С бөлімі «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасын, оқыту практикасына өзгерістер енгізу туралы рефлекция»



бет1/4
Дата28.01.2022
өлшемі16,31 Kb.
#115371
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
С есебі Жолжанова Гүлназ


С Бөлімі

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасын, оқыту практикасына өзгерістер енгізу туралы рефлекция»
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасы балаларды жеке тұлға болып қалыптасып дамуына жаңа тәсілдермен жетуге болатынына,оқыту және оқу тәжірибесіне жету үшін баламен жеке жұмыс жасағанда, балалардың қандай нәрсеге қызығушылығы бар екенін анықтап,одан әрі дамыту үшін,тікелей бақылауға алып,ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың үнін тыңдап,ойын түрлерін дұрыс ұйымдастырып,жетелеуші сұрақтарды дұрыс қоя білгенде Смарт мақсатқа жетуге болатынына көз жеткіздім. Осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, өз жұмысыма осы бағдарламаны енгізуді жөн санадым. Жаңартылған бағдарламаның түйінді идеяларын, 4К моделі, бала үнін тыңдау, ойын түрлері, саралау әдістері,бақылаудың түрлері, балаларды жан-жақты зерттеп,олардың сөйлеу, ойлау, қоршаған ортаны тану дағдыларын қалыптастыруда нәтижеге жету үшін тиімді әдіс-тәсілдермен таныстым.

Жаңартылған бағдарламаның негізгі идеяларын ескере отырып,перспективалық жоспарымды SMART мақсатқа айналдырдым. SMART мақсатқа айналдыруымның себебі, балалардың бойында өз-өзіне деген сенімділігі, сыни ойлауы мен шығармашылық дағдылары,адамдарды басқара алуы,командамен жұмыс жасай білуі,басқа адамдардың эмоциясы мен өзінің эмоциясын анықтап,басқара алуы қалыптасады. Осы мақсатта мен оқу қызметін ұйымдастыру барысында апталық циклограммамды да Смарт мақсатқа айналдырып алдым. Ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру барысында балаларды түстер арқылы, топтастыру арқылы үш топқа саралап топтастырдым. Миға шабуыл жасау арқылы бастадым.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасының нақты ойын түрлері:

-педагог жетекшілігімен ойын

-құрылымдалған ойын

-еркін ойын түрлері

Бұл ойындар арқылы балалар өзін қоршаған ортамен , табиғатпен , қоғамдық құбылыстармен , адамдардың еңбегімен , қарым қатынастарымен танысады.

Мен ұйымдастырылған оқу қызметінде ойынның осы 3 түрін қолдандым.

Ойынға қажетті ресурстарды дайындап, балалардың қызығушылығын оятып,жағымды орта қалыптастырдым.

Перспективалық жоспардағы «Менің отбасым» апталық тақырып бойынша «Қатынас» білім беру саласының «Сөйлеуді дамыту» оқу қызметінде «Менің отбасым» ұйымдастырылған оқу қызметімді ойын түрінде өткіздім.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын – балаға бағыт-бағдар бере отырып, ойын арасында араласып, баланың өзара әрекет етуіне ықпал жасауға көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет