Ойлау
Жоспар
1.Ойлау туралы түсінік
2.Ойлаудың түрері
3. Ойлаудың дара ерекшеліктері
Г.Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады.Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз.
Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау-дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі ,танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді,әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Ойлау барлық психикалық процестер қабылдау, түйсік , ес, қиял мен тығыз байланысты. Солармен қосылып, жұмыс атқарады. Адам өз ойын әрқашан сөз арқылы білдіреді. Адамның ойлауы қоршаған обьективтік шындыққа байланысты болады. Ойлау арқылы адам заттардың ішкі қасиеттерін ажыратуға, тануға тырысады.Ой операциялары арқылы адамда түрлі түсініктер қалыптасады. Операциялар белгілі амалдар, жолдар, тәсілдер болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |