С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Топырақ географиясы»



бет7/12
Дата08.06.2018
өлшемі1,24 Mb.
#42062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары:

  1. «Топырақтың көлденең — ендік зоналылығы» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тундра зонасында қандай топырақтар таралған?

  3. Тундра зонасының топырағын зерттеген ғалымдарды атаңыз?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
Апта 8

Дәріс №8

Тақырып: Тайга-орман ландшафттарының топырақтары

Мақсаты: Тайга-орман зонасының табиғат жағдайына және онда тралған топырақ жамылғысына тоқталу. Күлгін, шымды, батпақ топырақтарының морфологиялық белгілеріне тоқталып өту.

Дәріс мазмұны: Тайга зонасының күлгінді, шымды-күлгінді топырақтары.Шымды-күлгін топырақтар. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі. Күлгін, шымды, батпақ топырақтарының морфологиялық белгілері. Батыстаң шығысққа қарай құрлылықтың ұлғайуы. Өсімдік жамылғысы, биомасса мен құрғақ бөлік көрсеткіштері.Еуропалық, батыс және шығыс сібір тайгаларының айырмашылықтары.
Тундранын онтустігіне қарай өте кен алкапты орман­ды тайга зонасы алып жатыр. Оның көлемі ТМД территориясынын 52%-не жуық 11520 мын км2, негізінен, ор манды-тайга. Зонанын 20%-тей жері батпакты аймақ. Бұл аймақта да өткен дәуірлерде түгелдей мұз жаткан. Сондыктан мүз әсерінін калдықтары әлі сақталған.

Бұл зонанын да ауа райы салқын. Қысы ұзак әрі суык, катты болса, жазы — кыска. Жылына жерге 400— 700 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану аз болған-дыктан, түскен осы ылғалдын өзі мөлшерден асып, то­пырак кабаттарындағы суға ерігіш заттарды топырақ аетына шайып әкетеді. Ал біраз жерлерде батпақты ай-мактардын пайда болуына әкеп соғады.

Тайга жерін негізінен орман алып жатыр. Онын солтүстігінде кылкан жапырақты ағаштар өссе, онтүс-тігіне карай жапырақты ормандарға ұласады. Шырша, сәмбі тал, қарағай, кей жерлерде емен, жөке, итжүзім, шетен және қайын, көктерек өседі. Шөбі жайқалған ша-бындыкты жерлер мен батпакты аймақтар да үшыраса-ды. Жауын-шашын мол, вегетациялық уақыт жеткілікті болғандыктан, мүнда органикалық қалдыктар көп жи-налып калмай, тез шіріп кетеді. Топырак бетінде ағаш жапырағы көп түседі де, 'онын өзі аяк. астындағы төсе-ніштей болып, калындай береді, сөйтіп біртіндеп мине-ралдык затка айналады. Топырак ортасынын реакциясы қышқыл, яғни топырақтын сініру-алмасу комплексі, негізінен, сутегі катионымен, аздаған алюминий катионына каныкқан. Мұндай ортада микроорганизмдерден санырауқүлақтар көп тараған. Қышқылды ортада карашірік те жылжымалы болып, шайылып кетеді. Жауын-шашынның әсерінен сілтілер, әкті косындылар топырақ-тын төменгі қабаттарына жуылып кеткен. Сондықтан бұл зоналык топырактардың жоғарғы морфологиялык көрінісі суға аз еритін ақ-күлгін кварцка бай келеді. уБұл топырактарды осы себептен күлгін топырақтар деп атайды. Топырактың жоғарғы кабаттарынан шайылып, сінген заттар топырак астында 50—60 см терендікте не-месе одан да төменде жиналады. Бұл аймақтың топырағы, негізінен, төмендегідей үш зонашаға бөлінеді: күлгінді, шымды-күлгінді, шымды-шалғынды топырақтар.

Қүлгін топырақтар. Топырактын күлгін кабаты орман төсенішіне жакын жатады. Орман төсенішінін калыцдығы 7—8 см (А). Бұл кабаттан айрыкша бөлініп (А2), күлгін, ағарган үнға ұксаған шайылған (элювиалды) кабат жатады. Күлгін кабаттын қалындығы 30—35 см-ге жетеді. Бұл қабаттан негізгі суға еритін жылжы­малы заттардын барлығы шайылып кеткенімен, суға аз еритін кремний кышкылына бай. Күлгін кабаттан ксііін топырақтыц (иллювиалды) жинамалы (В) кабаты бас-талады. Бұл қабаттың тереңдігі 80—90 см дейін жетсді.3 Түсі кызрылт-коныр, тығыздығы қатты. Топырактыц бүл қабатына жоғарыда жаткан (А2) қабатынан темір мен алюминийдің тотыктары жиналады, ал тез жылжитын заттар бұл кабаттан төменгі қабаттарға дейін өтеді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тайга-орман зонасының климаты және өсімдік жамылғысы қандай?

  2. Тайга-орман зонасында қандай топырақ типтері таралған?

  3. Күлгін топырақтардың қандай ерекшеліктері бар?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
Апта №9: Тақырып: Аралас орман топырақтары

Дәріс мазмұны: ТМД мен шетелде таралуы.Ауа райы жағдайы. Жер бедері мен топырақтүзуші жыныстар. Өсімдік жамылғысы, биомасса мен құрғақ бөлік көрсеткіштері. Шымды-күлгін топырақтар. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі. Күлгін, шымды, батпақ топырақтарының морфологиялық белгілері.

Мақсаты: Аралас орман топырақтарының ТМД мен шетелде таралуына, ауа райы жағдайына, жер бедеріне, топырақ түзуші жыныстарға және топырақ типтеріне тоқталып өту.
Тайга зонасының оңтүстігінде аралас қылқан жапырақты орман зонасы орналасқан. Бұл ормандар әсіресе Шығыс - Европа жазығы территорясында кеңінен таралған. Бұл ланшафт топырақтары Ресейдің европалық бөлігіне тән. Аралас орман зонасының киматы тайга орманды зонасының климатына қарағанда ауа райы жылы, жазы ұзақ. Жылдық атмосфералық жауын шашын мөлшері 500-600 мм . Батысқа қарай Ресейдің азиялық бөлігінде климат қатаңдай бастайды, булану мөлшері көп. Өсімдіктер дүниесінен шырша , қайың, пихта кең таралған. Био массасы 2000 - 3000 ц \ га.

Шығыс - Европа жазығына көбіне шымды күлгін топырақтар тән. Олар саздақты топырақ түзуші жыныстар негізінде түзіледі.

А - орман төсеніш қабаты , қылқан жапырақты ағаштардан түскен түсімнен тұрады. Қабат қалыңдығы 2 – 5 см.

А1 - гумусты горизонт. Жоғарғы бөлігінде шөптесін өсімдіктердің тамырлары көптеп таралған. Түсі сұр түсті. Құрлымы тамыр көп таралған жерлері кесекті.

Қабат қалыңдығы 5 – 20 см.

А2 - күлгін қабат . Ашық сұр түсті. Бұл горизонтқа жапырақты - пластинкалы құрылым тән. Қабаттан сондай - ақ қара және құба түсті марганецті және темір конкрецияларын байқауға болады. Қабат қалыңдығы 20 -25 см.

В - иллювиалды горизонт. Түсі қара - қоңыр құба түсті. Өте тығыз. Құрлымы жаңғақ тәрізді. Үстіңгі бөлігінде құрлым ұсақ жаңғақты, төменге қарай құрылым көлемі ұлғая береді. Қабат қалыңдығы 1 м, кейде одан да көп.

Аралас орман зонасында өзендер аралығында топырақтың беткі батпақтануы пайда болуы мүмкін.Анаэробты процестердің дамуына жағдай туады, шөпті алқаптар орнына сфагнум мүктері дами бастайды. Беткі ланшафты батпақты аймақтарда торфты - күлгін -иейлі топырақтар түзіледі. Негізгі ерекшелігі иейлі горизонттың болуы. Бұл топтың құрлысы төмендегідей:

А - торфты қабат, мүкті жамылғы мен мүк және қылқан жапырақтың жартылай ыдыраған қалдықтарының астында жатады. Түсі негізінен қара құба.

Қабат қалыдығы 10 – 20 см.

А1- гумусты қабат , қара түсті, қабат қалыңдығы 10 см шамасында.

А2 - күлгін қабат , сұр түсті, қабат қалыңдығы тұрақсыз.

В - иллювиалды горизонт. Түсі дақ тәріздес.

Жоғарыда аталған топырақ қабаттарының шымды - карбонатты топырақ қабатты немесе рендзиннен ерекшелігі көп. Бұл топырақтың кальций карбанатына байланысты топырақ жынысы түзілген. Бұл топырақ Ленинград обылысы, Латвия,Эстония жерлеріне тән.

Шымды - карбонатты топырақ құрлысы ынандай :

А қабатты - түсі қара , құрлысы дән тәріздес, қалыңдығы ге дейін.

В қабаты - өтпелі , қара құба түсті, қалыңдығы 15 – 18 см.

Шымды-күлгін топырақтардын күлгің топырақтардан айырмашылығы сол, мүнда орман төсеніші жөнді емес, калындығы 2—3 см ғана. Төсеніштін өзі тек сынып түскен, шіріген ағаштар мен кураған шөптердіц қалдыкта-рынан түрады. Бұл төсеніштен кейін шымды кабат басталады. Онын түсі — коныр-сұр, қалыңдығы 10—20 см. Бұл кабатта, негізінен, шөптердің тамырлары таралган. Ал одан кейін аса дамымаған күлгін кабат жатыр. Тек қана шалғын шеп өсетін ормансыз жерлерде шымды-шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бүл зонада олар көп емес. Онын біразын шалғыпды-батпакты топырақ-тар алып жатыр.

Өсімдіктер үшін коректі заттарға бүл зонаның топырактары кедей, оныц қарашірігі де өте аз 0,5—1,5%, то-пырак. ортасыиың реакциясы кышқыл РН—4,5—5,5%. Бұл зонада Ресейдін негізгі ор.ман шаруашылығы дамы-ған. Егін, бау-бакша егуге зонанын, тек 4,5—5%-і ғана игерілген. Оның өзі де зонанын батыс жак белігінде.

Бүл топырактарды егістік жерге айналдыру үиіін міндетті түрде органикалық және минералды тыңайткыштар ендіріп, топырактың қышкыл реакциясын төмендететін известь (әк) колдану кажет. Соңғы жылдары кара топыракты емес алкапты ауыл шаруашылығына кең көлемде игеру жүмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымды-күлгін топырақтардан сілтілер, известер шайылып кеткен. Оның сіңіргіштік комшіексінің құра-мында кальций және магниймен бірге топыраққа қышқыл реакция беретін қышқылдар мен судьщ бір бөлігі — сутегі және алюминий болады.

Топырақтың жоғарғы 5—10—20 см тереңдігінде жатқан қабаттары әсіресе күшті шайылады. Мұндай тереқдіктерде топырақтың бөлшектерін 'біріктіріп, желімдеп тұратын қара шірік өте аз болуына, сондықтан су мен қышқылдардыц еріткіштік әрекеттерінің ерекше күшеюі-не байланысты. Тек кварц минералы және структурасы «ұнға» ұқсас кремний тотығы ғана аз ериді, олар топырақтың жоғарғы қабаттарында, әсіресе, қышқылдар мен суға басқалардан көрі күштірек шайылатын қабаттарын-да жинақталады. Мұнда топырақтың 100 бөлігіне кварц пен кремнийдің ұн (аморфты) тәрізді тотығының 80— 85 бөлігі келеді. Бүл қабат қышқылдарға жуылған кварц түйіршіктері мен кремнийдің «ұн» тотығы көп болган-дықтан ақшыл түсті келіп, күлге үқсас болады. Сондық-тан оны күлгіндеу қабат, ал мұндай қабаты бар топы-раіқтарды халыіқ күлгін топъірақ деп атайды.

Топырақтын, жоғаргы қабаттарынан шайылған уақ, коллоидтық бөлшектер: қарашірік, темір, алюминий және марганецтің су тотығы, известь және басқа заттар сумей бірге топырақтың төменгі қабаттарына өтіп, 50 см шамасындағы тереңдіктерде шөгеді, ал бірқатар бөлігі ыза суларына да қосылады.

Климат, өсімдік және аналық жыныстардың әртүрлі болуына байланысты тайга аймағының түрлі жерлерінде күлгіндену процесінің даму дәрежесі мен күлгіндеу топы-рақтардың қүрылысы бірдей емес. Бұл аймақты күлгін-деу топырақтардың,өзгешеліктеріне қарай үш бөлімге белуге болады.

Бұл аймақтың тундраға шектес жатқан солтүстік бөлімінде климат суығырак келеді. Мұнда ағаштар нашар өседі. Ормандардың көпшілігі кылқан жапырақты орман-дар, олар да жақсы өспейді. Олардың астында мүктер мен' бұталар ғана өседі, ал шөп жоқ есебінде. Өсімдік-тердің тамыр жүйесі нашар, жұқа шым горизонты ғана құрылады.

Климат бірқатар суық болғандықтан топырақ суы нашар буланады, сондықтан топырақтар жылдың көпшілік уақытында өте дымқыл болып, желге жеткіліксіз қа-ғылады. Ауаның, оның негізгі бөлімі — оттегінің жеткіліксіздігі топырақтағы түрлі минералдардың шала тотығуына соқтырады. Мысалы, оттегі жеткілікті болған жағдайларда темір өзінің әрбір екі бөліміне (екі молекулаға) үш бөлім (үш молекула) оттегін қосып алады, демек темірдің бір молекуласьша бір жарым молекула оттегі қосылады: бұл «темір тоты», не қызыл-коңыр түсті темір тотығы. Оттегі жеткіліксіз болса темірдің әрбір бө-лімі бір жарым емес, оттегінің бір бөлімін ғана қосып алады. Мәдени өсімдіктер мен бактериялардың көпшілі-гі үшін улы, жеткілікті тотықпаган шала тотык, пайда болады. Темірдің шала тотығының фосформен косындысы жасылдау, көкшілдеу болады. Оның мелшері көп бол­са топырақтың түсі де жасылдау, көкшілдеу болады. Мүндай топырақтарды глейленген топырақ деп атайды. Тундрамен көршілес солтүстіктегі күлгіндеу топырақтар әдетте глейленген болады, сондықтан оларды глейлі-күлгін топырақтар деп атайды. Бүл күлгін топырактардың ішіндегі ең қышқыл және ен, құнарсыз топырақ.

Глейлі-күлгіндеу топырақтардан оңтүстікке қарай климат жылырақ болады, сондықтан қылқанды орман-дар (оның астындагы мүкті-бұталы- қабатымен) жақсырақ өседі. Топырақтық үстінде бұтак, кылқан және жапырақтан құралған төсеніш анагұрлым көп жиналады. Ол мүкпен бірге калыңдығы 5— 6 сантиметрлік қалың төсеніш құрайды. Төсеніштің ас­тында жұқа (1—5 см) шым горизонты, одан темен струк­турасы ұн не жапырақ тәрізді ақшыл, анағұрлым қалың күлгіндеу горизонт, ал оның астында қырлыжаңғак (рудяк) структуралы горизонт жатады. Баурайларда артық ылғал болмағандықтан бұл топырақ глейленбеген, бірақ жоғарғы горизонттарының реакциясы кышқыл болады. Бұл топырақтарды күлгіндеу топырактар деп атайды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Аралас орманды зонаның климаты мен өсімдік жамылғысы қандай?

  2. Аралас орманды зонада қандай топырақтар таралған?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
10: Тақырып: Жапырақты орман топырақтары.

Дәріс мазмұны: Сұр орман топырақтары.ТМД-да таралуы.Ауа райы жағдайы. Жер бедері мен топырақтүзуші жыныстар. Өсімдік жамылғысы, биомасса мен құрғақ бөлік көрсеткіштері. Сұр орман топырақ морфологиясы. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі. Кұба орман топырақтары.

Мақсаты: Сұр орман топырақтарының ТМД-да таралуына, ауа райы жағдайына, жер бедері мен топырақ түзуші жыныстарға тоқатлу.

Орманды-дала зонасындағы сұр топырақтары. Күл-гін топыракты зона мен кара топыракты зоналардың арасында жіцішке болып ирелендеп, батыстан шығыска карай созылып, етпелі зона — орманды-далада, орманнын, сур топырактары жатыр. Бүл, негізінен, ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетін алкаптардың топы-рағы. Бүл екі алкаптардың орманды жерлері басым. Орманды алкаптардың көлемі 716 мың шаршы кило­метр, ал ормансыз алкаптардың көлемі 477 мың шаршы километр.

Орманды территорияларда орманның сүр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды кара топырак таралған.

Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық касиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орман-нын сұр топырағынын кұрамындағы қарашіріктің мөл-шері 2—6 проценттей болса, ал шалғынды кара толы-рақтарда қара шірік 10 проценттей болады.

Бул зона егіске жақсы игерілген. Игерілу жөнінен қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зона-ның 40%-тен астамы жыртылған жерлер. Негізінен, би-дай егіледі. Зонаның 25%-тей жерін орман алып жатыр. Негізгі көлемі Ресей мен Украина үлесіне тиеді. Қазак-станның ең шеткі терістігінде бұл зонаның біраз көлемі орын алған.

Сұр орман топырақтары белгілі бір зона түзбейді. Сұр орман топырақтары Белоруссияның батыс бөлігінен Байкал көлі маңына дейінгі зонада созылып жатыр. Сұр орман топырақтары континентальды климат жағдайында дамиды. Климаттың суықтығы мен қатаңдығы батыстан шығысқа қарай арта бастайды. Орташа жылдық температура батысынды +70С, ал қаңтардың температурасы – 60С , ал шығысында жылдық орташа температурасы - 4,50С, қаңтардың орташа температурасы -280С. Батысында жылдық жауын-шашын 500-600 мм, ал шығысында байкал маңында 300 мм шамасында. Өсімдік жамылғысы жапырақты-шөптесінді ормандар. Жапырақты орман түсім массасы тайга ормандарының түсіміне қарағанда көп, 70-90 ц/га. Топырақ түзуші лесс тәрізді саздақты жыныстар. Бұл шөгінділер карбонатты. Сұр орман топырағының құрылысы төмендегідей.

А0 – орман төсеніші, ағаштар мен шөптесінді өсімдіктердің түсімінен тұрады. Қабат қалыңдығы 1-2 см.

А1 – гумусты қабат. Түсі сұр немесе қою сұр түсті, шөптесін өсімдіктердің тамырлары көптеп таралған. Ұсақ немесе орташа кесекті құрылымды. Қабаттардың төменгі бөлігінде кремнеземдық присыпка (ұнтақ) таралған. Гумусты горизонт қалыңдығы 20-30 см шамасында.

А2 – түсі сұр және құрылымы жапырақты –пластинкалы. Жоғарғы бөлігінде кей жерлерде анық көзге байқалмайтын кесекті құрылым, ал төменгі бөлігінде ұсақ жаңғақты құрылым кездеседі. Қабат қалыңдығы 20 см шамасында. Ұсақ темір-марганецті конкрециялар кездеседі.

В – түсі қоңыр-құба және жақсы байқалатын жаңғақты құрылым тән. Жоғарғы бөлігінде құрылымы ұсақ жаңғақты, төменгі бөлігіне қарай ірілеу келеді де призмалы құрылымға ауысады. Қабат қалыңдығы 80-100 см шамасында.

С – лесс тәрізді саздақты жамылғы қабат. Сары-құба түстес, құрылымы призмалы. Бұл қабатта карбонатты жаңа заттар кездеседі:



  • Ашық-сұр

  • Сұр

  • Қою сұр

Бұл тип тармақтарының атаулары гумусты горизонттың боялу қарқындылығына байланысты. Сұр орман топырақтарында гумус мөлері әдетте 3-8% аралығында. Оның негізгі көзі орман және шөптесін өсімдіктердің түсімі. Қолайлы климаттық жағдай топырақ фаунасы мен микроағзаларының тіршілігіне қолайлы келеді. Бұлардың іс-әрекеті нәтижесінде шымды-күлгін топырақтарғы қарағанда бұл топырақтарда өсімдік қалдықтарының өзгеріске түсуі қарқынды жүреді. Түскен түсімнің бір бөлігі ыдырамай орман төсеніші күйінде қалады.

Сұр орман топырақтарының түзілуі биоклиматтық жағдайларға байланысты. Сондықтан ашық-сұр орман топырақтары сұр орман топырақтары жолақтарының солтүстік бөлігінде, сұр топырақтар ортаңғы бөлігінде, қою-сұр топырақтар оңтүстік бөлігінде таралған. Қазіргі кезде сұр орман топырақтарының Украина, Батыс Сібір, Алтай маңы т.б. провинцияларын атап көрсетуге болады.

Сұр орман топырақтары шымды-күлгін топырақтарға қарағанда біршама құнарлы келеді. Олар дәнді-дақыл, бақша дақылдарын, техникалық дақылдарды егуге қолайлы. Бұл топырақтардың негізгі кемшілігі – көп ғасырлар бойы қолдану нәтижесінде құнарлығы төмендеп, эрозияға көп ұшыраған. Құнарлығын арттыру үшін органикалық және минералды тыңайтқыштар қосу қажет. Қышқыл ашық-сұр топырақтарға әк қосу қажет.
Құба орман топырақтары.

Құба орман топырақтары сұр орман топырақтары сияқты жапырақты ормандар астында, бірақ ылғалды және жылы климатты аймақта түзіледі. Бұл топырақтар Батыс Еуропада кең таралған. Бұл топырақтарды алғаш зерттеген неміс ғалымы Э. Раманн. Құба орман топырақтары Карпатта, Таулы Қырымда, Кавказдың жылы және ылғалды аудандарында, Ресейдің Приморье жағында жақсы дамыған. Солтүстік Америкада жалпақ жапырақты ормандардың құба отпырақтары құрықтың Атлант мұхиты жағында таралған. Ол солтүстігінде шымды күлгін топырақтар мен оңтүстігінде қызыл-құба орман топырақтары мен қызыл топырақтармен шектеседі. Топырақ қабатының құрылысы төмендегідей:

А – гумусты горизонт, сұр құба түсті, құрылымы кесекті. Қабат қалыңдығы 20-25 см

В – жоғарғы бөлігінің түсі ашық қоңыр құба, сазды, құрылымы кесекті-жаңғақты. Төменгі бөлігінде құрылымы ірілене түседі. Қабат қалыңдығы 50-60 см.

С – топырақ түзуші қабат. Лесс тәрізді саздақты жыныстар. Карбонатты жаңа заттар кездеседі.

Құба орман топырақтарында гумус мөлшері 4-6%. Батыс Еуропада тыңайтқыштарды көп енгізсе бұл топырақтардан ауыл шаруашылық дақылдарынан көп өнім алуға болады. Германияның оңтүстік бөлігінде және Францияда құба орман топырақтарын жүзім егуге пайдаланады..



Бақылау сұрақтары:

  1. Сұр орман топырақтарының ерекшеліктері қандай?

  2. Құба орман топырақтарының ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
11: Тақырып: Шалғынды және шалғынды-алуаншөптесінді далалар топырақтары

Дәріс мазмұны: Қара топырақтардың таралуы. Ауа райы жағдайы. Жер бедері мен топырақтүзуші жыныстар. Өсімдік жамылғысы, биомасса мен құрғақ бөлік көрсеткіштері. Қара топырақ морфологиясы. Топырақ құраушы жыныстар. Жіктелуі.

Мақсаты: Шалғынды және шалғынды-алуаншөптесінді далалардың қара топырақтарының жер бетінде таралу және морфологиялық ерекшеліктеріне, топырақ құраушы жыныстарға тоқталып өту.

Шалғынды даланың қара топырақтары.

Шалғынды және шалғынды-далалы ландшафттың автоморфты топырақтары қара топырақтар деп аталады. Қара топырақтар жолақ болып Шығыс-Еуропа жазығы, Оңтүстік Орал және Батыс Сібір арқылы Алтайға дейін созылып жатыр.

Полтава губерниясының егіншілеріне кара топырақ туралы оқыған лекциясында Докучаев «Топырак Ресейдің негізгі байлығы, ал оның ішінде қара топырақ — «топырақ патшасы» деген болатын.

Қара топыракты аймақ жазык келеді, онын ауа райы да жанлы. Бүл жерлердің жазы жылы, кысы суык. Түсетін ылғалдын мөлшері жеткілікті жылына 300—600 мм. Топырак түзуші жыныстар лесс тектес майда ұнтак-талған жыныстар. Қара топырақ таралған зонаның климаттық жағдайы батыстан шығысқа қарай қатаңдай бастайды. Шығыс-Еуропа жазығының оңтүстік батысында жылдың орташа температурасы 8-10 0С, ал Орта маңында -2 -30С-қа дейін төмендейді. Зонаның батыс бөлігінде қыс жылы әрі жұмсақ, ал шығысында қатаң әрі қары аз келеді.

Қара топырақтар слотүстік жарты шар материктерінде - Еуразияда және Солтүстік Америкада таралған. Олар 260 млн. га. (құрлықтың 1,7 пайызы) жерді алып жатыр, соның ішінде 23 млн га таулы қара топырақтар. Топырақ түзуші жыныстар төрттік лесстер және лесс тәрізді карбонатты саңылаулы жыныстар. Гранулометриялық құрамы көп жағдайда саздақты немесе сазды.

Қара топыракты аймақтың көлемі, орманды-далалы зонаның ішіндегі қара топырактарды косканда 1905 мың шаршы километр немесе ТМД территориясының 9%-не жуык. Қара топырақтар морфологиялық ерекшеліктері бойынша жақсы дамыған қарашірікті-аккумулятивті қабаттардың болуымен ерекшеленеді. Қара топырақтардың құрылысы төмендегідей:

А0 – дала текеметі. Қабат қалыңдығы 1-3 см, шөптесін өсімдіктердің қалдықтарынан тұрады, тек тың жерлерде кездеседі.

А – гумусты қабат. Түсі ылғалды күйде қою қарқынды қара болады. Қабаит қалыңдығы 40-60 см. Құрылымы жоғарғы бөлігінде дәнді, ал төменгі бөлігіне қарай кесектіге ауысады. Өсімдік тамырларына бай.

В - өтпелі қабат. Түсі қара-құба, бірте-бірте топырақ түзуші жыныстар түсіне ауысады. А қабатынан В қабатына тіл тәрізді болып қарашірік жылжымалары кездеседі. Құрылымы жоғарғы бөлігінде кесекті, төменгі бөлігінде қысқа призмаға ауысады. Өсімдік тамырлары аз. Төменгі бөлігінде карбонатты жаңа заттар кездеседі. Қабат қалыңдығы 40-60 см.

С – топырақ түзуші қабат. Жоғарғы бөлігінде карбонатты жаңа заттар кездеседі. Кей ғалымдар бұл қабатты карбонатты-иллювиальды қабар ретінде қарастырады және Вк әрпімен белгілейді. Төменгі бөлігінің құрылымы - призмалы.

Гумусты горизонттардың қалыңдығына байланысты қара топырақтардың келесідей түрлері бар:


  • өте қуатты - 120 см жоғары

  • қуатты - 80-120 см

  • орташа қуатты - 40-80 см

  • әлсіз қуатты - 25-40 см

  • өте әлсіз қуатты - 25 см төмен

Кара топырақтар — карашірікке ең бай топырак. Қараішірік мөлшері бұл топырақтарда 4%-тен 12—13%-ке дейін жетеді. Топырақтағы қарашіріктің мөлшеріне карай қара топырактар үш зонашаға бөлінеді:

а-- карашірігі мол немесе терістік қара топырак;

б— карашірігі орташа немесе кәдімгі кара топырак;

в — карашірігі аз немесе оңтүстік кара топырағы.

Сондай-ақ гумусты горизонттағы гумус мөлшеріне байланысты түрлері:


  • көп гумусты - 9-дан жоғары

  • орташа гумусты - 6-9

  • аз гумусты - 4-6

  • әлсіз гумусты - 4-тен төмен

Қара топырақты зонаның солтүстігінде сілтіленген қара топырақтар дамыған. Бұл қара топырақтардың басқалардан ерекшелігі карбонаттты горизонттың төмен орналасуы. В қабат пен С абатының арасында сілтіленген карбонаттар бар қабат болады. Аталуы да соған байланысты. Сілтіленген қара топырақтармен бірге қара топырақты зонаның солтүстігінде күлгінденген қара топырақтар таралған. Белгілері бойынша сұр орман топырақтарына жақын Күлгінденген қара топырақтар орманды далада орман астында түзілген деген болжам бар. Гумусты қабат қалыңдығы 30-70 см. Тұз қышқылында қайнау тереңдігі 120-150 см. А қабатының гумус мөлшері 5-12% аралығында. Топырақ орта реакциясы лсіз қышқылды (рН 5,5-6,5). Бұл топырақтар Кавказ маңының батыс бөлігінде, Молдавияның орманды далаларында таралған.

Кәдімгі қара топырақтар Украина, Орыс жазығында, Батыс Сібірде, Солтүстік Қазақстанда таралған. Олар алуан шөптесінді – селеулі өсімдік жамылғысы астында түзілген. Қазіргі таңда түгелдей жыртылған. Гумусты горизонт орташа қуатты (40-80 см). Гумус мөлшері 6-8%.

Оңтүстік қара топырақтарда гумусты қабат қалыңдығы 25 см-ге дейін қысқарады, В қабаты карбонаттарға қаныққан. В қабатының төменгі бөлігінде ұсақ ипсті жаңа заттар болады. Молдавияда және Кавказ маңы жерлерінде климаттың жылы әрі ылғалдың мол болуына байланысты гумусты қабаттардың қалыңдығы жоғары болады. Бұл қара топырақтарда гипсті жаңа заттар болмайды. Бұл қара топырақтарда мицелийлі-крбанатты қара топырақтар деп аталады.

Еуразия құрлығындағы қара топырақтар жолағын үлкен 4 облысқа бөледі:



  • Оңтүстік Европа тобы ( Молдавия, Оңтүстік Украина, Кавказ маңы жерлері)

  • Шығыс-Европа тобы (Ресейдің еуропалық бөлігінің көп бөлігі)

  • Батыс және Орта Сібір тобы (Батыс сібір және Қазақстан, Орталық сібір жерлері)

  • Шығыс Сібір тобы (Байкал маңы далалары)

Бұл зонадағы, негізінен, даланын дәнді шөбі, бұршақ тұкымдастар, жусан тағы да баска өсімдіктер өседі. Бұл шөптердің тамырлары жер бетіндегі вегетативтік орган-дарынан көп артык болып келеді. Аймакты жел жаксы қағады, күннің көзі де жаксы жылытады. Жазда жанбыр аз түсіп, өсімдік калдықтары мен жапырақтар баяу ыдырап шіриді. Сондыктан топырактын бағалы бөлігі —қарашірік мол жиналады. Топырақтыц қара түсті болатындығы да осыдан. Қарашірік топырақ бөлшектерін бірікі фіп, жаксы кұрылым структура құрайды. Топырак реакциясы бейтарап, топырақтың сіңіру-алмастыру кешепі сіңірілген кальций катионына бай.

Қара топырақтар өсімдіктерге қажетті қоректік заттарга бай келеді. Қоректік заттар жауын-шашын көп болгапдыктан және ауа райының жылылығынан жуылымның көптігі , топырақ қабаттарында, өсімдік тамырларына керекті жерлерде жатады.

Қара топырақтың химиялық кұрамы бай, сондыктан жоғаргы кұнарлылығымен көзге туседі. Қара топыракты Докучаев «Топырак патшасы» деп тегін айтпаса керек. Бұл зонаның 70—75%-не жуығы жыртылған жерлер. Ауыл шаруашылығынын барлык дақылдары. әсіресе бидай, жүгері, қант қызылшасы тараған ай­мак.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қара топырақтар жер бетінде қалай таралған?

  2. Қара топырақтар қалай бөлінеді?

  3. Қара топырақтардың ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
12: Тақырып: Құрғақ дала мен шөлейт зоналарының топырақтары.

Дәріс мазмұны: Құрғақ дала зонасының қара қоңыр топырақтары. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі. Морфологиясы мен химиясы. Өсімдік жамылғысы, биомасса мен құрғақ бөлік көрсеткіштері.Қара қоныр және құба топырақтар.Атмосфералық ылғал тапшылығы жағдайындағы мезо- және микро- жер бедерінің топырақ түзуіндегі ролі.

Мақсаты: Құрғақ дала зонасының қара қоңыр топырақтарына, топырақ құраушы жағдайларға, жіктелуіне тоқталып өту.

Күрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары. Кара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтана бастайды. Бұл ал-каптарда ауа райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану анағұрлым мол. Ылғал мөлшері жылына 200—350 мм-дей-ақ. Осыған орай өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі-жусанды құрғак дала басады. Міне, осындай жағдайлардың әсерінен өсімдіктердің топыракқа түсетін қалдықтары да азайып, карашірік мөлшері кемиді, қара топырақтың түсі қызғылт-кара коңырға өзгереді.

Құрғақ және экстраконтинентальды жағдайда құрғақ және шөлейт далалы жерлерде қара-қоңыр (каштан) және құба шөлейт топырақтар дамиды. Олар әсіресе Азия территориясында көптеп таралған. Қара-қоңыр топырақтар жолақ болып Қара және Азов теңіздерінің жағалауында орналасқан. Қазақстан территориясында кеңінен таралған. Шығыс бөлігі Оңтүстік шығыс Байкал маңы далаларында таралған. Ал шөлейт-құба топырақтары негізінен Қазақстанның шөлейт аймақтарында таралған.

Бүкіл жер шары бойынша қара-қоңыр топырақтар 262,2 млн. га жерді алып жатыр. ТМД территориясында қара-қоңыр топырақтар 107 млн.га жерді алып жатыр, яғни бүкіл территориясының 4,8%-ы. Құрғақ және шөлейт далалардың климаты қатаң континентальды. Орташа жылдық температура еуропалық бөлігінде 5-90С , ал азиялық бөлігінде 3-40С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300-350 мм-ден 200 мм-ге дейін азаяды. Өсімдік дүниесі негізінен далалық астық тұқымдас өсімдіктер мен жусан. Жусанды-бетегелі және жусанды-бозды-бетегелі далаларды бөліп көрсетуге болады. Өсімдік биомассасы 100 ц/га. Топырақ түзуші жыныстар лесс тәрізді саздақтар.

Қара-қоңыр топырақ қабаттарының құрылысы төмендегідей:

А – сұр қара-қоңыр түсті гумусты қабат. Өсімдік тамырлары өте көп таралған. Құрылымы кесекті. Қабат қалыңдығы 15-25 см.

В – қоңыр-құба түсті өтпелі қабат. Тығыздалған. Құрылымы жоғары бөлігінде ірі кесеті, ал төменгі бөлігінде қысқа призмалы. Қабат қалыңдығы 20-30 см. Төменгі бөлігінде ақ көзшелер (белоглазка) түріндегі карбонатты жаңа заттар кездеседі.

С – сары құба түсті аналық жыныс қабаты. Жоғары бөлігінде карбонатты жаңа заттар, ал 1-1,5 м тереңдікте гипті жаңа заттар кездеседі.

Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаныц қиыр солтүстік шетінде күңгірт қызғылт-кара қоңыр то­пырак кездессе, орталырында жай кызғылт-кара коңыр топырак, ал оңтүстігінде ашық қызғылт-кара коңыр топырактар кездеседі.

Бұл зонаның көлемі үлкен емес. ТМД территориясының 3—4%-тейін алып жатыр, оның басым көпшілігі Қазакстан жерінде, біразы Ресейде. Ауа райы кұрғақ болғандыктан зонаның басым жері жайылым. Дегенмен күңгірт, қызғылт-қара қоңыр, жай кызғылт-кара коңыр топырактар зонашаларында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардыц 30—40%-не жуық. Ал ашык қызғылт-кара коңырлы топырақты зонашада егістен өнімді суар-майынша алу қиын. Онда тәлімі егістер тіпті аз.

Қара-қоңыр топырақтарды 3 тип тармағына бөлуге болады:



  • Күңгірт қара-қоңыр

  • Қара-қоңыр

  • Ашық қара-қоңыр

Гумусты қабаттың қалыңдығына байланысты қара-қоңыр топырақтардың келесідей түрлері бар:

  • Қуатты – 50 см жоғары

  • Орташа қуатты – 30-50 см

  • Аз қуатты – 20-30 см

  • Өте аз қуатты – 20 см төмен

Сондай-ақ құрамындағы алмасты натрий катионының мөлшеріне қарай қара-қоңыр

топырақтардың келесідей түрлері бар:



  • әлсіз сортаңды – 3-5%

  • орташа сортаңды – 5-10%

  • күшті сортаңды – 10-15%

Құба-шөлейт топырақтардың алмасты натрий катионының мөлшеріне қарай қара-қоңыр топырақтардың келесідей түрлері бар:

А – құба түсті гумусты қабат. Құрылымы кесекті. Төменгі бөлігі бірікпеген

үгілмелі болып келеді.

В – қоңыр-құба түсті, тығыз қабат. Құрылымы кесекті-қысқа призмалы. Қабат қалыңдығы 20 см дейін.

С – аналық жыныс қабаты. Құрылымы призмалы. Гипсті жаңа заттар кездеседі.

Құрғақ және шөлейт далалы зона топырақтарындағы гумус мөлшері онша үлкен емес - 2-5%. Күңгірт қара-қоңыр топырақтың гмусты горизонтындағы гумус мөлшері - 3,5-5%, қара-қоңыр топырақтарда – 3-4%, ашық қара-қоңыр топырақта – 2-3%, ал құба шөлейт топырақтарда - 2% шамасында. Гумус мөлшерінің қабат бойынша өзгеруі – біртіндеп. Қара топырақтан ерекшелігі қара-қоңыр топырақта гумин қышқылының мөлшері төмен болып келеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қара-қоңыр топырақ қабаттарының құрылысы қандай?

  2. Қара-қоңыр топырақ түрлерін атаңыз?

  3. Алмасты натрий катионының мөлшеріне қарай қара-қоңыр топырақтардың қандай түрлері бар:

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
13: Тақырып: Даланың гидроморфты топырақтары

Дәріс мазмұны: Зонааралық (сорланған, сортаң, солодтар) және зонасыз (құм және т.б.) топырақтар. Морфологиялық және химиялық ерекшеліктері. Топырақ құраушы жағдайлар. Жайылма топырақтары. Жіктелуі. Морфологиялық және химиялық белгілері. Топырақ құраушы жағдайлар

Мақсаты: Зонааралық (сорланған, сортаң, солодтар) және зонасыз (құм және т.б.) топырақтардың морфологиялық және химиялық ерекшеліктеріне, топырақ құраушы жағдайларына тоқталып өту.

Сор және сортаң топырақтар

Жер үстінде топырақтар белгілі бір тәртіппен алқап түрінде орналасқанмен олардық ішінде айналадағы то-пырақтарга ұқсамайтын, аумағы түрліше болып келген басқа топырақтардьщ кездесетіндігін жогарыда айтып кеткенбіз. Мұндай топырақтар жоғарыда көрсетілгендей түрлі себептерден пайда болады. Олардың ішінде сортан, батпақ, скелетті және басқа топырақтарды атап көрсетуге болады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетін (орманды дала, дала, шел аймақтарында) топырақтарды, атап айтқанда сор және сортаң топырақтарды сипаттай кетелік.

Шалғын сор топырақтары климаты құрғақ, қоңыр-салқын, жылы не ыстық жерлерде, көбінесе ерігіш түздарға бай аналық жыныстарда пайда болады. Бірақ олар жауын суларына аз шайылатын жағдайларда тұзы жоқ жыныстарда да құрала алады. Бұл ыза сулары қылтүтіктер арқылы топырақтың беткі қабаттарына дейін көтеріле алатын ойпаңдау жерлердің топырақтары. Ыза суларының қайсысы болмасын топыраққа азды-көпті ерігіш тұздар алып келеді. Күн сәулесінің копырық ыстығынан су буланып ұшып кетеді, ал тұздар, егер олар-ды жаңбыр сулары шайып кетпейтін болса, ақ қабыршақ болып топырақтың бетінде қалып отырады.

Ыза суында тұз неғұрлым көп болып, топырақ бетінен оның буланып ұшуы неғұрлым күшті болса, сор топырақ солғұрлым тез пайда болады.

Сор топырақтар құрғап кеткен ащы көлдер мен ызаның ащы сулары жақын жатқан теңіз жағалауларында да құрала алады.

Сор топырақтарды олардық құрамындағы тұздарға карай: гипсті, сульфатты, хлорид-сульфатты, сульфат-хлоридты, нитратты, содалы, известі және басқа түрлер-ге бөледі. Орта Азияда қақ, сор деп аталатын тұзды батпақтар кеп жерлерді алып жатады.

Топырақта жинақталатын кейбір тұздар, мысалы хлорлы кальций, ауадағы су буларын күшті жұтады. Сор топырақтың қүрамында мұндай тұз көп болса, оның жо-ғарғы қабаттары дымкыл болып тұрады, сондықтан оны «сулы» сор топырак деп атайды.

Сор топыракта оны борпас, шашылғыш, «мамықтай» жұмсақ ететін күкірт қышқыл натрий сияқты тұздар да бар. Сор топырақтарда, оларға бейімделген, шамалы шөп-тер — сорақ ғана өседі.

Жаксарту жұмыстары тыңғылықты жүргізілмейінше сор топырақтар мәдени өсімдіктер егуге жарамайды.

Сор топыракты жақсарту үшін оны сумей жуады, су топырақтағы зиянды, артық түздарды ерітіп алып кетеді. Күкірт қышқыл натрий, хлорлы натрий және сода сияқты тұздары бар сор топырақтарды жуғанда топыраққа гипс қосу (егер топырақта және оны жуатын суда гипс пен известь аз болса) керек, немесе сордың орнына өзініц қасиеттері жөнінде қолайсыз басқа топырақ-сортаң топы­рак пайда болады.

Жуған сор топыракты құрғағаннан кейін өңдеп, өсімдіктерге керекті коректік заттармен тыңайтып, мұнан кейін мәдени өсімдіктрр егуге болады.

Сортақ топы.рақтар сор топырақтар сияқты, сортаңдар да көбінесе кара топыракты аудандардан бастап кездеседі, бірақ олар коңыр және кұба топырақ алқаптарында ерекше көп. Жаппай қаптап жатқан сор-таңдардың ішінде құба топырақтар жеке тақба ретінде ғана кездесетін жерлер жиі ұшырайды.

Сортаңдар көлбеу баурайлардың етектерінде, өзендер-дің екінші террасаларында, даланың шамалы ойпаңдарында («тостағаншаларында») орналасады.

Шалғын сортақдары. Көпшілік жагдайларда сортаңдар жоғары қабаттары суға үзақ уақыг бойы жуылған cop топырақтардан пайда болады деп болжауға болады. Сордың жоғарғы қабатынан оңай еритін түз, известь, соқынан қарашірік, темір мен алюминийдің сулы тотықтары шайылып кетеді. Қең ойпаңдар мен өзен тер­расаларында сор топырақтың жауын-шашын суларына мұндай жуылуы олардың жерасты сулары қылтүтікше-лер арқылы топырақтың беткі қабатына жете алмайтын-дай тереңдіктерге дейін темен түскен жағдайларда ғана жүруі мүмкін. Жуылған заттар — натрийға қаныққан қа рашірік, темір мен алюминийдін, сулы тотығы және басқалар сумен бірге топырақтың төменгі қабаттарына тү-сіп, бір бөлімі шөгіп қалады да, екінші бөлімі онан әрі қарай төменге кетеді. Тозақдық бөлшектер жинактала-тын топталу горизонты күшті тығыздалады, ал кепкен кезде жарғышақталып жеке ұзын бағанашаларға, ірі кесектерге не ірі «жаңғақтарға» бөлінеді.

Демек, сортақда айқын көрінетін бірнеше қабатты байқауға болады. Бұл сортаңнын, (кара-топырақ аймағындагы) ең жоғарғы кабаты сұр коңыр түске боялып, ірі кесектерге бөлінеді. Оньщ қалыңдыгы өте түрліше: 1—10—20 см және оданда артық болады. Егер бұл қабат 6 сантиметрден қалын, болмаса, қабыр-шацты сортаң деп атайды; ал калыңдығы 6—12 см болса, орташа сортақ, егер АІ 12 сантиметрден 20 сантиметрге дейін болса терец сортаң деп аталады. Ақырында, егер АІ 20 санти­метрден қалың болса, өте терец сортақ деп аталады. Сортаңның тұздардан жуылғандық (сілтісізденгендік) дәрежесі әдетте гумус горизонтының (АІ) қалыңдығы артқан сайьш өсе береді. Бұл төрт түрлі сортаңдардьщ агрономиялық қасиеттері әртүрлі болады. Олардың ең сапасызы — қабыршақты сортаң. Табиғи жағдайларда онда өсімдік нашар өседі, ол малға жақсы жайылымда бола алмайды.

Әуе райы ылғалды болса орташа сортац әдетте қанағаттанарлықтай жайылым, ал терең сортақ жайылым ра­на емес, шабындық та бола алады.

Өте терең сортаңдар жыртуға толық жарайтын топырақтар.

Кейде сортаннық жоғарғы қабатын екі бөлімге: жоғарғы коңыр түсті (А) және онан төменірек сұр түсті, суға шайылған (А2) горизонтқа белуге болады. Осындай ақшыл сұр горизонты бар сортаңды тұзға айналып келе жатқан сортақ деп атайды.

Сортаңның келесі, екінші қабатында жогарғы гори-зонттардан жуылған ылай, қарашірік темір және басқа заттары бар минералдар жинақталады. Ол көбінесе күқгірт-қошқыл түске боялған болады.

Бұл қабаттың структурасы біркелкі бола бермейтін-дігін жоғарыда айтып өткенбіз. Кейде ол көлемі әртүрлі келген бағанашаларға бөлінеді, екінші бір жағдайларда жаңғақтай не онан үлкенірек кесектерге бөлінеді. ВІ горизонттың структурасына қарай бағаналы, кесекті не жаңғақты сортаңдар болады. Бағаналардың немесе «жаңғақтардың» беті әдетте қарашірікке қапталғандықтан лак жағып қойған сияқты жылтылдап тұрады.

Қүрғақ күйінде бұл қабат өте тығыз болады. Шұңқыр қазған кезде оны ломмен тесуге тура келеді. Ылғал кезінде ол ісініп, жарғышақтары бітеліп қалады да, суды өткізбейді деуге болады. Сондықтан жаңбырдан кейін сортақның үстінде тостағанша сияқты су жиналып түрады.

Сортаңдарды мелиорациялаудың түрлі тәсілдерін ұштастыра жүргізу керек —сонда ғана оларды мәдени топыраққа тез айналдыруға болады.

Көрсетілген жақсарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін сортаңдарда, әсіресе олар суарылатын болса, дәнді, майлы және басқа дақылдардан мол өнім алуға болады.

АІ горизонтының қалыңдығы 20 сантиметрден артық болатын өте терең сортаңдарды алдын ала жақсарту жұмыстарын жүргізбей-ақ жырта беруге болады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сортаңдардың қандай түрлері бар?

  2. Сортаңдарды қандай жолмен мәдени топырақтарға айналдыруға болады?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
14: Тақырып: Шөлдің топырақтары.

Дәріс мазмұны: Шөл зонасының құба, сұр-құба топырақтары. Жіктелуі. Морфологиясы және химиялық белгілері. ТМД-да таралуы.Ауа райы жағдайы. Жер бедері мен топырақтүзуші жыныстар. Өсімдік жамылғысы, биомасса мен құрғақ бөлік көрсеткіштері. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі. Сұр-құба топырақтар морфологиясы.

Мақсаты: Шөл зонасының құба, сұр-құба топырақтарына, олардың жіктелуіне, морфологиясы және химиялық белгілеріне, ТМД-да таралуына, ауа райы жағдайына, жер бедері мен топырақ түзуші жыныстарға тоқталып өту..

Шөлді зонаның топырақтары. Кең-байтақ ТМД ел-дерінін онтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз, сон-дыктан мүнда биологиялык тіршілік аз дамыған — шөлді зона кездеседі.

Шелді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 8—10%-тейін алып жатыр, оның басым көпшілігі Казакстан мен Орта Азия республикаларының территорияларында, аздаған көлемдері Ресей мен Кавказ республика үлестеріне тиеді.

Бұл зонада күннің сәулесі өте мол, вегетациялык уакыт ұзак, коректік минералдык заттар жеткілікті, ал жеткіліксізі тек ылгал ғана. Ауадан түсетін ылғал мөл-шері жылына 80—180 мм дей-ақ. Бұл өсімдіктердін, калыпты өсуіне жеткіліксіз. Мұнда шөлге бейімделген кей-бір сирек өсетін бұта, сор шөптер шығады, ал кейбір жерлері кылтанақ шыкпас таздың басындай тақыр.

Шөлдің өсімдік жамылғысы негізінен сорлы-бұталы эфемерлі өсіидіктер. Эфемерлі өсімдіктер сексеуіл бұталары өскен құмды жерлерде таралған. Шөл топырақтарында, әсіресе тақыр жерлерде балдырлар көптеп кездеседі. Жартылай бұталы шөлді алқаптарда биомасса бар болғаны 43 ц/га құрайды. Топырақ түзуші жыныстар негізінен лесс тәрізді және ерте аллювиальды шөгінділер. Ерте аллювиальды шөгінділер әсіресе Тұран ойпатында кеңінен таралған.

Сұр-құба топырақ қабаттарының құрылысы төмендегідей:

А – гумусты қабат, сұр-құба түстес. Қалыңдығы 10-15 см.

В – тығыздалған, сұр-құба түсті қабат. Құрылымы призмалы. Қабат қалыңдығы 10-15 см.

С – үгілмелі лесс тәрізді саздақ. Гипс кристалдары көптеп кездеседі.

Топырағында карашірік өте аз—0,5—1,5%, сондык-тан оның түсі акшыл, бозгылт болып келеді. Суарып, тынайтқыштар енгізген кезде қанған егістіктер күн сәу-лесінің ыстырын, үсіксіз уакыттың ұзақтырын пайдаланып тамаша өнімдер береді. Міне, сондыктан бұл аймактарда екі ландшафт, шел мен жазира (оазис) алма-кезек кезектесіп отырады. Орта Азия, Қазакстан, Қавказдың оңтүстігі жазираларында ТМД-ның негізгі бағалы дакылдары — мақта, бау-бакша, жүзімдер, көкөністер, кант кызылшасы, темекі, күріш т. б. дакылдар егіліп, тамаша өнімдер береді.

Бұл аймақтын көп жерлері жайылымды жерлер. Бұл аймақта тақыр мен кұм басып жатқан жерлер де жет-кілікті. Осы аймақтың да жерін пайдалану төменде Қа-зақстан мысалында толығырак сипатталады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Шелді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің қанша пайызын алып жатыр?

  2. Сұр-құба топырақ қабаттарының құрылысы қандай?

  3. Шөлді зонаның климаты қандай?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)

15: Тақырып: Субтропикалық белдеу топырақтары



Дәріс мазмұны: Ылғал субтропикалық ормандардың қызыл және сары топырақтары. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі. Морфологиялық және химиялық белгілері.

Мақсаты: Ылғал субтропикалық ормандардың қызыл және сары топырақтарына, олардың топырақ құраушы жағдайларына, жіктелуіне, морфологиялық және химиялық белгілеріне тоқталу.
Мол ылғалды әрі жылы субтропиктердің қызыл және басқа топырақтары. ТМД-ның оңтүстік субтропикалык кейбір аудандарында Грузияның батыс жағы мен Қара теніз жағалауларында ерекше топырақтар ұшырасады. Оның себебі бұл аймақтын табиғи жағдайының өзгеше-лігінен. Мұнда жылу мен ылғал мол. Түсетін ылғал мөлшері жылына 1500—3000 мм-ге дейін барады. Ауаның жылдық орташа температурасы 12—16° болса, қыстын ең суык айы каңтарда да 3°. Осындай колайлы жағдай биологиялық тіршіліктің жыл бойына үзіліссіз дамуын қамтамасыз етеді. Ағаш пен шөп түрлері де мол әрі олар баска аймакка қарағанда мұнда жылдам өседі. Өсімдік қалдыктары микроорганизмдердің көптігінен тез ыдырайды. Ауа райы жылы болғандықтан, өсімдіктер, тірі жәндіктер микроорганизмдер жыл бойы өмір сүруін тоқ-татпайды. Тіпті өсімдіктер кыста да гул ашады.

Күннің жылылығы жауын-шашынның мол түсуінен тау жыныстары мейлінше үгіліп, суға катты шайылған. Мұндағы тастар да «шіріп» кеткен секілді. Тіпті катты лауалы тау жыныстарын кейде пышакпен кесуге бола­ды. Жыныстардың күрамында фосфор, күкірт, кремний кышкылдары, кальций, магний, калий, натрий толык шайылып кеткен, топырақ қабатында марганец, темір, алюминий тотыктары мол. Міне, осылар топырақтарға ашык қызғылт түс беріп тұрады. Бұл топырақтарды қызыл топырақтар немесе латериттер деп атайды. Өсімдік калдықтары тез шірігендіктен пайда болған қарашірік, топырақ құрамындағы темірмен қосылып, берік қосылыс құрайды да жауынға шайылмай, топырақта үсталынып қалады, сондықтан да қарашірік мөлшері бұ топырақ-тарда едәуір, оның құнарлылығы да жаксы.

Бұл аймақ ТМД еліміздегі негізгі субтропикалық дақылдар шай, лимон, апельсин, мандарин өсірілетін бірден-бір аудан болып отыр.

Бақылау сұрақтары:


  1. Латериттер дегеніміз не?

  2. Ылғал субтропик ормандарды аймақтардың климаты қанадй?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)


8. Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.
1 апта

Лабораториялық жұмыс№1:

Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері.

Мақсаты: Топырақтың түсін, қалындығын, құрылымын, бөлшектік құрамын, тұтқырлығын, жаңа заттарды, кірме заттарды, қайнауын, ауысуын, ылғалдылығын және т.б. анықтау.

Негізгі сұрақтар:

Топырақ кесіндісін талдау және суретін салу:

а) топырақ кабаттарына бөлу

б) HCl-дан қайнау тереңдігі

в) әр генетикалық горизонтта: қалыңдығын, түсін, құрылымын, механикалық құрамын, тұтқырлығын, түзілімдер, бөгде заттарды анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар:

А) Топырақтың морфологиялық белгілерін зерттеу кезінде оның құрамын, топырақтың қабаттарын баяндап жазады. Топырақ негізінен үш генетикалық тектік қабаттардан тұрады. Олар: қарашірікті қабат (А), өтпелі қабат (В) және аналық жыныс қабаты (С).

Б) Топырақ құрамында марганец немесе кальций карбонаттары болған жағдайда топыраққа 5-10 процент тұз қышқылын тамызғанда топырақтан СО2 газы бөлінуі нәтижесінде топырақ «қайнайды». Жалпы қатты, орташа, әлсіз «қайнау» деп ажыратылады. Қайнау деңгейі карбонаттар мөлшеріне байланысты.

В) Топырақтың генетикалық қабаттарының қалыңдығы бірнеше сантиметрден бір метрге және одан да көпке жетуі мүмкін. Топырақ қабаттарының қалыңдығын бейнелеу үшін әр қабат пен қабатшалардың үстіңгі және астыңғы тегін анықтайды.

Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының түсі топырақтардың түзілу ерекшеліктерін, химиялық құрамына, гумус мөлшеріне, темір, марганец, алюминий, кальций карбонаты т.б. қосылыстарға байланысты.

Топырақ кесектерінің түріне қарай топырақтың негізгі үш түрлі құрылымын ажыратады. Олар: шықпақ, призма және қыш (плита) тәріздес құрылымдық бөлшектер.

Топырақтың механикалық құрамын «ылғалдау» әдісімен анықтау (топырақты ширату әдісі). Топырақты ылғалдап, қамырша илегеннен соң, оны қалыңдығы үш миллиметр болатындай етіп ширатады да, қолма қол диаметрі үш сантиметр болатындай етіп саусаққа иіліп сақина жасайды. Осы ширатылған сақинаның түрі топырақтың механикалық құрамының көрсеткіші болады.

Саз - ширатылған топырақтан жарылмайтын бүтін сақина жасалады.

Ауыр саздау – топырақ жақсы щиратылады, бірақ сақинаға иген кезде жарылады.

Орташа саздау – топырақ жеңіл ширатылады, бірақ сақинаға иген кезде бөлшектеніп кетеді.

Жеңіл саздау – ширатылған топырақ сақиналап иген кезде сынып кетеді.

Құмдақ топырақ – толық ширату, есу кезінде бөлшектеніп кетеді.

Құм топырақ – топырақ ширатылмайды.

Топырақтың тығыздығы мен кеуектілігіне байланысты бір қасиеті оның тұтқырлығы, былайша айтқанда топырақ бөлшектерінің айыру кезіндегі соқамен қарсылықты жоюға қажетті күш. Тұтқырлықтың мынадай түрлері бар:

Тығыз топырақ – күрек (пышақ) әрең батады, қолмен әрең сынады.

Тығыздау топырақ – күрек (пышақ) оңай батады, қолмен тез сынады.

Бос топырақ – күрек (пышақ) жеңіл батады, құрамды бөлшектеріне оңай бөлінеді.

Үгілгіш топырақ – бөлшектері байланыспаған, құм немесе құмдауыт, гумусы аз топырақ.

Топырақ құрамындағы түзілімдер химиялық көмірқышқылды әктің, темір мен марганецтің т.б. тұздардың қосылыстары және биологиялық құрттардың нәжістері, өсімдіктердің тамырларының «табы» т.т. болып бөлінеді. Бөгде заттарға топырақтардың жетілуіне қатысы жоқ заттар жатады: тау жыныстарының кесегі, тас, кірпіш, көмір, шыны, сүйек, ағаш, археологиялық қалдықтар т.б.

Сипаттамалар нәтижесін жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар:




Топырақ қабаттары

Суреті

Қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы

Түсі

Құрылымы

Механикалық құрамы

Ылғалдығы

Тұтқырлығы

Жаңа заттар

Кірме заттар

Қайнауы

Ауысуы





































Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 5-15 беттер

2. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1994 4-10 беттер

3. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 5-14 беттер

4. Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 173-192 беттер

5. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 173-189 беттер

6. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 85-99 беттер
2 апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет