С. Ж. Асфендияров атындағЫ


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет7/8
Дата24.11.2016
өлшемі2,02 Mb.
#2428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

1. Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.



2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.
2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке ақпарат көздеріндегі ғылыми-көпшілік мақалалардың жазылу-үлгісін, олардағы ғылыми ойдың берілу жолдарын үйрету. Ақпарат көздеріндегі медициналық мақалаларға талдау жасату арқылы студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, медициналық терминдердің қолданылуы туралы мағлұмат беру. Адамзат баласының ең басты байлығы денсаулық болғандықтан, денсаулық сақтау мәселесі, ұлт саулығы, болашақ ұрпақтың сау болып өсіп-өркендеуі сияқты мәселелерді өз бетінше талдай білу.
3. Тапсырмалар:

І. Медицина саласындағы соңғы жаңалықтарға шолу.

ІІ. Тәжірибеге жаңадан енгізіліп жатқан емдеу тәсілдерін оқып, танысу.

ІІІ. Қазақстандағы медицинаның дамуы жайлы мақалаларды білу.

ІV. Қазақ тіліндегі медициналық газет-журналдарды оқу.
4. Орындалу тәсілі. Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы
5. Орындалу талаптары:


  1. Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.

  2. Ақпарат құралдары негізінде өзіне берілген тақырыпқа шолу жасау.

  3. Өздік жұмыс ретінде берілген тақырыпқа реферат немесе конспект жасап, глоссарий жазу.

  4. Ақпарат көздерінен тақырыбына қатысты барынша мол мағлұматтар келтіру.


6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8. Әдебиеттер:

1. Қазақ тіліндегі «Денсаулық», «Отбасы және денсаулық», «Парасат», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш», «Айқын» т.б. газеттер мен журналдар.

2. Интернеттегі www.abai.kz, www.newskaz.kz , www.bbc.com сияқты әртүрлі сайттар.
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.


  1. Қазақ тіліндегі қандай газет-журналдарды білесіз?

  2. Өзіңіз таңдап алған газет немесе журналдағы медицинаға қатысты қандай мақалаларды оқыдыңыз?

  3. Қазақстан медицинасының дамуына зор үлес қосып жүрген дәрігерлерді атаңыз.

  4. Қазақ тіліндегі қандай ақпарат көздерін білесіз?

  5. Өзіңіз таңдап алған ақпарат құралдарын медицинаға қатысты қандай мақалаларды

оқыдыңыз?

  1. Ғылыми мақала дегеніміз не?

  2. Ғылыми стиль туралы не білесіздер?

  3. Ғылыми-көпшілік мақалалардың өзіндік ерекшеліктері туралы не білесіздер?


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

2. Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.



2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы:Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.
2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке игеріп отырған мамандығы бойынша кәсіби сөздік қорын байыту, медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Оларды әртүрлі мәселелер бойынша рөлдік ойындар арқылы сұхбат жасай білуге баулу.
3. Тапсырмалар:


  1. Белгілі бір мәселе бойынша рөлдік ойындар өткізу

  2. Мамандықтарына байланысты жүйе бойынша іскерлік ойын құрастыру.

  3. Экологиялық тақырыпқа мәліметтер келтіріп, жазбаша есеп (ақпарат) жазу.


4. Орындалу тәсілі. Жазбаша есеп (ақпарат), сценарий.
5. Орындалу талаптары:

  1. Іскерлік ойын барысында дәргердің сөздік қорының барынша мол әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.

  2. Сұхбатта науқастың жауабы ойын тақырыбына сай болуы.

  3. Сұхбатта қолданылған медициналық терминдерді медициналық оқулықтардағы терминдермен салыстыру.

  4. Рөлдік ойындағы медициналық сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету.

  5. Сөйлемдердің грамматикалық құрылымдары туралы қазақ тілі грамматикасы бойынша жазылған оқулықтарды пайдалана отырып, өз ойларын айту.

  6. Рөлдік ойындардың сценарийінің жазбаша нұсқасын өткізу.


6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.

7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.

8.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. «Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған». Алматы, «Қайнар», 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н. «Медициналық мәтіндер жинағы». Алматы, 2002 ж.

3. Дәрменқұлова Р.Н. «Қазақ тілі», Алматы, 2010 ж.

4. Рақышев А. «Қазақша-латынша-орысша анатомиялық сөздік».
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

1. Сұхбат бойынша қандай медициналық терминдер қолдандыңыз?

2. Рөлдік ойындардың сізге қандай көмегі болды?

3. Сізге берілген рөл өзіңізге ұнады ма? Неге?




СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

3. Орта ғасыр ойшылдары



2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы:Орта ғасыр ойшылдары.

2. Мақсаты: Түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатынОрта ғасыр мұраларының мәні өте зор. Сондай құнды рухани жазбалардың қазақ жерінде өте көп болуы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан, бұл жердегі мақсат – жастардың көне ойшылдар еңбектерінің тәрбиелік мәнін жете түсініп, одан тағылым алуы.

3. Тапсырмалар:

І. Ұлы дала ойшылдарын білу.

Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи, Баласағұни

ІІ. Олардың өмірі мен еңбектері туралы жақсы білу.

ІІІ.Өзі таңдап алған бір ойшылдың айрықша еңбектеріне тоқталып, айта білуі керек.

ІV. Сол тұлғаның шығармаларын, еңбектерін оқуы керек.



4. Орындалу тәсілі. Реферат түрінде.

5. Орындалу талаптары:

  1. Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.

  2. Әдебиеттердің негізінде өзіне берілген ойшылдың қысқаша (1 бет көлемінде) өмірбаянын жазу. Шығармашылық жолына (1 бет көлемінде) шолу жасау.

  3. Өздік жұмыс ретінде берілген ғұламаның бізге жеткен мұрасына тоқталып, қысқаша талдау (аннотация) жасау.

  4. Ол туралы белгілі бір тұлғаның (ғалым, жазушы т.б.) пікірін келтіру.

6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.

7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.

8.Әдебиеттер:


  1. Мағауин М. «Ғасырлар бедері», Алматы, «Жазушы», 1991ж.

  2. Жарықбаев Қ. «Ақылдың кені», Алматы, «Қазақстан», 1991ж.

  3. Бердібаев Р. «Дәстүр тағылымы», Алматы, «Жазушы», 1973 ж.

  4. «Даналардан шыққан сөз» (Құрас.Ұ.Асылов), Алматы, «Мектеп», 1987.

  5. «Бес ғасыр жырлайды» (Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев), Алматы, «Жазушы», 1989, 1т.

  6. Баласағұн Ж. «Құтты білік» (Ауд. А Егеубай), Алматы, «Жазушы», 1986 ж.

  7. Сүйіншәлиев Х. «VIII-XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті», Алматы, «Мектеп», 1989 ж.

  8. Бердібаев Р «Сарқылмас қазына», Алматы, «Мектеп», 1983 ж.

  9. Жолдасбеков М. «Асыл арналар», Алматы, «Жазушы», 1990 ж.


9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

1. Орта ғасыр ойшылдары деп кімдерді айтамыз?

2. Өзіңіз таңдап алған ойшыл тұлға туралы не білесіз?

3. Ол ойшылдың халық, қоғам алдындағы қандай айрықша еңбектерін айта аласыз?

4. Сол тұлға өмір сүрген жылдарда қоғамда қандай өзгерістер болып жатқан еді?

5. Жүсіп Баласағұн толғауларының негізгі тақырыбы?

6. Махмұд Қашқаридің бізге жеткен еңбегі қалай аталады?

7. Ахмет Яссауи хикметтерінің идеясы неде?




СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
4. Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент

С.Қ.Суатай




1. Тақырыбы: Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.
2. Мақсаты: Берілген тақырып бойынша студенттің нақты сұрақтар құрастыра білуі. Әртүрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама жүргізіп, оған талдау жасау.
3. Тапсырмалар:

1. Экология мәселесі бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізу.

2. Қоғамдық денсаулық сақтау саласына енгізілген шараларға қатысты сауалнама жүргізу.

3. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясына байланысты көпшілік арасында сауалнама жүргізу.

4. Білім сапасы жайлы студенттер арасында сауалнама жүргізу.
4. Орындалу тәсілі. Сауалнама. Сауалнама нәтижелерін талдау.
5. Орындалу талаптары:

1. Сауалнама сұрақтары нақты әрі айқын болуы шарт.

2. Сауалнамаға қатысқан


адамдар санын, жасын көрсету.

3. Сауалнама нәтижесі бойынша пікірлер келтіру.




6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.



7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8. Әдебиеттер: Әртүрлі тақырыпқа жүргізілген сауалнама үлгілері.

9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

1. Әртүрлі пікір алуандығын туғызатын, сізді толғандырып жүрген қандай мәселелер бар?

2. Өзіңіз сауалнама жүргізген тақырып бойынша айтар ойыңыз қандай?

3. Сауалнама жүргізілген мәселе бойынша қандай ұсыныстар айтылды?

4. Берілген мәселені шешудің ең тиімді жолы қандай деп ойлайсыз?





ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН, ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН

БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР

Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104

Мамандығы – 5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау (эллектив)

Құрастырушы: аға оқытушы Қ.С.Бураханова

2012ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»



Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

Қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне арналған тестілер
1. Сөйлемді аяқтаңыз.

Таза ауада серуендеу - денсаулықты ..... .

а) тарылтқан

ә) жақсартады

б) жөндеп

в) кеңейтсе

г) нығайтса

2. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Келесі қандай аялдама?

а) Келесі аялдамада түсу керек.

ә) Келесі аялдама Төле би көшесі.

б) Келесі аялдама көшесі Төле би.

в) Келесі аялдаманың Төле би көшесі.

г) Төле би көшесінде.

3. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.

Көптеген дәрілер химиялық жолмен ... .

а) бөлінемін

ә) алынады

б) дәріханадан

в) емханада

г) жүзу

4. “вредно для организма” сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) ағзаға пайдалы

ә) ағзаға қарсы

б) ағзаға зиянды

в) ағза үшін

г) ағзамен зиянды



5. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) жұқпалы қотыр

ә) дәрілік өсімдік

б) науқасты емдеді

в) дайын ұнтақ

г) құнарлы тағам



6. Сөйлемнен сын есімді көрсетіңіз.

Ерте заманның адамдары да емдік өсімдіктерді пайдалана білген.

а) заманның

ә) емдік


б) өсімдіктерді

в) адамдары

г) білген

7. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.

Дәрігер келгенше, ..... ..... .

а) науқасқа сүт ішкізіңіз

ә) науқасты бөлмеге

б) уланған тағамды

в) науқасты шалқасынан жатқызыл

г) ағзаға қоректік заттармен
8. Табыс септікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) зиянды зат

ә) темекіні әкелді

б) дарынды ақын

в) бактерияларға қарсы

г) сабақтан қайтты



9. Көп нүктенің орнына қойылатын жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

Қымызбен туберкулез .... тыныс жолдары ауруларын емдейді.

а) бірақ

ә) мен


б) туралы

в) және


г) шейін

10. «Ауа» сөзіне анықтауыш бола алатын сөздерді көрсетіңіздер.

а) таза


ә) қатты

б) жұмсақ

в) жедел

г) ешкім


11. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

Базардағы тазалықты қатаң қадағалау керек.

а) не үшін?

ә) қанша?

б) неліктен?

в) қашан?

г) қалай?

12. Қарамен жазылған сөз қандай сұраққа жауап береді?

Никотин оттегінің алмасуынқиындатады.

а) ненің?

ә) қайтеді?

б) несін?

в) неге?


г) неліктен?

13. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.

Ол тек қана бие сүті... аш..ады.

а) ден, ыс

ә) мен, ды

б) нен, ыл

в) ген, іл

г) нің, ын

14. Сөйлемдегі ілік септігіндегі сөзді көрсетіңіз.

Кейін темекінің зиянды жақтары да анықтала бастады.

а) темекінің

ә) зиянды

б) жақтары

в) анықтала

г) бастады

15. Күрделі баяндауышты сөйлемді көрсетіңіз.

а) Түске қарай ауа-райы күрт өзгерді.

ә) Сәбіз бен сүтте В1 дәрумені көп.

б) Назгүл қоғамдық денсаулық сақтау факультетінде оқып жүр.

в) Қадір жақсы оқиды және тәртібі де жақсы.

г) Оқытушы қазақ әдебиетінің тарихы туралы қызықты әңгңме айтты.



16. Сөйлемінен жіктеу есімдігін көрсетіңіз.

Халық дәрілік шөптерді қашан жинауды және оларды қалай пайдалануды білген.

а) дәрілік

ә) шөптерді

б) жинауды

в) білген

г) оларды

17 Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Орталық кітапханаға қалай баруға болады?

а) Баруға болады 66-автобуспен.

ә) Бесінші отырыңыз тролейбусқа.

б) Бұл жерден тура баратын жоқ автобус.

в) Мына автобусқа отырып, Абылайхан даңғылынан түсіңіз.

г) Орталық кітапханаға болады баруға қалай білмеймін.

18. Сөйлемді аяқтайтын сөз тіркестерін көрсетіңіз.

Адам әр түрлі тағам ішу арқылы ... .

а) ағзаның қажеттілігін өтейді

ә) асқазан ауруына шалдығып

б) ұйқысы нашарлағандықтан

в) өзіне қажетті витаминдерді алдым

г) жүрек соғысы жиілеп

19. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Д витамині күн ...... әсерімен түзіледі .

а) көріпті

ә) сәулесінің

б) көрдік

в) нұрымен

г) шапағының

20. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаны көрсетіңіз.

Ауру адам... психологиясы өте сезімтал келеді.

а) да

ә) сы


б) ның

в) ға


г) а

21. Сөйлемді аяқтаңыз.

Әр адам демалыс уақытын дұрыс ..... .......

а) уақытынан бұрын

ә) пайдалануы керек

б) өткізсе қажет

в) қыдырып, демалып

г) сауық-сайран

22. Сөйлемді аяқтаңыз.

Жоспарлы гигиеналық сараптаудың мақсаты ... .... .... .... .

а) азық-түліктердің сапасына бақылау жүргізу

ә) бұзылған азық-түліктердің сапасы

б) арнаулы мекемелермен барса

в) тағамдардың анықтау жарамдылығын

г) таза су құйылған ыдыстардың

23. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.

Қанның құрамын... оттегі азая.. да, көмір қышқыл газы көбейеді .

а) мен, дың

ә) на, да

б) ды, де

в) нда, ды

г) нен, ты

24. Медициналық термин қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Көшелерге ағаш отырғызу керек.

ә) Соңғы кезде ауа-райы өзгеріп барады.

б) Өкпе кеуде қуысында орналасқан.

в) Алматы ─ Алатаудың бөктеріндегі әдемі қала.

г) Мұқан бүгін сабаққа келмеді.



25. Берілген сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

В борьбе с кишечными инфекциями используются антибиотики.

а) Күресте ішек инфекцияларымен антибиотиктер пайдалынылады.

ә) Ішек инфекцияларымен күресте пайдалынылады антибиотиктер.

б) Ішек инфекцияларымен күресте антибиотиктер пайдалынылады.

в) Ішек күресте инфекцияларымен антибиотиктер пайдалынылады.

г) Ішек антибиотиктер инфекцияларымен күресте пайдалынылады.

26. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

М.Әуезов театры қаланың ..... орналасқан.

а) орталықтан

ә) ортасында

б) ортасының

в) ортасын

г) ортасымен

27. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

С.Ж.Асфендияров медицина институтының ......... көп еңбек сіңірді.

а) ұйымдастыру

ә) құруының

б) ашылуына

в) бөлінуге

г) салынудан

28. “Перносчики” сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) тасығандар

ә) әкелетіндер

б) тасымалдаушылар

в) әперушілер

г) әкелушілер



29. Сөйлемнің толықтауышын көрсетіңіз.

Іш сүзегі өте жұқпалы ауруларға жатады

а) іш сүзегі

ә) жұқпалы

б) жатады

в) өте


г) ауруларға

30. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Соңғы рет орталық кітапханаға қашан бардыңыз?

а) Орталық кітапхана Абай даңғылының бойында.

ә) Орталық кітапхнаға ертең барамыз.

б) Қаңтар айында бардым.

в) Оталық кітапхана өте әдемі.

г) Қашан барғансыңым есімде жоқ.

31. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Гигиена ─ наука о сохранении и укреплении здоровья.

а) Гигиена ─ денсаулықты сақтау және нығайту туралы ғылым.

ә) Гигиена ─ денсаулықты сақтаудың және нығайту туралы ғылым

б) Гигиена ─ денсаулықты сақтауға және нығайтға туралы ғылым

в) Гигиена ─ денсаулықты сақтап және нығайтудың туралы ғылым

г) Гигиена ─ денсаулықты сақтауда және нығайтуда туралы ғылым

32. “Переносчики возбудителей” сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) тасығыш ұшқыштар

ә) қоздырғыш тасу

б) таситын қоздырғыш

в) қоздырғыш тасымалдаушылар

г) тасымалдаушылар қоздырғыштардың



33. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Су жасушалардағы ...... алмасуына қатысады.

а) ауға

ә) оттегін



б) көміртегіне

в) заттардың

г) қоздырғышпен

34. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Тұмау қандай ауру?

а) Жүрегім ауырады.

ә) Тыныс жолдары ауруы.

б) Тұмау індеті басталды.

в) Тұмау - ауру өте жұқпалы.

г) Жүрек ауруларында пайдаланады.

35. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.

Уландым деп қауіптенсең, дереу дәрігерге ... .

а) барыңыз

ә) жөнелді

б) қарал

в) көрінейін

г) болдыңыз

36. Сөйлемнің дұрыс аудармасын аудармасын көрсетіңіз.

В толстом кишечнике много бактерий.

а) Бактериялар көп тоқ ішекте.

ә) Тоқ ішекте бактерияларға көп.

б) Тоқ ішекте бактериялар көп.

в) Бактериялары көп тоқ ішекте.

г) Тоқ ішектен бактериялар көп.

37. Үстеу қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Арақ пен темекі денсаулыққа көп зиян келтіреді.

ә) Таңертең немесе кешке жүгіріңіз.

б) Мөлшерсіз тамақтану семіздікке әкеп соғады.

в) Теңіз суы ішуге жарамсыз.

г) Қымызда адам ағзасына қажетті элементтер көп.



38. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Дәрігерлер мектеп ........ денсаулығын бақылап тұруға тиіс

а) оқушылар

ә) оқушыларының

б) оқушылармен

в) оқушылардың

г) оқушыларға

39. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Никотин вреден не только для курящего.

а) Никотин темекішіге тамаша нәрсе.

ә) Никотиннің зияны темекі тартушыға.

б) Никотин темекі тартушыға ғана зиянды емес.

в) Никотинніңі пайдасы өте көп.

г) Адам никотинсіз өмір сүре алмайды.

40. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.

Қоршаған ортаны қорғау әр адамның ..... .

а) жақсартып

ә) міндетім

б) көзқарастың

в) борышы

г) тиімді

41. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Дәрілік шикізат ..... өсімдіктер мен жануарлар ағзалары пайдалынады.

а) көзі

ә) ретінде



б) сияқты

в) тәрізді

г) туралы

42. “Органы дыхания” тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) демалыс мүшесі

ә) демалу мүшесі

б) тыныстық мүше

в) тыныс алу мүшелері

г) тыныстың алу мүшелері



43. Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын көрсетіңіз.

Су жүз градус.. қайнағанда ондағы микробтар өледі.

а) ға

ә) нан


б) та

в) де


г) та

44. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздің аудармасын көрсетіңіз.

Бұзылған тағамды жеген адам жиырма төрт сағаттан кейін уланады.

а) вещество

ә) человек

б) испорченный

в) ядовитый

г) после


45. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды көрсетіңіз.

Дайындал... тағамды дұрыс сақтау... маңызы ерекше.

а) нан, дан

ә) қан, ның

б) ып, мен

в) кен, ден

г) ған, дың

46. Сөйлемді аяқтаңыз.

Коммуналдық гигиена елді мекендердегі ауыз су, тазалық проблемаларын ...

а) пайдаланып

ә) шешеді

б) тазартуға

в) ластануын

г) реттеймін

47. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ыстыққа тағам

ә) қымызға емдеу

б) ұлттың тағамдар

в) тағам қуаттылығы

г) биеден сүті



48. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаны көрсетіңіз.

Ә.Айтбақин қымыз... емдеу туралы жазған.

а) дан

ә) бен


б) мен

в) ды


г) дың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет