С. К. Султангазинов ҒумарбекДаукеев атындағы аэжбу «ЭСжээж» кафедрасының доценті


 Электр қондырғыларын орналастырудағы жалпы талаптар



Pdf көрінісі
бет14/40
Дата16.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#146675
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
1eW5PDdIcayYRpBg27it9vTqOb4hXJ

3.1 Электр қондырғыларын орналастырудағы жалпы талаптар 
Электр 
қондырғыларын, 
тоқ 
өткізгіш 
бөліктерді, 
қоршауларды,изоляторларды орналастырғанда: 


19 
-жабық КТҚ және ТП ғимараттың екінші қабатынан жоғары орналаспауы 
қажет, а егер бірінші қабаттағы жұмысшылардың саны 50 асатын болса, тек 
бірінші қабатта ғана орналастырылады; 
- электр қондырғылары көтеру-көлік механизмдері жұмыс істемейтін 
жерде орналастырылады; 
- электр қондырғыларының қызуы, электрлңк доға, ұшқын шашуы және 
басқалар басқа электр қондырғылары мен қызмет көрсетуші персоналға зиян 
тигізбеуі қажет; 
- қарау, ауыстыру, жөндеу үшін тоқ өткізгіш бөліктерді кернеуден 
ажыратқанда, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен көршілес ұяшықтар мен 
тізбектің қалыпты жұмысы қамтамасыз етілу керек. 
- электр қондырғылары мен аспаптарды ауыстыру және ыңғайлы 
жеткізілуі ұзақ уақыт алмауы қажет
-трансформатор мен тарату құрылғылары арасындағы қосылулар 
мүмкіндігініше қысқа болуы керек; 
- СКТҚ аппараттары мен санау, қорғаныс, басқару аспаптары, сонымен 
қатар төмен температураға сезімтал ажыратқыштардың жектектерінде 
қалпақшалар және температура рұқсат етілгеннен төмендесе қосылатын 
жылытулары болуы қажет. 
3.2 Ішкі орналастырылатын КТҚ монтаждау технологиясы 
Ішке орналастырылатын КТҚ монтаждау барлық құрылыс және әрлеу 
жұмыстары жасалып біткен, ал нысан құрылысшылардан сәйкестендірілген 
құжаттары рәсімделген ғимараттың ішінде жасалады. Сондай ақ шкафтар мен 
блоктарды беретін ашық жерлер болуы қажет, есіктер жапқышымен 
орналастырылған, терезелер әйнектелген, жылыту, желдеткіш, жарықтандыру 
және уақытша күштік электр торабы 380/220 В жұмыс жасайды. Электр 
монтждық жұмыстар жасау үшін кабельдік каналдар және едендегі ашық 
жерлер дайын, жерлендіру құрылғылары толық құрастырылған болуы керек. 
Сонымен қатар, электр қондырғылары тасымалдауға дайын, ЖТҚ баратын жол 
және нысан күзету мен қондырғылардың сақталуы қамтамасыз етілуі қажет 
[7,15]. 
Тікелей нысанда пайдаланатын жобалау және орындаушы құжаттарының 
кешенінде міндетті түрде мыналар болу керек: 
- 10 кВ ЖТҚ жобасы мен қимасы; 
- жарықтандырудың және жерлендіру құрылғыларының сұлбасы; 
- электр шкафтарының орнатылған сұлбалары; 
- күнтізбелік жоспар және ЖТҚ монтажының жоспары; 
- жүктеу-және түсіру жұмыстарын орындаудың нұсқаулықтары; 
- жеткізілген электр қондырғылардың зауыттық құжаттары. 
Нысандағы электр монтаждық жұмыстар қызметкерлерді жалпы және 
жұмыс орындарында нұсқаулықпен өтуден бастайды. Содан кейін электр 


20 
қондырғыларын монтаж жасау үшін түсіру, ашу және қабылдау жұмыстары 
жүргізіледі. 
ЖТҚ бөлмесінде төсемелі негіздерді деңгейі бойынша (біркелкі болмауы 
1 м үшін 1мм және барлық ұзындығы бойынша 5мм аспауы керек) қатаң түрде 
бір көлденең жазықтықта монтаж жасайды. Бұрыштар мен швеллерлер ережеге 
сай жерлендіру контурына жолақ болатпен 40х4мм кем дегенде екі жерден, 
дәнекерлеу арқылы қосылады. Жобалық құжатта қарастырылғандай, шкафтар 
мен блоктар бағыттаушы бұрыштар мен швеллерлерге тізбектей 
орналастырылады. 
Шкафты монтаждау шетінен басталып оның тігінен және көлденеңінен 
орналасуының дұрыс екенін тексергеннен кейін, келесісі корпусқа ауысады. 
Корпус орнатылғаннан кейін болттармен қосылады, бірінші шеткі астыңғы 
болттар, сосын үстіңгілер тартылады. Шкафтардың дұрыс орнатылғанын 
тексеру үшін КТҚ арбашаларын шығарады, сол кезде қозғалатын және 
қозғалмайтын бөліктері бір біріне сай келу керек, ал арбаша роликтармен дәл 
түсі керек. 
Кешенді тарату құрылғысы дұрыс орнатылған болып саналады және 
ақырғы рет бекітіледі, егер корпус пен арбаша тербелмей тұрса; корпустың 
төменгі жақтауы көледенең орналасса; бірінші және екінші тізбекті 
ажырататын контактілердің қозғалатын және қозғалмайтын бөлігі сәйкес келсе; 
түзету механизмдерінің роликтері арбашаны анық бекітсе; тұтқаның ойнақтары 
роликтің осьімен сәйкес келсе; пердешелерді бекіткіштер осьі мен арбашаның 
роликтерінің саңылаулары бірде болса;жапсарлас орналасқан қабырғалардың 
саңылаулары 1 мм аспаса; есіктер жабық кезде тік жазықтықпен бірдей болса. 
Әсіресе пердешелердің жұмысын тыңғылықты қарайды, олар айқаспауы және 
қисаймауы керек, сонымен бірге механикалық блоктаудың жұмысын қарайды. 
Сол кездегі кешенді тарату құрылғысы үш жағдайда болуы мүмкін: 
- жұмыстық, арбаша толықтай ішке жылжытылған және күштік 
контактілері қосылған; 
-сынақтық, арбаша шкафтан сыртқа жылжытылғаны соншалықты, оның 
күштік контактілері ажыратылған, ал екіншілік тізбектері қосылған; 
- жөндеу, арбаша шкафтан толықтай шығарылған. 
Ары қарай шкафтардағы шиналық бөліктің табақтарын алады және 
тармақталу 
шиналарын 
уақытша 
бекіткіштерінен 
босатады 
және 
жинақтаушыға болт арқылы қосады, сосын шина ұстағыштарға бекітеді. 
Тасымалдау кезіндегі бөлшектенген аспаптар мен аппараттар, шинаны 
монтаждаған соң орналастырады және оларды біріншілік және екіншілік 
тізбекке сұлба бойынша жалғайды. Жинақтау шиналарының байланысқан 
жерлерін бензинмен жуады және вазелинді жұқа етіп жағады. Мұндай жерлерге 
механикалық тазалық жасауға болмайды, себебі зауытта оларды коррозияға 
ұшырамас үшін арнайы қорғасын және цинк қоспасымен жабылған. 
Сосын дайындаушы-өнеркәсіп нұсқаулығының талаптарына сай 
блоктаушы 
құрылғыларды, 
көмекші 
контактілерді, 
жетегі 
бар 
ажыратқыштарды реттейді және жұмысын тексереді. 


21 
Соңғы жұмыстар ұяшықтарда қоректендіруші және тармақталушы 
кабельдердің және екіншілік тізбектердің сымдарын жалғау болып табылады. 
Барлық металл конструкцияларды жерлендіруші құрылғыларға, шкаф 
корпусының төменгі қабатына төрт жерден жерлендіру магистральіне немесе 
ендірілген бөлшектерге дәнекерлейді. 
Екіншілік тізбектерді монтаждауда сымдар ағынының қиылыстырусыз, 
панель бойымен тігінен немесе көлденеңінен ғана салынуын құрастыруға 
негізделген. Ағындар тік, тығыз, түзу қатарлармен, әр қатарда 15 сымнан кем 
емес болып орналастырылады. Ұзын сымдар төменгі қатарда, қысқасы жоғары 
қатарда, ағыннан тармақталу тік бұрыш арқылы орналастырылады. 
Сымдар ағынының бір панельден екіншісіне ауысуы иілгіш жалпақ 
немесе компенсаторлар бумасы арқылы жасалады. Бұрайтын сымдар бумасы 
металл қолғаппен немесе ПВХ труба арқылы қорғалады. Сымдардың шығатын 
жерін лентамен орайды. 
Екіншілік тізбектерде өткізгіш ретінде қимасының ауданы 1,5 мм
2
кем 
емес мыс сымдар пайдаланылады. Кернеуі 1 кВ дейінгі жауапкершілігі төмен 
екіншілік тізбектің электр қондырғыларында қимасы 1 мм
2
мыс тарамды 
пайдалану рұқсат етіледі [11]. Бір сымтемірлі сымды ұштап немесе сымның тік 
бөлігімен, иілгіш көп сымтемірлі - ұшымен тұйықтайды. Қысқыштың әр 
жағынан екі қимадан артық жалғауға рұқсат етілмеген. 
Өткізгіштерді екі ұшынан да маркалайды - құрама қысқышта (ұстатқыш 
қалып) және манжеттерде, трубаларда, арнайы тұйықтайтын аппараттарды 
пайдаланатын қысқыштарда және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет