Құрастырушы:
Дуйсенгалиева Б.А. - Пригород жалпы білім беретін бастауыш
мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.
Рецензент:
Асанова Р.Р. Дариян ауылындағы «Жұлдыз-ай» бөбекжайының жоғары санатты әдіскері.
Әдістемелік құралда балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың мәні мен маңызы түсіндірілген және шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған жұмыстарды оңтайлы ұйымдастыру жолдары көрсетілген.
Әдістемелік құралда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары, ұйымдастырылған оқу қызметі және мерекелік ертеңгілік үлгілері берілген.
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың және шағын орталықтардың мұғалімдері мен тәрбиешілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Алынып отырған «Мектеп жасына дейінгі балаларды асық ойынына үйрету арқылы танымдық қабілеттерін дамыту» бағдарламасы мектепалды даярлық тобы балаларының жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, күнтізбелік жоспар түрлі ұлттық ойындарды үйрету арқылы балалардың дене бітімін қалыптастыруға ықпал етеді. Бағдарламада ұлттық ойындарды үйрете отырып, балалардың дене күшін арттыруға және топпен жұмыс жасай білуіне үйрету көзделген. Бағдарламаның мазмұны балалардың жас ерекшелігіне лайықты, түсінігіне қонымды, балалардың тек дене тәрбиесіне ғана емес, сонымен қатар адамгершілік және эстетикалық тәрбиеге де көңіл бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |