Зертханалық ЖҰмыс көміртекті материалдардың адсорбциялық активтіліктерін метилен көгі бойынша зерттеу



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата02.10.2023
өлшемі457,77 Kb.
#183314
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

2.1-сурет.
Көміртекті талшықтың таспалық құрылымы 
Көміртекті адсорбенттердің құрылымы жөніндегі мәліметтер негізінде, 
олардың беткі қабаты ароматты көміртекті сақиналардың гексагональді 
қабаттарына параллель микрокристалиттер жазықтықтары мен осы 
қабаттардың, вандерваальстік күштер арқылы байланысқан қырлары арқылы 
түзілген жазықтықтардың байланысы арқылы түзілген деген қорытындыға 
келуге болады. Дәл осы, ароматты сақиналардың шеттік көміртекті 
атомдарынан түзілген, аумақтарда алуан түрлі функционалды топтардың 
болуы мүмкін[2].
Кәзіргі уақытта полимолекулярлы адсорбциондық қабаттардың түзілуін 
көрсететін, сулы ерітінділерден адсорбцияның жүргізілуі жөнінде 
айтарлықтай сенімді мәліметтер жоқ. Сонымен қатар, бояғыштар 
адсорбциясы бойынша жүргізілген тәжірибелерге сүйенуге болмайды, себебі 
аса сұйылтылған ерітінділердің өзінде бояғыштар иондары айтарлықтай 
дәрежеде қауымдастырылған, соған қоса олардың қауымдастық дәрежесі тек 
қана 
концентрацияның 
емес, 
сондай-ақ 
ерітіндідегі 
күшті 
электролиттер(неорганикалық тұздардың иондары) мен pH-тыңфункциясы 
болып табылады. Осындай себептермен беттік активті заттардың 
молекулалары да қолданысқа ие бола алмайды. Ерітілген заттар 
адсорбциясың теориясын дайындаған кезде, ерітілген заттың молекулалары 
мен еріткіштің кез-келген қатынасында адсорбенттің барлық беткі қабаты 
адсорбцияланған 
молекулалармен 
қапталғандығын 
ескеру 
қажет. 
Ерітінділерден адсорбциялауда адсорбат молекулалары бір уақытта 
адсорбент беттік қабатының адсорбциондық кеңістіктің және еріткіш 
(олардың 
әсерлесу 
күштері 
адсорбция 
күштеріне 
қарама-қарсы) 
молекулаларының 
әсерінде 
болады.Нәтижесінде, 
фазалардыңбөліну 
шекарасында(адсорбциялық қабатта), ерітілген заттың молекулалары белгілі 
бағытқа ие болады[3]. 
АК- немесе КТ-молекулаларының ерітіндіден жұтылуы кезінде 
физикалық адсорбция жүзеге асады (2.2-сурет). Ол көбіне вандерваальстік 
күштермен түсіндіріледі. Бұл процесте адсорбцияланған қосылыс химиялық 
өзгеріске ұшырамайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет