С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні)



бет12/13
Дата25.08.2017
өлшемі1,87 Mb.
#26665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Әдебиеттер:

1. В.М.Константинов и др. Зоология позовоночных. М. 2000. стр.405-408.

2. С.П.Наумов. Зоология позвоночных. М. 1982. стр.366-371.

3. Н.П.Наумов., Н.Н.Карташев. Зоология позвоночных. М. 1979. стр. 162-167.




  1. Семинар сабақтарының жоспары




  1. Семинар сабағын жүргізу үшін студенттердің теориялық материалдарына әзірлену үшін негізгі талданатын тақырыптар бойынша теориялық сұрақтары алдын-ала жоспарланып берілуі керек. Бұл студенттердің ықшамды конспект жазуына, түсініп әзірленуіне мүмкіндік береді.

  2. Семинар мақсаты: студенттердің тақырыпты толық меңгеруі үшін олардың ойлау қабілеттілігінің еркіндігін ұштау. Осыдан олардың сабағына монологтік тәсілмен болуын ұштай түседі. Осыған негізделген сұрақтар:

Семинар -1

Сұрақтар:

1. Бассүйексіздерге қандай хордалылар жатады? Оларда жалпы хордалыларға тән ортақ белгілері бар ма?

2. Бассүйексіздерді жалпы шолуда ерекше көзге түсетін эндостиль және Метанефридия мүшелері бар. Олардың элементтерін атай отырып, физиологиялық функциясын дәлелде.

3. Қандауырдың ұзыннан қимасынан ішкі мүшелерінің орналасуын ауыз қармалауышынан аналь қуысына дейін элементтерін атап ішкі құрылысының қарапайымдылығын дәлелдеңіз.

4. Қандауырдың бас бөлігінің құрылысынан болашақ бассауыттануға бағытталған элементарлы белгіні байқауға бола ма?

5. Қандауырдың жүйке жүйесінің бөлімдерінің ерекшеліктері. Қарапайымдылығын қалай дәлелдейсіз?

6. Қандауырдың ас қорытуы жүйесінің ерекшелігі

7. Қандауырдың қан айналу жүйесінің ерекшелігі
Семинар -2
Тип тармағы-ІІІ. Омыртқалылар немесе бассүйектілер.- систематикасы, құрылыс ерекшеліктері, шығу тегі және дөңгелекауыздың эволюциясы .

Әзірлік және талдау үшін сұрақтар:




  1. Жақсүйексіздердің сорфофизиологиясының прогрессивтік ерекшелігі немен түсіндіруге болады (мысалға дөңгелекауыз) бассүйексіздермен салыстыра отырып?

  2. Дөңгелекауыздылардың жалпы пішінін қарапайым омыртқалыларға жатқызуға бола ма?

  3. Осы заманғы дөңгелекауыздылар (жақсүйексіздер) жоғары мамандалған жануарлар тобы дей аламыз ба? Олардың қоректену тәсіліне байланысты бұлардың морфофизиологиялық ерекшеліктеріне санауға бола ма?

  4. Дөңгелекауыздылардың маңызы, таралуы, экологиясы

  5. Жақсүйексіздердің шығу тегі. Қазбадағы формалары олардың құрылысы, мүмкін болған тіршілік жағдайы

  6. Дөңгелекауыздылардың жүйелік қатарына шолу


Семинар -3. Жақауыздылар бөлімі
Құрылыс ерекшеліктері, шығу тегі, жыртқыш балықтардың эволюциясы. Сұрақтар:

  1. Жақауыздылардың прогрессивтік морфофизиологиялық ерекшеліктерін дәлелдеу (мысалға жыртқыш балықтар) жақсүйексіздермен салыстыра отырып. (дөңгелекауыздылармен)?

  2. Шеміршекті балықтардың құрылысындағы қарапайымдылықтар.

  3. Осы заманғы тақтажелбезектілер- акулалар және скаттар. Олардың тіршілік әрекеттеріне байланысты бұл балықтардың морфофизиологиясында құрылыс ерекшеліктері қалыптасқанын дәлелдеу

  4. Тақта желбезектілерінің систематикасы. Негізгі өкілдері, олардың биоценоздағы орны және практикалық маңызы

  5. Жақауыздылардың шығу тегі. Қазба формалары және олардың экологиясы.



Семинар -4. Сүйекті балықтар.
Хордалылардың шығу тегі және төменгі сатыдағы бассауыттылардың эволюциясы

Сұрақтар:



  1. Хордалылардың пайда болу жолдарын шамалау

  2. Хордалылар құрылысының келбет түп нұсқасының және олардың басқа типтегі жануарлар патшалығымен келбет ұқсастықтарының болуы

  3. Хордалылар типінің құрылыс принциптерін түсіну үшін бассүйексіздер тип тармағының маңызы

  4. Жақсүйексіздердің және жақауыздылардың басты морфологиялық өзгешелігі және т.б.

  5. Ертедегі қарапайым омыртқалылар ретінде сауыттыларға сипаттама, олардың дөңгелекауыздылармен байланыстылығы.

  6. Класс үсті Балықтардың прогрессивтік дамуын анықтау, морфологиялық ерекшеленуге әкелуі

  7. Панцирлы балықтарының құрылыс ерекшеліктері және тіршілік еткен уақыты (мезгілі), аконтодин алғашқы акулалар

  8. Сәулеқанаттылар және қалақша қанаттылар басты морфофизиологиялық ерекшеліктері (уақыт, келбет)

  9. Гонойдтық балықтар-ертедегі сәулеқанаттылар.

  10. Қылтанақты балықтар – соңғы кездегі сәулеқанаттылар. Олардың осы заманғы алуантүрлілігі

  11. Қалақшақанатты сүйекті балықтар (қостынысты және саусақ қанатты) маманданған және прогрессивтік келбеттегі балықтар тобы



Семинар сабақ -5
Класс үсті-3 Жер беті төртаяқты омыртқалы жануарлары шығу тегі және қосмекенділер эволюциясы

Сұрақтар:

1.Девон кезіндегі табиғат жағдайының өзгеруі-тұщы су саусаққанатты балықтарының карбонның басында жекелеген тайыз жағалаулық ұсақ су калдықтарында адаптациялық бейімділіктерге қалыптасып алуға мәжбүр болғаны?

2. Девон саусаққанатты балығы құрылысының морфологиялық ерекшелігі, амфибияша тіршілікке түсуге мүмкіндік бергендігін байқата ма ?

3. Ихтиостиягалар – балықтар және қарапайым қосмекенділердің артық (переходная) тобы. Олардың неғұрлым құрылыс келбетін сипаттау.

4. Морфологиялық радияцияның негізгі бағыттары алғашқы қарапайым қосмекенділер стегоцефалдар палеозойдағы (догоомыртқалылар, лабиринтті донттар, антракозаврлар, жұқаомыртқалылар)

5. Жоғары палезойлық лабиронтодонттардың құрылыс пішіні және тіршілік жағдайы

6. Рептилиялардың қалыптасуы үшін антрокозаврлар бастаушы тобы ретінде болуы. Сеймуриоморфалар- антрокозаврлардан рептилияларға қалыптасудың аралық тобы ретінде

7. ЖҰҚА ОМЫРТҚАЛЫЛАР (ЛЕПОСПОНДИЛЕР) –палезой қосмекенділерінің бір эволюциялық бұтағы. Микрозаврлар-құйрықтылар және аяқсыз қосмекенділердің аралық тобы болуы мүмкін.

8. Мезозойдағы осы заманғы қосмекенділердің адаптациялық радияциясы басталуы. И.Н.Шмальгаузен гипотезасы (болжамы) . Осы заманғы қосмекенділердің қалыптасуы және тіршілікте болуының мүмкін жолдары мезазой рептилияларымен бәсекелестік жағдайда болуынан.


Семинар -6

Қосмекенділердің физиологиясындағы ерекшеліктер

Сұрақтар:



  1. Тері жабындысының ерекшелігі

  2. Ет, асқорыту жүйелерінің балықтармен салыстыру

  3. Тыныс алу жүйесінің өзгерісі

  4. қан айналу жүйесіндегі ерекшелік қос тынысты балықтармен салытыру

  5. Қосмекенділердің көбею ерекшелігі

  6. неотения құбылысы, маңызы


Семинар -7

Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилиялар. Шығу тегі және эволюциясы

Сұрақтар:



  1. Жер бетіндегі табиғи жағдайлардың ерекшеліктері: Палеозойдың соңы және мезозой кезеңдері

  2. Бауырмен жорғалаушылардың жер бетінде пайда болуы алдындағы экологиялық және анамото-морфологиялық алғашқы жағдайлар.

  3. Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтарының қалыптасуында және олардың қозғалыс аппараттарының эволюциясының негізігі бағыттары

  4. Қазбадан табылған рептилиялардың негізгі биологиялық топтары және құрылыстары: синапсид, динозавр, птерозавр, плезнозавр, ихтиозавр

Семинар -8

Бауырмен жорғалаушылар. Ішкі құрылысына салыстырмалы (қосмекенділер) сипаттау

Сұрақтар:



  1. Бауырмен жорғалаушылардың сезім мүшелерінің қосмекенділермен салыстырмалы ерешеліктері: мысалмен дәлелдеу. Прогресс жағынан анықтау.

  2. Бауырмен жорғалаушылардың көбею мүшелері Эмбрион дамуының ерекшеліктері. Прогресс жағынан анықтау.

  3. Рептилиялардың сыртқы және ішкі бейімділіктері. Оларды қосмекенділермен салыстыру.

  4. Рептилия мен қосмекенділердің затпен энергия алмасуындағы ерекшеліктерді дәлелдеу.

  5. Рептилиялардың табиғат ортасында кеңінен таралып, алуантүрлілікке жету себебін морфо-анатомиясы; көбею, қоректенуімен дәлелде.

Семинар – 9

Құстар. Олардың ерекше қасиеттері.

Сұрақтар:



  1. Алдыңғы аяқтарының қанатқа айналуында интеркарпальды байланыстарға жетуі. Артқы аяғында интерторзальды байланысқа жетуінен жамбас белдеуінен бастау алатын артқы аяқ қаңқасының серпінділік қабілетке келуі

  2. Асқорытуда зат алмасудың жоғарғы дәрежеге жетуі

  3. Тыныс алуында «қос тынысты» құбылысқа жетуі

  4. Қан айналуда жүректің камералары қызметінің жоғарлай түсуі мен тұрақты жылуға жетуі. Қан айналудың маусымдық ерекшеліктері.

  5. Тері жабындысы, қауырсындар түрлері. Қауырсындардың көп функциональдігі.

  6. Құстың зәр шығару мүшесі. Зәр бөлу функциясы ерекшелігі.

Семинар-10

Құстардың жүйке жүйесі ерекшелігі. Құстардың экологиялық белгілері.

Сұрақтар:

1.Құстың орталық жүйке жүйесін Рептилия орталық жүйке жүйесі мен салыстыру ерекшелігіне көз жеткізу.

2. Құстың көру мүшесін рептилияның көру мүшесімен салыстыра талқылау

3. Құстың есту мүшесінің ерекшеленуі. Ультра-фиолет (күлгін) сәулесін көруге қабілеттілігі

4. Құс тұмсықтарының алуантүрлілігі, оның көп функциональді мамандануы

5. Құс тырнақтары мен табандары, қоректік ерекшелігіне сәйкес келуі (экологиялық элементтері)

6. Құстың мойны мен сирағының құс тіршілігіне қатынасы қандай?

7. Құстың ауа қапшықтарының құс эволюциясындағы жетістіктерін арнаулы маманданған қабілеттілікке санаймыз
Семинар 11

Құстардың шығу тегі, эволюциясы

Сұрақтар:



  1. Бауырмен жорғалаушылардың ұқсастық келбеті

  2. Рептилиялар ортасынан құстарға мүмкін болар ата-тектерін сипатта

  3. Археоптерикстің құрылысы және жалпы келбеті және құстар, олардың ұқсастықтары

  4. Неге археоптериксті құстардың тікелей ата-тегіне санамайды, олардың эволюциясында бүйірлік қосалқы тармағын санаған

  5. Протоавистің келбеті құстардың ата-тегіне мүмкіндік берер ұқсастығына негізделген

  6. Бор дәуірінің соңына таман құстардың адаптациялық радиациясы-үштік кезеңнің басында және осы заман құстарының пайда бола басталуы


Семинар -12

Сүтқоректілердің сыртқы құрлысына морфологиялық талдау.

Сұрақтар:

1. Сүтқоректі жануарлар эволюциялық дамуында жалпыда көп пішінді (формасы) болып келген. Бұл көппішінділікке олар аз уақыт ішінде жетпеген шығар. Сонда осы көппішінділіктің сүтқоректілер үшін қандай маңызы болғаны?

2. Пішініне қарап, тіршілік ортасын сипаттай аламыз ба?

3. Сүтқоректілердің тері жабындысы көпфункциалды болуын дәлелде?

4. Сүтқоректілердің тері жабындысының маусымдық, жылдық тіршілік ырғағындағы өзгерістерінен нені байқауға болады?

5. Тері өнімдер дегеніміз не? Олардың заттар мен энергия алмасуындағы маңызын дәлелде.

6. Нағыз жер беті сүтқоректілеріне тән негізгі дене құрылыс ерекшеліктерін (бес аяқты) атаңыз? Оларға мысал келтіріңіз?

7. Қатты жане борпылдақ жерлерде тұяқ не табан пішіндеріне көлеміне қарай жануарлардың жылдамдықтарын анықтаймыз.Мысал келтірңіз?

Семинар13

Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің ерекшеліктері.

Сұрақтар:

1.Ауыздың ерні сүтқоректілер үшін маңызды мүшенің элементі . Сүтқоректілердің қай отрядында ерін болмайды?

2.Ауыз ұрты, ауыздың төрт жұп сілекей безі, төрт түрлі тістері сүтқоректі жануарлардың бәрінде бірдей бола ма? Бірдей болмау себебін дәлелде?

3.Қарапайым қарындар мен күрделі қарындылар кімдер, ерекшелігін дәлелде?

4. Сүтқоректілерді неге гетередонтты дейміз? Жануарлар тісіне сипаттама беріңіз?

5 Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі эволюциялық күрделенуіне мысал кетіре отырып, дәлелдеңіз?

6. Төртаяқтыларда (басқа,кесіртке, егеуқұйрық) асқорыту жүйелерін салыстырыңыз, Күрделенуіне орай мор-анотомиялық , физиологиялық мысал келтіре отырып дәлелдеңіз?
Семинар – 14

Сүтқоректілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, функцианалдық ерекшелігі.

Сұрақтар:



  1. Сүтқоректілер ішінде төменгі жане жоғарғы сардары жануарларда ми құрылыстарында , бөліктерінде қандай өзгеріс байқалады ? Салыстырып дәлелдеңіз?

  2. Неопаллиум және архипаллиум деген не? Бұл қандай жанурларда дамыған? Бұларды сүтқоректілердің миымен салыстыруға бола ма?

  3. Сүтқоректілердің және Рептилиялар алдыңғы миын салыстырғанда қандай ерекшеліктерін айтар едіңіз?

  4. Рептилия мен сүтқоректілердің ортаңғы миын салыстыра отырып сипаттаңыз? Хиазма деп нені атайды?

  5. Рептилия мен сүтқоректілердің мишығын салыстырып қандай ерекшеліктерін айтар едіңіз ?

  6. Эхолокация деген не? Жануарлардың қандай сезім мүшелері арқылы іске асады ? Мысал келтіріп дәлелдеңіз?

  7. Аккомодация деген не? Ол қалай іске асады?


Семинар- 15

Сүтқоректілер көбею жүйесі. Морфологиялық ерекшелігі.

Сұрақтар:

  1. Сүтқоректілер балаларын тірі туып, көбеюіне орай сапалық жыныс апараттарында күрделенуге жеткен. Қағанақ деген не? Негізгі функциясын атаңыз?

  2. Рептилия мен сүтқоректілердің көбею түрлерін салыстырмалы ерекшеліктерін дәлелдеңіз?

  3. Сүтқоректілерде жұмыртқа салып көбею кездесе ме? Қандай жануарларда ? Дәлелдеңіз?

  4. Қағанақты, қалталы көбею деген не? Бұл қандай сүтқоректілерде екен . Мысал келтіріп дәлелдеңіз?

  5. Қағанақты көбею жануарларын сүтқоректілер, олар мықты тіршілік ортасында, табиғаттың маусымдық құбылыстарына, ландшафтыларына бейімделгендер, мысал келтіре отырып дәлелдеңіз?

  6. Сүтқоректілердің жер бетіне (төрт тіршілік ортасына) мықты бейімделуін білдіретін аса маңызды қасиеттерін атап, мысал келтіре отырып, жер бетіне кеңінен таралуын дәлелдеңіз?



  1. Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар


7.1. Семинар сабағына ұсынылатын әдістемелік нұсқау.

1. Семинар – талқылау сабағы болғандықтан ол, студенттердің берілген тақырыптар бойынша пікірлерін қозғайды. Оқулықтарды дайын авторлар пікіріне өз ойларынан қосары бар ма, жоқ па? Ол үшін оқулықтағы деректерге мықты түсінуі керек.

2. Семинар сабағында міндеттерде көріністері болуы қажет. Ол сабақ үстінде конспектісін пайдалана отырып (оқып беру емес) өз ойын жинақты сенімді пікірмен айта алатындай болуы керек.

3. Баяндамашыға топ студенттері еркін сұрақ қоя алады. Студент сұраққа жауап беруге міндетті. Осылай баяндамашы мен топ студент арасындағы диалог жасау үшін оқытушы қадағалап, байланыстырып, сұрақ қойғызып, жауап бергізіп, көмектесіп отыруы мақсат.

4. Семинар – теориялық мәселелерге, әсіресе жан-жануарлардың шығу тегіне, эволюциясы, жүйелерінің қалыптасуы сияқты сұрақтарға талдау жасағанда жеке (ұсақ) экологиялық белгісіне көңіл аударған жөн. Сол белгілері арқылы оқымыстылардың пікірлерін ұғыну. Мысалы: алғаш сүтқоректілер аңтісті рептилиялардан (териодонттардан) пайда болғаны белгілі. Бұл Перм дәуірінде дамыған. Бұны қазбадан тауып, жаңалыққа жеткізген В.П. Амагицкий есімімен байланысты. Ол өзінің жаңалығын әйгілі проф. Александра Иностранцева есімімен атаған, немесе 3- метірлік Ивантозаворлар деген терминологиямен белгілі . Сонда алғашқы Сүтқаректілердің шығу тегі жыртқыш аңдардың тісіне негізделіп өмірге келген.

5. Семинар сабағын жақсы ұғыну үшін жақсы да ықшамды жазылған конспекті болуы керек. Бұны жаза отырып түсінуді , енді ой елігінен өткізіп жүйелі сөйлемді өз еркімен айтуға, талқыға қарасуға мүмкіндік береді.


7.2. ОЖСӨЖ сабағына әдістемелік ұсыныс

1.Ауызша сұрақ әрбір дәріс сабақтары алдында студенттердің жадын (память) қозғап ойға, ойлануға әкелу. Солардың ойларында өткен дәріс тақырыбынан не бар , не жоқ , өз бетімен оқыған , оқымағанын білу үшін бірнеше дәрістік материалдардан сұрақ қойылып жауабын байқайды. Бұндай сұрақтарды ӨЖСӨЖ, СӨЖ колоквиум т.б. ауызша сабақтарда қойылып, студент білімін тексереді.



2. Жеке бақылау Ғылыми терминдерді, басқа актуальды проблемаларды ауызша сұрақтарда дұрыс сөйлеуге орталықтың жіберетіндіктен кейде бір- екі сұрақты асықпай жекеше сұрап білген жақсы. Ол үшін студентті жеке – жеке оқытушы уақыт белгілеп 10-15 сұрақтар қойып студенттің білім тереңдігін байқайды.

3.Фронталды сұрақ. Көбіне ӨСӨЖ сабағына қолданылады. Кейде дәріс үстінде де бір маңызды стстистикалық материалды баяндауда аудиториядағы жекелеген студентке арнапта беріледі. Жаңа ұғымды жинақтуға «дежурный» сұрақтар

4. Реферат. Жоспары бір- екі тақырыптан студенттер тандап алуы керек. Оқытушының белгілеген мерзімі ішінде стандартқа лайықты жазып тапсырады. Әркім өз рефератынан баяандама жасап, сұраққа жауап бере отырып бағаланады.

Реферат – Курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, Ғ.П.К. баяандама жасаудың алғашқы стандартты заңдылықтарын көрсететін алғашқы беташар жұмыс.



5. Топ студенттерімен жұмыс. Топ студенттерінің мінездік үйлесімдерін орай топшаларға бөліп, олар өздеріне тақырыптар таңдап әзірліктерін бастап, берілген мерзім ішінде талдануы болады.

6. Презентация – оқытушы мен студенттің тығыз байланыстыра түсетін осы заманғы толиранттық форма.

Мақсаты: Студенттерді ос заманғы информациялық технологияны пайдалана білуді үйрету. Қысқа да нұсқа сөйлеуге үйретіп. Көрнекіліктерді қолдануды тиімді, ықшамды түрде хабарлауға жаттығады.



7.Студент білімін жазбаша бақылау. Бұл студентті тиесілік сұрақтарға жауап берген кезде, керекті кестені толтыру арқылы, грфик жасау кезінде байқалады. Студенттің ұқыптылығы, жауапкершілігі, сапалы іскерлігі, білім тереңдігі сезіледі.
8. Зертханалық жане курстық жұмыстар оқу жоспарында көрсетілмеген.
9.Оқу жұмысы жоспарының 30 СӨЖ . Жұмыстардың тақырыбы берілді.
10. Оқу, өндірістік, дипломдық сарамандарын жүргізген кезде әдістемелік нұсқау (ұсыныс)

Далалық оқу практикасы (сараман) экологтарға бірінші курс аяғында жануарлар әлемі мен танысқан. Мына 2курс аяғында жануарлардың әсіресе омыртқалылардың биолагиялық алуантүрлі курсына апталық сараман өтуге тиісті . Бұнда өлкеміздің омыртқалы жануарларымен танысып, әртүрлі ланшафтылардың (биотоптары) жануарларымен танысып болып.



Экологтар үшін табиғат орта жие болып, орман – тоғайдың, ашық шалғындықтың, су маңы кеңістігін, өзен- көл, су – қоймаларының жане елді мекен жануарларының экологиялық ерекшеліктерін терең білулері қажет. Осыдан туындайтын маңызды мәселелер:

  1. Жергілікті фауна тағдыры тек зерттеулер, бақылаулар арқылы мүмкін. Өйтпеген күнде «Қызыл кітапқа » енетіндер үстемелі көбейіп кетуі ықтимал. Сондықтан барлық экскурсиялық далалық – сабақтарда кездескен жануарлар санағында кездескен жануарлар санағына ұқыптылықпен жазып отыру.

  2. Экскурсияда кездескен жабайы жануарларды анықтай білу. Оларды күнделікке тіркеп, талдап отыру.Өткен жылдармен салыстыру. Ауытқу себебін білу (оқытушы көмегімен)

  3. Сулы жылдары, Су аз болған жылдары . Бұл құбылыстың жалпы фауна сан басы мен болмаса жағынан ауытқуға мәжбүр ететіндіктен бұндай жылдарды жазып алып тұрған жақсы.

  4. Жазы өте ыссы жылдары шағындықтар ылғалдық тез азайады шөптің басы сарғайып, өсе алмай қау өз алдына , осындай жылдары қалада өрттер жиелеп келеді. Бұны жергілікті басылымдардан, Экология басқармасынан біліп отыру экологтар үшін қажет-ақ. Осы салада өлке табиғаттарындағы індет аурулар, т.б,жазып отыру.

  5. Қазіргі кезде ауа,су, топырақ ластануынан парпзит аурулар көбейіп отыр. Сондықтан экскурсы сабағынан кейін экскурсиялық заңдылық бойынша студенттің жеке гегиена ережесін ұстауға міндетті

11.Студенттердің білімін бақылау қорытындысы. Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары.

«Білімді бағалау схемасы»





Бағалау критериясы

Бағалау түрі

%

Барлығы

1

Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)

100

45




Дәріске қатысу

100

30

2

Жеке жұмыс

100

2

3

Бақылау жұмысы

100

2

6

Лабораториялық сабақта белсенділік

100

15

7

Бақылаудың басқа т үрлері

100

N




Аралық бақылау (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орташа мәні




Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2







Емтиханға жіберілу рейтингісі

Аралық бақылау *0,6







Қортынды бақылау (емтихан)

100*0,4







Барлығы

Емтиханға жіберілу рейтингісі + Қортынды бақылау



Бағалау туралы ақпарат

Барлық семестр уақытында 2 рубеждік бақылау (8-ші – 15 – ші жұмада). Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

Студентердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жұйесі

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық




С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет