9.5 Мұнайды өңдеуге дайындау
Скважинадан шыққан шикі мұнай құрамындағы жолшыбай газдар (50-100м3/т), мұнайлы пласта суы 200-300 кг/т суда еріген тұздар (10-15кг/т) құрайды, бұл оны тасымалдану, сақтау және ары қарай өңдеу процесіне кері әсер етеді. Сондықтан мұнайды өңдеуге дайындау келесі операциялардан тұрады:
Жолшыбай газдардан (мұнайда еріген) тазалау немесе мұнайды стабилизациялау;
Мұнайды тұссыздандыру;
Мұнайды сусыздандыру (дегидратация);
Мұнайдың ірі кен орындарында бұл операциялар жинау, тасымалдау және мұнай, газ, өңдеу және су кіретін бірыңғай жүйеге біріктірілген. Осындай жүйе 9.2 суретте келтірілген.
9.2 – сурет. Мұнай өнеркәсібіндегі мұнай, газ және су жинау үлгісі.
1-скважиналар; 2-өлшегіш қондырығылар тобы; 3-коллектор; 4-сығуға дейінгі насос станциясы; 5-газ өңдеу зауыты; 6-мұнай дайындау қондырғысы; 7-су тазалау қондырғысы; 8-насостар; 9-айдау скважиналары; 10-герметикалық резервуарлар; 11-«Рубин» қондырғысы; 12-тауарлық резервуарлар;
13-магистральді мұнай құбырлары;
Шикі мұнай өз қысымымен скважинадан (1) мұнайлы газ сұйықтан бөлініп, бұл өнімнің мөлшері өлшенетін өлшеу қондырғылары тобына (ӨҚТ) бағытталады. Сонан соң газ қайтадан мұнай және сумен араласады және алынған қоспа коллектормен (3) (ұзындығы 8 км дейін) сығуға дейінгі насос станциясына (4) беріледі, бұл жерде газ дайындау қондырғысына бағытталады (6) (МДҚ). МДҚ-да мұнайдың толығымен газсыздануы, тұзсыздануы және сусыздану операциялары жүргізіледі. Газ ары қарай ГӨЗ бағытталады, ал су-тазалау қондырғысынан (7) бағытталады. Тазартылған су насоспен (8) мұнайлы қатпарға басып айдау cкважиналары (9) арқылы мұнайлы қатпарға айдалады. Тұзсызданған және сусыздалған мұнай МДҚ-дан герметикалы резервуарларға (10) түседі, мұнай мөлшерімен сапасын анықтау үшін насоспен «Рубин» қондырғысына айдалады. Нәтиже қанағаттанарлықтай болса мұнайды тауарлық резервуарға (12) жібереді және құбырлары (13) арқылы жібереді. Мұнай дайындаудың сапасы қанағаттанғысыз болса, ол «Рубин» қондырғысынан МДҚ-на қайтарылады.
Қазіргі уақытта газбен қанықтырылған магистральді тасымалдау әдістері жасалуда, яғни мұнай мен газды тұтынушыға бір құбыр арқылы жеткізіп беру. Бұл оның тұтқырлығын төмендету есебінен өнімді айдауға жұмсалатын энергия шығынын азайтуға және мұнайға жолшыбай газдарды толық утилизациялауға мүмкіндік береді.
Қара мұнайды стабилизациялау. Шикі мұнайдың құрамында онда еритін жеңіл көмірсутектердің С1-С4 мөлшері үлкен мұнайды тасымалдау және сақтау кезінде олардың бөлінуі мүмкін, соның салдарынан мұнайдың құрамы өзгереді. Газдың және онымен қоса жеңіл бензин фракцияларының ауада жоғалуын және атмосфералық ластануын болдырмау үшін бұл өнімдер мұнайдан оны өңдегенге дейін шығарылуы қажет. Мұнайдан жеңіл көмірсутектердің жолшыбай газ түрінде бөлінуін мұнайдың стабилизациясы деп атайды. Мұнайды стабилизациялау жағдайына байланысты тікелей оны өндіретін ауданда өлшегіш қондырғыларда, сығуға дейінгі станцияларда және МДҚ (9.2 сурет), немесе газ өңдеу зауыттарында (9.3 сурет) сепарация әдісімен жүзеге асырады.
Бірінші жағдайда жолшыбай газды мұнайдан сепаратор-газ бөлгіштерде (траптарда) көп сатылы сепарациялаумен бөліп алады, мұнда жүйелі түрде мұнай ағымның жылдамдығы мен қысымы төмендейді. Нәтижесінде олармен бірге ауада жоғалатын газдардың десорбиясы жүреді, сонан соң «газ конденсатын» түзейді, ұшқыш сұйық көмірсутектер конденсацияланады. Сепарациялық әдіс кезінде мұнайдың стабилизациясы С1-С4 құрамда 2 көмірсутек қалады. Мұнайды тұзсыздандыру және қара сусыздандыру. мұнайдан тұз бен суды жою мұнай дайындаудың өнекәсіптік қондырғыларында және тікелей мұнай өңдеу зауыттарында жүргізіледі (МӨЗ).
Екі жағдайда да мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру процестері мұнаймен су түзетін эмульсияны бұзу қажеттілігімен байланысты. Бұл кезде, мұнайды өндіру процесінде түзілген табиғи эмульсиялар, ал зауытта – мұнайды тұздардан тазалау үшін бірнеше қайтара жуу кезінде алынған-жасанды эмульсиялар бұзылады, өңдеуден кейін мұнайдағы металл хлоридтері мен су құрамы бірінші стадияда 0,5-1,0%-ға 0,5-0,1% және 3-5 мг/л дейін төмендейді.
Мұнай эмульсиясын бұзу үшін механикалық (тұндыру), термиялық (қыздыру), химиялық және электрлік әдістер пайдалынады. Сусыздандырудың химиялық әдісінде қыздырылған мұнай эмульсиясын деэмульгаторлармен өңдейді. Соңғысы ретінде коллоидтардың қорғаныш типі түрлі ионогенді емес БАЗ: оксиэтилденген май қышқылдары, метил- және карбоксиметил-целлюлоза, лингосульфон қышқылдары және т.б. пайдаланылады. Термохимиялық тұндырумен біріктірілетін тұзсыздандырудың электрохимиялық әдісінде және эмульсияны электр өрісінде бұзу кезінде тұз бен суды тиімді жоюға қол жетеді.
Тұз бен суды электрохимиялық жою қондырғысы немесе электротұзсыздандыру қондырғысы өнеркәсіптік және мұнай айдау зауытында пайдаланылады.мұнай эмульсиясын бұзудың бұл әдісі кернеуі 30-45кВ ауыспалы ток әсерімен электродегидратор аппаратында жүреді, бұл құрамында тұзы бар су тамшыларының жабысуын және қозғалысын және оны мұнайдан бөліп алуды жүзеге асырады. ЭЛТҚ принципиалді үлгісі 9.3 - суретте келтірілген. Мұнай деэмульгатор қоспалары және әлсіз сілті немесе сода ерітіндісімен шикізат резервуарынан (1)жылуалмастырғыш (2) арқылы өтеді, жылытқышта (3) қыздырылады да, араластырғышқа (4) түседі, бұл жерде мұнайға су қосылады.
9.3 – сурет. ЭЛТҚ принципті үлгісі:
1-шикізат резервуары; 4-араластырғыш; 5,6-сатылы электрогидраттар;
6-2 сатылы электрогидраттар; 7-мұздатқыш; 8-тұзсызданған мұнайды жинағыш; 9-мұнай бөлігі;
Түзілген эмульсия біртіндеп электрогидраторлардан (5 және 6), бұл жерде мұнайдан судың негізгі массасы және ондағы еріген тұздар бөлінеді, сондықтан олардың құрамы 8-10 есе азаяды. Тұзсызданған мұнай жылуалмастырғыштан (2 өтеді және мұздатқышта (7) салқындағаннан кейін жинағышқа (8) түседі. Электродегидраторда бөлінген су мұнай бөлгіште (9) тұндырылады да тазартуға бағытталады, ал бөлініп алынған мұнай ЭЛТҚ-ға берілетін мұнайға қосылады.
9.6 Мұнайды бірінші реттік айдау
Мұнайды бірінші реттік айдау (тікелей айдау)-мұнай құрамындағы көмірсутектерді фракциялық айдау (ректификация) әдісімен қайнау температурасының белгілі бір интервалында жекелеген дистилляттарға (фракцияға) бөлінуге негізделген мұнай өңдеу процесі.
Барлық өндірілген мұнай тікелей айдауға ұшырайды. Белгіленуіне сәйкес алынатын дистилляттарды тікелей айдаудың үш нұсқасына бөледі:
отындық процесс (отынның әр түрін алу);
отын-май процесі (отын мен май алу);
мұнай химиялық процесс (химия өндіріс үшін шикізат алу);
Тікелей айдау процесі құбырғы қондырғыда жүргізіледі (құбырлы пеш атауы бойынша), мұнда бұған түрлі типтегі құбырғы пештер: ректификациялық және бу беретін колонналар, жылуалмастырғыштар мен мұздатқыштар кіреді.
Мұнай өңдеудің тереңдігіне байланысты тікелей айдау қондырғылары:
бір сатылы, атмосфералық қысымда жұмыс істейді (АҚ);
екі сатылы, (атмосфералық-вакуумдық (АВТ), мұнда бір саты атмосфералық қысымда, ал екіншісі 5-4кПа қалдық қысымда жұмыс істейді.
АТ қондырғысындағы тікелей айдау өнімдері мотор отындары (бензин, авиациялық керосин), дизель отыны және үлкен мөлшердегі қалдық-мазут болып табылады. Екінші сатыдағы АВТ қондырғысында майлау майлары мен қалдық-гудрон түзетін, мазут айдауға ұшырайды, битум, мұнай коксы қайта өңделеді. Сонымен АВТ қондырғысында, АТ қондырғысына қарағанда мұнай өңдеудің үлкен тереңдігіне қол жеткізіледі.
Отын-май нұсқасы бойынша жұмыс істейтін АВТ қондырғысының технологиялық үлгісі 9.4 суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |