С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


•Реанимобильдің қажет құралдармен жабдықталуы



Pdf көрінісі
бет73/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Реанимобильдің қажет құралдармен жабдықталуы 
Автомобиль реанимациялық палата ретінде құралдармен жабдықталуы қажет. 
Науқасқа барынша ыңғайлы және жайлы жағдай жасалуы керек. Ұзақ жол науқастың 
кушеткада ұзақ жатуына әкеледі, сондықтан кушеткада қосымша селкілді азайтатын тетік. 
Селкілдеуді және шайқалуды азайту мақсатында науқастың басын арнайы ұстағышпен 
бекітеді (сурет 11).


76 
Сурет 11. 
Реанимобиль 
Жедел жәрдемнің турбирленген реанимобильдің техникалық комплектациясы 
жылдамдықты жоғарлатқанда және бұлтарысты жолда вибрацияны және шайқалысты 
шақырмайды. Реанимобилде қажетті құралдың барлығы болады: өкпенің жасанды 
вентиляция құралы, науқас мониторы, дефибриллятор, өкпе мен тыныс алуды қамтамасыз 
ететін оттегінің қоры, дәрілік заттардың жиынтығы, дәрілік заттарды мөлшермен беретін, 
және тамшылатып енгізетін құралдар, ертінділер, сонымен қатар мұздатқыштармен, 
термоконтейнерлермен жабдықталған. 
Реанимациялық топ құрамында науқас жағдайын үздіксіз бақылайтын дәрігер-
реаниматолог және анестезист – мейірбике болады. Қажет жағдайда науқастың сырқытына 
байланысты арнайы маман дәрігер болады. Егер науқаста инсульт болса, невролог немесе 
нейрохирург маманы қосымша еріп жүреді. Көптеген жарақаты бар науқастардың қасында 
– травматолог немесе ортопед маманы, науқаста хирургиялық патология анықталса 
(дренажбен, операциядан кейінгі кезеңде) – дәрігер-хирург және т.б. болады. Ұзақ жолға 
науқасты тасымалдағанда көліктің жүргізушісін ауыстыратын қосымша жүргізуші қажет.
Науқасты тасымалдауға қатысатын адамдар саны 5-ден кем болмауы керек.
Реанимобильмен тасымалдаудың арақашықтығы 600 км аспауы талап етіледі. Егер 
басқада тасымалдау әдістері мүмкін болмаса (авиатасымалдау, теміржол транспорты), 
науқастың сырқатының факторларына және тұрғылықты жеріне байланысты 
арақашықтығы 600 км асатын тасымалдау жөнінде шешім қабылданады.
Стационарда 
бөлімге (емдік, реанимациялық) науқасты жеткізу үшін, науқастың 
жағдайына және сырқат түріне байланысты тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Үш әдісі бар 
- медицина қызметкерінің шығарып салуымен науқас өзі еркімен жүріп бара алады, отырған 
қалпында орындық-арбамен, жатқан қалпында - каталкамен тасымалдануы қажет. Өз 
бетінше жүре алатын науқастар қабылдау бөілімінен палатаға кіші медициналық 
қызметкер (кіші мейірбике, санитар) көмегімен келеді, өз бетінше қозғала алмайтын 
науқастарды бөлімге зеңбіл немесе орындық-арбамен тасымалдайды. Тасымалдаушы құрал 
(каталка, зеңбіл) арнайы клеенкамен қапталған матрацпен және таза жаймамен 
жабдықталады, басына арнайы жастық беріледі (клеенкалы қаппен, сыртынан маталы 
тыспен тысталған). АІИ алдын алу мақсатында жайманы әрбір науқастан кейін ауыстырып 
отырамыз және қолданылған жайманы арнайы қапқа саламыз, матрац пен жастықты екі рет 
дезинфицирлейтін ертіндіге малынған шүберекпен өңдейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет