10.5 Қайтымды кокс газын өңдеу
Қайтымды кокс газы (ҚКГ) күрделі газ тәрізді заттар қоспасынан, оның ішінде негізгі компонент – сутегінен тұрады. Оның құрамы көлемі бойынша 60 - ға жетеді. Сондықтан қайтымды кокс газынан сутегін бөліп алу мақсатында өңдеу оның қолайлы өнеркәсіптік әдістерінің бірі болып табылады.
10.5.1 Өнеркәсіптегі сутегі
Сутегі табиғатта кеңінен тараған. Ол қазба отындар, барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасындағы судың құрамына кіреді. Жер бетіндегі (литосферада және гидросферадағы) су құрамы 1-ды құрайды. Атмосферада бос күйінде сутегі шамалы мөлшерде болады. Сутегінің негізгі өнеркәсіптік негіздері су, табиғи көмірсутек газдары, қайтымды кокс газы, генератор газы болып табылады.
Сутегі өндіру масштабы қарқынды жоғарылап жатыр. Егер 1977 жылы оны әлемдік өндіру 30 млн. тоннаға жуық құраса, онда 1985 жылы ол 45-50 млн. тоннаға жетті.
Бұл сутегіні әртүрлі техникаларда және халық шаруашылығында химиялық өнеркәсіпте, металлургияда, ракета техникасында, энергетикада қолданысының өсуімен түсіндіріледі.
Химиялық өнеркәсіпте сутегіні азот сутекті қоспасын (аммиак синтезі), синтетикалық тұз қышқылдарын, газ синтезін және әртүрлі өнімдері өндіруде қолданады.
Металлургияда сутегіні металдарды тотықсыздандыруде, металдарды пісіру, кесу кезінде қолданады.
Ракеталы техникада сутегіні жоғары эффектілі сұйық отындар ретінде қолданады.
Ерекше белгіні сутегінің изотоптары дейтерий және тритий алады.
Сутегіні өндірудегі барлық әдістерден келесі өнеркәсіптік белгілерге ие:
Қайтымды кокс газынан бөліп алу;
Табиғи газ конверсиясы;
Қатты отынды газификациялау;
Жартылай кокстеу газының конверсиясы;
Суды электролиздеу.
Сутегіні сулы сілтілі ерітінділерден электролиттік өндіру жоғары таза газды өндіруге мүмкіндік береді. Ондағы электроэнергияның шығыны 5,5 кВт· сағ/(м3 сутекке) құрайды. Электролиттік сутегіні органикалық мақсатта, ракета техникасында қолданылады. Электролиздің классикалық кескінінде энергия шығынын төмендету үшін су буының жоғары температуралы электролиз әдісін қолдану ұсынылған. Бұл процесте электроэнергияның шығыны шамамен 3,0 кВт· сағ/м3-ті құрайды.
10.5.2 Қайтымды кокс газынан сутегінің бөлінуі.
Қайтымды кокс газынан сутегі өндірудің өнеркәсіптік әдісі сутегіден басқа барлық компоненттердің төменгі температуралы конденсациялы сатысына негізделген.
Қайтымды кокс газын суыту үшін келесі талаптарды орындау қажет. Қоспаның конденсация температурасы > суыту температурасы > сутегі конденсациясының температурасы.
Қайтымды кокс газының таза кептірілген құрамы мен оны құрайтын заттардың конденсация температуралары 10.4 кестеде келтірілген.
10.4 кесте. Қайтымды кокс газының таза кептірілген құрамы.
-
Зат
|
Құрамы
|
Конденсация температурасы, 0С
|
Этилен мен
пропилен
Метан
Оттек
Көміртек оксиді
Азот
Сутек
|
2-3
23-28
0.8-1.0
5-7
3-5
57-61
|
-47.0
-103.8
-161.5
-183.0
-191.5
-195.8
-252.8
|
Қайтымды кокс газын өңдеу сутегі өндіру мақсаты сияқты азот сутекті қоспаларда өндіріледі.
10.7 – cурет. Фракцияланған конденсацияның принципті үлгісі.
1,2-жылу алмастырғыштар; фракциялар Ф1 және Ф2 арқылы салқындатылады. 3-дроссельдер; Ф1 Ф2 Ф3 - төменделетін конденсация температураларындағы алынатын газ тәрізді фракциялар; К1 К2 - сәйкесінше Ф1, Ф2 фракциялардың конденсаты.
Барлық жағдайда бұл процесс келесі сатылардан құралады:
- қайтымды кокс газын тазалау;
- тазаланған газдың фракциялық конденсациясы;
- бөлінген өнімнің құрамын корректирлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |