§ 31. КОЛЛОИДТЫХИМИЯ ЖӘНЕ ДИСПЕРСТШІК Дисперсті системалардың көптеген қасиеттері оның дисперсті-лігіне тікелей байланысты. Диффузияға және осмостық қысымға бейімділік сияқты дисперсті системаның кейбір қасиеттері ірі дис-персті күйден жоғары дисперсті система күйіне ауысуы жақсы байқалады. Олардың кейбір қасиеттері керісінше, жоғары дисперс-тіден іріге ауысқанда басымырақ болады. Мысалы, бөлшектердің үлкейген сайын шөгіндіге отыру, шөгу сипаты артатын қасиеті, осы айтылғанға дәлел. Мұны седиментация дейді.
Дисперсті системалардың қайсыбір қасиеттері ауыспалы мәнде-гі дисперстілік дәрежеге, коллоидты өлшемге сәйкес пайда бола-ды. Бұл олардың сәулені шашыратуы, коллоидты система реңінің езгеруі, т. б.
Коллоидты системаның қасиеттерін қарастырғанда тек бөлшек-тің өлшемін ғана ескеріп қоймай әр түрлі адсорбциялык, қүбылыс-* тарға мүмкіндік туғызатын фазааралық беткі қабаттың болаты-нын және сол сияқты осы бөлшектердің бетінде, (үстінде) жүретін зрқилы химиялық реакцияларды да ұмытпаған жөн. Демек, кол-лоидты химия дисперстік системамен, оның өлшемі, энергиясы, үлестік беті, дисперстік дәрежесі сиякты көптеген сипаттамалары-мен байланысты екен. Ендеше коллоидты химия дисперстік систе-ма химиясы, физикасы дегенмен бірдей.
158 32. ДИСПЕРСТІ СИСТЕМАНЫҢ ЖІКТЕЛУІ Барлық ғылым не өндіріс салалары сияқты коллоидты химия да өздерінде кездесетін өзіндік ерекшеліктер мен қасиеттерге, өл-шемдер мен көрсеткіштерге орай жіктеле келіп, сұрыпталады. Он-дағы қайсыбір қасиеттер біріне-бірі ұксас болғандықтан, олар өзара бірігіп кетеді. Мұны кеңістікте орналасқан денемен де теңео тіруге болады, өйткені осы дененің кеңістіктегі нақтылы орнын табу үшін үш өлшемді координатаны не олардың проекциясын пай-далану қажет. Демек, коллоидты системаны сипаттау үшін оны әртүрлі қасиет, ерекшелік тұрғысынан жіктеу керек. Енді осындай жіктеудің бірнешеуін карастырайық.
Дисперстілік.Дисперстілік бойынша немесе дисперсті система-дағы дисперсті фаза өлшемі бойынша, яғни дисперсті бөлшектіц өлшемін, ұнтақтылығын көрсететін өлшеміне орай жіктеу 38-су-ретте көрсетілгендей бөлінеді: ірі дисперсті; жоғары дисперсті (микрогетерогенді); коллоидты; молекулалық.
Мұндағы ірі дисперсті системаның бөлшектері сүзгіш қағаздан өтпейді, кәдімгі микроскопта көрінеді, өзінен жеңіл ортада жүзгін ретінде аз уақыт болып, тез отырады, ал өзінен ауырлау ортада жүзгін ретінде жүре береді. Система жоғары дисперсті болса, бір-шама тұрақты, бөлшегі ұсақтау, сүзгіш қағаздан оңай өтсе де жар-тылай өткізгіштерден өтпейді, кәдімгі оптикалық микроскопта көрінбейді, дисперсті ортада жүзгін ретінде ұзақ сақталады.