өлшеуіш колбаларға 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 3,0; 4,0; 5,0; 6,0; 7,0; 8,0 мл метилен көгі
ерітіндісін құяды да сумен көлемін белгіге дейін жеткізеді.
Алынған
ерітінділердің құрамында 1 дм
3
сәйкесінше: 15, 30, 45, 60, 90, 120, 150, 180,
210, 240 мг/дм
3
метилен көгі бар. Дайындалған салыстыру ерітінділерінің
оптикалық
тығыздығын D көк светофильтрде, λ = 400 нм толқын
ұзындығында, жұмыстық шектерінің ара-қашақтығы 10 мм кюветаларда
фотоэлектроколориметр көмегімен өлшейді.
Бақылаушы ерітінді ретінде
дистилденген суды қолданады. Алынған нәтижелер бойынша,
оптикалық
тығыздық
пен
салыстыру
ерітінділерінің
концентрацияларының
тәуелділігінде градуирлеуші график тұрғызылады.
2.3 - сурет.
Оптикалық тығыздық пен метилен көгі салыстыру
ерітінділерінің концентрацияларының тәуелділігі бойынша градуирлеуші
графигі
2.
Анализді жүргізу.
100
0
С температурада алдын-ала 2 сағ.
кептірілген 0,1 г көмірді қателігі 0,001 г кем емес болатындай өлшейді. Көмір
өлшендісін сыйымдылығы 50 см
3
өлшеуіш
колбаға енгізіп, 25 см
3
метилен
көгі ерітіндісін қосады да түтіктерді жауып, 20 мин. араластырады.
Араластырғаннан кейін түтіктерді 5 мин. қалдырып, содан соң ақшылданған
ерітіндіден тамшуырмен 5 см
3
алып, фотоэлектроколориметрде оның
оптикалық тығыздығын анықтайды. Егер ақшылданған ерітіндінің оптикалық
тығыздығы 0,8 оптикалық бірлігінен жоғары болса, онда осы ерітіндіден 5
см
3
ерітінді алып сыйымдылығы 50 см
3
өлшеуіш колбаға ауыстырады.
Колбадағы ерітіндіні дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді.
Сұйылтқаннан кейін ерітіндінің оптикалық тығыздығы 0,1-0,8 оптикалық
бірлік шамасында болу керек.
Тәжірибе 12 рет жүргізіледі. Алынған
оптикалық тығыздық мәндері
бойынша градуирлеуші графикті пайдалана отырып, ақшылданған
ерітіндідегі метилен көгінің қалдық концентрациясын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: