С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Топырақтану»


Мақсаты: Топырақтың өз бойында суды ұстау және жоғары төмен бағытта қозғалу заңдылықтарын ұғындыру, гигроскопиялық, қылтүтіктік, толық су сыйымдылығын анықтауды үйрету



бет13/16
Дата31.01.2018
өлшемі3,59 Mb.
#36421
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мақсаты: Топырақтың өз бойында суды ұстау және жоғары төмен бағытта қозғалу заңдылықтарын ұғындыру, гигроскопиялық, қылтүтіктік, толық су сыйымдылығын анықтауды үйрету.


Негізгі сұрақтар:

  1. Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығы дегеніміз не?

  2. Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығың қалай аңықтайды?

  3. Гигроскопиялық ылғалдылықты қалай есептейді?

  4. Топырақтың далалық су сиымдылығы дегеніміз не?

  5. Топырақтың толық су сиымдылығы дегеніміз не?

  6. Топырақтың қылтүтіктік су сиымдылығы дегеніміз не?

  7. Топырақтың қылтүтіктік су сиымдылығың қалай аңықтайды?

Әдістемелік нұсқаулар:

А) Гигроскопиялық ылғалдылықты анықтау.

1. Квартования әдісімен құрғақ күйдегі топырақ үлгісі алынады.

2. Техникалық таразыда топырақ орташа үлгісінен 5 г массасы өлшнп алады да, алдын-ала өлшенген диаметрі 5 см фарфор табақшаға салынады және 100-105 0С температурадағы термостатқа салынады.

3. 1,5-2 сағат уақыт өткеннен соң, фарфор табақшаны тигельді қайшымен алып, эксикаторға салқындатуға салады. Суыған соң табақша өлшенеді. Егер салмақ кемісе, гигроскопиялық ылғалдылықты табуға болады.

4. Гигроскопиялық ылғалдылық келесі формула бойынша анықталады:


Р1 – Р2

W = x 100%

Р2 – Р0
Мұндағы:

Р0 – Топырақсыз фарфор табақшаның салмағы;

Р1 – кептіргенге дейінгі топырақ салынған фарфор табақшаның салмағы;

Р2 – кептіргеннен кейінгі топырақ салынған фарфор табақшаның салмағы;


Б) Топырақтың толық су сыйымдылығын анықтау

1. Ұзындығы 15 см, диаметрі 2-3 см болатын шыны трубка алынады да , оның бір ұшын фильтр қағазбен, сыртынан марлімен бітеледі де, жіппен байланып, техникалық таразыда өлшенеді.

2. Трубка ұсақталған топырақпен 10-12 см биіктік деңгейіне деін толтырылады. Тығыздау үшін трубканың төиенгі ұшын аздап соғады.

3. Фарфор табақшаға гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау үшін 5 г топырақ өлшеп алынады (алдыңғы тапсырмадағыдай)

4. Топырақ салынған трубка таразыда өлшенеді. Бірінші және екінші өлшемдер айырмасы топырақ салмағын береді.

5. Трубка суы бар биік стаканға топырақтың деңгейі судан 1 см төмен болатындай етіп батырылады да 15 минут уақытқа қойылады.

6. Уақыт өткен соң трубканы штативке 10 минутқа іліп қояды.

7. Трубка штативтен алынып, фильтр қағазбен сырты сүртіледі.

8. Қаныққаннан кейінгі топырақта ұсталған су мөлшері келесі формула бойынша есептеледі:

Р3 – Р2

А = x 100%

Р2 – Р1


Мұндағы:

А – қаныққаннан кейінгі топырақта ұсталған су мөлшері;

Р1 – трубка салмағы;

Р2 – топырақ салынған трубка салмағы;

Р3 – суға қаныққаннан кейінгі топырақ салнған трубка салмағы,

Р2 – Р1 – топырақ салмағы;

Р3 – Р2 – қаныққаннан кейінгі су салмағы,

9.Гигроскопиялық ылғалдылық анықталады.

10. Толық су сыйымдылығы (W мах ) анықталады.
W мах = W + A

В) Суды капиллярлық көретілуін анықтау.

1. Зерттелетін материал фарфор ступкамен уатылып, диаметрі 2-3 см, биіктігі 50 см болатын шыны трубкаға салынады. Төменгі ұшы қағаз және марлімен бітеледі.

2. Трубка төменгі ұшы суы бар стаканға 1 см батып тұратындай етіп штативке бекітіледі.

3. Уақыт белгіленеді де, әрбір 5 минут сайын судың топырақ бойымен көтерілу деңгейі жазылады да, соңынан график құрылады.

Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 24-27 беттер

2. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1994 15-18 беттер

3. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 24-35 беттер

4. Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 162-168 беттер

5. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 162-168 беттер

6. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 31-42 беттер
6 апта

Лабораториялық жұмыс№6

Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері

Мақсаты: Топырақтың сыбағалы салмағын немесе қатты фазасының тығыздығың, топырақтың көлемдік салмағың немесе тұтқырлығының тығыздығың, топырақтың кеуектілігің және аэрацииясың аңықтау

Негізгі сұрақтар:


  1. Топырақтың сыбағалы салмағы дегеніміз не?

  2. Топырақтың сыбағалы салмағын қалай аңықтайды?

  3. Сыбағалы салмақты қалай есептейді?

  4. Топырақтың көлемдік салмағы дегеніміз не?

  5. Топырақтың кеуектілігі дегеніміз не?

  6. Топырақтың аэрацииясы дегеніміз не?

  7. Топырақтың көлемдік салмағың қалай аңықтайды?

Әдістемелік нұсқаулар:

А) Топырақтың сыбағалы салмағын анықтау.

1. Квартования әдісімен топырақтың орташа үлгісі алынады.

2. Топырақты көзі 1 мм болатын електен өткізеді.

3. Гигроскопиялық ылғалдылық анықталады.

4. Көлемі 100 немесе 250 мл пикнометрді дистелденген сумен толтырады да техникалық таразыда өлшейді. Одан соң шамамен судың жартысы құйылып алынады.

5. Техникалық таразыда 10 немесе 25 г топырақ өлшеніп алынады.

6. Өлшенген топырақ пикнометрге салынады да, 30 минут қайнатылады.

7. Пикнометр суытылып, үстіне құйылып алынған суды құйып, таразыда өлшейді.

8. Топырақтың сыбағалы салмағы келесі формула бойынша анықталады:


Р

d =


P + Р1 – Р2
Мұндағы:

Р – құрғақ топырақ салмағы;

Р1 – суы бар пикнометр салмағы;

Р2 – суы және топырағы бар пикнометр салмағы;


Р0 х 100

Р =

100 + W


Мұндағы:

Р0 - құрғақ топырақ салмағы;

W – гигроскопиялық судың пайыздық мөлшері;

Б) Топырақтың көлемдік салмағын анықтау.

1. Қақпағы бар металл цилиндр таразыда өлшенеді;

2. Цилиндр топырақ қабаттары мен ылғалды монолит қабырғасына батырылады. Төменгі жағынан пышақпен тегістеліп кесіліп алынады. Бір уақытта бұрынғы әдістеме бойынша ылғалдылық анықталады.

3. Цилиндрдің қақпағын жауып, өлшенеді.

4. Көлемдік салмақ келесі формула бойынша есептеледі:


Р1

d1 =

v
Мұндағы:

d1 – топырақтың көлемдік салмағы;

Р1 – құрғақ топырақ салмағы;

V –цилиндр көлемі;


100 (Р - Р0)

Р =


100 + W
Р – цилиндрдегі сулы топыоақ салмағы,

Р0 – топырақсыз цилиндр салмағы;

W – топырақ ылғалдығы;
В) Топырақтың кеуектілік және аэрация дәрежесін анықтау.

Кеуектілік келесі формула бойынша анықталады.


d1

П = 1 - х 100%

d
П – топырақтың кеуектілігі

d1 – топырақтың көлемдік салмағы,

d – топырақтың сыбағалы салмағы;
Аэрация дәрежесі мына формуламен анықталады:
Va = П – Wd
Va – 100 куб см топырақтағы ауа көлемі

П – кеуектілік

W – топырақ ылғалдығы

D – топырақтың көлемдік салмағы



Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 18-20 беттер

2. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 36-40 беттер

4. Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 156-161 беттер

5. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 156-161 беттер

6. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 42-50 беттер


7 апта

Лабораториялық жұмыс№7:

Тақырыбы: Топырақтың сулы және қышқылдық ертіндісінің сапалы анализі.

Мақсаты: Топырақтың сулы ерітіндісін дайындап, соның құрамынан хлорид, сульфат, нитрат, кальций, темірдің екі және үш валентті иондарын анықтау.

Негізгі сұрақтар:

  1. Топырақтағы тұздардың ерігіштілік деңгейі бойынша жіктелуі қандай?

  2. Топырақ ерітіндісінің құрамы және өсімдіктер мен топырақта химиялық элементтердің маңызы.

  3. Топырақтың орташа үлгісін қалай дайындайды?

  4. Топырақтың сулы ерітіндісін қалай дайындайды?

  5. Топырақтың қышқылдық ертіндісінің қалай дайындайды?

  6. Cl, SO4 2–, Ca 2+, CO3 2–, HCO3 иондарын сапалы реакциялар арқылы қалай анықтайды?

  7. Сулы ерітіндісінде рН қалай анықтайды?

Әдістемелік нұсқаулар:

а) Сулы ертіндіні зерттеу.

Топырақ үлгісінен квартование әдісі бойынша орташа үлгісі алынады. Топырақты ұнтақтайды. Техникалық таразымен осы топырақтан 30 г топырақ өлшейді, оны көлемі 250 мл конус тәрізді колбаға салады. Колбаға цилиндрмен өлшеп 150 мл дистелденген су құяды. Колбаны шайқап, араластырады да, 5-10 минут тұндырып қояды. Одан кейін шыны сүзгішке қағаз фильтрін салып фильтрлейді. Фильтрден өткен ертіндіні – фильтрат деп атайды.


  1. Хлорид иондарын анықтау.

Пробиркаға 5 мл фильтратты құйып, оған 1-2 тамшы 10% HNO3 және тамшылатып 0,1 AgNO3 ертіндісін қосады. Хлоридтер күміс нитратымен келесі схема бойынша әрекеттеседі.

NaCl + AgNO3 = AgCl ↓ + NaNO3


Күміс хлоридінен ақ тұнба түзіледі. Қорытынды жасалады (аз, орташа, көп мөлшерде).

  1. Сульфат-иондарын анықтау.

Пробиркаға 5 мл фильтратты алып, оған бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылын және 2-3 мл 20% BaCl2 ерітіндісін қосады. Барий сульфаты ақ тұнба болып түседі.
Na2SO4 + BaCl2 = 2NaCl + BaSO4

Қорытынды жасалады.



  1. Нитрат иондарын анықтау.

Пробиркаға 5 мл фильтратты құйып, тамшылатып дифениламин ерітіндісін қосады. Нитраттар болса, ерітінді көк түске айналады.

  1. Кальций иондарын анықтау.

10 мл фильтратты пробиркаға құяды, оған 1-2 тамшы 10% HCl және 5 мл 4% аммоний оксалатын қосады.

CaCl2 + (NH4)2 C2O4 = CaC2O4 + 2NH4Cl ↓

Кальций иондары болса, ақ тұнба түседі.

б) Қышқыл ерітіндіні зерттеу.

Fe 2+ иондарын анықтау.

Топырақтың сулы ерітіндісіне топырағы бар фильтрді қосады. Оған 50 мл 10% HCl құяды. Осы ерітінді топырақтың қышқыл ерітіндісі болады.

Қышқыл ерітіндісінен пробиркаға 1-2 мл алынады. Оған 1 кристалл K4[Fe(CN)6] тұзын салады. Ерітінді көк түске айналады.

Fe 3+ иондарын анықтау.

Қышқыл ерітіндісінен 1-2 мл алып, оған бірнеше тамшы 10% калий роданидін қосады. Ерітінді қызыл түске айналады.

Жұмыстың аяғында кесте толтырылады.




Горизонт

Сулы ерітінді

Қышқыл ерітінді


Хлорид


Сульфат


Нитрат


Кальций


Fe 2+

Fe 3+

А



















В



















ВС



















С





















Әдебиеттер:

1. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 56-61 беттер


8 апта

Лабораториялық жұмыс№8:

Тақырыбы: Топырақтың сулы ертіндісінің химиялық талдау.

Мақсаты: Топырақтың сулы ерітіндісін дайындап, соның құрамынан Cl және Ca иондарын мөлшерлік анықтау. Карбонатты және жалпы сілтілігін анықтау.

Негізгі сұрақтар:

  1. Топырақтың элементарлық құрамы дегеніміз не?

  2. Топырақ ерітіндісі дегеніміз не?

  3. Топырақ ерітіндісінің құрамы және өсімдіктер мен топырақта химиялық элементтердің маңызы.

  4. Топырақтың орташа үлгісін қалай дайындайды?

  5. Топырақтың сулы ерітіндісін қалай дайындайды?

  6. Cl, SO4 2–, Ca 2+, CO3 2–, HCO3 иондарын сапалы реакциялар арқылы қалай анықтайды?

  7. Сулы ерітіндісінде рН қалай анықтайды?

Әдістемелік нұсқаулар:

Техникалық таразыда 1 мм көзі бар елек арқылы өткен құрғақ топырақ үлгісі алынады. Алынған массаны шыны колбаға салынады. Колбаға 500 мл дистелденген су құйып, 3 минут араластырады. Қағаз фильтр арқылы өткізеді. Фильтрация үшін диаметрі 10-15 см шыны воронка пайдаланады.

А) Нормальды карбонаттар тудыратын сілтілікті анықтау.

Кобаға 25 мл сулы ерітінді алып, оған 2 тамшы фенолфталеин тамызады. Егер қызыл тү пайда болса, ол нормальды карбонаттар бар екендігінің белгісі. Қызыл түс пайда болған жағдайда ерітінді 0,02 н H2SO4 ерітіндісімен түссзденгенше титрленеді. Егер сулы ерітінді органикалық заттармен боялса, титрлеуді эталон қатысында жүргізу қажет (екінші стакан, бірақ фенофталеин құйылмаған). Титрлеуді екі стакандағы ерітінді түстері теңескенше жүргізеді. Реакция келесі теңдеу бойынша өтеді:

2Na2CO3 + H2SO4 = 2NaHCO3 + Na2SO4

Нормальды карбонаттар тудыратын сілтілік 100 грамм топырақтағы CO32 - иондарының миллиграмм-эквивалнент санымен көрсетіледі. Есептеу келесі формуламен жүргізіледі:


ан v х 2 х 100

Х =


вс
Мұндағы:

а- титрлеуге кеткен H2SO4 ерітіндісінің миллилитр саны;

н- H2SO4 ерітіндісінің нормальдығы;

v- сулы ертінді дайындауға алынған жалпы судың мөлшері;

2 – бикарбонаттарды карбонаттарға ауыстыратын коэффициент

100 – процентке есептейтін коэффициент;

в- титрлеуге алынған сулы ерітінді көлемі;

с- топырақ салмағы;

Б) Жалпы сілтілікті анықтау.

Нормальды карбонаттар тудыратын сілтілікті анықтаған стаканға 2 тамшы метилоранж ерітіндісін тамызады және сары түс қызғылт түске айналғанша 0,02 н H2SO4 ерітіндісімен титрлейді. Сондай-ақ 2 тамшы метилоранж тамызылған сулы ерітіндісі бар екінші стакан алынады. Реакция келесі теңде бойынша жүреді:


Ca (HCO3)2 + H2SO4 = CaSO4 + 2H2CO3

2NaHCO3 + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2CO3


Жалпы сілтілік 100 грамм топырақтағы НCO3- иондарының миллиграмм-эквивалнент санымен көрсетіледі. Есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

( а + m ) н v х 100

Х =

вс
Мұндағы:



а- нормальды карбонаттар тудыратын сілтілікті анықтау үшін титрлеуге кеткен H2SO4 ерітіндісінің миллилитр саны;

m- бикарбонаттар тудыратын сілтілікті анықтау үшін титрлеуге кеткен H2SO4 ерітіндісінің миллилитр саны;

н- H2SO4 ерітіндісінің нормальдығы;

v- сулы ертінді дайындауға алынған жалпы судың мөлшері;

100 – процентке есептейтін коэффициент;

в- жалпы сілтілікті титрлеуге алынған сулы ерітінді көлемі;

с- топырақ салмағы;

В) Хлор-ионды анықтау.

Сілтілікті анықтаған стаканға 1 мл 10% К2СгО4 құйып, 0,02 н AgNO3 ерітіндісімен қызыл түс пайда болғанша титрлейді. Дәл анықтау үшін екінші стаканға сулы ерітінді мен К2СгО4 ерітіндісі құйылып алынады. Реакция теңдеуі келесідей:

NaCІ + AgNO3 = Na NO3 + AgСІ

Бұл жағдайда ақ түсті AgСІ тұнбаға түседі. Бүкіл хлор күміспен байланысқаннан соң реакцияға К2СгО4 түседі:

К2СгО4 + AgNO3 = 2 КNO3 + Ag2 СгО4


Хромқышқылды күміс қызғылт түсті тұнба береді, оның пайда болуы титрлеудің болғанын білдіреді.

Хлор-ионының миллиграмм-эквивалент және проценттік саны келесі формуламен табылады:

а н v х 100

Х =


вс

а- титрлеуге кеткен AgNO3 ерітіндісінің миллилитр саны;

н- AgNO3 ерітіндісінің нормальдығы;

v- сулы ертінді дайындауға алынған жалпы судың мөлшері;

100 – процентке есептейтін коэффициент;

в- хлор-ионды анықтауға алынған сулы ерітінді көлемі;

с- топырақ салмағы;

Әдебиеттер:

1 Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 82-89 беттер

2. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 82-89 беттер
9,10 апта

Лабораториялық жұмыс№9,10:

Тақырыбы: Дүниежүзілік топырақ карталарын талдау.

Мақсаты: Контур картаға дүние жүзінде таралған топырақтарды түсіру. Топырақтың дүние жүзі бойынша таралу ерекшеліктеріне тоқталу.

Негізгі сұрақтар:


  1. Полярлы және субполярлы тундра топырақтары.

  2. Күлгін топырақтар.

  3. Құба орман топырақтары.

  4. Сұр орман топырақтары.

  5. Прерия қара топырақтары.

  6. Дала қара топырақтары.

  7. Құрғақ дала қара қоңыр топырақтары.

  8. Шөлейт құба топырақтары.

  9. Сұр-құба шөлейт топырақтары.

  10. Қызыл, сары және қоңыр-сары ылғалды субтропик топырақтары.

  11. Субтропик прериялар қызғылт-қара топырақтары.

  12. Құрғақ субтропик ормандардың қоңыр топырақтары.

  13. Субтропик дала мен шөлдердің сұр-қоңыр топырақтары мен сұр топырақтары.

  14. Шөл жабайы топырақтары.

  15. Латериттер және латеритті күлгін топырақтар.

  16. Саванна қызыл топырақтары.

  17. Құрғақ саванна қара топырақтары.

  18. Құрғақ тропика орманның қызыл-қоңыр топырақтары.

  19. Далалық тропикалық саванна қызыл-құба топырақтары.

  20. Таулы аудардардың топырақтары.

Әдістемелік нұсқаулар: Контур картаға дүние жүзінде таралған топырақтарды түсіреді. Дүние жүзі топырақ картасын пайдалана отырып, «Топырақтың жер шарында таралу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу.

Әдебиеттер:

1. "Почвы Казахской ССР".

2. Т.Ф.Афанасьева, В.И.Василенко и др. "Почвы СССР".

3. Атлас почв СССР

4. «Дүние жүзі топырақ картасы»
11,12 апта

Лабораториялық жұмыс №11,12:

Тақырыбы: ТМД топырақ картасың талдау.

Мақсаты: Контур картаға ТМД-да таралған топырақтарды түсіру. Топырақтың ТМД-да таралу ерекшеліктеріне тоқталу.

Негізгі сұрақтар:

Полярлы және субполярлы тундра топырақтары.

Күлгін топырақтар.

Құба орман топырақтары.

Сұр орман топырақтары.

Дала қара топырақтары.

Құрғақ дала қара қоңыр топырақтары.

Шөлейт құба топырақтары.

Сұр-құба шөлейт топырақтары.

Қызыл, сары және қоңыр-сары ылғалды субтропик топырақтары.

Шөл жабайы топырақтары.

Таулы аудардардың топырақтары.



Әдістемелік нұсқаулар: Контур картаға ТМД-да таралған топырақтарды түсіреді. ТМД топырақ картасын пайдалана отырып, «Топырақтың ТМД-да таралу ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасау.

Әдебиеттер:

1. «ТМД топырақ картасы»

2. "Почвы Казахской ССР".

3. Т.Ф.Афанасьева, В.И.Василенко и др. "Почвы СССР".

4. Атлас почв СССР
13,14 апта

Лабораториялық жұмыс№13,14:

Тақырыбы: Қазақстан топырақ картасың талдау.

Мақсаты: Контур картаға Қазақстанда таралған топырақтарды түсіру. Қазақстанда таралған топырақ белдеулеріне тоқталу.

Негізгі сұрақтар:

Сұр орман топырақтары.

Дала қара топырақтары.

Құрғақ дала қара қоңыр топырақтары.

Шөлейт құба топырақтары.

Сұр-құба шөлейт топырақтары.

Қызыл, сары және қоңыр-сары ылғалды субтропик топырақтары.

Шөл жабайы топырақтары.

Таулы аудардардың топырақтары.

Әдістемелік нұсқаулар: Контур картаға Қазақстанда таралған топырақтарды түсіреді. ТМД топырақ картасын пайдалана отырып, «Қазақстанның топырақ белдеулері» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру.

Әдебиеттер:

1. «ТМД топырақ картасы»

2. "Почвы Казахской ССР".

3. Т.Ф.Афанасьева, В.И.Василенко и др. "Почвы СССР".

4. Атлас почв СССР
15 апта

Лабораториялық жұмыс№15:

Тақырыбы: Батыс-Қазақстан облысының топырақ картасың талдау.

Мақсаты: Контур картаға Батыс Қазақстан облысында таралған топырақтарды түсіру. Батыс Қазақстан топырақ жамылғысына тоқталу.

Негізгі сұрақтар:

Дала қара топырақтары.

Құрғақ дала қара қоңыр топырақтары.

Шөлейт құба топырақтары.

Сұр-құба шөлейт топырақтары.

Шөл жабайы топырақтары.



Әдістемелік нұсқаулар: Контур картаға БҚО-да таралған топырақтарды түсіреді. Батыс Қазақстан облысының топырақ картасын пайдалана отырып, «Батыс Қазақстан топырақ жамылғысы» тақырыбында ашық әңгіме ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет