көгінің молекуласы біршама үлкен сызықтық өлшемдерге ие, дегенмен де
торы қабаттасқан құрылымды силикаттарда жүргізілген адсорбциондық
тәжірибелердің көмегімен, үш сақина резонанстарыныңнәтижесінде бұл
бояғыштың молекуласы жұқа пластина ретінде адсорбцияланатындығы
анықталды.
АҚШ-та метилен көгінің санын келесідей жолмен анықтайды: 15 мг
ұнтақталған көмірді араластыра отырып, метилен көгі ерітіндісімен (1 г/л) 5
минуттан кейін ерітіндінің түссізденуі тоқтамағанынша титрлейді. 1 г
активтелген көмірді адсорбирлейтін метилен
көгі миллиграммдарының
санын метилен көгінің саны ретінде қабылдайды. Метилен көгі стандартты
ерітіндісінің титрі американдық метилен көгі санына 7,5 сәйкес келеді[5].
Жапон өндірісіндегі стандартты әдіс, концентрациясы 1,2 г/л ерітіндіден
метилен көгінің адсорбциялануына негізделген. Активтелген көмірмен бірге
5 минуттық шайқаудан кейін, ерітіндіні алдын-ала метилен көгі ерітіндісі
сіңдірілген филтр қағазы арқылы фильтрлейді. Осылайша, қағаздағы бояуды
жоғалту қателігін минимумге дейін жеткізуге болады. Тәжірибелер саны
барлық стандартты бояу алынбағанға дейін дейін жоғарылай береді[6].
Фенол адсорбциясы. Бұл тәсілдің көмегімен
ұнтақталған көмірдің
әртүрлі мөлшерлерінде Фрейндлих изотермасы анықталады. Содан соң
фенол бойынша адсорбциондық сыйымдылық болып қабылданатын,
фенолдың тепе-тең концентрациясында 1 мг/л адсорбциондық сыйымдылық
графикалық бағаланады.
Алкилбензолсульфонат адсорбциясы. Ауыз суы мен техникалық суды
дайындауда, сондай-ақ ағын суларды тазартуда,
көптеген жағдайларда,
активтелген көмірді таңдауда алкилбензолсульфонат адсорбциясы маңызды
сипаттама болып келеді. Зерттеулер ұнтақ түріндегі көмірде жүргізіледі.
Фрейндлих изотермасын анықтағаннан кейін адсорбциондық сыйымдылық
қалдық концентрацияға қатысты 1,0 және 0,1 млн
-1
анықталады.
Йод адсорбциясы. Бұл әдіске сәйкес активтелген көмірдің йод саны
ретінде, йодтың сұйылтылған сулы ерітіндісінен ұнтақтәріздес формадағы
көмірдің 1 грамын адсорбирлей алатын йод мөлшерін (мг)
қабылдайды;
йодты ерітіндінің қалдықтық тепе-тең концентрациясы 0,02 н болуы тиіс.
Мұндай
мәнде
йод
моноқабат
ретінде
адсорбирленеді
деп
болжанады.Активтелген көмірдің йод саны мен меншікті бетінің арасында,
Брюнет-Эммет-Теллер(БЭТ) әдісі арқылы анықтауға болатын, тәуелділік бар.
Йод көбінесе диаметрі 1 нм-ден жоғары кеуектердің беткі қабатында
адсорбирленеді, ал үлкен меншікті беттің әсерінен йод молекулаларына қол
жетімсіз, жіңішке кеуектердің үлесі артады.
Достарыңызбен бөлісу: