С. Ж. Бахтиярова



Pdf көрінісі
бет12/124
Дата27.02.2023
өлшемі4,4 Mb.
#170339
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   124
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)

2.3.
 
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» пәнінің 
педагогикалық оқу орындарында дене тәрбиесі
мамандарын даярлау мазмҧны мен міндеттері 
 
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде «Дене 
шынықтыру және спорт» мамандарын даярлау ҥрдісінде жетекші 
орындардың бірін алады. Сонымен қатар жеңіл атлетика жаттығу-
ларымен айналысу спорттық емес факультеттерде студенттердің дене 
дайындығы деңгейін жоғарлатып, қозғалыс шеберлігі мен дағды-
ларын қалыптастырады, қозғалысты оқыту белсенділігінің енжар-
лығын тӛмендетіп, дене тәрбиесі пәні жҥйесінде ерекше рӛль 
атқарады.
 
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу пәнінің негізгі міндеттері 
болып табылады:
 
-
«Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының студент-
теріне теориялық білімді меңгерту; 
-
жеңіл атлетика тҥрлерінің техникасын орындау ҥрдісінде 
қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру; 
-
жеңіл атлетика жаттығуларын орындауда жеткіліксіз техни-
калық элементтер мен қателерді тҥзету және талдай білу қабілет-
тілігін қалыптастыру; 
- қандай жағдай болмасын оқыту ҥрдісін дҧрыс ҧйымдастыру мен 
оқыту қабілеттілігін қалыптастыру; 
- жеңіл атлетика жаттығуларымен айналысу қозғалыс техникасын 
тиімді оқытады және қажетті дене қасиеттерін дамытады;
- жеңіл атлетиканың әртҥрлі жаттығулары жаттықтырушылық 
қызметтің шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады
- ғылыми-зерттеу жҧмыстарын жҥргізгенде қозғалыс қабілет-
тілігін анықтау мен дамыту жолдарын ашу және алынған материалды 
тәжірибиелік жҧмыста пайдалану. 
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу пәнінің мазмҧнына дене 
қасиеттерін оқыту мен дамыту ҥшін ӛткізілетін жеңіл атлетика 
тҥрлері мен арнайы жаттығуларының техникасы жатады. Дәлірек 
айтсақ, жан-жақты жеңіл атлетика жаттығуларының техникасын 
оқыту әдістемесі қарастырылады. Әртҥрлі сатыдағы спортшылар мен 
спорттық жаттықтыру саласындағы балалардың теориялық және 
тәжірибиелік дайындықтарын оқытады. Сонымен қатар жеңіл 
атлетика жаттығулары тҥрлерінің даму тарихы мен техникасының 
қалыптасуының ӛзі орасан зор маңызға ие. Жеңіл атлетикада денені 
жан-жақты дамытуға, дене дайындығы, дене қасиеттерінің кӛрсет-
кіштерін, оқыту мен жаттығуда әртҥрлі әдістемелердің тиімділігін 


17 
бағалауда әртҥрлі тәжірибиелер мен тестілеулер қолданылады. Осы 
салада жҥргізілетін ғылыми-зерттеу бағыттары жоғары спорт мектебі 
мамандарын даярлау алғышарттарын қалыптастырады. Жеңіл 
атлетика спорты жаттығуларымен айналысатындарды жан-жақты 
гармониялық дамытып қана қоймай, оның әртҥрлі жаттығулары 
басқаларды сауықтыруды ҥйретуде және адамзат қоғамының спортқа 
назарын аударту бағытында ҥлкен педагогикалық сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет