С. Ж. Кельбетова 2021 ж


Ойлау операцияларының бірнеше түрлері бар



бет5/7
Дата30.12.2021
өлшемі91,26 Kb.
#106655
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚМ-104-Ойлау 24,02

Ойлау операцияларының бірнеше түрлері бар.

1.Анализ. Анализ дегеніміз – түрлі құбылыстарды жеке қасиеттерге бөлшектеу.

2.Синтез. Синтез дегеніміз – бірнеше процестердің барлық дара қасиеттерінің біріктірілуі.

3.Нақтылау. Нақтылау дегеніміз – заттардың және құбылыстардың өзіндік нақты қасиеттерін ашып көрсету.

4.Салыстыру. Салыстыру дегеніміз – заттардың ұқсастығын, айырмашылығын, қарама – қарсылығын салыстыруды айтамыз.

5.Абстракция. Абстракция дегеніміз – шындық заттармен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алу.

6.Жалпылау. Жалпылау дегеніміз – біртекті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізігі қасиеттеріне ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсінудің басы заттар немесе құбылыстармен танысу, көріп білу. Ой операцияларымен қоса ой формалары да ойлауды қамтамассыз етеді. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептелінеді.

Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Екінші формасы пікір. Бұл зат туралы мақалдай немесе бекерге шығаруда көрінетін формасы. Ойлаудың күрделі формасы ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз – бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығарудың тәсілі. Қорытынды үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз керек.

Ойлау түрлері:

Практикалық ойлау

Нақтылы ойлау

Бейнелеу ойлау

Теориялық ойлау

Логикалық ойлау

Танымдық психикалық процестердің ішінде түйсік ең қарапайымы. Бірақ бірінші болып жұмысқа кірісетін осы процесс. Түйсік арқылы адам құбылыстардың, заттардың, обьектілердің, жеке қасиеттерін ажыратады. Мысалы, түсі, формасы, иісі, дәмі, қасиеті, салмағы. т.б.

Абстакция – «іріктеп алу» Содан соң практикалық іс – әрекет үстінде сол білімді қолданады. Әр жеке адамның түйсігі арқылы заттардың бейнлері шындық- реалдық толық болғанын көрсетеді. Адам тікелей заттарды қабылдағанда оларды ңбейнелерін мида жаңғыртуы түйсік процесіне байланысты болады. Түйсіктің дамуы ақыл – ойдың дамуының фундаменті.

Түйсік деп – дүние заттармен құбылыстарының жеке сипаттарының сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік процесі анализаторлар арқылы жүргізіледі. Анализаторларға – көз, құлақ, мұрын, ауыз қуысы , тері жатады. Түйсік процесінің орындалып жүргізілуі үшін анализаторлар жұмыс атқаруы тиіс.

Енді адамдардың ойы неге алып келетінін қарастырайық. Жалпы адам баласы өз болашағын өз ойы арқылы жүзеге асырады екен. Адам миы белгілі бір программа секілді, яғни жер шарын айнамен қаптап қойған деп елестетсек, онда әрбір адам қандай сигнал береді, соны өзі айнадан шағылғандай етіп қабылдайды. Сол үшін жақсы ойлар ойлайтын болсақ, ол өзімізге дәл сол күйінде оралады. Егер әрдайым жаман ой мен ниетте жүрсек, онда осылар бізге екі еселенген күйде оралады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет