С. Ж. Пралиев, Ш. Молдабеков Екі томдық оқу құралы I i том Түркістан 2008 ббк 35я7



бет9/23
Дата04.11.2019
өлшемі6,16 Mb.
#51100
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Химтехнология 2 том


Бақылау сұрақтары.

  1. Мұнай құрамына байланысты қандай кластарға жіктеледі.

  2. Мұнайдың көмірсутекті, көмірсутексіз және минералды құрамдары неден тұрады?

  3. Қандай заттар мұнай өнімдері деп аталады? Оларды атаңыз.

  4. Мұнайдың өңдеудің жалпы үлгісін келтіріңіз.

  5. Стабилизация, тұзсыздандыру және сусыздандыру не үшін керек?

  6. Мұнай өңдеудегі бірінші және екінші процестерді түсіндіріңіз.

  7. Мұнайды тікелей айдаудың мақсаты неде?

  8. Мұнай өнімдерінің крекингісін түсіндіріңіз.

  9. Көмірсутектердің стабильділігін не сипаттайды, ол температураға, көмірсутек молекулаларының күрделігіне қалай байланысты?

  10. Каталитикалық крекингтің термиялықтан айырмашылығы.

  11. Гидрокрекинг дегеніміз не, оны қайда қолданады.

  12. Мұнай өнімдерінің риформингі дегеніміз не?

  13. Бензиннің октан санын көтерудің ароматизациядан айырмашылығы неде?

Х ТАРАУ

ГАЗТӘРІЗДІ ОТЫНДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
10.1 Газ тәрізді отындардың санаттары мен құрамы

Газтәрізді отындар деп эксплуатация кезіндегі температура мен қысымда газ күйіндегілерді айтады. Сол себептен де газтәрізді отындар сұйық және қатты күйде сақталуы да тасымалдануы да әбден мүмкін.

Газтәрізді отындардың пайда болуына байланысты табиғи және синтетикалық деп бөлінеді. Газтәрізді отындарға сонымен бірге металлургия және химиялық өндірістің қалдықтары да жатады.

Табиғи газтәрізді отындарға әртүрлі жанатын газдар жатады, олар түрлі құрамы мен құрылымдар қарапайым көмірсутектер.



  • табиғи газдардың табылған орны мұнайдың табылған орнымен байланысты емес;

  • мұнайда еріген ілеспе газдар мұнайдың табылған орнымен генетикалық түрде байланысты;

  • газоконденсатты газдар жеңіл қайнайтын көмірсутектер сұйықтығымен араласқан, қысым төмендеген кезде сұйық фаза-конденсат сұйықтығы ретінде бөлінеді.

Синтетикалық газ тәрізді отындарға жанатын газдар жатады; олар қатты және сұйық отындарды қайта өңдеу кезінде алынған; мұнай өндіру кезіндегі газдар, генераторлық газдар, қайтымды және кокстеу газдары. Газ тәрізді – отындардың санаттары 10.1 суретте берілген.

10.1 – сурет. Газтәрізді отынның классификациясы.


Газ тәрізді отындардың құрамы оның табиғатына, алу жолдарына байланысты.

Табиғи газдар метаннан, басқа да аз мөлшерде алкандардан, азот және көмірқышқыл оксидінен тұрады. Ілеспе газдарда этаннан пентанға дейінгі алкандар болады.

Барлық көмірсутек газдарда, яғни табиғи пайда болу кезінде әртүрлі сандағы азоттар, көмірқышқыл оксиді, күкіртті сутек, аргон және гелий болады. Қатты отындарды қайта өңдеу кезінде алынған жанғыш газдар құрамы бойынша бөлінеді, олар құрамында көп мөлшерде сутек, азот пен көмірқышқыл оксидінің құрамы жалпы ортақ болып табылады. Газтәрізді отындардың орташа құрамы, яғни әртүрлі пайда болуы 10.1, 10.2. немесе 10.3. кестеде келітірілген.

10.1 кесте. Өңдеу әдісі.



Компонент


Өңдеу әдісі

Термиялық

крекинг


Керосин пиролизі

Каталити-калық

крекинг


Каталити-

калық


риформинг

Гидро-

крекинг


1

2

3

4

5

6

Метан

16,0

41,4

3,4

13,0

6,9

Этан

17,0

8,3

2,8

21,0

14,0

Пропан

21.5

1,0

10,7

32,0

44,7

Бутан

19,5

5,4

31,0

28,0

34,4

Этилен

2,5

22,0

4,5





Пропилен

9,0

14,5

23,8





Бутилен

14,3

11,7

23,7





Сутек

0,2

0,6

0,1

6,0


10.2 Кесте. Табиғи газдың құрамы



Газ түрлері

СН4

С2Н6

С3Н8

С4Н10

С5Н12

және жоғары



СО2, N2,

Н2,Не



Табиғи

98,9

0,3

0,2

0,1



0,5

Ілеспе

30,8

7,5

21,5

20,4

19,8



Газ конденсат кендері

84,7

4,6

1,6

0,8

1,9

6,4

10.3 кесте. Қатты отындарды өңдеу кезінде газдардың құрамы



Газ компоненттер



Газ түрлері

Жартылай кокстеу

Қайтымды

кокс газы



Сланецтік

Жерасты

газификациялар



Сутек

17—30

52—60

22—28

13—9

Метан

55—65

22—30

15—18

1,5-2,5

Алкен

2—7

1,5—3

5,2-5,5

0,2

Күкіртті сутек

0,2-0,3

0,2-0,3

0,2-0,3

0,5-1,7

Көмірсутек оксиді (II)

5—8

5,5-8

9—12

3—19

Көміртек оксиді (IV)

4—10

1,7-2,8

14-17

10—29

Қышқыл

0,1-3

0,3-1,2

0,5—10

0,2—0,6

Азот

3-8

4—8

23—31

48—56



10.2 – сурет. Өнеркәсіптегі газ жиынтығының дөңгелек сызба нұсқасы.

1- газ скважиналары, 2 - өнеркәсіп коллекторы, 3 – газ жинақтаушылар,

4 – дөңгелек коллектордың иіні,

5 – қадағалаушы штуцер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет