С. К. Султангазинов ҒумарбекДаукеев атындағы аэжбу «ЭСжээж» кафедрасының доценті


Өткізгіштердің элементтерінің негізгі сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет11/40
Дата16.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#146675
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
1eW5PDdIcayYRpBg27it9vTqOb4hXJ

2.1Өткізгіштердің элементтерінің негізгі сипаттамалары 
Ток өткізгіш талшық
. Жалпыөндіріске арналған кабельдердің, 
сымдардың жәнебаусымдардың талшықтары нормтивті құжаттарға сай негізі 
мыстан және алюминийден жасалады. 
Мыс талшықтың артықшылықтары: 
- жақсы технологиялығы (кез келген диаметрдегі монолит және көп 
сымды талшық жасауға мүмкіндік бар); 
- жоғары электр өткізгіштігі (күмістен кейнгі орында); 
- жақсы механикалық сипаттамалар, сынбай иілуі. 
Кемшіліктері: 
- бағасы жоғары, салыстырмалы түрде меншікті салмағы; 
- тотығуға сезімтал, әсіресе жоғары температура мен ылғалға (қалайы мен 
күміс жалату арқылы қорғанады). 
Алюминий талшықтың артықшылқтары: 
- бағасы төмен, төмен меншікті салмақ; 
- ауамен жанасу кезінде оксидті пленка пайда болады, ол тотығудан 
қорғайды. 
Алюминий өткізгіштердің кемшіліктері: 
- алюминийдің тұтқырлығы төмен; 
- байланысты монтаж жасау кезінде технологиялығы төмен; 
- стационарлық төсеу үшін қолданылады; 
- қысқарту мен тәуекелге маңызды; 
- мыспен салыстырғанда электрлік кедергісі жоғары; 
- оксидті пленка жоғары өтпелі кедергіге алып келеді; 
- қысқа тұйықталу кезінде өртке қауіпті; 
- механикалық беріктігі төмен. 


14 
2.2 Кабельдер мен сымдар оқшауламасының түрлері
Поливинилхлоридтіпластикат
(ПВХ) – жалпыөндірістік қолданыстағы 
ең көп таралған оқшаулама, стационарлық төсеуде кабельдер мен сымдарда 
қолданылады. 
Поливинилхлоридтіпластикаттыңартықшылқтары: 
- жоғары электрлік кедергісі; 
- полимер дайындау үшін барлық компонеттері қолжетімді; 
- коптеген реагенттерге химиялық төзімділігі; 
- өртті таратпайды; 
- бағасы төмен. 
Пластикаттың кемшіліктері: 
- температурасы 70
о
С жоғары кезде пайдаланғанда электрлік кедергісі 
біршама азаяды; 
- майысу кезінде шектеп тұратын, қаттылығы. 
Резиналыоқшаулама
– шектелген кеңістікте орнатылған, кабельдік 
бұйымдардың майысу радиусын тағайындауға мүмкіндік береді, және де 
икемді байланысқа арналған өткізгіштерде көп сымдық талшықтарда 
қолданылады.
Оң қасиеттері: 
- жақсы иілгіштігі, арзандығы; 
- поливинилхлоридтіпластикаттан жасалған оқшауламаға қарағанда 
электр оқшауламалық қасиеттері біршама жоғары; 
- ауадағы су буын жұтпайды. 
Резиналы оқшауламаның теріс қасиеттері: 
- температурасы 80
о
С жоғары кезде пайдаланғанда электрлік кедергісі 
төмендейді; 
- күн радиациясына сезімтал (жеңіл тотығу) кейін сыртқы қабаты 
шытынайды; 
- қызу кезінде нәәзіктігі артады; 
- өртті таратады. 
 
Қағаз сіңдірілген оқшаулама
(БПИ) - ең көп тараған дәстүрлі оқшаулама, 
ол тұтқыр немесе тамшыламайтын электр оқшауламалы құраммен 
сіңдірілгенкабельді лентаның қағазынан жасалады. 
Қағаз сіңдірілген оқшауламаның негізгі қолданатын жері - грунтта төсеу 
үшін жоғары вольтті кабельдерде. 
Қағаз сіңдірілген оқшауламаның оң қасиеттері: 
- кабель өнідірісінде сапасы жоғары және бағасы төмен; 
- жақсы диэлектриктік қасиеті; 
- кабельдік желіні монтаждау кезінде беріктігі жоғары, салыстырмалы 
түрде қарапайым және игерілген операциялар. 
Қағаз сіңдірілген оқшауламаның теріс қасиеттері: 


15 
- ылғалды сорған кезде диэлектриктік қасиеті жоғалады, сондықтан 
қабықша қажет; 
- оқшауламалық сіңдіруі өте төмен, сондықтан ҚСО кабельдері үшін 
кабель желілерінің биіктігіндегі айырмашылықтары өте маңызды (15-25 
метрден кем емес); 
- өрт қауіптілігі жоғары; 
- механикалық беріктігі төмен; 
- салыстырмалы түрде қызмет мерзімі аз; 
- асқын кернеуге қарсы; 
- төмен температурада монтаждаудың күрделілігі. 
 
Полиэтиленді оқшаулама
(БПИ) - тізбектегі молекулалар арасындағы 
тиімділігі жоғары байланысы бар қазіргі заманғы материал; негізгі 
тағайындамасы - стационарлы төсеуге арналған жалпыөндірістік кабельдер мен 
сымдар, электр өткізетін құрамдардың қоспалары экрандарды дайндаған кезде 
қолданылады. 
Оң қасиеттері: 
- жоғары диэлектриктік көрсеткіштері (ПВХ пластикаттың электрлік 
кедергісінен 300 есеге асады); 
- химиялық реагенттерге төзімділігі; 
- ылғал өткізгіштігі төмен; 
- технологиясы игерілген. 
Теріс қасиеттері: 
- бағасы салыстырмалы түрде жоғары; 
- температура жоғарылағанда электрлік кедергісі төмендейді; 
- қызған кезде сынғыштығы жоғарылайды. 
- қаттылығы, желідегі майысу кезінде қолданысты шектейді. 
 
Оқшауламасы тігілген полиэтиленнен
(СПЭ) - тізбектегі молекулалар 
арасындағы тиімділігі жоғары байланысы бар (әдеттегі полиэтиленді 
оқшауламадағыдай) қазіргі заманғы материал, және оның көршілес тізбектегі 
молекулалар арасында байланысы бар. 
Негізгі қолданысы- грунтта төсеуге арналған жоғары вольтті кабельдер. 
Артықшылықтары: 
- иілгіштігі өте жоғары; 
- салмағы мен өлшемінің сипаттамалары жақсы; 
- кабельдік желінің биіктігінің өзеруі маңызды емес; 
- жоғары электрлік жүктемелерді жеткізгенде таңдалады; 
- талшығының қызуына мүмкіндік береді (әдеттегі 70
о
С орнына 90
о
С) 
- ылғалды жұтуы төмен, сондықтан қымбат тұратын металл қабықша 
қажет емес; 
- төмен температура кезінде монтаждағанда жоғары технологиялығы 
(жылытусыз минус 20
о
С дейін); 
- жоғары өрт қауіпсіздігі. 


16 
Кемшіліктері: 
- бағасы өте жоғары; 
- дайындаудың технологиясы күрделі; 
- дәстүрлі оқшауламамен салыстырғанда, электр торабындағы пайда 
болған асқын кернеуден жергілікті ақаулар пайда болады және әлдеқайда 
қарқынды дамиды. 
- кабельдік желілердегі сыйымдылық токтың мәні жоғары (дәстүрлі 
оқшауламамен салыстырғанда 2-3 есе жоғары), олар жерге бір фазалы 
тұйықталу кезінде 6-35 кВ электр тораптарына теріс әсер етеді; 
- муфталар мен арматураларды орнатқанда қиындық тудырады; 
- арнайы қондырғылар мен жоғары кернеумен сынақ жасау әдістерінің 
қажеттілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет