2.2.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған сәулеттік ғимарат. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Кейін бұл кесене мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды. Бұл кесенеге қай кезде барсаң да, тағзым етіп, дұға-тілектерін оқып жүрген адам саны азаймайды. Әлемнің түкпір-түкпірінен көптеп келетін саяхатшылар да жиі көзге шалынады. Осыдан-ақ, бұл орынның қасиетті екенін айтпай түсінуге болады. Атап айтсақ, Түркістан облысындағы Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. Одан соң, 1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралған. Онда софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кеткен екен. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: 1.Қазандық; 2.Үлкен Ақсарай; 3.Кіші Ақсарай; 4.Құдықхана; 5.Кітапхана; 6.Асхана; 7.Көрхана; 8.Мешіт;
Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен».Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!»Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.
Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Ясауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.Ахмет Ясауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды.
Достарыңызбен бөлісу: |