С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет5/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

1. Сабақтың тақырыбы: Тіс ауруларынан сақтану. Тістің күтімі

  Омоним. Синоним. Антоним.


2. Мақсаты:«Тіс ауруларынан сақтану» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту.Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Cиноним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру,омоним, антоним туралы мағлұмат беру;


  1. Міндеті:

а) Когнитивті – білім компетенциясы: омоним, синоним, антонимтуралы мағлұмат беру,мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерту.

ә) Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.

б) Коммуникативті компетенция: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

в) Өзін-өзі дамыту компетенциясы: мәтінді түсініп мазмұндауға қызығушылығын арттыру, ынтасын, ойлау белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
4. Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша:астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтау, тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза ұстау, тамақ қалдықтары, тамақ қалдықтарын тазалау, көлденең ысқылау, тігінен ысқылау, тіс ауруларын емдету, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің кеңестері,

ә) грамматикалық бойынша: лексика саласы,омоним, синоним, антоним.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұхбат, пікірталас,бақылау т.б.
7. Көрнекі құралдар:Тіс ауруларынан сақтану. Тістің күтімі сабағына арналған кесте, омоним, синоним, антоним көрсетілген кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.
8. Тапсырмалар

1-тапсырма. Берілген сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік беріңіздер.

Аз, асық, ақ, бақ, без, біз, ер, жас, жат, мін.


2-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып, өзара топтаңыздар, орыс тіліне аударыңыз.

Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, көп, тоқтату, ұрсу, сәлемдесу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, сеіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ер жету, жекіру, қоштасу, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сайран, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, майда, болдыру, тағам, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасында, жай, желеу.


3-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен антонимдерін іріктеп алыңыздар да, қалғандарының неге антоним бола алмайтынын түсіндіріңіздер.

Ақылды, үнемді, ұйқылы, талапты, өжет, ақымақ, пайдалы, ояу, өң, тұр, отыр, ұйқысыз, ынжық, талапсыз, ақылсыз, түс, отырма, зиян, пайдасыз, шын, жіңішке, жұмсақ, тұйық, өтірік, қатты, жуан, жіңішке емес, өтірік емес, ашық, берік, осал, кес, кеспе, ақырын, тез, жылдам, жай, қыбырсыз, аш, ашпа, жап, жаппа.


4-тапсырма. «Тіс ауруларынан сақтану» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

ас-пища; еда

қорытылу-перевариваться

сау-здоровый

байланысты-зависимость

беріктік-прочность

арттыру-повысить

қөлдедің-(поперек) горизонтально

тігінен-вертикально

қыл-щетина

кебу-высохнуть

жаңалау-обновить

қамтамасыз ету-обеспечение

түйреуіш-булавка

ине-иголка




5-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтау, әркімнің өзіне байланысты, тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза ұстау, тамақ қалдықтары, тамақ қалдықтарын тазалау, көлденең ысқылау, тігінен ысқылау, тіс ауруларын емдету, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің кеңестері, дәрігердің кеңестерін орындау.


6-тапсырма. Берілген «Тіс ауруларынан сақтану» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығыңызға, ерекше дыбыстарға назар аударыңыз.

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер – микробтардың жиналатын орны. Тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау әркімнің өзіне байланысты. Құрамында витамині және минералды тұздары мол тағамдармен тамақтану тістің беріктігін арттырады. Ауыз қуысын әрдайым таза ұстау керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің арасында тамақ қалдықтары тұрып, уақытында тазаланбаса шіри бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде шайып, тамақ қалдықтарын тазартып отырған дұрыс. Ал тісті паста немесе тіс ұнтағымен тазалау күніне екі реттен кем болмауға тиіс. Тістің бетін толық тазарту үшін алдымен көлдедең, сонан соң тігінен ысқылап тазартады. Мұның барлығына 2-3 минуттай уақыт жұмсалады. Тісті тазалап болған соң, ауызды сумен жақсылап шаю керек. Сондай-ақ, тіспен қатты нәрсені шақпау, түйреуіш, ине сияқты заттар мен тазаламау керек. Тіс тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Пайдаланып болған соң щетканы жуып, жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қояды. Әр адамның өзінің жеке щеткасы болу керек және оны төрт ай сайын жаңалап отырған жөн. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің кеңестерін және алдын алу шараларын орындау-тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Тістің сынған, қабынып ауырған жерін тек маман дәрігер ғана емдей алады. Тісті зерттейтін ғылым-стоматология, ал дәрігер – стоматолог деп аталады.


7-тапсырма. Берілген «Тістің күтімі» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Тістердің ауызда ақ маржандай тізіліп тұрғанының халық ежелден-ақ денсаулықтық кепілі деп білген. Тістердің толық болмауынан тіс-жақ жүйесінің шайнау қызметі нашарлайды. Соның әсерінен адам құрғақ және қатты тамақты жегенде қиналады. Сонымен қатар жеген тамақ дұрыс шайналмағандықтан, оның қортылуы да қиындай түседі, Бұл құбылыс ұзаққа созылса, адамды түрлі асқазан деттеріне шалдықтырады.

Тісті әртурлі аурулардан аман сақтау адамның өзіне байланысты. Құрамында витамині және тісті құрайтын минералдық тұздары мол тағамдармен тамақтану тістің беріктігін арттырады.

Ауыз-қуысын әрдайым таза ұстау керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің бетінде, арасында тамақ қылдықтары тұрып қалып, олар уақытында тазаланбай қалса, шірей бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде шайып, тамақ қалдықтарынан тазартып отырңан дұрыс. Ал тісті арнаулы қойыртпақ немесе тіс ұнтағымен тазалау күніне екі реттен кеп болмауы тиіс.Тісті тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Әр адамның өзінің жеке мәуесегі болуы керек. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дерт кезінде емдету, дәрігердің берген кеңестерін және алдына алу жөніндегі шараларды орындау тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді.


Есіңізге сақтаңыз!

Науқас адам таза ауада көп болуы керек.

Сіріңке немесе басқа бір үшкір затпен құлағыңды, тісіңді шұқыма.

Ауруды басқаларға жұқтырмау үшін жөтеліп, түшкіргенде аузыңызды бет орамалмен жауып ұстаңыз.


9.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап

1. Ауру тістер нелердің жиналатын орны?

2. Тістің беріктігін не арттырады?

3. Қай кезде тіс шіри бастайды?

4. Тісті күніне неше рет тазалау керек?

5. Тісті толық тазарту үшін қалай ысқылайды?

6. Тісті қандай заттармен тазартпау керек?

7. Тістің сынған, ауырған жерін кім емдейді?


2-тапсырма. Оң жақтағы етістіктермен сол бағанадағы сөздерден сұрақ арқылы сөз тіркесін жасаңыз.

дер кезінде аман сақтау (неден?)

құнарлы тамақпен арттыру (нені?)

инемен тазарту (нелерден?)

аурулардан емдету (қалай?)

тістің беріктігін тазаламау (немен?)

ас қалдықтарынан тамақтану (немен?)
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз (көру, тіс, қатты, қашан?, қалай?)

... тазалығына көңіл аудар.

Тісіңіз .... ауырады?

Қандай тағамды жақсы ... .

Тісіңіз ... ауыра ма?

Дәрігерде ... болдыңыз?


2-тапсырма.Сөз тіркестерін аударып сөйлем құраңыз.

Тістердің сау болуы, ауыз қуысы, тамақ қалдықтары, тігінен ысқылау, тістің асты, бір түбірілі тістер, тістің күтімі.


3-тапсырма. Жақшаны ашыңыз

1.Тісіңізді (с тёплой водой) жуыңыз.

2.(После еды) тісіңізді жақсылап жуыңыз.

3.Тіс (при приеме пищи) қанайды.

4.(Полости рта) тазалығына көңіл бөліңіз.

5.Тісіңізде (остатки пищи) қалдырмаңыз.

6.Сізге (твердую пищу) жеуге болмайды.

7.(После удаления) дәрілер қолдану керек.


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

 1-тапсырма.Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтану, әркімнің өзіне байланысты, тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза ұстау, тамақ қалдықтары, тіс аруларын емдету, дәрігердің кеңестері, дәрігердің кеңестерін орындау.
2-cитуациялық тапсырма:

Стоматолог-дәрігер ретінде поциентіңізге (емделушіге) қандай кеңес бересіз?

Кеңестеріңізді дәптерге жазып көрсетіңіз.

 

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша



1. Дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Тісті не істейді?

а) жұлады

ә) емдейді

б) тазалайды

в) денсаулық

г) себебі

2.Сөйлемнің алғашқы сыңарын көрсетіңіз.

... дәрігерге қаралу керек.

а) Дер кезінде, асқындырмай

ә) Уақытымен, ауырту

б) Ауыз қуысы, тазалық

в) Уақытында, көрініп

г) Әрдайым, кешікпей

 3. Тісіңіз ауырса қайда барасыз?

а) үйде

ә) емханаға



б) аудиториядан

в) емделуге

г) дәрігерге

 4. Тіс ауруларын көрсетіңіз.

а) көмей

ә) ауа


б) қолқа

в) тіс тасы

г) тісжегі

5.Төмендегі сөздердің қазақша баламаларын көрсетіңіз.

«Ноющая боль», «смягчение», «гнить».

а) сыздап ауыру

ә) жұмсару

б) жансыздану

в) шіру


г)бұзылу

6.Сыртқы тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанымен мағынасы басқа-басқа сөздер қалай аталады?

а) синоним

ә) антоним

б) тұрақты тіркес

в) омоним

г) мақал-мәтел



7. Айтылуы басқа, мағынасы жақын сөздер қалай аталады?

а) синоним

ә) антоним

б) тұрақты тіркес

в) омоним

г) мақал-мәтел



8. Мағынасы қарама–қарсы сөздер қалай аталады?

а) синоним

ә) тұрақты тіркес

б) антоним

в) омоним

г) мақал - мәтел



9“Суық” сөзіне синоним болатын сөздерді көрсетіңіз

а) салқын

ә) ыстық

б) жылы


в) қалыпты

г) қыстық



10. Антоним дегеніміз ....

а) мағынасы жуық сөздер

ә) мағынасы қарама-қарсы сөздер

б) мағынасы алшақ сөздер

в) бірдей сөздер

11. Момын сөзінің синонимін табыңыз.

а) қатты


ә) жұмсақ

б) зерек


в) жуас

12.Жоғары, жұп, ілгері сөздерінің антонимін көрсетіңіз.

а) ал, сал, бар

ә) төмен, тақ, кейін

б) шық, сол, кір

в) қой, таста, қос



10. Әдебиеттер:

1.Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж 120 б.ақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж 152 б.




Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

6 тақырып: Ауыз қуысының тазалығы.

Көмекші есімдер.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

Сабақтың тақырыбы: Ауыз қуысының тазалығы.

Көмекші есімдер.
2.Мақсаты: Ой алмасу үшін мәтіндегі түрлі мәселелер туралы ақпарат алу,”Ауыз қуысының тазалығы” мәтінін пайдалана отырып,әңгіме құруға дағдыландыру, жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту, сөздер мағынасын түсіну, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсінуге үйрету.
3. Міндеті: Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, көмекші есімдерді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.

а) Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.



ә) Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру,медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

б) Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.


4.Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша:ауыз қуысының тазалығы,тіс тазалау әдістері, қызыл иекті күту,астың жақсы шайналуы,астыңсапалы қортылуы, сапалытазалау,емдік сақтандыру.

ә) грамматика бойынша:көмекші есімдер.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.
7. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.

8. Тапсырмалар

1-тапсырма.Мына сөйлемдерді оқып,орыстіліне аударыңыз.

Айжан кейін жүрді. Сен мұнда кел. Кітаптар сонда жатыр. Мира артқа қара. Сәкен алға кетті. Біз осында тұрамыз. Олар төмен түсті.



2-тапсырма. Көмекші есімдерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Астыңда, үстінде, жанында, маңында, қасында, басында, ішінде, сыртында.



3-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті көмекші есімдерді қойып жазыңыз.

Ауылдың ... қалың орман бар. Таудың ... қар бар. Үйдің ... үлкен демалыс орталығы орналасқан. Өзеннің ... көптеген адамдар серуендеп жүр. Оның ... әдемі пальтосы бар. Қала ... әдемі йын – сауық комплексі салынып жатыр.



4-тапсырма. «Ауыз қуысының тазалығы » мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Жанғақ-орех

Шаю-полоскать

Қалдық-остаток

Қимыл-движение

Қарағай-сосна

Қабық-корка

Дөңгелек-круглый

Сапа-качество

Қабыршық-чешуя

Шайыр-смола



5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Ауыз қуысының тазалығы, тіс тазалау әдістері, қызыл иекті күту, астың жақсы шайналуы, астың сапалы қортылуы, сапалы тазалау, емдік сақтандыру.



6-тапсырма. Мәтінді аударып, түсінгеніңізді айтып беріңіз.

Иісті жою әдісі

50 гр қой бүлдірген ( земляника) жапырған ұнтақтап, оны 1 литр қайнаған суға салып 1сағат тұндырып қойыңыз.Тұндырманы күніне шай орнына 300-400 мл ішіп жүрсеңіз,ауырзыңыздағы жағымсыз иістен құтыласыз.Сондай-ақ бұл тұндырма стоматит және қызыл иек ауруларына да ем.


7-тапсырма. «Ауыз қуысының тазалығы» мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстардың оқылуына мән беріңіз.

Ауыз қуысының тазалығын сақтау адам денсаулығы ушін маңызды. Ауыздан шығатын жағымсыз иіс тіс шегінен ғана емес, басқада турлі тіс аурулардан және тіл үстіне жиналган қабыршақтардан болуы мүмкін. Адамдар ауыз қуысының гигиенасына өте ерте кезең-ақ көңіл бөлген. Закавказье және Орта Азия халықтарының барлық жастағы адамдары тіспен қызыл иекті жас грек жаңғағымен және анардың қабығымен тазалаған. Ал Оралдықтар Сібірліктер қызыл иекті нығайту және тістерді тазалау үшін қарағайдың шайырынан жасалған шайнайтын мастиканы пайдаланған.

Ауыз қуысының үнемі таза ұстау керек. Тамақ жегеннен кейін міндетті түрде ауыз шайып, тамақтың қалдықтарынан тістерді тазалап отырған жөн. Сау, мықты тіс астың жақсы шайналып, сапалы қортылуы үшін қажет. Тіс жақсы күтілсе, тіспен қызыл иек ауруларға шалдықпайды. Сондықтан тісті дұрыс тазалап, қызыл иектің орны ерекше.Қазіргі уақытта ауыз қуысын тазалаудың стандартты әдісі кең тараған. Тазалағанда щетканы тістің бойына ңғ градус бағытында орналастырып. Ауыздың жартылай ашық куйінде қимылдар жасайды. Стандартты әдістен басқа әртүрлі тіс тазалау әдістері бар.Ауыс қуысын таза ұстау сау тістердің бұзылмауына комектеседі. Ауыс қуысын гигиеналық жағдайына оны тазалаудың сапасымен емдік сақтандыру заттарды таңдап алу жатады.

10.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Ауыз қуысын тазалаудың қандай әдістері бар?

2.Басс әдесі бойынша тісті қалай тазартады?

3.Ауыз қуысының гигиеналық жағдайына нелер жатады?

4.Ауыз қуысының тазалығын сақтаудың шарттары қандай?

5.Қызыл иекті қалай күтуге болады?



Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1–тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Аузын ашып, көзін жұму-очень удивляться

Аузына қақпақ болу-затыкать рот

2–тапсырма. Сөйлем құраңыз, аударыңыз.

Тісіңіз ауырғанда, ауырса, ауырғанмен,

Тісіңіз қанағанда,қанаса, қанағанмен.

Тісіңізді жұлғанда, жұлса, жұлғанмен.

Тісіңізді емдегенде, емдесе, емдегенмен.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

Берілген нақыл сөзді оқып, түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтыңыздар.

Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі - пікірлеспек, екіншісі - берік сақтау.



Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Тест тапсырмалары:

1. Көп нүктенің орнына керекті көмекші есімді қойыңыз.

Үстелдің ... нде кітап жатыр.

а) арты

ә) үсті


б) жаны

в) қасы


г) маңы

2.Көмекші есімдерді табыңыз.

а) кейін


ә) туралы

б) жанында

в) сондықтан

г) дегенмен



3. Қай сөйлемде көмекші есім бар?

а) Менің пәтерім таза.

ә) Студент кітап алды.

б) Университет жанында ағаш көп.

в) Ол өте білімді дәрігер.

г) Сейіткәрім кездесуге келді.



4. Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.

Университет находится возле театра.

а) Театр жанында орналасқан университет

ә) Университет орналасқан жанында театр

б) Университет театр жанында орналасқан

в) Жанында университет театр орналасқан

г) Орналасқан университет театр жанында

5.Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Жаңа асхана қай жерде?

а) Ғимаратта сол орналасқан

ә) Келесі үйде тұрады

б) Көшенің қиылысына келді

в) Мына мекеменің артында

г) Саябақта кездесейік

6. Көмекші есімді көрсетіңіз.

а) соң


ә) бірақ

б) өйткені

в) шейін

г) үсті


7.Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Тісіңізде ... тұрып қала ма?

а) оқытушы

ә) ас


б) әдемі

в) тамақ қалдықтары

г) емдеу

8. Ауыз қуысында не болады?

а) асқазан, омыртқа

ә) қызыл иек, тіс

б) көз, қас

в) жүрек, тіс

г) тіс, тіл



9.«Пульсирующая боль»сөзінің аудармасың табыңыз?

a) кесіп ауыру

ә) шаншып ауыру

б) сырқырап ауыру

в) батып ауыру

г)ұйып ауыру



10.Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

«Қалай ауырады?»

а) Түнде оянады

ә) Өкпе аурумен ауырады.

б) Шаншып ауырады

в) Көптен бері ауырады

г) Түйнеп ауырады



11.Ауыз куысында неше тіс орналасқан?

a) 30


ә) 28

б) 34


в) 32

г) 38


12.«Ығыстыру» сөзінің аудармасың табыңыз?

a) затвердить

ә) оброзоваться

б) давить

в) изменить

г) теснить



10. Әдебиеттер:

1.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медицина оқу орындарына арналған. Алматы, 2002ж. 118бет

2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001ж.

3. А.Е.Тәттібаева, Қ.Е.Хабдин. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004ж.



Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

7 тақырып: Тіс неліктен қанайды?

Сөз құрамы. Зат есім.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


  1. Сабақтың тақырыбы: Тіс неліктен қанайды?

Сөз құрамы. Зат есім.
2. Мақсаты:Сөз құрамын, зат есімді практикалық жолмен меңгерту. Кең мағлұмат беру. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру. «Тіс неліктен қанайды?» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет