С. Жайлауов физикалық химия



бет88/127
Дата22.11.2022
өлшемі2,46 Mb.
#159355
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
Байланысты:
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

180
6666
оу

оо

5ензо/І
43-сурет
мір не силикагель сияқты заттармен адсорбциялағанда, ондағы молекулалар өз полюстілігін фаза полюстілігіне бағыттайды екен, ол 43-суретте көрсетілген. Ондағы гидрофобты (полюссіз) фаза — активтелген көмірге, ал гидрофилді (полюсті) бөлігі суға қарай бағытталған (43, а-сурет). Ал енді полюссіз ерітіндіден силикагель арқылы адсорбциялағанда, онда еріген БАЗ молекуласының по-люсті (гидрофилді) бөлігі силикагельге, ал полюссіз (гидрофобты) бөлігі бензолға бағытталады (43, б-сурет).
Қатты адсорбентте адсорбцияныд үш түрі кездесуі мүмкін: оң адсорбция, мұнда адсорбент бетіне (үстіне) еріткіштен гөрі, онда еріген зат көбірек адсорбцияланады; теріс адсорбцияда еріген зат-тан гөрі еріткіш артық адсорбцияланады; ал еріген заттың кон-центрациясы ерітінді көлемінде де, адсорбент үстінде де бірдей болса, онда адсорбция болмайды. Әрине, бұл үш түрлі жағдайда кездесетін адсорбцияның арасындағы оң адсорбцияның қолданыл-малық мәні, орны ерекше.
Жалпы алғанда адсорбцияньщ жылдамдығы өте жоғары бола-ды, әйтсе де мұны қатты адсорбент арқылы жүргізгенде, еріген зат молекулаларының диффузиялануы нәтижесінде оның жылдам-дығы біршама шектеліп төмендей түседі. Сондай-ақ, мысалы ак-тивтелген көмір секілді аса үнтақты әрі борпылдақ келетін заттар-ды адсорбент ретінде пайдаланғанда, адсорбциялық тепе-теңдік бірден орнамайды. Әдетте, қолданылмалық жағдайдағы мұндай адсорбциялық құбылыстың тепе-теңдік орнауьш тездету мақсаты-мен оны тез және тоқтаусыз араластырады.
Қайсыбір еріген заттардың адсорбцияланғыштығына олардың табиғатымен қатар адсорбент пен еріткіштің де үлкен ықпалы бар. Бұл мәселені кезінде көптеген ғалымдар зерттеген. Енді осы реттегі адсорбцияның қатты денедегі беткі қабатының қасиеті мен еріткіш табиғатына тәуелділігін қарастырайық. Мұндайда жұғу немесе жұғысу кабілеті мен қасиеттерін ерекше айтқан жөн. Егер қатты бетке судьщ бір тамшысын тамызса, онда үш түрлі жағдай болуы мүмкін: түскен тамшы жайылып кетеді; тамшы дөңгелек күйінде қалады; тамған тамшы жартылай жайылады (44-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет