Ойдың белсенділігі- өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі- міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.
Сын тұрғысынан ойлау- ақиқат және жалға ретінде басқаның немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойлардың практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз. Сыни ойлау- бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.
Ойдың ұшқырлығы- қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал күрделі ойлау үрдістерінде ұзақтау болады. Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр , ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді.
Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор^ Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шещуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Меселен, “Сырдария Арал теңізіне құяды” деген сөйлемде ой естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты түспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің иебір керіністерін байқауға өркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюыі мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан “ауытқитын кездері де болады”. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымыньщ тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Бекіту сұрақтары:
1.Ойлау дегеніміз не?
2.Ойлаудың неше түрі бар?
3.Теориялық және практикалық ойлауға анықтама беріңіз?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997
2.Гулина М.А. Основы индивидуального психологического консультирования. СПб., 2000
3.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985
4.Кошчо Й. Служба психологической консультации. Вопросы психологии.1984
5.Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. М.,2000
Достарыңызбен бөлісу: |