47
Кезектен тыс қарау сыртқы ауа температурасының тез арада өзгеруінде
және токтық және дифференциалды қорғаныстың әсерінентрансформатордың
ажырауында жасалады.
Трансформаторды істен шығарады егер онда төмендегі жағдайлар
анықталса:
- корпус
іші шытынаса, біркелкі емес шу, гүрілдеу, тарсылдау болса;
- қалыпты жүктеме және салқындату кезінде қалыпты емес және әрдайым
жоғарылап отыратын жылу болса;
- кеңейткіштегі (қосымша сыйымдылық) май шашыраса немесе шығатын
құбыр тесілсе;
- май ағып май өлшейтін шынының деңгейінен түссе;
- зертханалық талдаулар нәтижесінде майды жылдам ауыстыру қажет
болса.
Трансформаторды қалыпты жүктегенде майдың жоғары қабатының
температурасы мен сыртқы ауаның (30
о
С) максималды температурасы
төмендегі шамалардан аспауы керек:
- май мен суды мәжбүрлеп айналдыратын трансформаторларда 70
о
С;
- май мен міндетті түрдегі суды мәжбүрлеп айналдыратын
трансформаторларда 75
о
С;
- май мен суды , ауаны мәжбүрлеп айналдыратын және майды табиғи
айналдыратын трансформаторларда 95
о
С [2].
Көптегене кәсіпорындардың бас төмендеткіш
қосалқы стансаларында
қазіргі
уақытта
төменгі
кернеуі
тармақталған
орамды
күштік
трансформаторлар кеңінен қолданылып жатыр. Ірбір орамның қуатының
жүктелуі трансформатордың номиналды қуатының 62% аспайды.
Релелік қорғаныспен ажыратылған трансформаторды, бұзылуды жөндеп,
газдық реледегі газды тексеріп болған соң ғана қосады. Газдық немесе
дифференциалды
қорғаныстың
жалған
жұмыс
жасаған
кезінде
трансформатордың бір рет қайта қосылуы рұқсат етіледі, егер сыртқы
көрінісінде оның зақымдалуы болмаса және барлы салқындату жүйесі қалыпты
жұмыс жасаса.
Газдық қорғаныстың жалған іске қосылуы келесі төмендегі себептермен
жасалады:
- қысқа тұйықталу тогының және асқын жүктеменің үлкен токтарының
әсерінен трансформаторды шайқалуы болса;
- пайда болған асқын ток пен құбырлардағы май соққысынан,
трансформатордың айналдыру сорғысы мен желдеткіші тоқтап қалса және
қосылғанда дұрыс
емес діріл болса;
- май деңгейі төмендеп дер кезінде толықтырылмғандықтан.
Трансформатордың ішіндегі зақымдалудың сипаттамасын реледегі
газдың түсіне қарап жобамен анықтауға болады. Газдың сары түсі ағаштың, ал
ақшыл сұр - қағаздың, ал қара - майдыңзақымдалғанын білдіреді. Газдың
жанғыштығын тексеру үшін сіріңкені жағып оны реленің кішкене ашылған
48
кранына жақындатады. Газдың жануы трансформатордың ішіндегі
зақымдалуды білдіреді.
Газдық қорғаныстың жұмысы мен майдың талдауы ақырын дамыған
трансформатор ішіндегі зақымдалуды анықтайды, мысалы,
тармақталу
қосқышының нашар контактісі болатта өрт болғанын білдіреді. Трансформатор
майының көрсеткішінің өзгерісінен электрлік май толтырылған аппараттардың
жұмысының бұзылу себебін біліп, апаттың алдын алуға болады.
Электр аппаратына құйылған трансформатор майының түсі ашық-сары
түс болуы қажет. Пайдалану кезіндегіжылудың, ластанудан, май тотығуынан
түзілген шайыр әсерінен май түсі қараяды. Май түсі жарамсыздықтың
көрсеткіші емес және жұмыстағы нұсқаулармен нормаланбаған, бірақ май
толтырылған электр қондырғысына қызмет жасағанда алдын ала бағалау үшін
қажет.
Көптеген кәсіпорындар күштік трансформаторлардың қарауына,
тексерілуіне, сыналуына, газдық қорғаныстың жұмысына және трансформатор
майының ауысуына тәуелді. Осы шаралардың орындалуы жауапкершілігі бар
жұмыс болып табылады, және де әрбір күштік трансформатордың қатаң жеке
нұсқаулығына сай жасалады.
КТҚС қызмет етудің жұмысы көбінесе коммутациялық аппаратар бар
күштік трансформатор мен жоғары және төменгі кернеудегі тарату шкафтарын
қарау мен күтімге бағытталған [2].
КТҚС қараудың жиілігі қосалқы
стансаның жұмыс жағдайына,
коммутациялық аппаратураның жұмыс жасау жиілігіне, қоршаған ортаның
температурасына, шаңдығына байланысты бекітіледі. КТҚС қарау кірістегі
және шығыстағы кернеу алынып тасталған кезде жасалады. Қарак кезінде
қосалқы стансаның барлық құрылғыларын шаң мен балшықтан тазартады,
бұрандалық, дәнекерлеу және басқа қосылуларды тексереді, қажет болған
жағдайда барлық металл жабындылардың тотығуға
қарсы қабатын қорғйады
және қалпына келтіреді.
Дайындаушы-зауыт әдетте пайдалануға енгізгеннен бастап 12-24 айдың
ішінде тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелерін сақтаған кезде,КТҚС
қалыпты жұмысына жауапкершілік алады.
Қалыпты режимде жүктеме тоғы зауыт нұсқауылығында көрсетілген
шамадан аспауы керек. Апаттық режимде кәсіпорыннның нұсқаулығына сай
трансформаторды уақытша асқын жүктеуге рұқсат етіледі, осы кезде
таратылатын КТҚС желілері автоматтар мен аралас ажыратқыштармен
қорғалуы тиіс.
Термо сифондық сүзгімен жабдықталған май трансформаторларында
пайдалану кезінде оның қаптамасының
жоғары жағындағы жылуының
сүзгісінен қалыпты жағдайда айналатынын бақылайды. Егер май сынамасында
ластану болса, сүзгіні қайта зарядтайды. Ол үшін сүзгіні ашып, ішкі жағын
тазалап,таза құрғақ маймен шаяды. Қажет болған жағдайда сүзгіден өтетін
майдың ылғалдығын сорып тұрған кептіргішті ауыстырады.
49
Кептіргішті бақылау силикагель индикаторындағы жағдайды бақылаудан
көрінеді. Егер оның көп бөлігі қызғылт түске боялса, силикагель мен кептіргіш
ауыстырылады. Кептіргіштің қасиетін оны жылыту арқылы қалпына келтіру
мүмкін, температура 450-500
о
С кезінде екі сағат қыздырса, ал силикагель 120
о
С
бастапқы түсіне келгенше.
Трансформатордың кернеуін жүктелген кезде реттеу жүйесінің қызметі
шламды алып тастау мен қосқұыштардыңконтактісіндегі оксидті қабатты алып
тастауға жасалған. Кем дегенде жылына бір рет қосқыштарды сағат тілімен
және керісінше 15-20 рет ауыстырып жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: