Дидактикалық ойын: «Асықтарды жина»
Мақсаты: Қоржыннан төгілген түрлі-түсті асықтарды өз түстеріне қарай ажыратып, қорапшаға орналастыру. Түстерді атай білуге, ажырата білуге үйрету. Баланың танымын қалыптастыру.
Сергіту сәті: Секіреміз топ – топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш,
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.
Тәрбиеші: Балаларға «Асық ату» ойынының шартын түсіндіріп өтемін. Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншы кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгіленген асықпен (сақамен) қалған
22
асықтарды шертіп ату. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып, алыңған асық ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді.
Қорытынды:
Балалар, бүгін біз не туралы айттық ?
Асықты неден аламыз?
Асықпен тағы қандай ойындар ойнауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |