С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні)



бет10/13
Дата25.08.2017
өлшемі1,87 Mb.
#26665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

3.Дәріс мазмұны: Қарастырылған сұрақтағы мәселелерге сатылы тоқтала отырып жануарлар әлеміндегі, ауа кеңістігін экспанциялаған аса активті жылықандылар тобын ертедегілермен осы замандағы түрлері арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру. Егер, юра кезеңі қабатынан табылған археоптерикс –ерте заманғы құстар өкілі ретінде қарастырып келсек, енді бұны, осы заманғы нағыз құстардың бастаушысы ретінде қарауға болмайды. Себебі, әлі ұқсастығы -100% деп қарауға болмайды: рептилияға ұқсас басы, тістері, қырсыз төсі, мықты кеуде еттері дамымаған. Жамбасы тар т.б. бар. 1984 ж. Эйхштадте (Германия) болып өткен. Халықаралық археоптерикс туралы ғылыми конференцияда осы пікір алынған. Осы заманғы құстар тегі археоптерикс емес, бұл тек қана жанама бұтақ өкілі болуы мүмкін. Ал нағыз осы заман құстарының шығу тегін ертемезозой эрасының триас қабаттарынан іздестіру пікірі туындайды. Бұл, болашақтың міндетінде түр.

4.Сұрақтар.

4.1.Ертедегі құстар. Археозаврлар.

Құстардың эволюциясы және шығу тегі туралы сұрақтарға тек жалпы бағытта ғана айтуға болады. Бұл бағытымыз ерте заманғы кесіртке жамбасты рептилиялар тегі – архозаврлар болғаны күмән келтірмейді. Себебі, құстар эволюциясында құстың бастапқы қасиетіне белгі, ағашқа өрмелеуге деген бейімділігі болса керек ал бұл қасиет кесіртке жамбастыларда жақсы дамыған. Осы өрмелеуге тереңірек қара болсақ, екі мәселенің басын қозғайтынын байқаймыз: Біріншіден өрмелеу үшін алдыңғы аяғының бағыттаушы (бастаушы ролі), яғни негізгі мақсатты қозғалысы болары белгілі. Кеңшіліктен (жер беті) таршылыққа, бірақ қауіпсіз (оңаша жаққа жетуі қалай дегенде де алдыңғы аяғын модернизацияға итермеледі. Санаулы ағаш бұтағынан мықты ұстауға, жақын тұрған ағаш бұталарына қосымша күшпен секіріп, дәл түсінуге мәжбүр болды. Екіншіден, жерден біріншіден бұтаға шығу үшін де барлық салмағын артқы екі аяғына салуға, керек болған жағдайда артқы екі аяғына тік тұрып, алдыңғы екі аяғындағы саусақтарын бірінші бұтаға созылып, секірген кезде артқы аяққа, буындарына, қаңқалық сүйектеріне, жамбасқа күш түсіп отырды.

Ағаш бұтағына өрмелеу қаблеттілікті осы заманғы құстар ішінде гоациндер тамаша қабілеттілік көрсетіп келеді. Олардың әліде жетіліп болмаған қанат топшаларында өте жақсы жетілген тырнақты саусақтары бар. Осындай өрмелеудің нәтижесінде артқы аяқ саусақтарында ағаш бұтағын қысып ұстауға бейімделген: үш саусағы алға, бір саусағы артқа қарай орналасқан жұмған кезде бұтақты қысып ұстауға қабілетті (148-сурет. 2, 2а. Константинов 2000 бойынша)

Құстар эволюциясындағы маңызды кезеңнің (этап) бірі-рептилия қабыршақтарының құс қауырсындарына айналғандығы. Ең алдымен қанаттарында және құйрықтарында, содан соң барлық денесін жабуы. Қауырсын жабындысының екі жақты ролін айту керек: біріншіден, құстың ұшуына меншікті салмағын жеңілдетіп, ішкі ауа қапшықтарына көмектесіп, құстың ұшуына әкелді. Екіншіден, құстың денесінде жылуды реттеуге (терморегуляция) мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта құстың тікелей дәлелдейтін ата тегі әлі табылмай келеді. Өткен ғасырда (ХХғ.) юра қабатынан табылған тастағы, соңынан екі мәрте толықтай қаңқалары табылған болатын. Солардың біреуінен мектеп оқулықтарында ЖОО-оқулығына дейін салынған – археоптерикс – ерте заман құсы айдарымен берілгенін сауатты адамдардың бәрі де біледі деп ойлаймыз (150- сурет). Бүгінгі таңда жеті археоптерикс қаңқалары табылды.

Осы археоптерикстерді талдаудан өткеннен кейін оның екі жақты (құсқа және рептилияға) ұқсастықтарын байқаймыз. Әсіресе рептилияға ұқсас жағы басым сияқты: мүйізді тұмсық жоқ, тістерінің болуы, құйрық бөлігіндегі ұзарып (20-ға тарта) келген құрық омыртқаларының болуы, тар және қырсыз көкірек қуысының болуы, құрсақ қабыртқаларының болуы, жамбасының омыртқаларымен ғана байланысуы, құстардағылардай қозғалмайтын күрделі, бірігіп кеткен омыртқа жотасы мен жамбастың болмауы (сурет – 151.). Осы заманғы нағыз құстармен бастапқы (первоптиц) құстарға ұқсастық белгілері байқалмайды. Осы археоптерикс туралы әдейі ашылған ғылыми конференция қортындысы материалдары жинақ болып 1985 ж. Құстың бастапқысы немесе «Бастапқы құс» (Начала птиц) айдарымен жарық көрген болатын.

Археоптерикс халықаралық конференциясынан (1984 ж. Эйхштад Германия) соң көпшілік қатысушы орнитологтар пікірі архиоптерикстерді жанама бұтақ ретінде қабылдауға ұйғарған, ал осы заманның құстар, ата тегін триас қабатынан протоавистер ерте заман құстары арасынан қарастыруда мақұлдаған.

4.2.Осы заманның нағыз құстары.

Бор дәуірі қабаттарынан екі өзіндік ерекшеліктері бар құс қалдықтары табылған.: 1.Ихтионистер (сурет – 152); 2.Гесперорнистер (сурет – 153). Соңғы суқұстары болған, қорегін балықпен судан ұстаған, ұшуға қаблетсіз. Пішіні суда жемін аулауы, жағынан қазіргі гагарларға ұқсастығы байқалады. Төс қыры болмаған, қанаттары болмаған.

Ихтионистер жақсы ұшатын болған, себебі дамыған қанат қаңқасы ұшатындығын дәлелдей түседі. Көкірек қуысының қыры жетілген. Бұл екі өкілдің екеуінде де жақтарында тістері дамыған.

Кайназойдың үштік кезеңінде осы заман құстарына ұқсас құстар түрлері пайда болған. Ал эоцен дәуірінде тісті құстар тіршілік еткен, систематикалық жағынан осы күнгі ескекаяқтыларға жақын формалар болып келген. Осы үштік кезеңде торғайтектестер, сұр қарлығаштар, тоқылдақтар, көкқарғалар, балшықшылар және басқа да осы заман құстары пайда болған.Олигоценде және әсіресе миоценде осы заманғы орнитофауна көбее түседі: құлақты үкілер, байғыздар, қоқиқаздар, құтандар, қызғыш құстар, бұлдырықтар шағалалар, гагарлар, қасқалдақтар, қаздар т.б.

Құстар эволюциясы мен шығу тегін талдай келе айтарымыз, соңғы ғылыми халықаралық (Эйхштад. Германия) археоптерикс пікіріне сүйене отырып (Константинов 2000, 2004) мезозой эрасы бастапқы кезеңдерінде ертедегі археозаврлар ішінен іздестіруді мақұлдаймыз. Мезозойдың орта кезеңіндегі (юра) археозаврлар өкілі ретінде болып келген – археоптерикстер мүмкін қосымша, немесе жанама бұтақ болуы. Қалай деген де табылған жоғалмас, ол темір қазық болып қала береді. Ал жаңаша өкілдерін ерте мезозойдан (триас) іздестірген артық болмайтыны рас. Ол жаңа өкілдің жалпы систематикалық жағынан псевдозухи бұтағына жақын болуы мүмкін. Бастапқы тұрпаты жербеті кесірткежамбасты төртаяқпен қозғалушы, ол арқы аяғы мен жүгіруге қабілеттілікке келуі, одан алдыңғы аяғы саусақтары ұстағыш (хватательную) қызметіне келген, одан ағашқа өрмелегіштік қасиет алған, одан секіріп қозғалмауға, бұтадан бұтаға қалықтап секіруге құбылысында қабыршақтары ұзаруға, кейіннен қауырсынға айналуы мүмкін. Осы өзгерулер: жүгіру, өрмелеу, секіру, қалықтау т.б. нәтижесінде құстың осы заманғы пішінге келіп ұшу қаблеттілігінің қалыптасуы болды дей аламыз.

Осы заманғы құстардың жіктелуі:

Құстар класы (Aves)

1.Класс тармағы. Ертедегі құстар (Archaeorinthes). Бұған археоптерикс

2.Класс тармағы Ашақұйрықтылар немесе нағыз құстар (Neornithes)

Отр.үсті – 1 Тісті құстар (Odontognathae). Бұған Бор эрасы құстары: Ихтио..., Гесперорнис

Отр. Үсті – 2 пингвиндер (Jmpenes)

Отр. Үсті – 3 Қырсыз төстілер немесе түйе құстар (Ratitae)

Отр. Үсті – 4 Нағыз құстар (Neognathae)

5.Өзін-өзі қайталуға арналған сұрақтар:

1.Ертедегі кесіртке жамбасты рептилиядан бөлініп құстар әлемін құруға шамамен қанша эволюция миллиондаған жылдары керек болған? Архиозаврлар, псевдозухилар дегеніміз рептилия ма, әлде ерте заманғы құстар ма?

2.Құс болып, рептилиялардан бөліну үшін ең басты бейімділік элементтерін атаңыз?

3.Ерте заманғы құстар тіршілігіне ұқсас осы заман құстары ішінде тіршілігі, белгілері ұқсас құстар бар ма?

4.Рептилиялардың алдыңғы аяғының өзгеріске түсіп, қанатқа айналуы құс қаңқасы мен ет жүйесінде қандай өзгерістер әкелді?

5.Құс қауырсыны қалыптасуы құстарға қандай өзгерістер әкелді?

6.Бұрын (ХХғ.) археоптериксті құстың ата тегіне санап келдік, бұлар қай кезеңнің қабатынан табылған? Олардың құстарға ұқсастығынан да рептилияға ұқсастығын атаңыз?

7.Археоптерикс туралы халықаралық ғылыми конференциясы қашан қай елде, қалада ашылған? Жалпы бекіп мақұлданды. Нені қолдады?

8.Осы заман құстарының неғұрлым жақын туыстары мезозой эрасының қай қабатынан іздегенді жөн деп отыр, ендігі жерде?

9. Протоавис деген қандай жануар және ол қай эра, қай қабатында болуы мүмкін?

10. Бор кезеңінің қабаттарынан табылған: ихтионистер, гесперорнистер деген қандай жануарлар?

11.Ихтионистердің ерекшеліктері? Қандай ортада тіршілік еткен?

12.Гесперорнистер ерекшеліктері? Қандай ортада тіршілік еткен?

13.Осы заманның типтік құстары қай дәуірде (кайназой) қалыптасқан?

14.Осы заман ескекаяқтыларына ұқсас қалдықтары кайназойдың қай дәуірінде кездестірген?

15.Торғайтектілер, сұрқарлығаштар, көкқарғалар, балшықшылар қай дәуірде қалыптасқандар?

16.Олигоценде, әсіресе миоценде қалыптасқан құстарда атаңыз?

17.Осы заман құстаррының ата тегін ерте мезозой қабатынан іздеу және систематикалық жағынан псевдозухиларға жақын түрлері арасынан қарастыруды неге жөн көреміз?

18.Құстар болып қалыптасу ортасы үшін мына табиғи орталар: су, жербеті, орман, таулы-тасты кеңістік қайсысы ыңғайлы деп ойлайсыз? Дәлелдеңіз?

19.Гомонотермдіге жету үшін құстар қандай морфоанатомо-физиологиялық қалыптасу керек болды?

20. Класс құстар қазіргі кезде неше кластармағына, отряд үстіне біріктірілген?

6.Әдебиеттер:

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.283-287

2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., 1982 стр.257-261;

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 т. 2 стр.70-74;

13 Дәріс

1.Тақырыбы: Сүтқоректілер немесе аңдар класы. Жалпы сипаттама. Морфофизиологиялық шолу.

2.Мақсаты:

3.Мазмұны:

4.Сұрақтары:

4.1.Жалпы сипаттама.

4.2. Морфофизиологиялық шолу.

5. Өзін-өзі қайталау сұрақтар:

6.Әдебиеттер:

2.Дәріс мақсаты: Омыртқалы жануарлар тип тармағының амниота және гомойтермалды ең күрделі дамыған клас ретінде табиғат ортасы мен тығыз байланыстылығы жағынан алуан түрлі қабілеттілікке жетуіне байланысты жердің рельефіне мықты әсер етуіне орай , оның үстіне адамның өзі осы класс өкілі маймылдардан өмірге келгенін ескере отырып, осы заман талабына үйлесімді баяндау. Табиғат ортасында тұрақты дамуға жетуде. Осы сүтқоректілер жануарларының адамға жақындығы мен байланыстылығы жағынан ерекше орнын жете түсіндіру. Бұл сүтқоректілер тобындағы жануарлар әлеуметтік өміріміздің барлық саласынан көрініп, материалдық және әлеуметтік қазынасына айналғандықтан, бұлармен тағдырлас екендігімізді мысалдармен «Адамзат және жануарлар әлемі» кестесін пайдалана отырып, терең мәлімет беру.

3. Мазмұны: Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама бере отырып, олардың морфо-физиологиясындағы мықты дамыған тіршілік ортасына бейімделудің алуантүрлілігін жете игеруге жеткендігін практикалық, кәсіби мысалдармен дәлелдеп көз жеткізу. Жабайы жануарлардың тек кәсіптік, өндірістік, шаруашылық жақтарын ғана емес, әлі де тың ғылыми ашылмаған саласы, берері мол бионика, биофизиология, биохимия, биотехнология салаларының болашағы алда тұрғаны, ол үшін жануарларды жан-жақты ғылыми бақылау, зерттеуге көңіл қоюға, жаңа әлеуметтік кезең келгенін түсіндіру.

4. Сұрақтар:

4.1. Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама:

Сүтқоректілер омыртқалы жануарлар ішіндегі неғұрлым жоғары ұйымдасқан тобы. Күрделенген топтың тұлға көлемі мен салмағы да ең масштабты екенін мынадан байқауға болады. Ең ұсақ сүтқоректі ақ тісті орман тышқаны -3,5 см, болса көгілдір кит ұзындығы-33 м.екен. Сонда, бұлардың салмақтары-1,5 г.-120 т. аралығында болған. Сүтқоректілердің негізгі прогрессивтік қасиеттері:


  1. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) жоғарғы деңгейде дамыған. Әсіресе бас миының алдыңғы мидың жарты шарының кора бөлігі – жоғарғы орталығы болмақ. Осыған орай сүтқоректілердің табиғи ортаны сезіну реакциясы соншама күрделеніп жетілген.

  2. Тірі туып, сүтпен – арнаулы затпен қоректендіреді. Бұл сүттің құрамында жас организмге қажет ақуыз, дәрумендер т.б. бәрі дайын. Осындай әзірленген жетілген көбею түріне жетуі салдарынан, ұрпақ қалдыру табиғаттың қандай ма болмасын, климаттық жағдайларында да іске аса беретін деңгейге келген.

  3. Жылуды денесіне тұрақты ұстап тұруға, реттеуге қабілеттілікке жеткен. Алдымен денесінде заттар алмасқан кезде тотығу-тотықсыздану процессі кезінде жылуды жинақтауға (химиялық терморегуляция), ал екінші жағынан осы жылылықты тері қан тамырларына беріп және өкпемен тыныс алғанда судың булануы (физикалық термореакциясы) болуы. Осы құбылыстарды реттей отырып, сүтқоректілер денесі мен жылуы ұстауға бейімделген. Осы тұрақтылықты сыртқы табиғат ортасы жылуы шамамен 1000 С ауытқығанда да денесінде көпшілік сүтқоректілер өзіне қажетті жылуды сақтап қала береді. Мысалы Солтүстік бұлғыны қыста – 600 С аязда, денесі +390 С. Десекте дене температурасының тұрақты болуы барлық сүтқоректілер үшін абсолюттік белгі бола алмайды. Дене температурасының тұрақтылығы көбіне тұрақтылығы көбіне қағанақтыларға сәйкесті, әсіресе ірі көлемдегі жануарларда. Төменгі сатыдағы сүтқоректілерде және ұсақ қағанақтыларда дене температурасы белгілі деңгейде өзгеріп (ауытқып) отырады. Әрине бұл сыртқы орта температурасымен байланыстылықта болып отыр. Мысалы, қалталы егеуқұйрықта 37,8 -29,3ºС аралығында ауытқыса, кәдімгі тоқалтісті 37-32ºС аралығында болған. Осы дене жылуын реттеуде тері түктерінің, ал кейбірінде тері асты май қабатының айырықша маңызы бар.

Осы ерекшеліктердің нәтижесінде сүтқоректілердің географиялық таралуы барлық материктерде (Антрактидадан басқа) түгел таралуға мүмкіндіктері болған. Сол себептерден олар: жербеті, жер қыртысы, жартылай суда, ауа мен жербеті арасында, тұрақты су кеңістігіне, тараған.

Осы заманғы сүтқоректілер түрлер саны шамамен 4,5 мыңға жетеді. Жалпы сүтқоректілердің төмендегідей морфологиялық белгілерін айтуға болады:

1.Денесі, тері жамылғысында түктері және көптеген тері бездері (сүт, тер, май, иіс) дамыған, олардың атқаратын қызметі әртүрлі.

2.Синапсидті (бір самай шұңқыры) бассүйек омыртқа жотасымен екі шүйде ілмешегі арқылы байланысады.

3.Төменгі жақ тек бір ғана тіс сүйегінен тұрады.

4.Шаршы және байланыс сүйектері ортаңғы құлақтағы есіту ұсақ сүйектері-төс, балғашық сүйектеріне айналып кеткен.

5.Тістері пішіні мен атқаратын қызметіне қарай – күйек, сойдақ және азу тістеріне (гетеродонтты) жіктелген, олар альвеолаларда орналасқан текодонтты) және көптеген сүтқоректілерде екі тісі болады (дифидонтты) – сүттістер (уақытша) және тұрақты тістер болып .

6.Омыртқалы платицельді. Мойын бөліміндегі омыртқа саны тұрақты (жетеу),

7.Шынтақ буыны артқа қарай бағытталған, тізе – алға қарай, нәтижесінде сүтқоректілердің тұлғасы төртаяғы үстіне орналасып қозғалысы мықтылығын, жылдамдығын үдете түскен. Осы буындар рептилияларда бүйір бетіне қарай бұрыш жасап орналасқан. (сурет-165 Константинов бойынша). Бұндай қаңқа мықтылық пен жылдамдық сүтқоректілердің қозғалыс активтілігінен біршама төмен болған.

8.Сүтқоректілер жүрегі төрткамерлі, жалғыз сол жақ аорта доғасы қалыптасқан.



4.2.Жалпы морфо-физиологиялық шолу.

Тері жабындысы сүтқоректілердің күрделі қалыптасқан: екі қабаттан тұрады үсті (сырты) эпидермис іші (асты)-кутис (меншікті тері). Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Жоғарғы беті эпидермистің – жалпақ клеткалардан қалыптасқан. Бұл жалпақ клеткалардың ішкі қуысын кератогиалин заты толтыра келе мүйізденуге әкеледі. Сол себептен де, олар өліп, түсіп отырады. Ол қайызғақ ұсақ жапырақшалар түрінде бөлініп түсіп отырады. Эпидермистің астыңғы қабаты цилиндр немесе кубиктәріздес клеткалардан тығыз орналасқан тірі клеткадан тұрады. Бұл қабатты Мальпигиев қабаты деп атаған. Эпидермистің үстіңгі мүйіздену, түлеу қабатын нағыз тері (кутис) мен байланыстырып, қоректендіріп, өсіріп тұратын – Мальпигиев, өтемаңызды аралық қабат. Эпидермис тек қайызғақ өсіріп, оны түсіріп қоймайды көптеген тері өсінділерін береді: ең негізгілері: шаш, тырнақ, жезтырнақ, тұқайлар, мүйіздер (қуыстылар, бұғы мүйіз эпидермистен емес, кутистен өсетін болғандықтан – тығыз, қуыссыз мүйіз. Сол себептеп ол тез өсіп, өсу кіндігінен үзіліп түсіп отырады), қабыршақтар, әртүрлі бездер.

Меншікті тері немесе кутис сүтқоректілерде өте жақсы дамыған. Бұл қабат көбіне талшықты дәнекер ұлпадан қалыптасқан. Кутистің үстіне таман тері қантамырлары жиі орналасқан, шаштың сумкілері, тер бездерінің түтіктер саңылаулары орналасқан. Мальпигиев қабаты төменгі беті нағыз тері мен толқынды болып орналасқан. Осы қасиет тек сүтқоректілерде ғана жетілген. Терінің организм жабындысы болғандықтан түрлі қозғалысқа қабілеттілігін жақсы қалыптастырған. Судан шыққан ит, қой т.б. сілкініп су тамшыларын шашып тастауы осы қозғалмалық қасиеттен. Әсіресе жылқыда жақсы байқалады. Сауырындағы, мойынындағы т.б. аймақтарындағы қонып отырған шыбын шіркейді маса, сона т.б. аяқтарынан қағып түсіруі, насекомдарды тайдырып жіберуі.

Тері асты майы – клетчатка деп атайды. Бұл көбіне су сүтқоректілерінде жетілген – кит, итбалық т.б.Сол себептен де олардың түктері тері жабындысында редукцияға түсіп кеткен.Қыста ұйықтап өткізетіндерде (байбақ, сарышұнақ, болсық и др) тері асты клетчаткілері тұрақты әсер, олар үшін жинап алған май қоры, негізгі энергетикалық материалы болып қала берген.

Тері қалыңдығы сүтқоректілерде әртүрлі: салқын жерлерде жануарлар тері жабындысының түстері неғұрлым ұзын, тығыз болған сайын, тері жұқара береді. Терісі жұқа, әрі әлсіздеу – қоянда, себебі тері жұқара береді. Терісі жұқа, әрі әлсіздеу – қоянда, себебі тері асты қан тамырлары нашар дамыған. Осы нашар қантамырлы болуы қоянның бейімділік қасиетінің бірі болып қалыптасқан. Бұл қорғаныш белгісіне жатады.Қоянның жуының бірі – жыртқыш.

Жыртқыштың тістері жұлып алған жерлері қанаған үлгермей қатып қалады да, тіршілік өмірін жалғастыра береді. Осындай қорғаныс бейімділіктері кейбір тышқандарда, қосаяқтарда кездеседі. Бұларда ұзын құрықтары сақиналы терілі болып келеді. Құйрықтан ұстағандарда аузында құрықта терісін қалдырып өздері құтылып кетеді

Рептилияға – қабыршақ құстарға – қауырсын қандай қажет болса, Сүтқоректілерге – түкті тері жабындысы сондай қажет. Сүтқоректілердің кейбірі екінші мәрте түктілері редукцияға түскендер: киттер, итбалықтар, дельфиндер,ескекаяқтылар т.б. Бұлар түктерінен айырылған мен тері асты майлары (клетчаткалары) жақсы жетілген. Түк түрлері: шаштар, мамықты шашы (пух), сезімтал шаштар немесе вибристар. Көпшіліктерінде қалың, тықырлау болып келеді. Мамық шаштар арасында жуандау, ұзындау, қаттылау қылшалары. (остевые волосы) болады. Жерастындағыларда қылшалары болмайды. Керісінше ересек бұғы қабандар, итбалықтарда қылшалары түгел болады. Түктері түлеп отырады. Көктемде, күзде өзгеріп отыратындар: тиын, түлкі, бұлғын жер тесерлерде. Жылына бір мәрте түлейтіндер – сарышұнақтар да.

Түктер ішінде – сезімтал қылдардың (вибристер) маңызы зор. Кейде бұларды сезім мұртшалары деп атаған. Олардың иіс сезуге қаблеттілігі бар.Олар көбіне бас бөлігінде, кеуде, мойын да, құрсақ бөлігінде орналасқан. Осы вибристардың қапшықтарында, қапшық қабырғаларында сезімтал жүке клеткалары орналасуынан, вибристердің қозғалуынан сезім клеткалары сезінуге қабілетті.

Шаштың жуандап, ұзарып келгендерін – қыл (щетины) және қылсойдақтар (иглы) бар. Басқада мүйізді өсінділер – қабыршақтар, тырнақтар, жезтырнақтар, тұқайлар қалыптасқан. Неғұрлым салмақтары аяғына түсіп, тақыр жерге тіршілік еткендерінде тұқайлары қалың да мықты бола береді (бұғы, сиыр, жылқы), борпылдақ құмайт жерлерде көптабан (түйе), тасты жердегілер қырлары өткір тұқай (тау ешкісі, серна т.б.). Осындай орта тіршілігіне бейімделгендер тұқай көлемі мен оның 1 см2 бетіне түсетін салмақтары өзгеше: Орта Азия тау ешкісінің 1 см2 тұқай көлеміне 850 г. Ормандағы бұлан табаны 1 см2-500 г., солтүстік бұғы табанына 1 см2 – 140 г. Салмақ түсетін болған. Осыдан қайсысының табаны (тұқайы) жалпақтау екені түсінікті болар.

Тер бездері: жалрақтау екені түсінікті болар

Май бездері: түктерін майлап тұруға т.б

Иіс бездері: Жауынан қорғануға, шекараны айқындау белгі салу т.б.

Сүт бездері: бастапқы кезде балаларды сүтпен қоректендіруге, әсіресе сол туған күндеріндегі бастапқы сүттерінде сарыуыздың көп болуынан осы бастапқы қоректенудің маңызы өте зор болған. Қазақта «Уызына жарымаған» мақалының айтылуы да бастапқы күндеріндегі қоректенуі барлық жылы қандылар үшін де салқын қандылар үшін де өте маңызды мәселе.

Сүтқоректілер үшін тері жабындысы түктері маусымдық түлейі мен өзгеріп отыруының зор маңызы бар. Бұл қасиет тіршілік ортасы мен тығыз байланыста болған. Мысалы солтүстік ақтиінда жазғы түктері 1 см2 арқасы аймағында 4200 шаштан келсе, қыста – 8100 –ге жиілейді, аққоянда – 8000 және 14700. Осыған орай, шаш ұзындықтары да өзгеріп отырған. Тропиктік аңдарда бұндай құбылыс байқалмайды.



5 Өзін-өзі қайталау сұрақтары:

1.Сүтқоректілердің алуан түрлі пішініне мысал келтіріп, ортасы мен бай-ыр?

2.Маймылды, ұшанды алып, қай орта жануарлары екенін белгілермен дәлелде?

3.Қасқыр мен саршұнақты алып, тіршілік ортасын, дәлелде. Бейім белгісін айт.

4.Табиғат төрт кеңістігіне бейімделгендерге мысал келтір. Негізгі белгісін дәлелде?

5.Жартылай суда, жартылай жер астыларға мысал келтіріп белгілерін дәлелде?

6.Тері жабындыларындағы бездерді атаңыз? Олардың маңызы?

7.Тері микроструктурасын айтыңыз: Эпидермис қабаттары, маңызы неде?

8.Мальпигиев қабаты қайда орналасқан. Маңызы?

9.Нағыз тері. Микроқұрылымын айтыңыз?

10.Тері қантамырларының шоғырлануының маңызы қандай?

11.Тері, дене жылуын реттеудегі маңызын айтыңыз?

12.Терінің түлеуінде маусымдықбайланысты айтыңыз?

13.Тері асты май қабаты (клетчаткі) қалыңдауы неге байланысты?

14.Қоянтерісінің жұқа болып, қантамырларының нашар болуы неден?

15.Тері түктерін атаңыз. Маңызы қандай?

16.Тері түктерінен айырылғандарды атаңыз?

17.Саусақты және табан мен қозғалыс деген не?

18.Тіске сипаттама беріңіз.Гетеродонтты деген не?

19.Екінші рет суға келгендер деген не? Мысал келтіріңіз?

20.Сүтқоректілердің жүйкесі жоғары дамығанын дәлелде?

21.Денесіне тұрақты жылуды ұстау үшін қандай реакцияларға жеткен?

22.Сүтпен қоректенуде бастапқы қоректенуідің маңызы қандай?


6. Әдебиеттер

1.В.М.Константинов и.др. Зоология позвоночных. М.,2000. с.300-308

2.С.П.Наумов. Зоология позвоночных. М. «Просвещение». 1982.

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 т.2 стр.162;195-202


14 Дәріс

1.Тақырыбы: Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары

2. Дәріс мақсаты:

3. Дәріс мазмұны:

4. Сұрақтар:

4.1.Тіршілік жағдайлары және жалпы таралуы

4.2.Жербеті жануарлары(аңдары):Орман. Кеңістік А.Б.В

4.3.Жерасты жануарлары (сүтқоректілері)

4.4.Су аңдары

4.5.Ұшатын аңдар



5. Өзін-өзі қайталау сұрақтар:

6.Әдебиеттер:

2. Дәріс мақсаты: Сүтқоректілер жануарларының биологиялық прогресстік тікелей дәлелдемесі, олардың биотоптық және географиялық кең таралу масштабтарында болып отыр.

Сүтқоректілер Антарктидадан басқа континенттің бәріне түгел тараған осы заманның жылы қанды активті жануарларының бірі. Бірақта, осы Антарктиданың меңіреу құрлық жағаларын әзірше итбалықтар кездесіп қалып жатады. Демек, көп ұзаққа бармай жатып бұл салқын континентті де игеруге азғана уақыт қалған болар.

Жербеті аңдарының кейбірі Солтүстік Мұзды мұхиттың кейбір аралдарында кездесіп жатыр. Мысалы Карск теңізіндегі Уединения қашық аралдарынан солтүстік бұлғыны мен бұланын кездестіруге болады. Сонымен сүтқоректілер барлық мұхиттар аралдында таралған. Олар ескекаяқтылар кит тәрізділер. Бұл горизонталды ендік бойынша таралуы делік.

Сүтқоректілердің вертикальды таралуы да ұлы өзгерістерге жетуде. Мысалы: Орталық Тянь-Шяньда 3-4 мың биіктіктен көптеген тоқал тістер, байбақтар, жабайы ешкілер, ақ барыстарды көруге болады. Гималай тауында архарлар 6 мың м., ал бірен-саран қасқырлар 7150 м. кездесіп қалады. Сонымен, осындай ендік бойынша және бойлық бойынша ең көп таралған активті жануарлардың биосферадаға маңызды орнын ХХІ ғ. талабына сәйкес, тұрақты биологиялық даму үшін қоршаған табиғат ортасы экологиялық заңдылығы негізінде түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет