ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
КӨМІРТЕКТІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ АДСОРБЦИЯЛЫҚ
АКТИВТІЛІКТЕРІН МЕТИЛЕН КӨГІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты:
4453-74 ГОСТына сәйкес карбонизацияланып
және химиялық активтеліп алынған үлгілеріміздің адсорбциялық активтілігін
анықтау. Активтелген көміртегі үлгілерінің активтелмеген үлгілерден
айырмашылығын зерттеу.
Қолданылатын құрылғылар мен материалдар
:
сыйымдылығы 50 см
3
өлшеуіш колбалар, сыйымдылығы 50 см
3
конустық колбалар, КФК-3-01
“ЗОМЗ” фотоэлектроколориметрі, метилен көгі (индикатор),
дистилденген
су, зертханалық аналитикалық таразы, шейкер, центрифуга.
Жұмысты орындауға дайындық
:
химиялық реактивтермен және
электр құрылғыларымен жұмыс жасау кезіндегі
техника қауіпсіздігімен,
құрылғылардың жұмыс жасау принціптерімен танысу, теориялық бөлімді
меңгеру.
Теориялық бөлім
Активтелген көмір және көміртекті талшық
өндірісте және химиялық
технологияда агрессивті ерітінділерді және газдарды дисперсті қоспалардан
тазарту мақсатында фильтрлеуші қабат ретінде,
ауаны сондай-ақ
технологиялық газдар мен ерітінділерді тазартуда, соңғыларының құрамынан
пайдалы компоненттерді бөлуде, тыныс алу органдарының жеке қорғаныс
құрылғыларын жасауда қолданылатын көміртекті
материалдардың өкілдері
болып табылады[1].
Активтелген көмір (АК) ең танымал және кең қолданылатын көміртектің
түрі. Ұнтақтәріздес ағаш көмір ағашты ауа қатысынсыз күйдіру арқылы
алынады. Көмірдің активтілігі оның адсорбциялық қабілетінің ерітінділер
мен органикалық
бояғыштарға қатысты, тексеру жолымен анықталуы
мүмкін.
Көмірграфитті материалдар класына жататын көміртекті талшықтар
(КТ)(2.1-сурет)
құрылымдық
қатынаста
бірқатар
ерекшеліктермен
сипатталады. Олар тек материалдың ерекше формасына (талшық)
байланысты емес, сондай-ақ өздері алынған
бастапқы полимерлердің
бағдарланған құрылымдарына байланысты.