С. Ж. Пралиев, Ш. Молдабеков Екі томдық оқу құралы I i том Түркістан 2008 ббк 35я7



бет11/23
Дата04.11.2019
өлшемі6,16 Mb.
#51100
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Химтехнология 2 том


10.4.2 Крекинг газды өңдеу.

Крекинг газдың ілеспе газдан айырмашылығы этиленнен бутиленге шейін алкендердің ( 40%) көп мөлшерде болуы. Крекинг газдың фракцияға бөлінуі крекинг бензинді тұрақтану процесімен біріктіріледі, яғни ерітілген газ тәрізді көмірсутегін шығарып алу процесімен біріктіріледі. Осындай крекинг - газбен крекинг бензинді өңдеу конденсация –компрессиялық немесе абсорбциялық түрінде, газфракционды қондырғы (ГФУ немесе ГФҚ) да іске асады. Бұл процестердің берікті сызбасы 10.4 суреттерде көрсетілген. Абсорбция ректификациялы ГФҚ 1,4 МПА қысым астында жұмыс істейтін техникалық сызбанұсқасы 10.5 суретте көрсетілген. Компрессорда 1 тығыздалған крекинг – газ 1,4 МПа қысымда тұрақсыз бензин мен араласады. Бұл насоспен 2 беріліп мұздатқышта 4 мұздатып, фракциялық абсорберге беріледі. Абсорбердің жоғарғы бөлігінде газдан бензин мен бірге С3 – С4 көмірсутегі бөлінеді, ал төменде бензинмен жылытатын бөлікте қайнатқыш 7 арқылы айналып сол ерітіндісінде десорбция және абсорбенттің регенерациясы жүреді. Бұның нәтижесінде абсорбердің жоғарғы бөлігінен «құрғақ» газ шығады. Құрамында көмірсумен С1 – С2 көмірсутегі бар, ал төмендегі бөліктен қайта қалпына келген абсорбент пен бірге С3 – С4 көміртегі шығарылады. Оған қаныққан бензин өз кезегінде ректификациялы колоннадан 11 және 12 өтеді. Колоннаның жоғарысынан 11 С3 газдың фракциясы алынып, ол С4 фракциясы 12 колоннадан алынады. Бензиннен түгел көміртегінің айдалуы үшін бір бөлігі мұздатқышта 5 пен 6 сұйыққа айналады, колоннаны суаруға бағыттандырылады. Басқа бір жағдайда ГФҚ –үлгісі изопентанды фракцияны жинайтын арнайы колонналар бар. Тұрақты бензин колоннаның 12 төменгі бөлігінен шығып қоймаға келіп түседі.

ГФҚ – дағы тұрақты бензин қолданылады:

- пропан – пропиленді фракция – фенол, ацетон, бутанол, синтетикалық жуғыш заттарды өңдіруде шикізат ретінде;

- бутан – бутиленді фракция – алкилдеу және полимеризация процестерінде СК өндіруде шикізат ретінде майларға негіз, метилэтил кетон, метилбутанол өндірісінде.
10.4.3 Изобутанды алкилдеу.

Алкилдеу процесі бензиннің октанды санын көбейту мақсатында сұйық изоалкан араласпасын алу үшін жүргізіледі. Алкилдеудің негізінде алкендердің алкандарға қосылу реакциясы жатады.

Сn H2n+2 + Cn +H2n→Cm H2m+2 - ∆H
Осыған тиісті көмірсутегіні ала отырып, әр түрлі құрылысты бір изоалкандар сатысын алуға болады. Іс – тәжірибеде алкилдеу мен әртүрлі алкандардың қоспасын алкилат алуға болады. Өндірісте изобутандық н-бутиленмен алкилдеуі кең таралған. Сондай – ақ бутан бутиленді фракциясының ГФҚ – да алкилдеуі кең таралған.

Алкилдеу реакциясы үшіншілік карбкатиондау құрылу сатысы арқылы тізбекті электрофильдік механизмімен қышқылды катализаторлардың қатысуымен жүреді. Изобутандық изобутиленмен 2,2,4 – үшметилпентанға дейін күкірт қышқылы қатысуымен алкилденуі келесі көріністе болады.



Алкилаттың көп шығуы және алкилденген бензиннің жоғары октан саны күкірт қышқылының 0,9 – 0,94 м.д. концентрациясында, температура 5 – 100С изобутанның артық мөлшерінде болады, яғни изобутиленнің полимеризация реакциясын тоқтату кезінде болады. Изобутанды бутиленмен алкилдеудің технологиялық сызбанұсқасы 10.6 суретте көрсетілген.



10.6 – сурет. Изобутанды алкилдеудің технологиялық сызбанұсқасы.

1-ресивер; 2-компрессор; 3,10-мұздатқыш; 4-реактор; 5,7-сепаратор, 6-нейтрализатор; 8-жылу алмастырғыш; 9-ректификациялы колонна; 11-дроссельді вентиль.
Сұйық изобутан ресиверден, сұйық бутиленмен бастапқы және айналымдағы күкірт қышқылы 4- ші реакторға келіп түседі. Экзотермиялық арқылы алкилдеу реакциясы изобутанның бір бөлігі буланады да, оның буы 1 ресиверге қайтып келеді. Бұл жерден 2 компрессорда тығыздалып 3 мұздатқышқа келіп конденсацияланады. Одан кейін 11 дроссельде изобутан дроссилдену арқылы буланып суытылады да ресиверге беріледі. Артық изобутаның құрамында бар қоспа 4 реактордан 5 сепараторға беріледі. Сепараторда күкірт қышқылы бөлінеді де айнымалы ретінде тазалап қышқылмен араласып реакторға қайтады. Сепаратордағы көміртегілі қабаты гидроксид натридың сулы ерітіндісімен бейтараптанады да 7 сепараторға келіп түседі. Бұл жерде екі қабатқа бөлінеді. Бейтараптанған көмірсутекті қоспа алкилатымен жылытатын жылу алмастырушыдан өтіп, ректификациялық дебутанизатор колоннасына беріледі. Бұл жерде 1 ресивер арқылы процеске қайтатын артық изобутанды шығарады.

Алкилат колоннаның төменгі жағынан алынады, жылу алмастырушыда 8 суытылып, қоймаға барады. Бастапқы изобутан колоннаның 9 жоғарғы бөлігіне енгізіледі.

Алкилдеудің технологиялық сызбасында негізгі қондырғы болып алкилдеу реакторы немесе алкилатор есептеледі. Әртүрлі түрлерінен ең тиімдісі каскадты өздігінен суытылатын реактор болып табылады. Олар бірнеше бөліктен тұрады. Олар әрқайсысы араластырғыш пен қамтамасыз етіледі. Алкилденуші қоспа әр бөлікке жіберіледі, және буланатын көміртегі реактордан алынады да, кейін конденсациядан кейін қайтарылады. Реактордағы жылулық режимі сыңарлардың бір бөлігінің булануы арқылы тұрақтандырылады. Олардың саны бақыланып, бағытталып отырады. Өңделген күкірт қышқылы тұйық аймаққа шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет