Ал сілті реакциясы мен сіңіру кешені, негізінен, натрий катионымен толыктырылған топырактарда кездеседі. Мүндай топырактар ТМД елдерінің оцтүстік аймақтарындары сортацданған, сор жерлерінде үшырасады. Топырақ ортасының реакциясы топырақ ерітіндісін бос күйінде кездесетін сутегі ион-дарының концентрациясы аркылы аныкталады, оның белгісі — РН. Әр түрлі топырак ерітінділеріндегі РН-нің мөлшері 3—10 сандарыныц аралығында, күшті кышкылды ортадан күшті сілтіленген ортага дейін болады. РН-нің көрсеткіші 3-тен 6,5-ға дейін болса, бұл кышқыл то­пырактар, 6,5—7,5-на дейін болса, бұл бейтарап топы­рактар, ал РН-нің көрсеткіші одан жоғары болса, олар сілтіленген топырактар катарына жатады.

Топырак ортасының реакциясы топырак касиеттеріне, ондағы өсетін өсімдіктер мен өмір сүретін микроор ганизмдерге, жалпы топырақ кұнарлылыгына әсер ететін негізгі бір фактордың бірі. Топырақ ортасынын реакциясы бейтарап түрде өсімдік жаксы өседі. Ал өте қышқыл немесе сілтілі ортада топырактар микрооргаиизмдер үшін де, өсімдік үшін де колайсыз. Сондыктан мүндай топырактарды егістікке тиімді пайдалану үшін колдан әктендіріп, гипстендіріп, топырақ ортасынын реакциясын бейтарап күйге келтіру қажет, бұл—топырак қүнарын арттырудын негізгі шарасы. Қазіргі кезде ТМД елдерінде ауыл шаруашылыры үшін игеріліп жатқаң кара топырақты емес, кен алкапты егістік алкабына айналдыру үшін олардың кышкыл ортасын төмендету қажет. Ол үшін бұл топырактарға әк, гипс қоскан жөн.

Бақылау сұрақтары:


  1. Топырақтың сіңіру немесе жұту қабілеті дегеніміз не?

  2. Топырақтың сіңіру немесе жұту қабілетінің түрлерін атаңыз?

  3. Топырақ орта реакциясына байланысты топырақ түрлері қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
Апта 6

Дәріс №6

Тақырып: Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері

Мақсаты: Студенттерді топырақ фазаларымен, ауасы және ылғалымен, олардың түрлерімен кеңінен таныстыру.

Дәріс мазмұны: Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері.

Топырақтың су режимі. Топырақтағы су түрлері (гигроскопиялық, гравитациялы, қылтүтік, химиялық байланысқан). Су өткізгіштігі, су көтеруі, су сыйымдылық. Г.П.Высоцкий еңбектері.

Топырақ негізгі үш фазадан тұрады: топыраі. гын катты фазасы, топырақтың ауасы және ылғалы. Сонғы жылдары көрнекті топырақ зерттеуші профессор А А. Роде төртінші фаза ретінде топырақтың тірі фазасын ұсынды. Бүл әбден дұрыс сияқты, себебі төменгі сатыды жәндіктер мен өсімдіктерсіз, микробтарсыз топырак болмайды

Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болгандықтап, оның құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Бұл ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашыннан, жер бетіндегі су мен жер астындағы ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр килы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерде тапшылау. Ал топырақтағы ылгал өсімдіктерге турліше сіңеді. Ылгалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырактағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді.



Химиялық байланысқан су. Бұл — топырак минералдарының химиялык. құрамына кіретін ете тығыз байланыска түскен су. Сондықтан ол топырақтағы биология-лык қүбылыстарға катыспайды.

Бу күйіндегі су — топырақ кеуектерінде судың әр түрлі температурада булануынан пайда болатыл су. Бу күйінде өсімдіктерге сіңбейді, ал тамшыға айналған кезде өсімдіктер жақсы сіңіреді.

Гигроскопиялық су — топырақтыц беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйіндегі су. Ол өсімдіктерге пайдасыз, топырақпен өте тығыз байланыскан, өйткені оны 100 градустан астам температураға дейін қыздырған кезде ғана буға айналады.

Қылтүтік суы — топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжып жүретін су, оңы өсімдіктер оңай сіңіре алады.

Гравитациялык су өз салмағымен топырақтың жоғарты кабатынан төменгі -қабаттарына жылжитын сулар, өсімдіктерге онай сіңеді. Бірақ өз салмағымен жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, сондықтан ол жер асты ыза суының қорына косылады.

Жер асты ыза суы — топырактың, көбінесе топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі терең кабатында әдетте, су өткізбейтін қабатына жиналатын су. Топырақ кабатында көп тереңдікте жатады, топыраққа және өсетің өсімдіктерге еш әсерін тигізбейді.

Топырақ суын ен таза су деп түсінбеу керек. Оның кұрамында әр түрлі коректік заттар кездеседі. Сондыктан топырақ суы — оның қүнарлылыгының бір негізгі шарты Академик Г. Н. Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келе оңы адам канымен салыстыргаң еді.



Топырақ ауасы. Топырак копсыған кеуек дене, сондықтан оның құрамында барлык уакытта азды-көпті ауа болады. Топырақтағы ауаныц мөлшері топырактың ылгалдылығына, тырыздылыгына, өнделу жағдайларына, механикалык құрамына, оңда өсіп тұрған есімдіктерге т. б жағдайларга байланысты .

Топырақ — көптеген өсімдітер мен микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, органикалык заттарды ыдыратып, ауага ушырады. Соныц нәтижесінде топырақ ауасының кұрамы атмосферадағы ауаға қараганда өзгеше болады. Мысалы, топырак ауасындағы көмір кышкылының мөлшері 0,15—1,65 процент шамасында, ал атмосферағы мөлшері небәрі 0,03 проценттей ғана болады. Топырақ ауасындағы оттегі атмосферадагы оттегіне қараганда анағурлым аз.

Топырак ауасы оны мекендейтің өсімдіктер мен микрорганизмдерге көп әсер етеді.

Топырақтың ылғал сиымдылығы. Топыраққа келген су оны ылғалдап, оның ұсақ бөлшектерін бірнеше қабат болып қоршап алады. Су топыраққа жа-бысып қалады, оиы топырақ беткейлігімен берік ұстап тұрады. Судың кабаттары топырақ бөлшектеріне неғұр-лым жақын болса, олардың езара байланысы солғұрлым берік болады да, су топырақта солғұрлым берік ұстала-ды. Сонымен бірге, су топырақтың тар куыстарында — қылтүтіктерінде де ұсталады.

Су өз салмагыныц әсерінен еркін төмен өте алатын жағдайда топыра^тьщ су ұстап қалу қабілетін топырақ-тьщ сутутқырлық қабілеті, ал соған сэйкес жағдайларда ұсталып қалган судың мөлшерін топырақтьщ ылгал сиымдылығи деп атайды.

Түрлі топырақтардың ылгал сиымдылығы да түрліше болады.

Қарашірікке бай 100 грамм сазды топырақ 50 грамм не одан көбірек суды ұстай алады, ал 100 г. құм топырак 5 грамнан 25 грамға дейін ғана су ұстай алады. Саз жә-не саздақ топырақтардың жыртылған қабатынан альш-ған 100 г. топырақ көбінесе 30—40 г (30-40 процент) су ұстай алады; шымтезекті топырақтардын, ылғал сиымды-лығы өте жоғары болады —100, 200, 300 процент кейде одан да кеп.

Топырақтың су сиғызғыштығы. Егер топырактық астында су еткізбейтін кабат болса, күшті жаңбыр не суару кезінде оньщ барлық қуыстары суға толады. Топырақтын куысы неғұрлым көп болса, оған солғұрлым көп су орналасады. Судын бұл мөлшері то пырақтық су сиғызшштырына сәйкес келеді.

Топырақтың ылғал сиғызғыштығы көлемі жөнінен альт қараганда өзінің кеуектілігіне тең екендігі анык,. Су сиғызғыштығы топырақтық ылғалы сиымдылығынан ажырата білу керек, ылғал сиымдылык, дегеніміз — то­пырак, тольщ ылғалданып, артьщ су қуыстар арқылы те­мен немесе ылдиға щарай жанжағына еркін агып кете алатын жағдайларда топырақ ұстап қалатын судыц мөл-шері.

Топырақтағы судық әр түрі. Топырақ-тағы судың сапасы бірдей емес. Топырақтағы судың бір-бірінен айырмашылығы үлкен, ец басты алты категория-ларын ажыратып көрсетуге болады: 1) байланыщан, еріксіз, топырақ бөлшектері өте берік ұстап тұрған су, мүньщ көпшілік бөлімі өсімдіктерге пайдасыз; бұл гигроскопиялық, өте гигроскопиялық және жұқа қабат түзетін су; 2) топырақтағы орташа мвлшерлі кеуектерде ор-наласқан қылтүтік суы; 3) топырақтан темен қарай, не ылдиды бойлап жан-жағына ағып кете алатын еркін, гравитациялық су 4) топырақ ауасының ішінде болатын бу түріндегі су; 5) топырақ қатқанда пайда болатын қат-ты (мұз) су; 6) елген, бірақ шіріп үлгірмеген өсімдіктер-дің клеткаларында болатын клеткалық (осмостық) су.

Топырақ құнары мен онда болатын процестерге оныц физикалык касиеттері көп эсер етеді, үйлесімді су-ауа режимі физикалык касиеттерге тікелей байланысты. То-пыракта коректік заттар жеткілікті болып, ауа немесе су тапшы болса, есімдіктер нашар өседі, ал кейде тіршілігі токтап калады. Топыракта ауа мен судын үйле-сімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дәрежесімен аныкталады. Ал кеуектілік топырактын түріне байла­нысты. Адамдар топырактын кеуектілігін жасау үшін оны колдан өңдейді. Қопсыған, жыртылран бір кг топы­рактын жартысына дейін кеуек болады да, калғаны катты бөліктін үлесіне тиеді. Шымтезекті топырактарда кеуектілік одан да артық, ал кұм топырактарда кеуектілік 30—40 болады. Өсімдіктер тамырлары кеуекте жаксы өсіп, онай тарамдылады.

Топырактын су өткізгіштігі де оиын кеуектілігіне тікелей байланысты. Қүрылымы жаксы топырактарға су оңай сініп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырактарда су мен қатар, жеткілікті мөлшерде ауа да сакталады. Сондыктан да бұл топырактарда судын булануы темендейді де, сінген ылғал ысырап болмай, біраз уақытка дейін дүрыс сакталады. Топырактын суды өзіне сініріп, үстаи калу касиетін «су сыйымдылыры» деп атайды. Әр түрлі топырактын су сыйымдылығы да әр түрлі. топырактың су сыйымдылыгына онын кеуектілігімен катар, механикалык кұрамы, топырактағы карашіріктін мөлшері де әсер етеді. Мысалы, карашірікке бай 100 г балшықты топырак 50 грамдай суды бойына үстаса, 100 г кұмдак топырак небәрі 5—25 г ғана суды үстай алады. Ал органикалык заттарға өте бай шымтезекті топырактардың 100 грамы өзінен екі-үш көп суды сініре алады.

Топырактын кұрылымы бұзылып, кажетті кеуектілігі сакталмаса, онда ол нығыздалып, кыл түтіктер бірі-бірімен жалрасып, ылғал осы кылтүтіктер аркылы тез буланып кетеді. Мүндай жағдайды болдырмас үшін топыракты дер кезінде өндеп отыру кажет. Ал суармалы жерлерде топырақты суару шаралары ретсіз жүргізіл-мей, онын су сыйымдылығы, су өткізгіштігі т. б. сиякты касиеттерін ескерген жен. Топырактын жылылык касиеті — онын кажетті касиеттерінін бірі, жылу белгілі бір мөлшерде жеткен кезде гана өсімдіктер тамыр жая бастайды. Жылу әсерінен микробиологиялык және хи-миялык процестердін каркыны өзгереді. Топырак жылуды күннен алады. Сонымен катар жылу топырактагы микробиологиялык процестерден, өсімдіктер мен жануарлар калдыктарынын ыдырап-шіруінен, кейбір топы­рак күрамындары заттардын өзара косылыска түсуіндегі реакциядан және баска кұбылыстардан пайда болады. Әр түрлі топырак күн нүрынан түрліше кызады. Ашык түсті топырактарға карағанда, карашірікке бай кара топырактар мен кызғылт- кара коңыр топырактар анағүрлым тез жылынады. Ал кұмдак топырактар балшыкты топырактарға қараганда жылдам кызады.

Кейбір сортанданган немесе түзды топырактар еліміздін онтүстік жэне орталык зоналарында басым. Оларды тиімді пайдалану үшін алдын ала мелиорациялау кажет. Ал біраз аймактардың топырактары қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты кұнарсыз топырақка айналған. Мысалы, Достастык мемлекеттерінің терістік және батыс аймактарында ылғалдын молдығынан батпакты топырактар көп кездессе, онтүстік алкаптарында ылғалдын аздыгынан шөлейт немесе нағыз шел топы­рактары кездеседі. Табиғи жардайда бұлардың кұнары жоқтың касы. Олардын кұнарын арттыру үшін шелді аймактарды колдан суарып, батпакты аймактарды күрғатып, топырактын ауа-ылгал тәртібін реттеу кажет.

Бақылау сұрақтары:


  1. Топырақ ылғалының түрлері қандай?

  2. Топырақтың ылғал сыйымдылығы дегеніміз не?

  3. Топырақтың су-ауа режимі қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
Апта 7

Дәріс №7

Тақырып: Топырақтың негізгі типтеріне шолу.Тундралық топырақтар.

Мақсаты: Студенттерді топырақ жамылғысының жер бетінде таралу заңдылықтарымен таныстыру. «Топырақтың көлденең — ендік зоналылығы» ұғымын түсіндіру. Тундра зонасының топырақ жамылғысына тоқталу.

Дәріс мазмұны: Арктикалық ландшафттар мен тундра зонасының топырақтары. Арктикалық топырақтар – таралуы, географиялық түзілу жағдайлары. Топырақ құрылысының қысқалығы. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі. Морфологиялық және шаруашылық сипаттамасы. Ауа-райы ерекшеліктері – қысқа аязсыз кезең, ауаның жоғары ылғалдылығы мен топырақтың жазда толық ылғалдануы, қыстағы желдер. Мәңгілік тоң әсері. Тундралық өсімдік жамылғысы.Тундралық-глейлі, тундралық-батпақты және т.б. топырақтар.

Жоғарыда сипатталған топырақ түзуші негізгі факторлар — климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі т. б. өздері мекен еткен астрономиялық жағдайда, Жер шарының айналу жардайларының әр жерде әр түрлі болуларына қарай өздеріне тән өзгерістер болып тұра-ды. Әсіресе, бұл өзгерістер терістіктен онтүстікке қарай жылжыранда межелері анық байкалып, әр түрлі зоналарға бөлінеді. Бұл топырақ түзуші факторлар зоналық тәртіпке барынып, ретімен таралғандықтан, әр жерде әр түрлі зоналык топырақтар кездеседі. Сонымен, жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай жыл-жыран сайын табиғат жардайларынын біртіндеп өзгер-уіне байланысты топырақтын да өзгеріп, әр түрлі зона-ларра бөлінуін «топырақтың көлденең — ендік зоналыры» дейді.

Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазык. алқаптарға қарағанда өзгеше. Онда ауа райы да, өсім-діктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық көзге түседі. Географиялық жағынан алып қараранда, таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен, жоғары қарай өрлеген сайын табиғаты, климаты өзгере береді. Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. То-пырақтың бұлай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырактын «тік — белдеулік зоналығы» деп атайды.

Топырақтың мүндай тәртіппен таралып орналасуын, яғни ендік және тік, белдеулік зоналарға бөлінуін алғашрет зерттеп, дәлелдеген топырак зерттеу рылымы-ның негізін салушы орыс ралымы Б\ В. Докучаев еді. Жер бетінде, негізінен, топырақтың көлденен зоналык таралуы басым келеді, ол биік таулы алқаптардын, аз-дырына байланысты.

Ал енді Қазақстан топырақтарының толық сипатта-масына арнайы кіріспей тұрып, әлемнің алтыдан бір бө-лігін алып жаткан кең-байтақ (кұрамына Қазакстан территориясы да енетін) ТМД елдерінің мысалында не-гізгі зоналық (ендік) топырақтардын қысқаша сипатта-масына токталамыз. Бұл жардай Қазақстан окырман-дары үшін көрші Достастык мемлскеттер топырағынан мәліметтер алумен қатар, табираттың. ерекше сыйы —топырақтың әлемде таралу заңдылыктарын түсінуге, өздерінің ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүны солтүстіктен оңтүстікке карай баяндаған дүрыс.

Тундра зонасы. Бұл зона, негізінен, Ресейдін солтүс-тік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мүхиттағы кейбір аралдар, Қиыр Шығыстағы Камчатка түбегі де кіреді. Зонанын келемі 688 мын шаршы км не-месе ТМД елдерінің барлык жер көлемінің 7,6%-тін алып жатыр. Геологиялык жасы жағынан алып карағанда, бұл аймак — мүз дәуірінен кейін босаран жас аймак. Бұл зона — әлемдегі ен суык зонаның бірі. Қысы 7—8 айра созылады, жазы өте қыска әрі салқын болады. Зонадағы вегетациялык кезеңнін үзактығы небәрі 2—3 ай ғана. Ылрал аз түседі, жылына 150—300 мм әрі күні суык, булану аз болады және топырақтын астын мыңда-ран жылдан мәнгі тоң басып жаткандықтан ылғалдың жерге сіңуі де жоқтың. қасы. Ылғалдын жер бетіне сін-уінің мардымсыздырынан аз түскен ылғалдың өзі бүл жерде керекті мөлшерден артык.

Бұл аймакта калыпты өмір сүру үшін күн сәулесінің жетіспеушілігі, ауа райынын суықтылыры тіршіліктің дамуына колайсыз. Күннің суықтырынан топырак кабат-тары үзак жылдар бойы тон болып жатады. Тек жаздың 2—3 айында рана топырактьщ беткі кабаты еріп, мұздан арылады. Осындай табират жағдайына қарай мұнда өсе-тін өсімдіктер шамалы. Негізінен, қына мен мүк, қыш-қыл өлең шөптер, бұталар, қара бүлдірген өніп-өседі, ал онтүстікке таман жылжыған сайын, шілік және баска ағаштар өсетін орманды тундра басталады. Дегенмен бұл жерлердін араштары мардымсыз.

Тундра топырағы тоңның әсерінен әр түрлі бөлшек-ке бөлінетін ыдырамалы батпакты, кей жерлерде шым-ды-шалрынды, батпакты-күлгін болып келеді.

Бұл зонада, негізінен, бүғы шаруашылығы жаксы дамыран. Егіншілік жоктың қасы. Қейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өңдеп, тыңайт-қыштар енгізіп, көн төгіп, аздаран мелшерде тез пісетін көкөніс, басқа да дақылдар егуге болады.

В.В. Докучаев тундра топырақтарының генетикалық типтерін ажыратып жазған болатын. Н.М. Сибирцев 1900 жылғы классификасында тундра топырақтары зоналық топырақтар деп көрсетілген. Д.А. Драницина (1914) , А.А. Григорева (1925 ж), М.И. Сумгина(1927), Б.И. Городкова (1932) , Е.Н. Иванова(1936) және т.б . ғалымдар еңбектерімен байланысты.

Тундралық глейлі топырақтарда оргогенді және әртүрлі дәрежеде глейленген минералды қабат болады. Тундралық глейлі топырақтардың төрт тип тармағына бөлуге болады:



  • тундралық әлсіз глейлі гумусты топырақтар

  • тундралық глейлі гумусты топырақтар

  • тундралық глейлі торфты топырақтар

  • тундралық глейлі күлгіндеген топырақтар

Тундралық әлсіз глейлі гумусты топырақтар негізінен Солтүстік-сібір провинциясы жерлерінде таралған. Топырақтың қабатты беткі жұқа торфты төсеніштен (2-3 см), гумусты қабаттан А1 (3-5 см) және татты дақтары бар минералды қабаттан түрады. Топырақ қабатының қалыңдығы 40 – 60 см, ал жоғарғы қабаттағы гумус мөлшері , ол В қабатында 1,5 – 3,5 %. Негіздерге жақсы қаныққан.

Тундралық глейлі топырақтар арктикалық тундраның европалық бөлігінде және Солтүстік-сібір провинциясының өте ылғалды жерлерінде кездеседі.Торфты төсеніш қабатының қалыңдығы А0 – 2 -3 см. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 60- 80 см. Топырақ ортасы қышқыл, негіздерге қанығуы 20-50%.

Тундралық глейлі торфты топырақтарына Оңтүстік және орманды тундра топырақтары тән. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 60- 100 см. Беткі торфты төсеніш қабатты

А0- 5 -7 см Глейлі горизонтты гумус мөлшері 1,5 – 6 % дейін.

Тундралық глейлі күлгіндеген топырақтар . Бұл да негізінен топырақтарына Оңтүстік және орманды тундрадағы ылғалды европалық және Чукот - Анадырь провинциясыларының топырақтары тән. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 1 м-ден астам.

А0 – жұқа торфты (3 -5 см ) қабат.

А1 - гумусты горзионтты ( 5 – 10 см )

G – глейлі горизонтты ( 20 – 40 см )

Тундра топырақтары негізінен қышқыл немесе өте қышқыл топырақтарға жатады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет