С бөлімі «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасын, оқыту практикасына өзгерістер енгізу туралы рефлекция»



бет4/4
Дата28.01.2022
өлшемі16,31 Kb.
#115371
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
С есебі Жолжанова Гүлназ

Еркін ойын: «Отбасыма тілек»

Мақсаты: Отбасындағы өзара қарым-қатынасты орната орната алады.Отбасы мүшелеріне тілек тілеу арқылы сөздік қоры

молаяды.


Тиімділігі: оқу қызметте дайындаған жұрекшеге жапсырылған отбасы мұшелерінің суретін шарға байлап, тілектерін айтып ұшырады. Отбасылық мерекелердің маңыздылығын түсінеді. Өз отбасына құрметпен қарауға, сыйластық танытуға дағдыланады.

Тиімді тұстары: балалар отбасында кім көбірек жақсы көретіндерін айтып, оларға жақсы тілектер айтып, қолдарындағы үрленген шарларды ұшырды. Тілек айтқызу барысында балалар өз туыстарына кереметтей жақсы жақсы сөздер айтуды үйренді. Өз ойларын толықтай анық, нақты жеткізді.

Еркін ойын негізінен баланы нақты ашатын ойын болғандықтан, бұл жерде ойынның сәтсіз тұстарын көре алмадым. Балалар барынша ашылып, өз тілектерін керемет эмоциямен бере алды.

Қорыта келгенде осы 4К моделінің стратегияларын ұйымдастырылған оқу қызметтерімде қолдану барысында алған нәтижем:

-балалардың ойынға қызығуы;

-өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;

-сыни ойлай алуы;

-өз ойын командада ашық айтып, қорғай білуі;

-басқаларды тыңдап , кез келген жауапқа сыйластық , түсіністікпен қарауы;

-іскерлік дағдысының дамуы;

-шығармашылық ойлау дағдысының дамуы қалыптаса бастады.

Келешекте ойындардың әдіс тәсілдерін жақсарту мақсатында , шығармашылық жұмысымның мнемокесте технологиясын әрі қарай жаңаландырып , модулдік оқыту технологиясын , ойын түрлерімен біріктіріп , жалпы білім беру сапасын жақсарту мақсатында баланың даму құралы ретінде пайдалану керек екенін жоспарлап отырмын.



Тұжырымдай келе , бала біздің ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап , мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Біздің балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді балалар тәрбиелеуге болады. Ол үшін көп ізденіп , көп оқып , ізденіс үстінде болу керек. Заман талабына сай әр педагог өз оқу қызметін жаңаша ұйымдастырып , шығармашылық ізденіспен өткізсе , баланы дұрыс ,орынды сөйлеуге үйретсе, оны үйретуде түрлі практикалық жолдарымен байланыстыра алса елбасының тапсырмасының сөзсіз орындалғаны деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет