С ғ з ж тақырыбы: Түркістан облысының “Жеті кереметі” Орындаған: Ибадуллиева Г. П жетекшісі: аға оқытушы Турдалиева Ш. Ж шымкент -2023 Жоспар: І кіріспе



бет4/8
Дата03.06.2023
өлшемі29,98 Kb.
#178186
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СҒЗЖ

2.3. «Ақ мешіт әулие» үңгірі
«Ақ мешіт әулие» үңгірі - Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде, 250 м биіктікте орналасқан. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыздан түсінгенім бойынша, бұл жерде бағзы дәуірде жерасты мешіті болған деседі. Ортадағы алаңнан бірнеше қамалдарға жолдар жалғаған екен. Кейін сол жолдар бітеліп, мешітке адам кіре алмай қалған. Кейін, ХХ ғасырда күмбездің бір бөлігі опырылып, содан үңгірге кіретін саңылау пайда болыпты. Сондай-ақ, қасиетті жерге іретін жол тапқан адамдар бұл орынды әулиелі жерге айналдырған. Ал, келесі бір аңызда осы үңгірде жоңғар шапқыншылығынан бас сауғалау үшін балалар мен қазақ әйелдері мекен етіпті.Бір қызығы, үңгір ішінде жарты сағат жүрсеңіз, бойыңыз жеңілдеп сала береді. Аурасы керемет. Мұнда жасыл жапырағы жайқалып, бірнеше ағаш өсіп тұр. Мұндай ағаштар үңгірден басқа маңайда жоқ.Сонымен бірге үңгірдің төбесінен анда-санда тамшы тамып тұрады. Жергілікті жұрт оны «Ақ Молданың көз жасы» деп атап кеткен. Осы тамшылар үңгірдегі өсімдіктерге нәр береді. Кей кезде үңгір ішінде құстардың әні естіледі. Осының бәрі үңгірдің сән-салтанатын арттырып, оның киелі жер екенін айғақтай түсетіндей.Үңгірде шырақшы бар. Ол зиярат етушілерге үңгірді таныстырып, құран бағыштап береді. Сонымен бірге мұнда перзент сүюді армандайтын ерлі-зайыптылар, ауруынан айығуды тілеген адамдар да келеді. Олар тілектерін тілеп, дұғаларын оқып болған соң, тастарды бірінің үстіне бірін қалап кетуді әдетке айналдырған. Бұл «дұғам тез қабыл болса екен» деген тілектен шыққан екен.Үңгірдің тарихы жайында ел ішінде түрлі аңыздар бар. Енді бір аңызда көне заманда бұл зұлым айдаһардың үңгірі болған деп айтылады. Ол адамдар мен малға шабуыл жасапты. Айдаһар шықпақ болып қанатын жайғанда үңгірдің аузын бұзып кеңейтіп отырған-мыс.Бір күні осы өңірге Сүлеймен пайғамбар келіп, айдаһарды шынжырлап тастайды. Осыдан кейін айдаһардың қанша жыл өмір сүргені туралы аңыздар ештеңе айтпаса да, ұйықтаған жері сақталып қалған.Үңгірдің неге бұлай аталуына байланысты ел ішінде көптеген аңыздар бар. Солардың бірінде онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп тұрғаны жөнінде баяндалса, тағы бірінде бұл үңгір жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ әйелдері мен балаларына пана болғандығы туралы айтылады. Қазіргі таңда киелі саналатын орынды көргісі келетіндердің қатары едәуір көбейген. Себебі, үңгірдің өзіндік тылсым сыры көп. Үңгірдің іші қоңыр салқын, салқын леп ұрып тұрады. Оның кереметі сол, ішінде түрлі ағаштар мен өсімдіктер, құстар бар. Үңгірдің ортасында биіктігі 10-15 м, көптеген жылдан бері жиылған қазақта «киелі құс» деп аталатын үкі саңғырығының үйіндісі жатыр. Сол үңгірде көптеген жылдар бойы өз балаларымен бірге шырақшы болып келе жатқан 70-тен асқан Асқар ақсақалдың айтуынша, бұл құстың саңырығы жүздеген жыл бойы жиналған екен. Кейінгі жылдары үкі үңгір ішінде неше түрлі жұмыстар жүргізіле бастағандықтан ұшып кетіпті. Әулие үңгірдің шырақшысы жасы 70-тен асқандығына қарамастан келген адамдарды ертіп, кем дегенде 5-10 рет мешітке түсіп шығады. Киелі орынның кереметіне сай қария жүріп-тұру кезінде шаршауды білмейтін көрінеді. Сондай-ақ, қасиетті «Ақ мешіт әулие» үңгірі күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұрады. Күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында судың тамшылары қысы - жазы тамшылағанымен ауада ешқандай иіс бұзылу, көгеру, шіру деген процесс жүрмейді екен. Естелік бойынша: «Жаугершілік қиын-қыстау заманда Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, ұрысқа дайындалады. Он мың әскерімен аттанар тұста селдетіп нөсер құяды. Сондықтан, жаңбыр астында таңғы намазды оқи алмайды. Сосын үңгірге түсіп, бәрі қатарласа тұрып, намазға жығылады. Үңгірдің кереметтілігіне таң-тамаша болысады. Сарбаздың бірі бұл үңгірді Есіркеп немесе Қойкелді деп атайық деп ұсыныс білдіреді. Сонда, батыр бұл ұсынысқа қарсы болып, "бұл үңгір қасиетті, он мыңнан астам бізге таңғы намазымызды оқуға мүмкіндік берді. Сәждеге бірдей бас қоя алдық. Аппақ тастары да ғажап әсер сыйлайды екен. Бұл жерді Ақмешіт деп атайық, Ақмешіт болсын депті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет