12
- қосалқы стансаның, әуелік және кабельдік желілердің,
жерге қосу
құрылғыларының, найзағайдан қорғаныс және т.б. паспорты;
-электр қондырғыларын реттеуге беру актісі;
- жұмыстық комиссияның, мемлекеттік комиссияға ұсыну үшін
нысанның дайындығы туралы актісі;
- Нысанды пайдалануға қабылдау туралы актісі;
-
қондырғыларды кептіру, тасымалдау, орнын ауыстыру және
т.б.актілердің түрлері.
Жұмыстық комиссияның барлық анықтаған және көрсеткен кемшіліктері
мен жобаға сәйкес келмейтін жерлерді дұрыстаған соң бекітілген форма
бойынша нысанның құрылысының аяқталуын
қабылдайтын акт жасалады
(жұмыстық комиссияның актісі). Бұл актіге мемлекеттік қабылдау
комиссиясының барлық мүшелері қол қояды, олардың әрқайсысы өзінің
құзырындағы қабылданған комиссия шешімі үшін жауапкершілік алады.
Осы кезден бастап комиссия өзінің билігін береді және нысан тапсырыс
берушінің (пайдаланатын кәсіпорын)
қарамағына өтеді, ол өз балансына
нысанды қабылдайды және жергілікті атқарушы билікте жаңа нысанның
меншік құқығын белгіленген тәртіп бойынша тіркейді.
Достарыңызбен бөлісу: